Реферат: Автор бұл мақалада демократиялық қоғам құру жолындағы БАҚ-тың атқаратын қызметi мен маңыздылығын тақырып аясында зерттеп, бiрқатар тұжырымдар жасайды. Демократиялық қоғам құруда әлемдiк тәжiрибеге сүйене отырып, АҚШ және басқа елдердiң БАҚ-тарына салыстырмалы талдау жүзеге асырылады.
Тәуелсiз журналистиканың демократиялық қоғамдағы орны
Автор(ы): Әлiм Ә. А.*Ноғайбаева Ж. А.*Құрманбаева А. Ә.*
Реферат: Мақалада журналистиканың қоғаммен қатар өмiр сүрiп, онымен әрқашанда қатар жүретiндiгi айтылады. Қоғамның өзi демократияланған болса, журналистика да сол биiктен көрiнiп, оның белгiлi бiр дәрежеде қозғаушы күшi бола алатындығы әлем тәжiрибесiнде дәлелденген болғандықтан, елiмiзде демократиялық қоғам қалыптасқаннан берi журналистикаға қояр талап та өзгерген. Мақалада авторлары демократияны басты құндылық ретiнде шынайы өмiрде орнықтыруға күш салуымыз - жаңаша дамудың кепiлi екендiгiне дәлелдер келтiре отырып, журналистикада жаңаша дамуды алдымен журналистiң өзiнен, яғни, оның жаңаша ойлау машығын қалыптастырудан бастаған жөн екендiгiн баса айтады.
Реферат: Мақалада коммуникацияның, яғни тiлдiк қатынас түрлерiнiң жалпы тiл бiлiмiнде вербалды және бейвербалды терминiмен түсiндiрiл-ген түрлерi туралы баяндалады. Автор коммуникация терминiнiң мағыналық аясы мен тiл бiлiмi ғылымының бiр саласы ретiнде тiлге қатысты мағынасын ашу арқылы оның күрделi процесс ретiндегi үш құрамына тоқталады. Мақала авторы қазақ тiл бiлiмiнде <вербалды және бейвербалды коммуникация> терминдерi <тiлдiк қатынас және тiлсiз қатынас> терминдерiмен түсiндiрiлетiнiн атап өтiп, олардың өзара ортақ белгiлерi мен айырмашылықтарына да тоқталып өтедi. Мақалада автор тiлдiк қатысымның ауызша және жазбаша түрлерi туралы, тiлдiк тұлғалар мен қатысымдық тұлғалар туралы да баяндайды.
Реферат: Мақала төлиесi алғаш рет замансөз деген термин ұсынып, оның мағыналық астарын ашады. Қоғамдық санаға ақпарат арқылы қозғау салу өнерiнiң бес саласы - қимылсөз, дыбыссөз, бейнесөз, шешенсөз және көсемсөздiң басын бiрiктiретiн ортақ атау ретiндегi мүмкiндiгiн саралайды. Бұрын қолданылып келген публицистика деген аталымның мағыналық аясының тым тар екендiгiне көз жеткiзедi. Публицистика аталымының белгiлi бiр қоғамдық формацияға ғана қызмет еткенiн, ол формацияның заман көшiнен қалғандығын, қазiрде мүлдем басқа қоғамдық жүйе қалыптасып келе жатқандықтан бұл аталымның қолданыста болуы заман көшiне қалғандық екенiн сараптайды. Бұл сала туралы ғылыми тұжырымдар ұсынған Ахмет Байтұрсынов, Рәбиға Сыздық, Зәки Ахметов, Намазалы Омашевтердiң пiкiрлерiн тiлге тиек ете келе өз қорытындысын ғылыми айналымға қосады.
