Қазақ көркемсуреттi киносындағы қоғам көрiнiсiнiң өзгеру сатылары
Автор(ы): Айдар А. М.*Айдарова М. М.*
Объем документа: С. 492-496
МРНТИ: 18.67*
Ключевые слова: игровой фильм*традиционное и модерн-общество,*казахстанский город*
Реферат: Бұл мақалада дәстүрлi қазақ ауылының заманауи қоғамға өзгеру жолы және оның кинодағы көрiнiс табу мәселелерi қарастырылады. Заманауи қазақстандық қала дәстүрлi қоғамның 1917 жылғы Қазан төңкерiсi, Кеңес Одағының пайда болуы, күштеп ұжымдастыру, ұлы жұт, қызыл қырғын атанған Сталин заманындағы қазақ зиялыларының жаппай өтлiрiлуi, қазақтардың жайылым жерлерiн қысқартуға әкелген тың жерлердi игеру бағдарламасы, екi онжылдықтың iшiнде қазақ әлiпбиiнiң төте жазудан алдымен латын, кейiн кириллдiк жазу үлгiсiне ауыстыру отаршылдық саясаты сияқты үлкен әлеуметтiк өзгерiстердiң салдарының ықпалы өте зор.
Реферат: Қоғамдық дипломатия деген сөз барша адамға саясат туралы ой қалыптастырып қойған. Дипломатияны, көбiне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттiң сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерiн iске асыратын мемлекеттiк iс-әрекеттiң ерекше түрi ретiнде қарастырады. Осы жағдайды ескере отырып оның журналистикаға өте жақын екенiн айта кеткен дұрыс. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргiзуге арналған аса маңызды құрал, үйлесiмдi құрамдас бөлiк, бiрақ алыс шетел мен көршi Ресейде бұл ұғым тек саясаттануда ғана емес коммуникациямен жақындастырып, журналистикамен байланыстыра қарастырып, ақпарат ағымын қоғамдық дипломатия деп атаған.
Қазiргi конвергенттiк және жаңа медиа технологиялардың дәстүрлi БАҚ үдерiстерiне әсерi
Реферат: Мақалада бүгiнгi заман талабына сай туындап отырған журналистикадағы жаңа медиатехнологиялардың дәстүрлi бұқаралық ақпарат құралдарына әсерi талданады. Себебi, жаңа технологиялық мүмкiндiктер ойлаудың дәстүрлi жүйесiн белгiлi бiр деңгейде өзгерiске ұшыратып, БАҚ стратегиясына өзiндiк ықпалын жүргiзiп отыр. Мақалада оған қандай құралдар арқылы қалай әсер етiп отырғаны жайында кiшiгiрiм талдау беремiз. Сонымен қатар, кешегi журналистика мен бүгiнгi жаңа журналистиканың арасындағы байланыспен дәстүрлi БАҚ-тың кемшiн тұстары мен артықшылықтарына тоқталамыз. Журналистикадағы жаңа құбылыс конвергенция үдерiсiнiң болашағы, бүгiнгi дәстүрлi бұқаралық ақпарат құралдарына әсерiн қысқаша талдаймыз.
Реферат: Мақалада филология ғылымындағы өзектi мәселе - метафора және оның шығармадағы поэтикалық құрылымдық орны сөз етiледi. Метафора классификациясы, дербес-авторлық метафора жеке поэтикалық, дербес-авторлық метафорадағы әлемнiң концептуалды-тематикалық бейнесiне ерекше көңiл бөлiнедi. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың дербес-авторлық метафоралары концептуалдық өрiс тұрғысынан қарастырылады. Абайдың поэтикалық мәтiнi негiзiнде дербес-авторлық метафоралардың мағынасы анықталады. Ғалымдар мен зерттеушiлер ұсынған метафораны аударудың бiрнеше әдiсi, амал-тәсiлдерi ұсынылады.
Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн жетiлдiру кезеңi
Реферат: Мақалада қазiргi таңдағы Қазақстанның дамуындағы зейнетақымен қамтамасыз етудiң толық бейнесi көрiнiс табады. Зейнетақы жүйесiнiң реформасы ең әуелi қоғамның табысы аз қабатының зейнетақымен қамтамасыз етiлуiне және оның әрi қарай жетiлуiне, сонымен қатар экономикалық тұрақтылықтың орнығуына қарай бағытталған. Реформаның ерекшелiгiнiң бiрi мемлекеттiк емес зейнетақымен қамтамасыз етiлу, жинақтаушы зейнетақы қорының қосымша емес, негiзгi элемент ретiнде енгiзiлуi. Соңғы жылдардағы ТМД елдерiмен салыстырғандағы елiмiздегi зейнетақы қорының өсуi нақты цифрлармен көрсетiлдi.
Реферат: Мақалада автор кез келген елдiң экономикасына әсер ететiн банк жүйесiндегi қоғаммен байланыстың ерекшелiктерiн қарастырады. Қаржылық ұйымдардың PR қызметiн зерттеген шетелдiк ғалымдар еңбегiне сүйене отырып, банк имиджiн көтеру, қоғаммен тиiмдi байланыс орнату, қоғамдық пiкiрдi зерттеу жолдарын ұсынады. Банк қызметiнiң табыстылығын қамтамасыз ететiн қоғаммен байланыс саласының БАҚ-пен қарым-қатынасты ұйымдастыру, клиенттiк базаны кеңейтуге бағытталған iс-шаралар кешенi мен банк ұжымындағы корпоративтiк мәдениет, дағдарыс кезiндегi банктiң имиджiн қорғау секiлдi маңызды функциялардың қалай iске асатыны және қандай нәтиже беретiндiгi туралы жазылған. Сонымен қатар, банктiк маркетинг жүйесi туралы деректер келтiрiледi.
Реферат: Дискурс масс-медиа считается ведущим типом дискурса, проникающим практически во все типы институционального и обиходного общения. Однако телевизионный дискурс остается малоизученной областью. Актуальность исследования заключается в недостаточной изученности жанровой специфики. Многообразие жанров отражает реальную картину происходящих на современном телевидении интерактивных процессов. Автор статьи предложил собственную классификацию новых жанров телевизионного дискурса.
Реферат: Мақалада бейнелеу өнердiң дәстүрлi және заманауи көркем тiлiнiң табиғатын зерделей келе, өзiндiк көркем тiлдiң қалыптасуы қарастырылған. Қазақ бейнелеу өнерiнiң табиғаты әлемдiк бейнелеу өнерiнiң дәстүрлерiмен генетикалы сабақтастық және заманауи бағытта дамитынын бүгiнгi қазақ суретшiлерiнiң шығармаларына талдау арқылы көз жеткiздiк. Қазақ өнерi және әлем өнерiнiң арнасынан көрiнген Ә.Сыдыханов, Е.Төлепбай сынды суретшiлердiң шығармалары арқылы өнердiң көркем тiлiнiң әлем және қазақ дәстүрлi дүниетаным өлшемiмен тура келетiн өзiндiк ерекшелiгi айқындалды.
Реферат: Берiлген ғылыми мақалада автор бiлiм беру саласындағы PR-дың рөлi және оның қандай дәрежеде қолданылатыны туралы зерттеп, жан-жақты қарастырған. Бiлiм беру мекемелерiндегi бiлiм беру процесiн талдай отырып, ондағы PR-дың қалай қолданылатындығын анық көрсеткен. Автордың пiкiрiнше, PR - бiздiң елiмiз үшiн жаңа түсiнiк, оның маңыздылығы нарықтық қатынаспен және елдiң шаруашылық байланысының болуымен белгiленедi. Сонымен қатар, бұл түсiнiк қоғам ойында саясат пен әртүрлi сайлаулар түрiнде ғана елестейдi. Шын мәнiнде, қоғаммен байланыс - бұл маңызды экономикалық түсiнiк, ал маркетинг - экономиканың маңызды бөлiгi, алайда ол көбiне бизнес философиясы деп аталады.