Реферат: Мақала ұрпақ тәрбиелеп, шәкiрт даярлауда мәңгi нұрдың қызметшiсi, тынымсыз лаулаған жалын иесi - ұстаздың еңбегi жайлы жазылған. Сондай-ақ, академиктiң ұстаздық болмысы жан-жақты ашылып, жүрiп өткен жолының жастарға берер өмiрлiк өнегесi, тағылымдық мәнi жайлы сөз етiледi. Ғалымның ұстаздық жолының тәлiм-тәрбиелiк қырларынан сыр шертiп, ғылым мен бiлiмге сiңiрген еңбегiнiң өлшемi салмақталған.
Әдептiк сабақтар 6-сыныптарға арналған оқу құралынан үзiндi
Реферат: Бұл мақалада әрбiр адамның мiнез-құлқындағы әдептiлiк қасиеттерi оның iс-әрекеттерi, тұрмыс-тiршiлiгi арқылы қалыптасады. Сол себептi, бұл оқу құралында қазақ мемлекетiнiң қазiргi мектептерiндегi 6 -сынып оқушыларына әдептiлiктi, имандылықты, мейiрiмдiлiктi, қайырымдылықты, ұлттық салт-сана мен дәстүрлердiң, әдет-ғұрып, iс-әрекеттердiң өркениеттi бағдарлары айтылған.
Танымал кейiпкерлердiң ұлттық, көркемдiк-эстетикалық тағылымы
Автор(ы): Тебегенов Т. С.*
Объем документа: С. 19-25
МРНТИ: 17.71.91*
Ключевые слова: народный фольклор*психологическое влияние*художественная литература*
Реферат: Мақалада әлем халықтарының фольклор мұралары мен көркем әдебиет шығармаларындағы басты кейiпкерлерiнiң халықтық қабылдау ықыласына ие болған психологиялық құбылысының ықпалы айтылған. Басты кейiпкерлердiң ұрпақтан ұрпаққа танымал болуынан қалыптасқан ұлттық және жалпы адамзаттық дүниетаным ортақтық ерекшелiктерiне бағалаулар жасалған. Қазақ халқының ұлттық-этнографиялық салт-дәстүрлерiнiң, эстетикалық көзқарастарының танымал кейiпкерлер арқылы сақталып келгендiгi қазiргi Тәуелсiз Қазақ Елi жаңа тарихындағы ұрпақтарға жалғасқандығы бағаланған.
Әртүрлi тiлдер және ұлттар мәдениетiнiң сабақтастығы араб және қазақ тiлдерi негiзiнде
Реферат: Қандай-да бiр халықтың өмiр тарихы, сана-сезiмi, салт-дәстүрi барлығы да тiлде көрiнiс табады. Ұлттың өзiндiк ерекшелiгi тiлден тыс құбылыстармен тiкелей байланысты тiлдiк бiрлiктерде - сөздер мен сөз тiркестерiнде айқын аңғарылады. Тiптi қарапайым бiр ғана затты немесе мағынаны бiлдiретiн сөздер өзге тiлдердiң әртүрлi контекстерiнде ұлттық- мәдени компоненттiң бiр бөлшегi болып, әр түрлi мағынаға ие болады. Сондықтан-да бiр тiлдiк бiрлiктiң екi тiлдегi мағыналарын салыстыру, сөзсiз, тiл ғылымында қызығушылық әкеледi.
Қазақ эпостарындағы батыр рухы мен отаншылдық сезiмдердiң қазiргi спортшы тұлғаларға тасымалдану қырлары
Реферат: Бұл мақалада көне дәуiрлердегi эпостардағы батырлар бейнесi, ұлтжандылығы мен ұлттық рухы сарапталады. Олардың бұндай сапаларының қазiргi күрес, бокс сияқты жекпе-жек өнерлерiнде жетiстiктерге жетiп жүрген қазақ спортшыларына тасымалданған үлгiлерi көрсетiледi. Оның қандай өлшемдермен және тетiктермен қайта құрылатындығы туралы қойылған мәселе, биогенетикалық, психоәлеуметтiк сияқты жолдармен, философиялық тұрғыдан шешiмiн табады.
