Реферат: Мақалада қазақ ғалымдарының физикалық, химиялық және географиялық халықтық бiлiмдердi және оларды пайдаланып, оқушылардың ұлттық дүниетанымы мен отансүйгiштiк сезiмдерiн қалыптастыру бойынша зерттеулерiне ретроспективтiк талдау жасалынған.
(Халықтық бiлiмдердi оқушыларға ұлттық тәрбие беруде пайдалану туралы)
Автор(ы): (Бөлеев Қ.*Құсайынова С. Қ.*Бөлеева Қ. Л.)*
Реферат: Мақалада қазақ ғалымдарының физикалық, химиялық және географиялық халықтық бiлiмдердi және оларды пайдаланып, оқушылардың ұлттық дүниетанымы мен отансүйгiштiк сезiмдерiн қалыптастыру бойынша зерттеулерiне ретроспективтiк талдау жасалынған.
Жоғары мектепте кәсiби мамандарды дизайннан даярлау бағыты
Реферат: Мақала қазақ халқының жоғары мектепте кәсiби мамандарды дизайннан ұлттық стильдегi даярлау бағыты бойынша жобалау мәдениетi - дизайн түрлерi, олардың әр қайсысының негiзгi атқаратын қызметi және өнер түрлерiмен қатар пән аралық байланысы берiлген. Әр анықтамалардың өз алдына сипаттамасы берiлген. Сонымен қатар өнер және пән аралық байланысы берiлiп отыр. Бүгiнгi таңда қолданысқа енген дизайнер шығармашылығының бағыттарының жобалаудағы теориялық ерекшелiк түрлерiмен практикалық қолданыстары қарастырылған.
Реферат: Мақалада жастардың мәселелерi, мамандық таңдау сияқты күрделi әлеуметтiк мәселенi шешуге тура келетiн, көбiнесе өзiнiң арманы мен әлеуметтiк сұранысы арасында болатыны талданады. Студенттердiң болашақ мамандығын таңдау себептерi, мамандықты таңдау салдары, осы мәселе бойынша жұмыс әдiстерi қарастырылған. Өз тағдырын өзi шешу түсiнiгiне түрлi ғылыми тәсiлдер мазмұндалады, берiлген түсiнiкке әлеуметтiк тәсiлдiң өзгешелiгi көрсетiледi. Зерттеудiң статистикалық материалдарында болашақ мамандықтарын таңдау кезiнде жоғары сынып оқушыларының өз тағдырын өзi шешуге әсер ететiн факторлар талданады, жұмыс нарығы мен бiлiм беру жүйесiнiң арасындағы үйлесiмсiздiгi айқындалады.
Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың асыл мұрасы
Реферат: Мақалада автор қазақ халқының ұлттық ойындарын құнды мәдени игiлiк ретiнде қарастырады. Ұрпақ тәрбиесiнде ұлт ойындарының маңызы қарастырыла отырып, ғылыми тұрғыдан ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын әрекетiнiң әлеуметтiк жақтарын айқындап, оның бала қиялы мен ойлау қабiлетiне оң әсер ететiнiн етiнiн анықтайды. Қазақ халқы қазынаға бай халық болғандықтан, ұлттық ойындардың бала тәрбиесiнде тәлiм-тәрбиелiк орны ерекше.
Т. Тәжiбаев Абай шығармаларындағы оқу, бiлiм жөнiнде
Реферат: Ғалым Т. Тәжiбаев Абайдың оқу, бiлiмдi насихаттауға қосқан айрықша әрекетiн орынды аңғарғандығы қарастырылған. Абай ақын ғана емес, ұлтының ұлы ұстазы. Тiптi адамзаттық ақиқатты айта алған хакiм. Ғалым Т. Тәжiбаев ұлт мақтанышына айналған Абайды тиiсiнше жоғары бағалап, қазыналы ойларын кәсiби тұрғыдан саралап шыққан.
Ислам дiнi - тәрбие беруде ұлттық құндылықтың негiзi
Реферат: Мақалада елiмiздiң болашағы жастар болғандықтан, олардың рухани тәрбиесiне аса мән беру қажеттiгi. Бiлiмiмiз бен бiлiгiмiз бабадан бiзге жеткен имани негiздегi қазақы тәрбиемен қабыспаса, халықтық қасиеттердi насиқаттаудың алтын арқауы, бағыт-бағдар алар айнымас темiрқазығы екендiгi айтылады. Ұлттық мiнез, ұлттық жiгер, ұлттық сана-сезiм қалыптастыру жолындағы жауапкершiлiктi сезiнiп, ел болашағының жарқын болуы үшiн айқын қадамдар керек екенi баяндалады.
Реферат: Мақалада жас ұрпақтың бойында iзгiлiктi қасиеттердi; қамқорлықты, рухани құндылықтарды, ақылдылықты, адамдық қасиеттердi дамыту үшiн отбасының, мұғалiмнiң, қоршаған ортаның әсерi мол екендiгi сөз болады. Оқу-тәрбие үрдiсiнде оларды дұрыс жолға қоя бiлу, ұштастыра бiлу қажеттiгi қарастырылған. Сонымен қатар отандық ғалымдардың iзгiлiк ұғымына берген ой-пiкiрлерiн кесте бойынша көрсеткен.
Қазақ тiлi сабақтарында тiлдiк дағдыларды қалыптастыру
Автор(ы): Ибраимова Г. М.*
Объем документа: С. 74-77
МРНТИ: 14.07.07*
Ключевые слова: активное обучение*критериальная оценка*учебный процесс*
Реферат: Мақалада жаңа қоғамның ертеңгi болашағын оқыту мен тәрбиелеу жайы айтылған. Сонымен қатар белсендi оқыту арқылы бiлiм алушының жеке басының дара және дербес ерекшелiктерiн ескерiп, олардың өз бетiнше iзденуiн арттыру, шығармашылығын қалыптастыру мәселелерi қарастырылған.
Ағылшын тiлi сабақтарында коммуникативтiк оқытудың элементтерiн қолдану
Реферат: Мақалада ағылшын тiл сабағында коммуникативтiк элементтердi қолданып оқыту тақырыбына арналған. Коммуникативтiк элементтердi қолданудың артықшылығы, оның сабаққа ықпалы, оқыту атмосферасын жетiлдiру, ағылшын тiлiн қабылдау тиiмдiлiгiн жоғарлату бейнеленген.