(Кәсiпкерлiк мәселесiнiң зерттелуi және деректер ХIХ-ХХ ғғ)
Автор(ы): Әбдiрәсiлова З. С.*
Объем документа: (С. 80-85)
МРНТИ: 03.29*
Ключевые слова: Южный Казахстан*промышленная торговля*сельскохозяйственная сфера*дореволюционный период*
Реферат: Мақала Қазақстандағы кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен дамуы мәселесiне қатысты жаңа тұжырымдарды талдау негiзiнде қазiргi таңдағы кәсiпкерлiктiң даму жағдайын анықтауға арналған. Автор мақаланың өзектiлiгiн ашып көрсету мақсатында Қазақстанның әсiресе оңтүстiк аймағындағы кәсiпкерлiк мәселесiнiң даму тарихына баса назар аударады. Елдiң оңтүстiгiндегi кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп, сауда, ауылшаруашылық және халыққа қызмет көрсету салаларында қалыптасып, дамуы мәселелерiне басты назар аудару арқылы автор мақала барысында тақырыпқа тереңнен талдау жасауға тырысқан. Тақырыптың тарихи тұстарына көбiрек мән берiлген мақала 1860 жылдардан бергi кезеңдi сараптап талдаудан басталады. Кәсiпкерлiк мәселесiнiң кейiнгi тарихы революцияға дейiнгi кезеңдегi өнеркәсiп жұмысшыларының мәселесiн қарастырған С. Қ. Игiбаевтың еңбектерiн пайдаланумен жалғасады. Мақаланың негiзгi барысы мәселеге қатысты зерттеулер мен деректердi жеке-жеке топтап, талдауға арналған. Соның негiзiнде мақала тарихнамалық сипатқа көбiрек ие болған. Ал тақырыпқа қатысты деректердi автор төрт негiзгi топқа бөлiп талдап, олардың әрқайсысына ғылыми тұжырым жасауға талпынған.
Жеке тектi қор құжаттарының ерекшелiктерi мен маңыздылығы
Реферат: Мақалада республикаға белгiлi қоғам қайраткерi Өзбекәлi Жәнiбековтың жеке қорындағы құжаттарды талдау негiзiнде автор жеке тектi құжаттардың ерекшелiктерi мен деректанулық маңыздылығын көрсетедi. Оның қызметi нақты тарихи кезеңмен байланысты себебi, тұлға сол заманда өмiр сүрдi, белгiлi қоғамдық қызмет атқарды, ресми статусқа ие болды. Өзбекәлi Жәнiбековтың жеке қор құрамына жеке тектi құжаттарды бейнелейтын материалдар кiредi: биографиялық құжаттар, қоғамдық, қызмет бабындағы құжаттар, қолжазбалары, сұхбаттары, естелiктерi, хаттары, фотосуреттерi. Осы кезеңнiң ресми құжаттарына қарағанда бұл құжаттар болған оқиғаларға өзiндiк бағасы берiлген фактологиялық материалдармен ерекшеленедi. Жеке тектi құжаттар тарихи дерек ретiнде маңыздылығы нақты өмiрдiң оқиғалары мен фактiлерi белгiлi адамдардың, яғни куәгерлер немесе сол оқиғаның өзiне қатысқан адамның жеке қабылдауы арқылы бейнеленедi және оның кәсiби, қоғамдық, шығармашылық және басқа мүддесiнiң сипатын анықтауға мүмкiндiк бередi.
