Реферат: Мақалада зайырлы мемлекет идеясы және оның әлемдiк тәжiрибедегi қалыптасуы қарастырылады. Батыс және бiрқатар азиялық елдерде зайырлы мемлекет идеясының даму процесi сарапталады. Сонымен қатар, қазақстандық зайырлы мемлекет үлгiсiмен салыстырмалы талдау жүргiзiлген.
Қазақ ғалымдарының еңбектерiндегi ұлттық тәрбие мәселесi
Реферат: Мақалада қазақтың ұлы ағартушы-педагогтары XX ғасырдың басында-ақ өз халқының болашағын ойлап, ұлттық мектеп жүйесiн қалыптастыру, жас ұрпаққа тыңғылықты да сапалы ұлттық негiздегi тәрбие беру үшiн ең алдымен мұғалiмдер мен оқытушы корпусын даярлау және қалыптастыру екендiгiн айтып өткен. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игiлiктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Мақалада осы тақырыптағы мәселелер кеңiнен талқыланады.
Реферат: Мақалада күлкi күнiн атап өту, оқушылардың таным өнерiн, тiл байлығын, сөздiк қарым-қатынастарын дамытып, түрлi сатиралық шығармаларды орындауда шеберлiкке баулу жайы қарастырылған. Сонымен қатар, адамды танығың келсе, күлкiсiне қара, күлкiсi сүйкiмдi адамның өзi де жақсы болады деген ұлағатты сөздердi мысалға келтiре, жақсы мiнез жайлы сөз қозғаған.
Реферат: Мақалада бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқыту, оқушылардың қызығушылығын арттыру м?селесi қарастырылған. Сонымен қатар, ойын түрлерiне, қызығушылық ұғымдарына анықтама берiлiп, олардың өзара байланысы арқылы жететiн н?тижелер туралы айтылған. Ойын мәнi мен оның бастауыш сынып оқушыларын дамытудағы мүмкiндiктерi туралы сөз қозғалған оқушылардың бiлiмге қызығушылығын арттыратын бiрнеше ұсыныстар берiлген. Ойын балаларға өмiрде кездескен қиыншылықтарды жеңудiң жолын үйретiп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабiлетiн қалыптастырады. Сондай-ақ ойынның теориялық негiздерi арқылы бiлiм алады, балаларды жан-жақты дамытудағы ойынның мәнiн түсiнедi, бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiнiң дамуына сай ойынның түп мәнiндегi өзгерiстердi танып бiледi. Ойынның көмегiмен оқыту мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балаларға қажеттi жағдай жасайды, ойынға тиiмдi қатынасу әрбiр баланың ойын дамытуға ықпал етедi.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлетiн дамыту
Реферат: Мақаланың өзектiлiгi бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлетiн дамыту, бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңi. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етiп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Қазiргi мектеп жағдайындағы бiлiм берудiң ұлттық моделiне өту оқыту мен тәрбиелеудiң соңғы әдiс - тәсiлдерiн, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжiрибелiк iс-әрекет үстiнде өзiндiк даңғыл жол салуға икемдi, шығармашыл педагог - зерттеушi, ойшыл мұғалiм болуын қажет етедi. Мемлекеттiк бiлiм стандарты деңгейiнде оқыту үрдiсiн ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендiрудi мiндеттейдi. Ғылыми мақалада, оқу-тәрбие үрдiсiнде жаңа инновациялық әдiс - тәсiлдердi енгiзу оқушылардың бiлiмге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетiмен iзденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу, бағыт-бағдары зерделенедi.
Оқушылардың логикалық ойлауын шығармашылық жаттығулар арқылы дамыту
Реферат: Мақалада бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық жаттығулар арқылы оқыту оқушылардың қызығушылығын арттыру мәселесi қарастырылған. Сонымен қатар, оқу материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу iс-әрекетiн ұйымдастыру құралы мен тәсiлдерi арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабiлеттерiн дамыту жүзеге асырылады.
