Реферат: Безостая-1 ұнының әртүрлi сорттарының органолептикалық қасиеттерi, ылғалдылығы, желiмдiлiгi, қышқылдылығы мен күлдiлiгi зерттелдi. Сонымен бiрге ұнның әртүрлi сорттарының микрофлорасы зерттелдi. Ұнның барлық сорттарында картоп таяқшасының B.mesentericus, ашытқы саңырауқұлағының, ашытқы саңырауқұлағы тәрiздiлер мен мицелиальды саңырауқұлақтардың барлығы анықталды. Жалпы алғанда ұнда картоп таяқшасы аз мөлшерде кездестi. Микробиологиялықкөрсеткiштер бойынша талаптарға сай болды.
Балық жемдерiнiң дайындалу ерекшелiктерi
Автор(ы): Сағындықова С. З.*Саматова А.*Нұрғалиева А.*
Реферат: Мақалада балықтың құрғақ және тiрi жем түрлерiне, олардың құрамы, дайындалу жағдай байланысты әдебиеттерге шолу жасалған. Пробиотик микроорганизмдердiң балықтың тiршiлiгiнде маңызы келтiрiлген.
Қазақстан Республикасының трансаймақтық инфрақұрылымының әлеуеттерi
Реферат: Қазiргi заманауи экономикада Қазақстанның көмiрсутек қорлары негiзiнде мұнай газ тасымалдау мәселесiн шешу негiзгi даму бағыттарының бiрi болып табылады. Мұнай-газ шикiзатын тиiмдi пайдаланып және оның экспортын өсiру мақсатында Қазақстанда экспорттың еркiн жылжуын және тасымалдау инфрақұрылымын дамыту қажет. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының басты ерекшелiгi - өнiм сапасын арттыру және отандық өнеркәсiптiк өндiрiстiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру айқындалады.
Қазақстан аймақтарын индустриалды дамыту: инновациялық технологияны енгiзу
Автор(ы): Джолмаганбетова С. М.*Мукашева А. Ж.*
Объем документа: С. 198-204
МРНТИ: 06.52.42*
Ключевые слова: человеческого капитал*изменчивый рынок*человеческая инновация*
Реферат: Қазақстан экономикасының өнеркәсiптiк - инновациялық дамуына қатысты соңғы жылдары жүргiзiлiп отырған саясаты қажеттi нәтижесiн бермеуде. Өндiрiлiп жатқан өнiмдердiң инновациялық құрылымдары өте төмен деңгейде болып қала бередi. Олардың бәсекеге қабiлеттiлiгi де төмен деңгейде. Бұл кәсiпкерлiк орта, бiлiм беру жүйесi, заңнама жүйесi, мемлекеттiк басқару және т.б. жүйелерде өнеркәсiптiк - инновациялық даму саясатының жеткiлiксiз институционалдық өзгерiстермен жүзеге асырылып жатқандығын көрсетедi. Инновацияға бағытталған экономикаға көшудiң басты алғышарттары, адам капиталының дамуына және инновация деңгейiнiң артуына, iскерлiк ортаның жаңаруы мен нарықтағы жоғары деңгейлi бәсекеге қабiлеттiлiкке әкелетiн өзгерiстер екенi дәлелденген.
Аса қатыгездiкпен өлтiрудiң қылмыстық-құқықтық сипаты
Реферат: Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлiмi осы мәселеге тiкелей арналған. Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына - адам және адамның өмiрi, кұқықтары мен бостандықтары, - деп жарияланған. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның iшiнде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзiнiң мiндетi деп санайды. Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексiнiң 2-бабында адам мен азаматтың кұқықтары, бостандықтары мен занды мүдделерiн қорғау ең басты мiндет ретiнде көрiнiс тапқан. Адам өлтiру, соның iшiнде аса қатыгездiк тәсiлiмен адам өлтiру сұрағын қарастырғалы отырмыз.
Атырау облысының индустриалды-инновациялық даму жағдайын талдау
Реферат: Индустриалды - инновациялық, экономикалық дамудың заманауи кезеңiнде жалпы Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының басты ерекшелiгi - өнiм сапасын арттыру және отандық өнеркәсiптiк өндiрiстiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру айқындалады.
Босқындардың құқықтық режимiнiң негiзгi сипаттамалары мен ерекшелiктерi
Реферат: Босқындар проблемасы көкейтестi проблемалардың бiрi болып табылады, оның айналасында көптеген жылдардан берi мемлекеттердiң саяси, экономикалық, ұлттық және басқа мүдделерiмен байланысты шиеленiскен және сөнбейтiн күрес жүруде.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жүргiзiлетiн психологиялық жұмыстар
Реферат: Бұл мақалада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды зерттеушi ғалымдардың еңбектерiне сүйене отырып, бұл проблеманың психология ғылымында өзектi мәселе екенiн көрсетiп, балалар үйiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әлеуметтiк жетiм тәрбиеленушi балалармен жұмыс жүргiзетiн психологтың кейбiр психологиялық жұмыстарының мазмұны баяндалады.
Хамит Ерғалиев дастандарындағы психологиялық иiрiмдер
Реферат: Мақалада Хамит Ерғалиев дастандарындағы психологиялық иiрiмдер туралы баяндалады. Кейiпкерiнiң iшкi сезiм-толғаныстары ақиық ақын Х.Ерғалиев дастандарынан көрiнiс табатыны атақты күйшi Құрманғазы Сағырбаевқа арнаған поэмасымен алып қаралған.
Кiшi мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың маңыздылығы
Реферат: Бұл мақалада бастауыш мектептiң алдында тұрған негiзгi мақсат - оқушыларға бiлiм бере отырып, ойлау қабiлетiн дамыту, оқуға ынтасын ояту, зейiнiн ашу, қызығушылығын арттыра отырып, кiшi мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту мәселелерi қарастырылады.