Реферат: Мақала авторлары ХҮII ғасырда Еуразия аумағында орын алған аласапыран уақыттың шындығын баяндайды. Мұнда сол кезеңнiң белгiлi қайраткерлерi турасында айтылған тың құжаттар берiлген. Сол мәлiметтерде Орақ, Ораз-Мұхаммед, Кантемир, Естерек сияқты тарихи тұлғаларға қатысты жайлар сөз болады. Қырым ханы мен ноғай ұлысы арасындағы соғыстар, елшiлiктер, қарым-қатынастар жөнiнде де құнды мағлұматтар кездеседi. Осындағы көне хаттардың тарихи да, мәдени де мәнi мол. Олар өз тарапынан ХҮII ғасырдағы ноғай ордасы, орыс патшасы, қырым хандығы арасындағы жаугершiлiк заманның шындығын толығырақ, тереңiрек танытуға көмектеседi. Сондай-ақ мақаладағы жүйелi талдаулардан тарихта болып өткен iрi оқиғалардың, танымал адамдардың нағыз келбетi мейлiнше айқын көрiнедi. Мәселен, осындағы орыс тарихында Петр Урусов деген атпен мәшhүр болған Орақ батырдың шығу тегi, тарихи-қоғамдық қызметi, оның теңдессiз ерлiгi, ел намысы үшiн ақырына дейiн алыса бiлетiндiгi жайында жазылған ой-тұжырымдардың мән-маңызы ерекше. Әрине, Орақ батырдың талайсыз тағдыры туралы айтқанда дүрбелең кезеңнiң шындығын айналып өту мүмкiн емес.
Қазақ хандығының құрылуы тұсындағы тарихи оқиғалардың ауыз әдебиетiндегi көрiнiсi
Реферат: Қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалардың көпшiлiгi әдебиеттен тиiстi дәрежеде орын алып отырған. Сол себептi қазақ халқының, соның iшiнде Қазақ хандығы тарихын зерттеушiлердiң бәрi де қазақ әдебиетiнiң мұраларына үңiлмей кете алмайды. Қазақ халқы - өзiнiң тарихын әдебиетi арқылы баяндаған халық. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетi мән-мазмұны жағынан бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты. Халық тарихының мол мұрасы оның фольклорында сақталады. Қазақ халқының ауызекi шығармашылығы әсiресе, ХIII-ХVIII ғасырларда күштi дамыды. Қыпшақтар мен басқа да түрiк тайпаларының өркен жайған ауызша поэзиясы болды. Көркем сөздiң нағыз шеберi болған Сыпыра жырау мен Қодан тайшы, Асанқайғы мен Қазтуған ХIV-ХVI ғғ. жыраулардың шығармашылығы кеңiнен танылып, олар шығарған тарихи шындықты бейнелейтiн батырлар жыры халық зердесiнде сақталды. Бұл тарихи кезең Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарының кезеңiне жататындықтан аталған жырларда сол дәуiрдiң қоғамдық өмiрiн бейнелейтiн мәлiметтер кездеседi. Шоқан Уәлиханов Көшпелiлер философы атаған Асанқайғы Хасан Сәбитұлы ХV ғ. ортасында Керей мен Жәнiбек сұлтандар басқарған қазақ руларының Әбiлқайыр ұлысынан бөлiнiп шығып, Қазақ хандығын құруды жақтап қана қоймай, ол бiраз уақыт олардың ақылшысы болды, халықты бiрлiкке,билеушiлердi әдiлдiкке шақырып, толғаулар шығарды. Ол өз өлең, толғауларында мемлекеттi нығайту, елдiң қорғаныс қабiлетiн арттыру қажетiн насихаттайды.
Ханские ярлыки в контексте изучения административно-политического устройства средневековых государств
Реферат: В статье рассматриваются вопросы изучения ханских ярлыков в качестве источников, содержащих важнейшие сведения по политическому, социально-экономическому развитию средневековых государств. В делопроизводственной практике средневековых ханств ярлыки были основным видом официальных актовых источников. Таким образом, на основании анализа адресата ярлыков можно выявить полный перечень административных чинов средневековых государств, сделать обобщающие выводы о политическом устройстве послезолотоордынских ханств, осветить эволюцию делопроизводственной документации. Вместе с тем они являются основным источником при разработке политических, экономико-правовых и аграрных отношений кочевого общества. Ярлыки помогут осветить многие явления, характерные для средневекового общества, исследовать эволюцию различных феодальных институтов, начиная с момента их возникновения вплоть до исчезновения. Они содержат богатый материал по изучению закономерностей социально-политических процессов ряда средневековых государств Средней Азии, в том числе и Казахского ханства.
