Қазақ ақын-жырауларының тәлiм-тәрбиелiк ой- пiкiрлерiнiң зерттелу жайы
Автор(ы): Бөлеев Қ.*Өмiрзаққызы А.*
Объем документа: С. 12-16
МРНТИ: 14.43.47*
Ключевые слова: народная педагогика*самостоятельная трудовая жизнь*народное творчество*
Реферат: Ғылыми мақалада қазақ ақын-жырауларының шығармашылықтарындағы тәлiм-тәрбиелiк ой-пiкiрлерiнiң зерттелу жайы ғылыми сарапталған. Ақын-жыраулардың шығармашылықтардың ұлт тәрбиесiндегi алатын орны мен бүгiнгi күн тәрбиесiмен байланысы туралы айтқан ғалымдардың пiкiрлерi ғылыми тұжырымдардың орны мен ғылымилығына зерттеу жасалған. Қазақ ақын-жырауларының шығармашылықтарының бүгiнгi күнде де өзектi орынға ие болып отырғандығы нақты ғылыми мысалдармен келтiрiлген.
Мәңгiлiк ел идеясын iске асыруда М. Мағауин еңбектерiнiң маңызы
Реферат: Мақалада қазiргi таңда елiмiзде Қазақ хандығына 550 жылдығының тойлануы - қазақ тарихында алар орнының ерекше екенiне тоқтала отырып, қазақ хандығы дәуiрiндегi қазақ әдебиетiн зерттеушi ғалым Мұхтар Мағауиннiң еңбектерiн зерделей отырып қарастырылады. Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет және М.Мағауин бiр - бiрiне синоним тұрғысынан қамтылады. Әсiресе, қазақ әдебиетiнiң негiзiн салушы ғалымдардың ой - пiкiрлерi негiзге алынады.
Жобалап оқыту технологиясының үздiксiз бiлiм беру бағдарында қолданудың тиiмдiлiгi
Автор(ы): Нуриев М. А.*Сейсенбаева Ж. А.*Советканова Д. М.*Садыкова А. Е.*Қдыралиева Ж. Б.*
Реферат: Ғылыми мақалада жобалап оқыту әдiсiнiң үздiксiз бiлiм беру бағдарында қолданудың артықшылығы мен тиiмдiлiгi ашып көрсетiлген. Жобалап оқыту технологиясы бiлiм беру әдiсi ретiнде қарастырылып және қазақстандық бiлiм беру жүйесiнде қолдану негiздерiне мысалдармен ғылыми сараптама жасалған. Жобалап оқыту технологиясының ерекшелiгi - бiлiмгерлердi iзденiске, iскерлiк пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабiлеттi жетiлдiру арқылы кез келген мәселенi шеше бiлуге, жеке тұлға ретiнде қалыптасуына септiгiн тигiзедi. Жаңа ғылыми iзденiске жетелейтiн әдiске жан-жақты сараптама жасалып, нақты дәлелдемелер мен мысалдар келтiрiлдi.
Реферат: Елбасының Қазақстан-2050 стратегиясында қазақ қоғамы прогрессивтi идеалдар қоғамы болуға тиiс деп көрсеткендей, бiлiм қоғам, жаңа әлеуметтiк идеал белгiлерге ие ұлттық стратегиялар мен бағдарламаларды бағытын анықтайтындығы жөнiнде, ХХI ғасырда бiлiм қоғамын құрудың жолдары сараланды.
Бiлiм беру бағдарын елбасы саясаты негiзiнде жаңашаландыру
Автор(ы): Нуриев М. А.*
Объем документа: С. 45-48
МРНТИ: 12.09.11*
Ключевые слова: отечественная наука*индустриально-инновационное развитие*инфраструктурная и финансовая обеспеченность*
Реферат: Мақалада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бiлiм мен ғылымның даму саясатына байланысты айтылған ой-тұжырымдамаларын саралай келiп, жаңа инновациялық бiлiм үрдiсiне көшу жөнiнде ойлар айтылады. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ-ы тарапынан жасалған еңбектердiң маңыздылығы мен бүгiнгi күнгi оқу үрдiсiне қосар үлесi туралы нақты мысалдар келтiрiлген.
Жас ұрпақ бойында ұлтжандылық тәрбие негiздерiн қалыптастыру
Реферат: Мақалада бiлiм берудегi патриоттық тәрбие беру мәселесi көтерiлген. Ұлтжандылық сана-сезiмдi бала бойында қалыптастырудың жолдары ұсынылған. Патриотизмнiң басты құрамдас бөлiгi ретiнде, өз халқыңның тарихының өнегелi жақтарын бiлу, өз елiңнiң кешегi және бүгiнгi қаhармандарын мақтаныш ету, олардың ерлiгiне тағзым ету, жаужүрек бабалар рухына сай ұрпақ болып қалыптасу өзектiлiгi ұсынылды.
Жастар арасында әлеуметтiк-психологиялық жұмыс ұйымдастырудың өзектiлiгi
Реферат: Мақалада жастардың психологиялық проблемалары; жастар арасында әлеуметтiк-психологиялық жұмыс жүргiзудiң бағыттары; психологиялық мәселелердi шешудiң басты қадамдары талданады және жiктеледi.
Реферат: Мақалада балаға дұрыс, оңтайлы тәрбие берудегi отбасының рөлi сипатталады. Отбасындағы ата-ананың мiндетi, балаға тәрбие беруде мәдени құндылықтар мен ұлттық құндылықтар негiзi талқыланады. Сондай-ақ, балаға ұлттық тәрбие негiзiнде қоғамға бейiмдеу жолдары көрсетiледi.
Абайдың шығыстық араб әдебиетiмен байланысы
Автор(ы): Оразова Р. Қ.*
Объем документа: С. 60-63
МРНТИ: 14.09.95*
Ключевые слова: народный поэт*восточная литература*великий классик*
Реферат: Мақалада қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмiрi мен шығармашылығын зерттей отырып, оған әсер еткен шығыс әдебиетi мен классиктерiнiң ақын шығармашылығында алған орнын анықтаған зерттеушi ғалымдардың пiкiрлерi түйiнделедi, еңбектерiнен мысалдар келтiрiледi. Жалпы, Абай өмiрi мен шығармашылығы қазақ халқының белгiлi бiр дәуiрдегi өмiрiнiң бейнесi дейтiн болсақ, ол туралы зерттеу еңбектер мен шығармаларын жан-жақты талқылау әлi де жалғаса бередi деген ойдамыз.
Реферат: Мақалада HTML тiлi ортасында Web-құжат құру негiздерiн үйретудiң жолдары ұсынылған. Интернетте материалды жариялау тиiмдi болу үшiн ол web-дизайн ережелерiне сәйкес болуы керектiгi туралы жазылған. Сондай-ақ, ақпараттық технологияның қазiргi таңдағы маңыздылығы жан-жақты ашылған.