Реферат: Мақалада оқытудың дуалдық моделi - бизнестiң, болашақ бiлiктi маманның және мемлекет мүддесiнiң бiрiктiрiлуiне алып келетiнi жайлы өзектi мәселелер қарастырылды.
Полиграфиялық заманауи технологиялардың қолданылуы және оларды өндiрiске енгiзу мәселелерi
Реферат: Мақалада полиграфиялық өндiрiстерге жаңа техникалар мен технологияларды енгiзу және ұйымдастыру жұмыстарының әдiс-тәсiлдерi, маңызы мен мақсаты, кезеңдерi мен нысандары жайлы мәселелер қарастырылды.
Реферат: В данной статье рассматриваются факторы, влияющие на эффективность газеты. Дизайн играет немаловажную роль в распространении издания. Автор рассматривает такие факторы эффективности менеджмента газеты как композиция, маркетинговая политика редакции, кадровый потенциал.
ХХI ғасырда бiлiм сапасын арттырудағы өзектi мәселелер
Реферат: Бүгiнгi күнгi жоғары оқу орындарының басты мiндетi - бiлiктi мамандарды дайындау екендiгi даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгередi. Жаңашылдық бiлiм беру саласының алдында тұрған жаңа мiндеттердi сәттi орындаудың негiзгi шарттарының бiрi болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмыстарының тиiмдiлiгi мен өнiмдiлiгiн арттыруға септiгiн тигiзедi. Сондықтан бәсекеге қабiлеттi 50 елдiң қатарынан көрiнгiмiз келсе, университетiмiздегi бiлiм беру жүйесi де жаңа талапқа сай болуы қажет.
Ways of modernization of higher education in Kazakhstan
Реферат: The comprehensive analysis of all mentioned scientific works prove that in the world community the USA, Finland, Great Britain, Germany, Russia, etc. the modernization of the higher education systems is in full swing. The special attention in these countries is paid to the quality of training highly qualified and professional university graduates. It can be attained by providing the best financial, technical, psychological and pedagogical conditions, by comprehensive development of infrastructure, selection of educational conceptions, pedagogical methods and technologies, textbooks and a proper choice of highly professional staff.
Х. Досмұхамедұлының публицистикасындағы ғылыми көзқарастар
Реферат: Мақалада Алаш қайраткерлерiнiң бiрi Халел Досмұхамедұлының қазақ публицистикасының дамып, өркендеуiне қосқан үлесi баяндалады. Ол өзiнiң бүкiл саналы ғұмырында, 1905 жыл мен 1927 жылдар аралығында көптеген публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазып, өзi өмiр сүрген уақыттың тарихи шежiресiн жасады. Ол патша үкiметi, кеңес үкiметi тұсындағы Қазақстандағы саяси ахуал, сыртқы жағдай, оқу-ағарту, медицинаны дамыту, халықтың денсаулығы, өнер, әдебиет, тарих, тiл тағы да басқа маңызды тақырыптарға қалам тартты. Қандай да бiр мәселенi зерттеп, дайындап барып жазу, өз заманының ең келелi мәселелерiне назар аудару, проблемалардың шешiмiн iздестiру, халыққа қарапайым тiлмен түсiндiрiп жеткiзу, жетiстiктермен қоса кемшiлiктердi ашық айтып, оларға көңiл бөлiп отыру Халел Досмұхамедұлының публицисткасын айқындайтын өзгешелiктер. Қаламынан туған қай шығармасы болсын, нағыз қайраткерлiк, ұлтжандылық қасиеттiң айқын көрiнуi Халел Досмұхамедұлы публицистикасының басты ерекшелiгi екендiгi сараланады.
