Реферат: Мақалада қазақтың ғалымы және ойшылдары Шоқан және Абай шығармалары негiзiнде өскелең ұрпаққа, соның iшiнде жас жауынгерлер мен әскери кадрлар бойында Қазақстандық патриот сезiмiн ояту жайында сөз болады. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы отаншылдық жөнiнде де кеңiнен талданады.
Реферат: Мақала тұлғатануда айтылған тарих әдiстерiн қолдану арқылы жеке адамның тарихи уақыттағы өмiр тәжiрибесiн зерттеудiң мүмкiндiктерiне арналған. Тұлғаның айтылған өмiр деректерi арқылы оның қазiргi өмiрлiк қатынастары мен әрекеттерiн туғызған шешiмдерi басқа жағдайда және басқа тарихи уақытта қабылданған болуы ықтимал деген сұраққа зерттеушiнiң iзденуiне түрткi болады. Сонымен қатар автор қазiргi шетелдiк және отандық айтылған тарих пен тұлғатанудың зерттеу тәжiрибесiн талдау арқылы айтылған тарихтың зерттеу аясын, оның әр елдегi ерекшелiгiн анықтайды. Автор айтылған тарихтың субъективтi сана арқылы тарихты зерттеудiң жаңа әдiстерiн ұсынатынын көрсетедi. Айтылған тарих пен оның деректерiн ғылыми жұмыста пайдалану әдiстерiне және оның тәрбиелiк, әсiресе, отансүйгiштiк тәрбиеде қолдану әдiстерiне тоқталады. Айтылған тарихтың тарих ғылымының болашағына, дамуына серпiн берерлiгiне сенiм бiлдiредi.
Қарсылық қозғалыстарындағы билер Ә. Мұңайтпасұлы, Д. Асауұлы, Сұлтан Х. Арысланұлы сияқты тарихи тұлғалар тағдыры
Реферат: Отандық тарихнамада Орал және Торғай облыстарындағы көтерiлiс ретiнде қысқа ғана баяндалып өтетiн бұл қарсылық қозғалыстары көп зерттелмеген маңызды оқиғалардың бiрiне жатады. Бұл көтерiлiс ұлы Қобда, Елек бойларындағы Табын ауылдарында басталып, көп ұзамай Жем, Сағыз, Үстiрт өңiрлерiне дейiн таралып үлкен аумақты қамтыды. Солтүстiгiнде Ресей шекарасынан басталған толқу оңтүстiкте Хиуа иелiгiне дейiн жеттi. 1870 ж. Маңғыстау көтерiлiсiне ұласты. Толқулар кезiнде мыңдаған шақырақтан тұратын қалың ел Ресей билiгiн мойындамау үшiн, өз жерлерiнен ауа көшiп, Хиуа жерiне қоныс аударды. Мақалада би Ә.Мұңайтпасұлы, Дәуiт Асауұлы, сұлтан Ханғали Арысланұлы сияқты жетекшiлердiң қатысуымен Үстiрт өңiрлерiнде болған көтерiлiстiң маңызды деген оқиғалар сипатталады.
1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс және қазақ зиялы қауымы
Автор(ы): Отарбаева Г. К.*
Объем документа: C. 82-85
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: Российская империя*колониальная политика*национально-освободительное восстание*государственные деятели*казахская интеллигенция*
Реферат: 1916 жылғы көтерiлiс қазақ халқының көпғасырлық ұлт-азаттық қозғалысы тарихында ерекше орын алады. Мақалада Ресей империясының бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан соң Түркiстандағы отарлау саясаты, Сырдария және Жетiсу облыстарында құнарлы жерлердi жаппай тартып алуы, қазақтарды күштеп көшiргенi сипатталады. Түркiстандағы патша әкiмшiлiгiнiң саясаты, Қазақстан және Орта Азияның түгелге жуық аймақтарын қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiс, көрнектi мемлекет қайраткерлерi Т. Рысқұлов, С.Асфендияров, М.Тынышпаев және басқа да ұлт зиялылары өкiлдерi (У. Асадуллаходжаев, М. Бехбуди т.б.). бағалауы мен көзқарасы ашылады. Мақалада патша жарлығына және дала әкiмшiлiгi әрқилы таптары көтерiлiсi, қазақ зиялыларының радикалды өкiлдерi (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә.Жүнiсов) либералды-демократиялық зиялылар жетекшiлерi (А.Байтұрсынов, А. Бөкейханов, М. Дулатов) көзқарастары мазмұндалады. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы халықтың ұлттық санасын оятып, отарлау саясатына қарсы күрес тәжiрибесiн байытты.
