Қазақстан ғылымы

Әлемде теңдесі жоқ жоба

13.10.2025

29

NU ассистент профессоры Гүлнұр Калимулдина әлемде теңдесі жоқ сенсорлы ұлтарақ жасап шығарды. Ақылды сенсорлар адамның қозғалысын бақылап, денсаулық жағдайы жайында ақпар беріп отырады.

Жоба авторы құрылғыны жай ғана ұлтарақ ретінде емес, бүкіл денеге орналастырылатын қозғалыс сенсорлары ретінде әзірлеген. Бұл сенсорлар өте сезімтал, кез келген қозғалысты бірден анықтай алады. Оған қоса, құрылғы тоқпен жұмыс істейді. Қазіргі таңда тек ақпарат беру және Bluetooth байланысын пайдалану үшін батарея қолданылады, ал сенсор өздігінен жұмыс істей береді. 

— Адам 2 минут жүргеннен кейін, оның дене қозғалысы бойынша майтабандық, қозғалыс асимметриясы, жүру мәнері және басқа да параметрлер анықталып, толық ақпарат алынады. Біз бұл құрылғы арқылы машықтық оқыту әдісімен 17 түрлі диагнозды көруге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақытта өзге диагноздарды жүйеге біртіндеп қосып жатырмыз, — дейді маман.

Жоба авторы инвестиция тартып, жаңа технологияны нарыққа да шығарып үлгерген. Шетелдік инвесторлар тарапынан да қызығушылық бар екен. Ақылды сенсорлар алдағы уақытта спорт саласында кеңінен қолданылмақ.

Дереккөз: https://kaz.inform.kz/news/kazak-galimi-alemde-tendes-zhok-sensorlik-kurilgi-zhasap-shigardi-af707a/
Фото: Inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар