Реферат: Түркиядағы қазақ диаспорасының этнографиялық ерекшелiктерiн, бөгде ортадағы өзара ықпалдастық үрдiсiнiң этникалық мәдениетке тигiзген ықпалын ғылыми талдау, сонымен бiрге олардың қазiргi кезеңдегi отбасылық қатынастарындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердiң сақталуы мен ерекшелiктерiн саралау мақсатын алға қоя отырып мақалада қазақ диаспорасының қазiргi кездегi тарихи-этнографиялық соның iшiнде бала туу және тәрбиелеуге байланысты, үйлену салт-дәстүрiндегi құдалық, неке заңдылықтары, той өткiзу, еншi беру сынды әдет-ғұрыптық ерекшелiктерi қарастырылған. Зерттеу этнографиялық жүргiзiлген экспедиция бойынша бүгiнгi күнi Түркия Республикасының қазақтар көп қоныстанған Ыстамбұл қаласының Зейтiнбұрын және Гүнешлi аудандарында тұрып жатқан қазақ диаспорасымен кездесу барысында алынған естелiк-жазбалары, ел аузынан жазылып алынған мәлiметтер, Ыстамбұл қаласындағы Қазақ қоры мұрағатындағы мәлiметтер, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Түркиядан келген оралмандар арасынан алынған мағлұматтар мен статистикалық мәлiметтер құрайды. Сондай-ақ, Түркия қазақтарының тарихы жөнiнде және осыған дейiнгi жазылған еңбектер мен баспасөз бетiндегi мәлiметтер негiзге алынды.
Зеркало среднеазиатского облика из могильника Каратума к постановке проблемы выделения жреческих погребений саков Семиречья
Реферат: В 2010 г. в могильнике Каратума было найдено зеркало с утолщением и валиком в центральной части. Это зеркало, датируемое концом VI - III вв. до н.э., является первой находкой в своем роде на территории Семиречья. Основным ареалом их распространения являются Приуралье и Верхнее Приобье, куда они проникали из Средней Азии. По ряду признаков этот тип зеркал сходен со специфичными двусоставными зеркалами-погремушками, традиционно трактуемыми как атрибуты женщин-жриц. Ряд прямых аналогий каратуминского зеркала был выявлен в женских погребениях в составе сакральных наборов, включающих также каменные алтарики и другие предметы культового назначения. В совокупности эти данные дают основания выдвинуть гипотезу о функциональном назначении зеркал с утолщением и валиком в центральной части как атрибутов жреческого сословия. Находка такого изделия в женском погребении могильника Каратума дает основание для постановки проблемы жреческих погребений саков Семиречья и выделения жреческого сословия в составе сакского общества. Вместе с тем найденное зеркало позволяет реконструировать путь проникновения этих зеркал в Приобье из мест производства.
Сырдария өзенi бойындағы ортағасырлық қалалар - отырықшылық мәдениеттiң орталықтары
Реферат: Бұл мақалада Сырдария өзенiнiң орта және төменгi ағысындағы ежелгi дәуiр мен орта ғасырлар кезеңiнде өмiр сүрген қалалар және қала мәдениетi туралы айтылады. Ежелгi және орта ғасыр кезеңiнiң қалаларының: бiрiншiден отырықшылық мәдениет орталығы екiншiден, сауда орталығы үшiншiден, әкiмшiлiк орталық қызметiн атқарғандығы жайлы дәлелденiп, зерттелдi. Мысалы, Сыр бойында оғыз заманында өмiр сүрген атақты қаланың бiрi Жанкент тек қана астана және оғыз әкiмдерiнiң қысқы резиденциясы емес, ол Сырдария сағасындағы iрi сауда орталығы да болған. Сырдария бойымен Орта Азия қалаларынан мұнда Ибн-Хаукальдың куәлiгi бойынша, бидай және астық тиелген кемелер келiп тұрған. Сыр өңiрiнiң қалаларына байланысты археологиялық және этнографиялық материалдарды қолдана отырып ежелгi цивилизациямен, егiншiлiк мәдениетiнiң ошағы болғандығы дәлелдендi. Сырдария бойындағы оғыз-қыпшақ қалалары: Сауран, Сығанақ, Янгикент, Жент, Узгент, Баршикент т.б. керуен жолдарында орналасып, егiншiлiк пен қала мәдениетiнiң орталықтары болғандығы мен олардың тарихына қысқаша тоқталдық.
Some aspects of UN peacekeeping at the present stage
Реферат: Today peacekeeping is one of the main tasks of the United Nations in the world community. Peacekeepers can participate in negotiations between belligerent parties of the conflict and draw attention of the world community to less local problems opening doors for collective actions and for an achievement of peace and safety. The UN formulated four directions: preventive diplomacy of the UN; peacemaking; peacekeeping operations; post-conflict peace-building. These components include humanitarian aspect. Peacekeeping activity of the UN, from preventive diplomacy to reasonable use of force, despite of all the shortcomings, is an effective way in settlement and solution of the conflicts. The United Nations continues to keep the operating role in the Charter. Peacekeeping operations of the UN are an irreplaceable method of peace preservation, relying on semi centennial experience in this area.