Реферат: Мақалада шешендiк өнердiң мақсаты, мiндетi, амалдары мен құралдары, өзiндiк ерекшелiктерi басқа өнердiң түрлерiмен салыстырыла, салғастырыла зерттеледi. Аталмыш өнер туралы теориялық маңызы бар қағидалардың түп-төркiнi Лұқман хакiм, Ақиқар, Сократ хакiм, Анахарсис замандарына барып тiрелетiнi, оның сонау хандық кезең мен Абай заманынан қазiргi дәуiрге дейiн алтын арқауы үзiлмей жалғасын тауып келе жатқаны ғылыми деректермен зерделенедi. Сонымен қатар шешендiк өнердiң адамгершiлiк туралы қағидалармен астасып жататыны түрлi мысалдармен дәлелденiп, шешендiк өнердiң қоғамдық-танымдық қызметi, шешендiк сөздердiң туындау себептерi, шешен шешiмiнiң түпкi себептерi мен салдары талданады, әрбiр ой Фараби, Абай, т.б. ғұламалардың пiкiрлерiмен түйiнделiп отырады.
Параллели в жизни и творчестве казахских публицистов XIX века. М.-С. Бабаджанова и Ч. Валиханова
Реферат: Публицисты XIX века Мухаммед-Салих Бабаджанов и Чокан Валиханов - неординарные и яркие личности, внесшие значительный вклад в преобразование Казахстана того времени. Эти два общественных деятеля в публицистике раскрыли актуальные проблемы казахского общества. Если М.-С. Бабаджанов представил жизнь казахского народа, в основном, проживающего на западе Казахстана то Ч. Валиханов исследовал коренной народ Восточного Казахстана.
Қазақ дастандарындағы мифологиялық ұғым-түсiнiктерден туған бейнелер
Реферат: Мақалада автор қазақ қисса-дастандарының сюжеттiк желiсiндегi ертегiлiк сарындардың қызметiне тоқтала отырып, мифологиялық ұғымдар негiзiнде туған бейнелер болмысына назар аударады. Автор мифологиялық кейiпкерлердiң шығарма желiсiндегi орны мен қызметiне, шығу тегiне, портретi мен амал-әрекеттерiне, олардың ежелгi халықтардың таным-түсiнiгiмен байланысына ерекше көңiл бөлген. Мақалада халықаралық ықпалдастықтың жемiсi саналатын сюжеттердiң дәстүрлi ұлттық сарындармен байланысы туралы да пiкiрлер кездеседi.
Қожа Ахмет Ясауидың Диуани хикметi мен ақын-жыраулар поэзиясындағы нәпсi туралы тұжырымдар
Реферат: Бұл мақалада Қожа Ахмет Ясауидың Диуани хикметi мен ХIХғ.-ХХ ғ. басындағы ақын-жыраулар поэзиясындағы ой-арман бiрлiгi, рухани таным үндестiгi баяндалған. Қазақ даласының әр аймағындағы дәстүрлi жыр мектептерiнiң өкiлдерi орта ғасырлық әдеби жәдiгерлерден бастау алатын берiк дәстүрге сызат түсiрмей, Ж.Баласағұн, А.Ясауи, А.Иүгiнеки еңбектерiнде баяндалатын кемел адам идеясын жалғастырды. Мақалада адамның рухани кемелденуiне тосқауыл болатын нәпсiнiң зияны туралы ой-толғамдар Шаhкәрiм Құдайбердiұлының, Т.Iзтiлеуовтiң, Мәшhүр Жүсiп Көпеевтiң, Жүсiпбек Шайхысыламұлының, Қарасақал Ерiмбеттiң өлең-толғаулары арқылы талданады.
О необходимости исследования законов формульной грамматики в казахском эпическом тексте жырау XV-XVIII веков
Реферат: В статье говорится о том, что поэзия жырау отличается героико-романтическим пафосом, духом освободительной борьбы, богатством художественных форм, что и до нашего времени в традициях акынов господствуют традиционные, устойчивые стилистические формулы и устно-стилевая техника, проливающие в силу своей древней синкретической музыкально-словесной природы свет на генезис и эволюцию художественных форм различных современных искусств, в том числе - поэтического, безусловно, восходящего к эпосу, мифу и ритуалу.
Реферат: Мақалада қазақ афоризмдерiнiң жай-күйi ақын Қадыр Мырза әлiнiң афоризмдерiмен салыстыра зерттеген. Ақын афоризмдерiнiң сыр, сипаты, идеялық және көркемдiк кестелерi синтаксистiк сипаттары жан-жақты қамтылып бағаланады.