Реферат: Мақала елiмiздегi бiлiм беру жүйесiндегi оқытудың түрлерi мен әдiстерi туралы жазылған. Негiзгi орта мектеп оқушыларын парталарда отырудың заманауи ерекшелiктерi ұсынылған. Сондай-ақ, бiлiм берудегi ынталандырудың жолдары мысалдар арқылы жан-жақты сараланып, берiлген.
Шетелдiк нормативтiк құжаттарда мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды әлеуметтендiру мәселесiнiң қарастырылу жағдайы
Реферат: Мақалада мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды айта отырып, оларды оқыту мен тәрбиелеудiң негiзгi мiндеттерiнiң қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерiн дамыту, оларды қоғамның тең құқылы мүшесi ретiнде ортаға қосылуы жайлы, сондай-ақ, шет елдiк нормативтiк құжаттарды қарастыра отырып, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды әлеуметтендiру, қоршаған ортаға бейiмдеу, оларды қоғамның толық мүшесi ретiнде қарау жағдайы қарастырылған. Бiрiккен Корольдiктегi мүгедектерге жұмыс берушiлер тарапынан жасалған жағдайлар туралы, Канадада мүгедектердi кемсiтпеу жайында, Индияда мүгедектердi жұмыспен қамту және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi Герман Республикасында мүмкiндiгi шектеулi тұлғалардың құқықтарын қорғау және АҚШ-тағы мүгедектерге көмек көрсетудiң қалыптасқан жүйесiмен танысасыздар.
Дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын-алу шаралары
Автор(ы): Баракбаева Т. А.*Дағжан*
Объем документа: С. 34-37
МРНТИ: 21.15.47*
Ключевые слова: разъяснительно-информационная и воспитательная работа*религиозный экстремизм*международная безопасность*
Реферат: Мақалада дiни экстремизм және терроризм мәселелерiн алдын-алуда жастармен ақпараттық-түсiндiру және тәрбие жұмыстарын жүргiзудiң маңыздылығы қарастырылады. Дiни экстремизм мен терроризм қаупi жаhандық сипатта орын алып, халықаралық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде әр мемлекет ұлттық мүдделерiн қорғау деңгейiн арттыру тәуелдiлiгiне айналды.
География сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары
Реферат: Бұл мақалада география сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары қарастырылған. География пәнiне танымдық қызығушылығын қалыптастыру үдерiсi және оның үлгерiмiмен өзара байланыстылығы көптеген факторлар әсерiнен болады, бiрақ олардың ең маңызды - әдiстемелiк тәсiлдер болып табылады. Алдыңғылардан жаңа буын стандартының ерекшелiктерi берiледi. Қазiргi заманғы бiлiм берудiң негiзгi мақсаты, автордың пiкiрi бойынша, студенттердiң әмбебап бiлiм беру iс-шараларын қалыптастыру болып табылады. Есеп таныстыру: оқу жаттығу әдiстерiн пайдалана отырып, нысандары студенттердiң орындауында шығармашылық жұмыстардың пайдалану бар. Оқу жоспарының табысты меңгеру үшiн өлшемдерiнiң бiрi лексика жұмыс, жаңа географиялық ұғымдар мен терминдер жүйесiн жүргiзу. Студенттер тек ұғымдардың мазмұнын бiлу керек емес, бiрақ, сондай-ақ, оларды жiктеу, оларға маңызды және түрлi мүмкiндiктерiн ажырата алатын болуы керек. Қорытындылай келе, ойын iс-маңыздылығын атап және танымдық қабiлеттерiн және студенттердiң түрлi дағдыларын шығармашылық дамуы үшiн жағдай жасау.