География пәнiнде жаңа технологияларды қолданудың маңыздылығы
Автор(ы): Садырбекова Г. Н.*
Объем документа: С. 60-64
МРНТИ: 14.25.09*
Ключевые слова: новая технология*критическое мышление*педагогическая наука*
Реферат: Мақалада география пәнiнде жаңа технология қолданудың маңыздылығы айтылған. Жаңа технологияны меңгеру мұғалiмнiң интеллектуалдық, кәсiптiк, адамгершiлiк және көптеген адами қабiлеттiң қалыптасуына игi әсерiн тигiзiп, өзiн-өзi дамытып, оқу-тәрбие үрдiсiн тиiмдi ұйымдастыруына көмектеседi. География пәнiн оқушыларға оқытып үйретуде мұғалiмнiң рөлi, мұғалiм үнемi өзiнiң ой - өрiсiн кеңейтуге, бiлiмiне бiлiм қосуға тиiстiгi және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруi қажеттiлiгi туралы қарастырылған. Технология - бұл қандай да болсын iстегi, шеберлiктегi, өнердегi амалдардың жиынтығы делiнген. Оқу сапасын арттыру үшiн күнделiктi сабақта жаңа технологияларды пайдаланудың сапасы туралы жазылған. География пәнiн оқытуда сыни тұрғыдан ойлау жобасы стратегияларын қолдану тиiмдi. Бұл - американдық ғалымдардың идеялары негiзiнде құрылған жоба. Сыни ойлау дегенiмiз - оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлемiне, өзiнiң iс-әрекетiне сын тұрғысынан қарауын жетiлдiру деген сөз.
Реферат: Мақалада бастауыш мектептiң оқыту процесiнде әдiстердi тиiмдi қолданудың дидактикалық негiздерi мен шарттары айтылған. Мұғалiм мен мектеп жұмысының нәтижелi, табысты болуы оқыту әдiсiне байланысты екендiгiн ескере отырып, оқыту әдiстерiнiң құрылымын, жiктелуiмен таныса отырып сабақты мәндi өткiзуге дағдыландыру. Оқушылардың танымдық әрекеттерiнiң сипатына қарай оқыту, сөздiк әдiстiң мазмұнымен, мұғалiмнiң, оқушының әрекетiмен таныс болуы қажет. Оқыту әдiстерi танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, iзденуге, жаңа бiлiмдi түсiнуге ықпал етедi. Мақалада бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдiсiне жобалап оқыту технологиясының қолданылу ерекшелiгi, жобалап оқытуда бастауыш сынып оқушыларына тигiзетiн керi әсерi, сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжiрибесi туралы айтылған. Жобалар әдiсiнiң оқыту мақсаттарының ауқымы: оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз бiлiмдерiн өз бетiмен құрастыра бiлу икемдiлiгiн, ақпараттық кеңiстiкте жөн таба бiлу, iскерлiгiн дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Осыған орай, мектеп бiлiмi түбегейлi жаңартылып, мұғалiмнiң қызметiнiң мақсаттары кеңейiп, үлкен өзгерiстер үстiнде. Әр педагогтың мiндетi - оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық iзденiстi қолдау, жағдайлар туғызып, оның шешiмiн табуға бағыттау, жаңаны iздеуге, жүйелi зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттiлiктердi оқушыларға меңгерту барысында жобалық оқыту әдiсi тәжiрибеге енгiзiлдi.
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға тәрбие беру жолдары
Реферат: Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру мәселелерiн әртүрлi бағыттарда қалыптастырып, дамытуда отандық ғалымдарымыз да өз үлестерiн көптеп қосып келедi. Мақалада сыныптан тыс тәрбие жұмысы - тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалiмдердiң басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың тәрбиелiк мақсатымен өзара байланысты болып келетiнi айтылған. Ол әртүрлi тәрбие әрекеттерiнiң жиынтығы ретiнде балаға кең көлемде тәрбиелiк ықпал ете алады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен мiндеттерi тұтас педагогикалық үдерiстiң қызметiне ерекше сипат бередi.
Нұрлы жол - Елбасының қасиеттi жолы
Автор(ы): Пралиев С. Ж.*Нуриев М. А.*Сейсенбаева Ж. А.*
Реферат: Мақалада Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiнде қалыптасып, әлем таныған елге айналуындағы Елбасының сындарлы саясатының тереңдiгi сараланады. Елбасының халық үшiн атқарған қызметiн сындарлы жолын Нұрлы Жол атау беру тұрғысынан нақты дәлелдермен ой түйiнделедi. Тәуелсiздiкке қол жеткiзген кезеңнен бүгiнгi күн жетiстiктерiне ғылыми тұрғыда ой түйетiн ғылыми мақала бiлiм алушыларға ой тереңдiлiгiмен құнды.