Қыз тәрбиесi - ұлт болашағы
Автор(ы): Әбжан Г. М.*
Объем документа: С. 39-42
МРНТИ: 14.39*
Ключевые слова: казахская семья*казахский народ*главная функция воспитание*
Реферат: Қазақ отбасының маңызды қызметтерiнiң бiрi - тәрбие. Ата-ананың мiндетi - жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершiлiк, инабаттылық, сыйлау қасиеттерiн сiңiру. Әсiресе, қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда, қыз бала тәрбиесi ерекше орын алады. Автор қазақ халқының қыз баланы ардақтап ұстағаны, оның көңiлiн қалдырмағаны, оған қарсы сөйлемегенi, оны мәпелеп өсiргенi және де қатал ұстап, оның тәрбиесiне ерекше көңiл бөлгенi туралы қарастырады.
Ұлттық құндылығымыз қазақ батасының қадiр - қасиетi
Реферат: Мақаланың негiзгi мақсаты ұлттық дiлдi, ұлттық рухты, тәрбиенiң ұлттық иiрiмдерiн дәрiптеп, жастарға заманауи тұрғыда тәлiм - тәрбие беруде ықпалы зор екендiгiн айқындау. Ұлттық дiлi мен ата-дәстүр мәдениетiнен, әдет-ғұрпынан алшақтап бара жатқан жастарды өз халқының асыл мұрасына назарын аудартып, халқымыздың өзiне тән ұлттық құндылықтарын мақтан тұтуға; қазақ халқының бай мәдениетi мен озық өркениетi үлгiлерiн танытып, таныстырып отыру бiздiң асыл мұратымыз. Туған халқы мен жерiн сүйетiн ұлтжанды жастарды тәрбиелеп, елiмiздiң өркендеуi мен қауiпсiздiгiн баянды ету. Қазақ халқының ұлттық мәдени игiлiктерiнiң iшiнде, елдiң рухани қазынасында бата сөздердiң мән-мағынасы, қадiр-қасиетi айрықша бағалы. Өйткенi қанымызға сiңiстi, жанымызға жағымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сiлкiндiрiп серпiлтетiн, марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер - тәрбиенiң бастау бұлағы. Аталардың қасиеттi өсиетi - замандар мен ғасырлар бойы мысқалдап жиналып, ақыл елегiнен өткiзiлiп тексерiлген өмiр тәжiрибесiнiң, тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершiлiктiң ереже қағидасы iспеттес.
Реферат: Бұл жобаның тақырыбы тек мектеп оқушылар ғана емес, бүкiл Қазақстан үшiн де маңызды болып табылады. Жоба қазақ тiлi, әдебиет, тарих сынды ғылым салаларын қамтиды. Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың нақыл сөздерiнiң тәрбиелiк мәнi талқыға түсуде. Зерттеу жүргiзушiлер нақыл сөздердiң жалпы халық үшiн пайдасын саралай келе Елбасының нақыл сөздерiн тереңiрек зерттеп, талдаулар жүргiзудi мақсат тұтқан. Осыған орай алға қойған мiндеттерiмiз - нақыл сөздерiн зерттеп, зерделей отырып, оны өзгелерге жеткiзу, таныту.
Бала болмысы - құрсақтан, тәлiмi - бесiктен
Автор(ы): Қдыралиева Ж. Б.*
Объем документа: С. 53-55
МРНТИ: 14.07.05*
Ключевые слова: народный метод*важная роль развитие*беременная женщина*
Реферат: Мақалада бала тәрбиесi, өмiрi, санасы мен сезiмi ана құрсағынан басталатындығы сөз етiледi. Бала тәрбиесiне бесiктiң алар орны, болашақта дарынды, талантты , ақылды, зерек болып өсуiне әсер ететiн ұлттық жағдаяттар, ата-анасының тәрбиесi, геннiң әсерiне көңiл бөлiнген. Құрсақтағы бала тәрбиесiнiң жағдайы, тыңдған әуенi, ана көңiлi тiкелей әсер етiп, тәрбие бастауына маңызды рөл атқаратындығы жөнiнде психологтар мен ғалымдардың пiкiрi қарастырылған.
Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлеттерiн дамыту жолдары
Реферат: Мақалада жастардың бойына ұлттық бiлiм беру мен жүйесiн қалыптастыру жайы сөз болады. Сонымен қатар қазақтың ағартушы педагогы А.Байтұрсыновтың бастауыш сынып оқушыларының сауатын ашу мақсатта жазып қалдырған еңбектерiнiң қазiргi таңда да маңызды екендiгiне тоқталған. Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлеттерiн дамыту жолдары қарастырылған. Халқымыздың сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсiздiгiне ендi қол жеткiзген тұста қоғамға қызмет ететiн болашақ жеткiншектерге сапалы бiлiм мен өнегелi ұлттық тәрбие беру - мұғалiмдер қауымының басты парызы екендiгi айтылған.