Реферат: Мақалада бүгiнгi жастардың патриоттық сезiмге ұлттық құндылықтар арқылы тәрбилеу мәселесi көтерiлдi. Бүгiнгi таңдағы бiлiм беру жүйесiнде ұлттық құндылықтарды нақыштау өзектi болып отыр. Ұлттық мәдениеттi, өркениеттi, балаға жастайынан сiңiрту арқылы өзiн-өзi тануға, жеке, саналы азамат ретiнде қалыптасуына септiгiн тигiзетiнi жөнiнде сөз қозғалды.
Реферат: Интеллектуалдық ойын Қызықты қазақ тiлi ашық сабағын мұғалiмдерге көмек ретiнде ұсынып отырмыз. Ашық сабақтың мақсаты мемлекеттiк тiлiмiздiң мәртебесiн арттыра отырып, жастардың ой-өрiсiн, iзденiстерi мен тапқырлық қырларын дамытуға ықпал ету жайы айтылған. Отанға деген сүйiспеншiлiктерiн, мемлекеттiк тiлге қызығушылықтарын арттыру, ұшқыр ойды дамыту, дүниетанымдық көзқарастарын дамытуға ықпал ету жайы қарастырылған.
Реферат: Мақалада қазiргi бiлiм беру саласындағы басты талап барлық бiлiм беру мекемелерiндегi оқушылар жалпы бiлiм алып қана қоймай, алған бiлiмдерiн өмiрде тиiмдi пайдалана бiлуi жайлы айтылған. Сабақ беру барысында әдiс - нақты бiр мiндеттi шешуге арналған әрекеттi практикалық, не теориялық тұрғыдан игерудiң бiршама бiркелкi тәсiлдерiнiң, операцияларының жиынтығы. Педагогикада бiлiм беру мен тәрбие әдiстерiн жасау мен оларды жiктеу проблемасы негiзгiлердiң бiрi болып табылады.
Бастауыш сыныпта бiлiм беру үрдiсiнде жаңа технологияларды қолдану
Реферат: Мақалада бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдiсiне жобалап оқыту технологиясының қолданылуы ерекшелiгi, жобалап оқытуда бастауыш сынып оқушыларына тигiзетiн керi әсерi, сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжiрибесi туралы айтылған. Жобалар әдiсiнiң оқыту мақсаттарының ауқымы: оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз бiлiмдерiн өз бетiмен құрастыра бiлу икемдiлiгiн, ақпараттық кеңiстiкте жөн таба бiлу, iскерлiгiн дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Осыған орай мектеп бiлiмi түбегейлi жаңартылып, мұғалiмнiң қызметiнiң мақсаттары кеңейiп, үлкен өзгерiстер үстiнде. Әр педагогтың мiндетi - оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық iзденiстi қолдау, жағдайлар туғызып, оның шешiмiн табуға бағыттау, жаңаны iздеуге, жүйелi зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру. Осы қажеттiлiктердi оқушыларға меңгерту барысында жобалық оқыту әдiсi тәжiрибеге енгiзiлдi.
Реферат: Мақала ән әлемiнiң падишасы, Қазақ вальсiнiң королi атанған халық артисi, ұлы сазгер Шәмшi Қалдаяқовтың шығармаларына арналған. Шәмшi Қалдаяқов әндерi арқылы өсiп келе жатқан жаңа ұрпаққа тәрбие берудiң жолдары айтылған. Жалпы жұмыс барысында, Эстетикалық тәрбие беру аясында Шәмшi Қалдаяқов әндерiн кейiнгi жас ұрпақтарға таныту және кеңiнен уағыздау туралы да көрсетiлген.
Реферат: Ұлт болашағының бастау көзi ұрпақ тәрбиесiнде жатыр. Ұрпақ тәрбиесiнiң жақсы берiлуi ұлт тағдырымен тiкелей байланысты. Мына жаhанданған дәуiрде бiз ұрпақ тәрбиесiне аса қырағылықпен және жауапкершiлiкпен қарауымыз керек. Бұл мақалада Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының Шипагерлiк баян атты еңбегiндегi ұрпақ тәрбиесi туралы тұжырымдамаларының мәнiсi мен мағынасы жөнiнде қарастырылған.