ҚР мемлекеттiк орталық музей қызметкерлерi дайындаған Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi атты 5-томдық энциклопедияда Шоқан Уәлиханов еңбектерiнiң қолданылуы хақында
Автор(ы): Нұрғожа Қ.*
Объем документа: C. 86-89
МРНТИ: 03.81.37*
Ключевые слова: право*обычное право*судья*суд биев*народный суд*власть*выносить решение по спорным вопросам*властвовать*разрешение спора*приговор биев*право*реформа*шаман*шаманизм*знахарь*знахарство*ислам*
Реферат: Мақалада ҚР Мемлекеттiк Орталық музей қызметкерлерi дайындаған қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi атты 5-томдық ғылыми энциклопедияда Шоқан Уәлиханов еңбектерiнiң қолданылуы туралы сөз болады. Аталмыш басылымға дәстүрлi қазақы ортадағы белгiлi бiр жосын-жоралғылар, салт-дiстүрлер мен әдет-ғұрыптардың беймәлiм қырларын ашуда Ш. Уәлиханов еңбектерiндегi құнды этнографиялық мәлiметтер молынан қолданылды. Әсiресе, энциклопедиядағы әдеттiк құқыққа қатысты негiзгi мақалаларды жазуда Шоқан еңбектерiндегi билiк, сот, реформа туралы жазған құнды мәлiметтерi келтiрiлдi. Сонымен қатар, Шоқанның салған этнографиялық суреттерi мен нақты, әрi дәлдiгiмен ерекшеленетiн сызбалары да пайдаланғандығы айтылды.
Мемориальный комплекс К. И. Сатпаева в фондах ЦГМ РК
Автор(ы): Жапакова Г. С.*
Объем документа: C. 90-93
МРНТИ: 13.51.08*
Ключевые слова: музейный предмет*геология*первый Президент Академии наук*мемориальный комплекс*
Реферат: В статье рассматривается личность К.И. Сатпаева, как человека разносторонних талантов, которые дали возможность великому ученому успешно развивать науку в Казахстане. На примере исследования мемориального комплекса К.И. Сатпаева рассмотрены его вещевые и письменные музейные предметы из фондов ЦГМ РК, преданные в дар музею его дочерью - М.К. Сатпаевой.
Құнанбай қажы ұрпақтары шежiресi
Автор(ы): Ысқақова Н. А.*
Объем документа: C. 94-98
МРНТИ: 03.01.09*
Ключевые слова: семь поколений*родословная*потомок*наследник*наследие*
Реферат: Мақалада Азат Әрхамұлы құрастырған Құнанбай қажыдан бастау алған шежiре баяндалады. Соның iшiнде Құнанбайұлы Ысқақтан тiкелей тарайтын аталарым туралы қысқаша мағлұматтар келтiрiледi. Мақала көпшiлiк оқырманға қызықты, жатық тiлмен, ақпараттық, танымдық және зерттеушiлiк сипатта жазылған.
Реферат: В статье идет речь о казахском ученом и путешественнике Чокане Валиханове, его патриотических чувствах, свободе казахов и дружеских отношениях с русскими демократами современниками. Открытия, сделанные им, поставили молодого поручика русской армии в ряд с выдающимися географами мира. Валиханову принадлежат труды по географии, истории, этнографии, экономике, социологии Казахстана, он сделал записи казахского фольклора.
Қ. И. Сәтбаев және Орталық Қазақстанның түстi металлургиясы: тарихи талдау
Реферат: Қ.И.Сәтбаевтiң Орталық Қазақстандағы түстi металлургияның қалыптасуы, жетiстiктерi мен көлеңкелi тұстары айтылады. Үлкен Жезқазғанды дамытудағы Қ.Сәтбаевтiң орны. Түстi металлургияның дамуындағы ғылым академиясының ерекше рөлi көрсетiледi.