Қазақстан ғылымы

КЕЙБІР ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ ҚОЖАЙЫНДАРЫНЫҢ ӨМІРІН ҰЗАРТАДЫ

08.07.2025

16

Мысық пен ит асырайтын адамдар өзгелерге қарағанда баяу қартаяды. Женева университеті зерттеушілерінің бұл қорытындысын Scientific Reports басылымы жариялады.

Ғалымдар 18 жыл бойы еуропалықтар арасында зерттеу жүргізіп, 50 жастан асқан адамдарда деменцияның дамуы мен үй жануарларының болу-болмауы арасындағы байланысты бақылаған. Зерттеу тобын психолог Адриана Ростекова басқарды.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ит асырайтын қарттардың есте сақтау қабілеті жақсырақ болса, мысық асырайтындардың еркін сөйлеу мәнері ұзағырақ сақталған. Сонымен қатар, балықтар мен құстардың иелері бұл тұрғыда үй жануарлары мүлдем жоқ қарт адамдардан аздап ерекшеленген.

Ғалымдар бұл айырмашылықтарға ит және мысық асырайтын адамдар мен олардың жануарлары арасындағы ұзақ мерзімді эмоционалды байланыс себеп болды деп түсіндіреді. 

Дереккөз: https://www.gazeta.ru/science/news/2025/07/08/26218766.shtml?updated
Фото: Freepik.com

«« | »»
Соңғы жаңалықтар