Реферат: Берiлген мақалада автор қытай және қазақ әдебиетi танымындағы әйел-ана образына салыстырмалы талдау жасай отырып, екi халықтың әйелдерiнiң таным-талғамын, көзқарасын, сезiмiн, психологиясын, сан иiрiмдi ерекшелiктерiн тануға мүмкiндiк берiп, көркем әдебиеттегi шығыс әйелдерi концептiсiн дәлелдейтiн ұғым-түсiнiктер сипатына жан-жақты талдау жасаған.
Коммуникативность журналистского текста как инструмент влияния на сознание масс
Реферат: Статья посвящена исследованию коммуникативности журналистского текста как средства влияния на массовую аудиторию, выделению теоретической основы данного вопроса и выявлению практических принципов усиления текстовой коммуникативности. Автор раскрывает определение коммуникативности текста и основных терминов, важных для данной темы. Знакомит с опытом американской прессы и копирайтинга, приводит примеры текстов, достигших высокой степени влияния на аудиторию. И объясняет причины их эффективности с точки зрения коммуникативности.
Қоғаммен байланыс қажеттiлiгi: бүгiнi мен болашағы
Реферат: Мақалада Қазақстандағы қоғаммен байланыстың қажеттiлiгi, оның бүгiнi мен болашағы сөз болады. Қазақстандағы қоғаммен байланысты бұрынғы КСРО мен бүгiнгi ТМД елдерi аясында еуропалық үлгiлермен салыстыра отырып, қарастырылған.
Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси әлеуметтiк публицистикасындағы ұлттық мұрат
Реферат: Мақалада Алтынбек Сәрсенбайұлының саясаткерлiгi мен қоғам қайраткерлiгi, оның саяси процестерге араласуы қарастырылады. Оның саяси-әлеуметтiк публицистикасындағы ұлттық мүдде зерттеледi. Интеллект - журналист ақыл ойының жалпы потенциалы. Саяси және кәсiби ортаға бейiмделу үшiн саналы түрде пайдаланатын қарым қабiлетi. Мәселенiң байыбына терең үңiлу, фактiлер тiзбегi арқылы деректiлiктi жүйелеу, тығырықтан шығар жолды нұсқау - осының барлығы Алтынбек Сәрсенбайұлы шығармашылығын даралайтын жайттар екендiгi туралы сөз қозғалады.
Етiстiк категорияларының сөйлемде қолданылу орындарын айқындау қағидалары
Реферат: Мақалада сөз тiркестерiн есiмдi, етiстiктi деп бөлу олардың басыңқы сыңарларының қай сөз таптарынан болуы, соның iшiнде етiстiктi сөз тiркестерiнiң морфологиялық, құрылымдық түрлерi рөлiнiң әртүрлiлiгi сөз болады. Етiстiктердiң басыңқы қызметте жұмсалуы мен оның осы қызметтегi ерекшелiктерi туралы М.Балақаев, Р.Әмiров, Т.Сайрамбаев, Ә.Әбiлақов т.б. ғалымдар пiкiр айтқаны белгiлi. Етiстiктiң басыңқы қызметiмен бiрге ендi басыңқы сыңарларының бағыныңқы сыңарларға ауысу үдерiсiн қарастырады.
Қазақ көсемсөзiнiң дамуы мен қалыптасуындағы Ахмет Байтұрсынұлының қызметi
Реферат: Бұл мақалада қазақ публицистикасының жанр ретiндегi қалыптасу барысындағы Ахмет Байтұрсынұлының рөлi мен қызметi теориялық журналистика аясында жан-жақты ғылыми тұжырымдармен сарапталады. Қазақ жазба әдебиетiнiң қалыптасуына септiгiн тигiзген - көсемсөз жанры бойынша жан-жақты талдау жасалады. Ол - көркем әдебиетпен бiрге туып, қалыптасып, өсiп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бiр тармағы.