Филологиялық бiлiм сапасы: болашаққа жаңа бағдар
Автор(ы): Салқынбай А. Б.*Иманқұлова С. М.*
Объем документа: С. 470-475
МРНТИ: 14.01.75*
Ключевые слова: современная система обучения*филологическое образование*ораторское искусство*
Реферат: Мақалада сөз қадiрi, сөз киесi, аталы сөз айту - көп сөйлемей, дөп сөйлеу; сөздiң байыбын танып, байламды жеткiзудегi шеберлiк пен шешендiктiң синкреттiлiгi, яғни, сөздi бағалау концептiсi талданады. Сөз мен ойдың жұбы жазылмай, бiрiнен-бiрi туындап, бiрiмен-бiрi жымдасып жатқаны мысалдармен дәйектеледi. Бүгiнгi қазақ тiл бiлiмi тiлдiк бiрлiктердiң фонетикалық, лексикологиялық және грамматикалық құрылымын синхрониялы және диахрониялы негiзде жүйеледi. Ендiгi бағдар Сөздiң лебiздегi мағынасы мен мәнiн зерделеу. Ғылыми бiлiмiнiң дамуы тiл ғылымының жағдайымен, дамуымен тығыз байланысты, өйткенi ғылыми бiлiм Сөзбен жеткiзiледi, айтылады, дәлелденедi. Тiл - әлемдi танудың белгiлi бiр дәрежедегi көрiнiсi ғана емес, оның құралы да. Осы ретте бүгiнгi оқыту жүйесiне - тiлдiк тұлғаларды бөлiп, жiктеп оқытудан гөрi, лебiздегi тiлдiк тұлғалардың мағынасын, мәнiн, танымдық ерекшелiгiн, ұлттық таным мен ұлттық болмыс қалыптастырған iшкi уәжiн терең таныстырудың, оқытудың маңызы ерекше болғандықтан, оқытудың жаңа жүйесiне сәйкес жаңа негiзгi курстар мен элективтi курстар қалыптастыру - бүгiнгi күннiң өзектi ғылыми-әдiстемелiк мәселесiнiң бiрi екендiгi нақтыланады.
Сөздердiң тiркесу тәсiлдерi мен байланысу формалары
Реферат: Сөйлемде сөздер бiр-бiрiмен грамматикалық байланыста қолданылады, сөйтiп барып белгiлi бiр ойды бiлдiре алады. Әрине, кез келген қатар тұрған сөздер бiр-бiрiмен байланыса бермейдi. Бiр-бiрiмен грамматикалық байланысқа түспеген сөздер бiр-бiрiмен тiркеспейдi де, сөз тiркесiн де құрай алмайды. Сөз тiркесiндегi сөздердiң қосымшалар арқылы байланысуы - синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртiбi, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.Қазақ тiлiнде сөйлемдегi сөздер төрт түрлi тәсiл арқылы байланысады: жалғаулар арқылы; шылаулар арқылы; сөздердiң орын тiртiбi арқылы; интонация арқылы.
Мәдениетаралық коммуникация - түрлi мәдениет иелерiнiң арасындағы тiлдiк қатынас құралы
Реферат: Мақалада қазiргi кездегi антропоцентристiк парадигма аясында қарастырылып жүрген мәдениетаралық коммуникация мәселесi туралы баяндалады. Автор мәдениетаралық коммуникация терминiнiң шығу төркiнi мен оның бүгiнгi таңдағы маңыздылығы мен зерттеу аясы туралы өзге ғалымдардың пiкiрiне сүйене отырып түсiндiредi. Мақала мазмұнында мәдениетаралық коммуникацияның түрлерiне тоқталған автор мәдениетаралық коммуникацияға тiларалық және мәдениетаралық ауыс-түйiстер негiз болатынын және олардың екi мәдениеттегi сәйкес көрiнiстерi тiлдiк бiрлiктердiң прагматикалық мағынасынан туындайтынын атап өтедi. Кез келген тiлде эмоционалды бояуы қанық, стилистикалық сипаты ерекше лексикалық бiрлiктер болатыны белгiлi. Мақала авторы олардың прагматикалық жағынан анағұрлым маркерленген болатындығын және ұлттық бояудың, ұлттық белгiлердiң мiнез-құлықтық, салт-дәстүр т.б. неғұрлым анық берiлуiне ықпал ететiндiгiне тоқтала отырып, мұндай құбылыс, әсiресе, ауызекi сөйлеу стилiнде айқын байқалатыны туралы баяндайды.
Бүгiнгi қазақ журналистикасына сараптама нәтижелерi
Реферат: Мақала бүгiнгi журналистиканың беделi, қоғамдағы орнын анықтауға арналған зерттеу жайлы жазылған. Осы мәселе бойынша жүргiзiлген сараптама нәтижелерiн түйiндеу мақалаға негiзгi өзек болды. Қоғамдық пiкiрдi зерттеудiң нәтижелерi Қазақстандағы журналистиканың беделiнiң төмендегенiн көрсеттi. Журналист мамандардың көпшiлiгiнiң өз мамандығына деген ынтасы жойылып бара жатқандығы, салаға деген сұраныстың аздығы анықталды.