Реферат: Мақалада отбасындағы ұлттық тәрбиенiң мәнi кеңiнен ашылады. Мұнда қазақи сыйласым - ұлттық тәрбиенiң мақсаттық негiзi сөз болады. Отбасындағы сыйласым және қазақ халқының сыйласымдық тәрбиесi кеңiнен жазылған. Сонымен қатар, ұстаздық тәрбие дәстүрi: ұлттық тәрбиеде ата-анадан соң, сол ата-анадай тәрбие, бiлiм беретiн ұлағатты ұстазға инабатты шәкiрт бола бiлу дәстүрi, ер намысын, қыз абыройын қорғау дәстүрлерiнiң тәлiмдiк қағидалары, кәсiпке үйрету дәстүрлерiнiң ұлттық тәрбиелiк мәнi, тiл дамыту дәстүрiнiң тәрбиелiк мәнi мен қарыз, парыз, борыш ұғымдарының тәрбиелiк мәнiне кеңiнен тоқталып, ұлттық тәрбие жүйесi кең ашылған. Туған жердiң әрбiр тасына дейiн қасиеттi, киелi екендiгiн айта отырып, туған жердi қастерлеу дәстүрiнiң ұлттық тәрбиелiк мәнi жайында жазылған.
Тiлге құрмет - елге құрмет атты интеллектуалды сайыстың сценарийi
Реферат: Мақалада әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы - ана тiлi туралы айтылған. Қазақ тiлiн құрметтеу, оны бiлу - бiздiң әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тiлiне салғырт қарау - өз халқының өткенiне, бүгiнiне, болашағына немқұрайды қарау деген сөз. Мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын барған сайын кеңейтiп, оны шын мәнiндегi қоғамдық қарым-қатынас тiлi ету бүгiнгi күн талабы екендiгiн бiлемiз.
Реферат: Мақалада Жаркент қаласы тұрғындарының мәдени рухани өмiрi жайлы қарастырған. Тарихқа тұнған елiмiздiң әр өңiрi - тасқа басылған тарих екендiгiн айта келiп, жастарымыздың өткен тарихты бойларына сiңiруi тарихтар сабақтастығын жалғайтынын сөз еткен. Жерiмiздiң тарихын бiлмей ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мүмкiн емес. Сондықтан елiмiздiң әр өңiрi ата-бабамыздың қанмен келген маңдай тердiң жемiсi екендiгiн ескерткен.
Оқушылардың парасатты ойлау өнерiн қалыптастырудың педагогикалық негiздерi
Реферат: Бұл мақалада жаңа әдiстемелiк тапсырмалы әдiстер, парасатты ойлауды қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн, сонымен бiрге оқушының әрекетiн жобалауға мүмкiндiк пайда болатындай және түрлi тапсырмалардың түрiн шешу жүйесi ретiнде мұғалiмдердiң қызметi туралы қырыстырылады. Бұл негiзгi тапсырма жүйесi оқыту үдерiсiнде ұйымдастырудың тиiмдi құралы болып саналады.
Реферат: Мақала Тәрбие - тал бесiктен деп алынған. Себебi, келешек әулеттiң барыстары отбасында тәрбиеленедi, адамның жеке басының бастапқы басқышы пайда болады, мiнездiң де негiзi қаланады, адамдық қасиеттер мен әдептiлiк қалыптасады. Демек, баланың келешекте қандай адам болуы өзi туылған отбасында алған тәлiм-тәрбиесi мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты. Мақалада сонымен қатар, отбасында алған тарбиенiң маңызы жайлы айтылған. ҰОС қатысқан әкенiң ерлiгi мен берген тәлiм-тәрбисiнiң жемiсi жайлы сөз қозғалған.
Бастауыш сыныпта ана тiлiн оқытудың маңыздылығы
Автор(ы): Буранбаева А. А.*Аспантаева Л. Б.*
Объем документа: С. 80-82
МРНТИ: 14.25.09*
Ключевые слова: родной язык*начальная школа*высокохудожественная литература*
Реферат: Ана тiлi саласында оқу, сөйлеу, жазу дағдылары мен ептiлiгi ең қажеттi алғышарт және оқушылардың бiлiм алу құралы болып табылады. Қазақ тiлi сабағының бар құрылымы оқушыларды ұлы қазақ халқының тiлi тiл жасампазы ретiнде қазақ тiлiне деген қызығушылығы мен сүйiспеншiлiгiн тудыруға тәрбиелеудi қамтамасыз етуi тиiс. Тiл, сондай-ақ тәрбие берудiң маңызды құралы болып табылады: оқушы бiздiң жоғары идеялы және көркемдiгi жоғары әдебиеттермен танысу, түрлi формадағы драматургиялық өнерге қатысуға тарту, газет пен журналдарды оқу қажеттiлiгiне дағдыландыру, ересектермен емiн-еркiн тiлдесу үшiн тек ана тiлiн жақсы бiлгенде ғана мүмкiн болады.
Әдептiк сабақтар 5-11 сыныптарға арналған оқу құралынан үзiндi
Реферат: Мақалада ұлттық әдеп дәстүрiнiң тәрбиелiк мәнi кеңiнен ашылған. Ата-бабаларымыздың өмiр тәжiрибелерiнен, халықтық әдет-ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерiнен үлгi-нұсқаларды өне бойы өнеге ету, ұрпақтарына үйретiп, тiлек тiлеп, жастарды жақсы жолға бастау керектiгi жазылған.
Тiршiлiк тылсымдары немесе, Мәңгiлiк қазақ календарының сыры
Автор(ы): Ғаббасов С.*
Объем документа: С. 13-15
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: систематизированные история*духовная и естественная наука*образовательное чтение*
Реферат: Мақалада автор профессор Уалихан Әбдiбековтың зерттеулерiне тоқталып кеткен. Африкадан Қазақстанға қоныс аударғандардың генотипi қазақ генiмен сәйкес келетiндiгi анықталған. Сонымен қатар, ғалым Сайлыбай Бекболатовтың <Мәңгi қазақ календары> еңбегiнiң акмологиялық, яғни, жаратылыстану ғылымдарының тоғысуы негiзiнде пайда болғандығы жөнiнде жазылған.
Реферат: Мақалада балалардың дарындылығы мәселелерi қарастырылған. Отандық және шетел ғалымдарының зерттеулерiндегi дарындылықтың ғылыми-теориялық аспектiлерi талданған. Дарындылықтың негiзгi категориялары мен балалардың қабiлеттiлiгiнiң сипаттамалары келтiрiлген. Баланың дарындылығы мен қабiлеттiлiгi ұғымдары анықталған.
Отты жылдар жаңғырығы арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеу
Реферат: Мақалада келтiрiлген Ұлы Отан соғыс жылдарындағы жауынгердiң көрсеткен ерлiгi, қаhармандығы, күш-қайраты арқылы бүгiнгi жас ұрпақтардың бойындағы ұлттық патриотизмдi калыптастыру. Қазақ халқы мемлекеттiң иесi ретiнде қоғамдық жауапкершiлiгiн мойындай отырып, Қазақстандық патриотизм қалыптастырудың ұйымдастырушысы қызметiн атқаруы тиiс. Ол үшiн қазақ және Қазақстанды мекендейтiн басқа да ұлттардың отбасыларындағы қалыптасқан ұлттық патриотизмнiң Қазақстандық патриотизмге ұласуын қамтамасыз ету. Өйткенi, ұлттық патриотизм мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң шешушi факторы болып табылады.