Реферат: Автор мақалада шетелдердегi құқық қорғау органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiн, құқықтық негiздерiн сарапқа салып, ол арқылы отандық iшкi iстер органдарының қызметiн жетiлдiру тетiктерiн қарастырады. Талдауды құқық қорғау органдарын тұтастай емес, соның iшiндегi жаппай тiртiпсiздiктегi жедел араласу қызметiн негiзге алады. Зерттеу мақаласында салыстырмалы-салғастырмалы әдiстiң негiзiнде қоғамдық тәртiптi қорғау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету механизмiн жетiлдiру бойынша ой жүгiртедi.
Криминалистические рекомендации проведения допроса
Реферат: В статье сформулированы тактические рекомендации по проведению допроса. Каждый совет криминалистов апробирован следственной практикой, и авторы раскрыли вкратце содержание каждого. Показания допрашиваемого строятся на восприятии информации, и в статье показаны, каковы его психофизиологические основы. Как важен психологический контакт, постановка правильных вопросов, критический анализ показания и другие советы, по мнению авторов представлены в статье.
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметiн бағалау өлшемiнiң жүйесi сыбайлас жемқорлықтың факторы ретiнде
Реферат: Автор мақалада Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары қызметiн бағалау өлшемi жүйесiнде объективтiлiктiң жан-жақтылықтың жеткiлiксiздiгi жөнiндегi мәселенi көтередi. Оны жемқорлықтың факторы ретiнде қарастырып, практикалық аспектiлерiн тереңнен зерделеу, шетелдер тәжiрибесiне талдау жүргiзу негiзiнде Қазақстан Республикасындағы iшкi iстер органдары қызметiн модернизациялау үлгiсiн моделiн жасаудың әдiстерiн ұсынуға ұмтылады. Бұл бағыттарды жүзеге асыру нәтижесi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары қызметiн бағалау өлшемi жүйесiнiң ұйымдастырушылық-құрылымдық шешiмдерiнiң жан-жақтылығын, тиiмдiлiгiн және эргономикасын жасау болып табылады.
Some features of legal regulation of Operational-Investigative activities in the fight against environmental offenses
Реферат: Мақаланың мақсаты жасөспiрiмдер мен жастардың әлеуметтенуiне ғаламтордың тигiзер пайдасы мен зиянын анықтау. Олардың тәрбиесi мен дамуына Интернеттiң әсер етер рөлi анықталады. Жаhандану кезеңiндегi жаңа медиаортаның жағымсыз тұстары қарастырылады. Балалар үшiн ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң қажеттiлiгiне көңiл бөлiнедi. Кәмелетке толмағандарға ғаламтордың жағымсыз әсер етуiнiң алдын алу туралы ұсыныстар берiледi.
Реферат: Мақала меншiкке қарсы қылмыстардың құны мәселелерiн қарастырған. Автор меншiкке қарсы қылмыстардан келетiн қоғамға қауiптi зардаптардың құнының криминологиялық мәселелерiне талдау жасаған.
Қазақстан Республикасындағы идеологиялық плюрализм: құқықтық сана мен құқықтық мәдениет туралы
Реферат: Бұл мақалада жастардың құқықтық санасының қалыптасу процесiнiң элементтерi, құқықтық мәдениетiмiзге деген талаптар, саналылық көзқарастар жүйесi, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеудiң құралы ретiндегi құқықтық сананың маңызы, құқықтық сана мен саяси сананың тығыз байланысы қаралады. Бiздiң елiмiздi дамыған 30 мемлекеттер қатарына енгiзу бойынша Ұлттық Жоспарды жүзеге асыруға бағытталған Президент Н.А. Назарбаевтың Бес институционалдық жоспарын орындауда қазақстандық қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттi заңның үстемдiгi бойынша қалыптастыру өте маңызды болып келедi.
Реферат: Мақалада құқықтық мәдениеттiң мазмұндық тұстары ашылып, қарастырылады. Сонымен қатар заң шығарушының құқықтық мәдениетiнiң ерекшелiктерi талданып, жан жақты зерттеледi. Автордың қол жеткiзген нәтижелерi мен қорытындыларын қазақстандық құқықтық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуына, қоғамның құқықтық санасын арттыруға, қоғамның құқықтық тәрбиесiн көтермелеу iсiнде қолдануға болады.
Реферат: Мақалада Райымжан Марсековтiң саяси-құқықтық көзқарастарының қалыптасу ерекшелiктерi қарастырылады. Р. Марсеков Алаш партиясының мүшесi және өз халқының ұлтжанды азаматы ретiнде кезiнде болып жатқан саяси тайталастардан қалыс қала алмады. Р. Марсековтың негiзгi саяси-құқықтық тұжырымдары Сайлаухан оның ақырғы залалы, Қазақ билерiнiң тексерулерi, Қазақ қайтсе жерге ие болады, Бас қосудың керектiгi, Мемлекеттiк құрылыс туралы, Мемлекет аралық заңдар туралы, Қазақ қайда бара жатыр, т.б. еңбектерiнде көрiнiс тапқан.
Бөкей ордасы хандарының саяси және құқықтық реформалары мен ойлары
Реферат: Мақалада Бөкей ордасы билеушiлерiнiң саяси-құқықтық ойларына шолу жасалады. Қазақ саяси-құқықтық ой тарихында Бөкей ордасының хандары билiктi орталықтандырып, абсолюттi монархия нысанындағы мемлекеттiк құрылым жүйесiн енгiзген тұлғалар болып есептеледi. Жәңгiр ханның тұсындағы билiктiң орталықтану үдерiсi дәстүрлi элита тарапынан қарсылық тудырмай қоймады. Сондай-ақ аталмыш кезеңнiң басты ерекшелiктерiнiң бiрi - ағартушылық идеяларының кең қанат жаюы. Мақалада осы және тағы басқа мәселелер қарастырылады.