Политические и исторические проблемы в японо-китайских отношениях как средства урегулирования уровня и темпов развития отношений между двумя странами
Реферат: Известно, что китайско-японские отношения с момента образования КНР претерпели эволюцию от непризнания и противостояния до налаживания политического диалога, что свидетельствует о взаимной заинтересованности в нормальных связях. Особенности взаимного интереса Японии и Китая главным образом определяются экономической взаимозависимостью двух стран. Однако, несмотря на то, что активно развиваются торгово-экономические отношения, между двумя странами имеется целый ряд нерешенных проблем политического и исторического характера. Стремительное экономическое и политическое возвышение Китая и активизация политического возвышения Японии на базе уже накопленного экономического потенциала реанимируют многие старые проблемы во взаимоотношениях двух стан. Эти проблемы служат в качестве средства урегулирования уровня и темпов развития отношений между двумя странами. И достаточно очевидно, что именно от Пекина зависит определение дистанции во взаимоотношениях. В данной статье анализируются эти проблемы, среди которых территориальный спор, проблемы исторического прошлого, проведение ядерных испытаний в КНР, американо-японский военный союз, политические трения по вопросу пересмотра японской Конституции и вероятной военной угрозы со стороны Японии и др., порождающие острые противоречия между Токио и Пекином.
Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы жәрдемдесу саясаты: басымдықтары және жетiстiктерi
Реферат: Мақала Еуропалық Одақтың Орталық Азия аймағындағы жәрдемдесу саясатын сараптауға арналған. Авторлар Одақтың 2007-2013 жылдар аралығында аймақ деңгейiнде және жеке республикаларға бөлген жәрдем мөлшерi мен салалары бойынша мәлiметтердi сараптап, Еуроодақтың Орталық Азиядағы басымдықтары туралы өз ойларын бөлiседi. Еуропалық Одақтың жәрдемдесуi оның Орталық Азия Стратегиясына негiзделiп, аймақтың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуына қолдау көрсетудi көздейдi. Жәрдем беру Еуроодақтың Ынтымақтастықты дамыту құралы аясында, сондай-ақ арнайы салалық бастамалары шеңберiнде жүзеге асырылып келедi. Осы құралдардың аясында 2007-2013 жылдар аралығында Еуропалық Одақ жалпы Орталық Азия аймағына 743.02 млн еуро көлемiнде жәрдем бердi. Бұл қаражат бес республика арасында олардың қажеттiлiктерi мен даму басымдықтарына сәйкес үйлестiрiлдi. Еуроодақтың жәрдемiнiң елеулi бөлiгi Қырғызстан мен Тәжiкстан мемлекеттерiнiң даму бағдарламаларын қолдауға жiберiлдi. Еуропалық Одақтың 2014-2020 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттерiне Даму Ынтымақтастықты дамыту құралы шеңберiнде 1 млрд еуро көлемiнде жәрдем бөлудi жоспарлауы Еуроодақтың аймаққа деген қызығушылығының тұрақтылығын байқатады.
Жапония мен Таяу Шығыс аймағы мемлекеттерiнiң қарым-қатынастары
Реферат: Жапонияның сыртқы саясатында басқа мемлекеттiң сыртқы саясатындағы сияқты жаңа ұлттық мүдделер, әлемдегi күштердiң арасалмағының өзгеруi мен халықаралық қатынастардағы жағдайы көрiнiс тауып отыр. Әсiресе, қазiргi уақыттағы араб мемлекеттерiнiң мұнайға қатысты баға саясатының тұрақсыздығы жапон үкiметi тарабынан жауапты әрекеттердi талап етуде. Қалыптасқан халықаралық жағдайға бейiмделiп жапон үкiметi өзiнiң ынтымақтастық бағыттарын анықтауда. Осындай Жапонияның сыртқы саясатындағы аса маңызды бағыттардың бiрiне Таяу Шығыс елдерiмен байланыстар айналды. Жапония бұл аумақтан шамамен 90% мұнайды тасымалдап отыр. Таяу Шығыс мемлекеттерiмен ынтымақтастықты Жапония одан әрi дамытуға мүдделi, сондықтан аймақтың тұрақтылығына елеулi көлемдегi қаржыны бөлуде. Осы тұрғыда ұсынылған мақалада қазiргi уақыттағы Жапония мен Таяу Шығыс мемлекеттерi арасындағы екi жақты деңгейдегi қарым-қатынастардың дамуын зерттеуге талпыныс жасалынған.
