Қазақстан ғылымы

Жетісулық студенттер «Алисаның» баламасын жасап шығарды

16.09.2025

36

Жетісу облысында студенттер «Алиса» қосымшасына балама болатын дыбыстық көмекші жасап шығарды. Енді олар бұл бағдарламаны  жасанды интелектімен байланыстырып, қолданыс аясын кеңейтуге күш салып жатыр.  Жастардың  қанатқақты жобасы «Жас ғалым» байқауында үздік деп танылып, 2 млн теңгелік грантты жеңіп алды. 

Артем Федоровтың қосымшасы әзірге компютердегі тапсырмаларды ғана орындайды. Жас өнертапқыш енді оған қазақ тілін енгізіп, жобаны жасанды интелектіге негіздемек. Сол арқылы бейнекамерадағы адамның бет жүзін танып әрі «ым» тілін түсінетіндей етіп жасауды мақсат еткен. 

«Бұл қосымшаны студенттер мен оқушылар білім алу үшін  мұғалімдер жұмысында пайдаланса деп ойлаймын. Тіпті мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздері де «ым» тілі арқылы тапсырма беріп, ғаламтордан қажетті ақпаратын тауып алатын болса деген арманым бар. Қысқаша айтқанда адамдардың барлығы қолданатындай деңгейге жеткізгім келеді», – дейді Артем Федоров.

Білімгерлер дыбыстық көмекшіден бөлек, студенттерге арналған чат бот, ойын және мултимедиялық қосымша әзірлеп жатыр. Жобалар мемлекеттік бағдарлама негізінде қолға алынған. 

«Жолдауда айтылғандай АІ SANA бағдарламасы аясында өзіміздің университетте бес жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалардың әрқайсысының ерекшелігі және пайдасы бар. Бірі мысалға талапкерлерге 24 сағат ақпарат беретін болса, бірі студенттерге оқу процесі бойынша ақпарат беретін болады. Тағы бір дыбыстық көмекші ретінде әртүрлі бағдарламалармен интеграциялауға болады. Жалпы осы жобалардың қолданушыларына өте қажет жоба», – дейді І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Физика-математика факультеті деканының орынбасары Әділет Мейрамбекұлы.

Арнайы комиссия жасанды интелектіге негізделген бес қосымшаның ішінен біреуін  таңдап алады. Үздік жоба қазан айында Астанада өтетін халықаралық көрмеде көпшілік назарына ұсынылады. 

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/729034-zetisulyk-studentter-alisa-kosymsasyna-balama-zasap-sygardy
Фото: Istock

«« | »»
Соңғы жаңалықтар