Корпоративтiк басылымдар - мекемедегi PR-қызметтiң құралы
Реферат: Мақалада корпоративтiк басылымдардың мақсаты мен мiндеттерi, мазмұны және PR-дың құралы ретiндегi қызметi сөз болады. Мекеменiң тиiмдi қызмет етiп, сыртқы коммуникация жүйесiн сауатты жүргiзу үшiн корпоративтiк стратегияның маңызы зор. Оның маңызды бiр бөлiгi - корпоративтiк басылымдар. Корпоративтiк басылымдар iшкi және сыртқы болып бөлiнедi. Сыртқы аудиторияға арналған басылымдар мазмұнды, қызықты болуы тиiс. Онда компанияның қызметi, жетiстiктерi, жоспарлары туралы тұтынушылар мен серiктестерге ақпарат берiледi. Бұл мекеме мен сыртқы қоғамдық топтардың арасында өзар сенiмге негiзделген байланыс орнатады. Қазiргi таңдағы көптеген корпоративтiк басылымдарда компанияның әлеуетi, ұсынатын тауарлары жазылады. Алайда кейбiр компаниялар мақсатты аудиторияның құндылығын қолдауға бағытталу қажеттiгiн түсiне бермейдi. Бұл саясат корпоративтiк басылымда анық көрiнiс табуы қажет. БАҚ-тың рекреативтi функциясын орындау басылымның мазмұнын арттырады. Оқырмандар көбейедi. Корпоративтiк мәдениеттi қалыптастырудың тиiмдi құралы ретiндегi корпоративтiк басылымдар компанияның имиджiн қалыптастыруға ықпал етедi.
Саяси дискурс мәселелерi: саяси коммуникация және саяси дискурс
Автор(ы): Кенжеқанова Қ. К.*
Объем документа: С. 696-700
МРНТИ: 16.21.27*
Ключевые слова: политическая коммуникация*политический дискурс*политическая партия*
Реферат: Мақалада саяси коммуникация, саяси дискурс мәселелерiне түсiнiк берiлiп, олардың анықтамалары ашылады. Саяси коммуникацияның қатысушылары саяси партиялар мен институттардың өкiлдерi болып табылады. Сондықтан саяси қарым-қатынас үнемi идеологиялық си-патта болады. Ал саяси дискурстың қатысушылары адресант пен адресат. Саяси дискурстың өзi институционалды дискурс ретiнде оған белгiлi бiр интенция, коммуниканттардың статустық-рөлдiк ерек-шелiгi, өзгергiштiгi тән. Саяси дискурс билiк үшiн күрестегi құрал ретiнде қолданылады. Саясат тiлiнiң сегiз бiрдей қызметi талқыланды. Саяси оқиғалардың бақылаушысы болып табылатын адресат халық саяси коммуникацияның ерекшелiгiн айқындайды. Саяси коммуникация мен саяси дискурста бұқаралық ақпарат құралдарының рөлi де айрықша. Саяси дискурстың негiзгi ерекшелiктерi оның бағалауыштық және агрессивтiк қасиетiмен, мақсатымен және өзiндiк аргументациясымен анықталды. Саяси дискурс қоғамдағы идеологиялық парадигмалармен өзара байланысты болуымен, сонымен қатар қоғамдық санаға жаңа құндылықтарды таратуымен ерекшеленедi.
Реферат: Мақалада Атырау жерiндегi, Нарын құмында жүргiзiлген археологиялық зерттеу есебi берiлген. Нарын құмы ұзақ жылдар бойы зерттеуден тыс қалған өңiр болған. Негiзгi себебi оның климатық, қатал өлкеде жатуы. Құм арасы жолсыздығымен және сусыз аймақта орналасуы оның зерттеуге кедергi болды. Жалпы құм ертедегi адамдар мекендеуiне қолайсыз болды, деген жорамал қалыптасқан. Соңғы зерттеулер көрсеткендей өлкеде адамдар сонау неолит заманынанда-ақ қоныстанғаны айқындалды. Жаңа тас ғасырының бiрнеше тұрақтарымен бiрге қола, темiр және ортағасыр қоныстары анықталды. Құдық маңдарында ежелгi тұрақтар шоғырланған. Құмдардың көшуiне байланысты бұл тұрақтар нашар сақталған немесе жойылып кеткен. Сақталған тұрақтар өте құнды деректер бердi. Келешекте құмды жүйелi зерттеу көптеген археологиялық нысандардың ашылуына себеп болатынына сенемiз. Осы мәселе мақалада баяндалады.