Сұлтан II Абдулхамит тұсында Осман империясы мен Германия арасындағы сыртқы саяси байланыстардың кейбiр бағыттары
Реферат: Ұсынылып отырған ғылыми мақалада Осман империясының сұлтаны II Абдулхамит тұсындағы Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстар қарастырылады. Осман империясының сұлтаны II Абдулхамит 1876-1909 жылдары билiк құрып, сыртқы саясатта Германиямен өте жақсы қатынаста болды. Германияда кайзер II Вильгельм ал, Осман империясында II Абдулхамит билiкте болған тұста екi мемлекеттiң саяси қатынастары жоғары деңгейде болды. Ғылыми жұмыста сұлтан II Абдулхамиттiң Германиямен саяси байланыстарды күшейту себептерi, барысы және нәтижелерi ғылыми талдауға түседi. Сонымен қатар, сыртқы саясатқа негiзделген әскери қатынастарды зерделеу мақаланың басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Ғылыми жұмыстың басты ғылыми объектiлерiнiң бiрi сұлтан II Абдулхамиттiң саяси жоспарларын және халықаралық саясаттағы принциптерi мен ерекшелiктерiн көрсету. Бұл кезеңде Осман империясы мен Германия арасындағы саяси байланыстардың ең iрi объектiсi болған Берлин-Бағдат темiржолының да II Абдулхамит тұсындағы осман-герман байланыстарына әсерiн зерделеу мақаланың басты мiндеттерiнiң бiрi болып саналады.
Еуразиялық одақтың энергетикалық қауiпсiздiгiнiң қалыптасу тенденциялары
Реферат: Мақала Еуразиялық Одақ елдерiнiң энергетикалық қауiпсiздiгiнiң қалыптасуы мен дамуы мәселелесiн талдап, тақырыпқа қатысты бiрнеше авторлардың еңбектерiнен алынған сараптамалық болжамдарды салыстыруға арналады. Автор мақалада ең алдымен Еуразиялық Одаққа кiретiн елдердiң энергия тасымалдаушылардың экспорттық өнiмдерi есебiнен дамып отырғандығына назар аударып, аталмыш ғылыми ойды тұжырымдау үшiн бiрқатар дәлелдер келтiрiледi. Мақала құрылымының алғашқы бөлiгiнде автор тақырыптың өзектiлiгiне ерекше мән бередi. Еуразиялық Одақ елдерiнiң энергетикалық секторының даму жағдайы мен маңыздылығын қарастыру барысында автор аталмыш үдерiстiң дамуына, әсiресе геосаяси ықпалдың көптiгiне назар аударып, оны ғылыми негiздеуге тырысқан. Мақала барысында Еуразиялық Одақтың орны мен ролiне, маңызы мен қазiргi таңдағы даму жағдайына көңiл бөлiнiп, талданған. Аталмыш мәселенi ғылыми әрi толық негiздеу үшiн автор тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректiк негiзi бар ақпараттар сарапталған. Сонымен қатар, автор Еуразиялық Одақ және Еуразиялық идея мәселесiн де назардан тыс қалдырмаған. Еуразиялық Одақтың қазiргi даму жағдайы мен болашағы мәселесiн талдай келе, автор Одақтың энергетикалық қауiпсiздiгi мәселесiне кезек бередi. Қазiргi таңдағы елiмiздiң және Еуразиялық Одаққа мүше болып отырған көршiлес, әсiресе Ресей мемлекетiнiң энергетикалық қаiупсiздiгi мәселелерiн жекелей қарастыра отырып, автор олардың интеграциялануы негiзiнде Еуразиялық Одақтың энергетикалық қауiпсiздiгi мәселесiне сабақтастыра кезек бередi.
Музей iсiнде қор өңдеу бағдарламаларын игерудiң маңызы
Автор(ы): Картаева Т. Е.*Шаухарова Г.*
Объем документа: С. 292-297
МРНТИ: 13.51*
Ключевые слова: электронная база данных*цифровая обработка*музейная компьютерная программа*
Реферат: Мақалада шетел музейлерiндегi қор өңдеу бағдарламаларының дамуы мен музей iсiне енгiзiлу тәжiрибелерi, сондай-ақ цифрлы өңделген қорды қалыптастыру, отандық музейлер желiсiне Музеолог бағдарламасының енгiзiлу мәселелерi қарастырылады. Цифрлы өңделген мұралар жүйесi - мәдени мұраны сақтау жолдарының бiр түрi, бұл бағытты ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 32-сессиясында Цифрлы мұраны сақтау туралы Хартия негiзiнде бекiткен. Цифрлы мұралар жүйесi музей қорының электронды ресурстар базасы бола отырып, өзiне дыбыстық түсiндiрмелер, затты қозғалмалы, жан-жақты, барлық қырынан көрсете алатын функцияларға ие, әрi бағдарламалық қамтулар мен веб-парақтардан тұрады. Музеолог бағдарламасы Орталық Азия музейлерiне музейлiк қор базасы ретiнде енгiзiлген. Бағдарламаны енгiзудегi негiзгi мақсат мәдени және тұрмыстық мұраларды сақтау, ақпараттандыру, каталогтау, музей құндылықтарын әлемдiк деңгейде насихаттау жолдарын жетiлдiру болып табылады.