Әлемдегі ғылым

Ғалымдар кешке авокадо жеудің пайдасын анықтады

21.07.2025

18

Кешкісін авокадо жеп жүрек жалғау келесі күні таңертең, әсіресе, глюкоза алмасуы бұзылған адамдардың қанындағы май деңгейіне оң әсер етеді. АҚШ-тағы Иллинойс технологиялық институтының ғалымдары осындай тұжырымға келді. Зерттеу нәтижелері Current Developments in Nutrition (CDN) журналында жарияланды.

Экспериментке преддиабеті бар 27 ересек адам қатысқан. Әр кеш сайын олар үш түрлі жеңіл астың бірін жеді: авокадо, талшық мөлшері аз майсыз тіскебасар немесе авокадоға ұқсас май мен талшық мөлшері бар өңделген өнім. Тіскебасарлар кешкі сағат 20:00 мен 21:00 аралығында ұсынылды, содан кейін қатысушылар 12 сағат бойы аш жүрді және таңертең стандартты таңғы ас ішті. Тағам қабылдаудың алдында және кейін олардың қанындағы триглицеридтер, глюкоза, инсулин және қабыну маркерлерінің деңгейі өлшенді.

Нәтиже көрсеткендей, кешке авокадо жеу қандағы триглицеридтер (соның ішінде холестерин) деңгейін төмендетеді. Бұл әсер таңғы астан кейін үш сағат өткен соң анық байқалады. Ал таңертең ашқарын кезде шамалы ғана төмендегені анықталған. 

Зерттеу жетекшісі, профессор Бритт Бертон-Фриманның айтуынша, мұндай реакцияға авокадоның жүрек саулығын сақтап, май алмасу үдерісін реттеуге ықпал ететін бірегей құрамы мен оның тағамдық құрылымының ерекшеліктері себеп. 

Дереккөз: https://www.gazeta.ru/science/news/2025/07/20/26311400.shtml?updated
Фото: Istock.com
«« | »»
Соңғы жаңалықтар