Реферат: Мақалада Оғыз мемлекетiнiң құрылу тарихы баяндалады. Онда араб және Махмуд Қашқаридың деректерiне сүйене отырып, оғыздардың тайпалық құрамы, қоныстанған аумағы, мемлекеттiк құрылымы және Янгикент немесе жаңа Гузия деп аталатын қаласын, оның орналасқан аумағы жайлы, Оғыз мемлекетiнiң өзiнiң саяси және әлеуметтiк табиғаты жағынан ерте феодалдық мемлекет болғандығы және Оғыздарда Х ғасырдың өзiнде-ақ алым-салық жүйесi қалыптасқандығы баяндалады. Сонымен қатар, оғыздардың көршi орыс княздарымен, Едiл болғарларымен қарым-қатынасына талдау жасалынды. Оғыздардың шаруашылығы, олардың наным-сенiмдерi жайлы да айтылады. Мақаланың соңғы бөлiгiнде ХI ғасырдан бастап оғыздардың құлдырай бастауы, соңында Қыпшақ тайпасының соққысына шыдамай құлағандығы, олардың бiраз бөлiгiнiң Шығыс Еуропаға, Кiшi Азияға, бiразы Қарахан әулетiне, қалғаны Қыпшақтардың құрамына енiп кеткендiгi жайлы жан-жақтылы баяндалып жазылған.
Деятельность Главного управления землеустройства и земледелия по формированию переселенческого земельного фонда в Семиречье в начале ХХ века
Автор(ы): Мийманбаева Ф. Н.*Танзенов Д. Ж.*
Объем документа: С. 126-133
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: переселенческое управление*статистическая работа*главное управление землеустройства*
Реферат: В статье рассматривается деятельность Главного управления землеустройства и земледелия, созданного на основании именного указа императора, данного Сенату6 мая 1905 г. в результате преобразования Министерства земледелия и государственных имуществ, куда впоследствии из Министерства внутренних дел в Главное управление землеустройства и земледелия были переданы Переселенческое управление и Управление земледелия и землеустройства инородцев. Приоритетными направлениями в работе управления стало переселение, землеустройство целых сельских обществ и подготовка специалистов для землеустроительной деятельности, развитие сельскохозяйственных кредитов и ссуд. Причем субсидии направлялись не только на сельскохозяйственные нужды, но и на укрепление инфраструктуры деревни, особенно в переселенческих районах. При ГУЗиЗ был образован Комитет по землеустроительным делам как основная структурная часть Главного управления землеустройства и земледелия. Комитету предоставлялось право открывать губернские и уездные землеустроительные комиссии, осуществлять руководство их деятельностью, принимать решения о выдаче ссуд и пособий на землеустройство и мелиорацию, определять условия продажи и сдачи в аренду казенных земель.
Қазақстанда уақытша үкiметтiң жүргiзген жер саясаты
Реферат: Мақалада Қазақстанда Уақытша үкiметтiң жүргiзен жер саясаты мәселесi қарастырылған. Уақытша үкiметтiң жер саясаты қазақ даласындағы ұлт-азаттық жолындағы күрес кезеңдерiмен тығыз байланысты болды. Жетiсудағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерiлiстердiң кейбiр себептерi де осы жер мәселесiмен байланысты болған. Уақытша үкiметтiң жер саясатына зер салуды ұлт зиялыларының өздерi бастап берген-дi. Бұл ретте Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың мақалаларын атауға болады. Бұл мақалаларда жер саясаты мәселесiнiң қазақ елi үшiн қоғамдық маңызы ғылыми тұрғыда өз дәрежесiнде көтерiлiп, терең түсiндiрiлген едi. Мақалада тарихи деректер мен құжаттарға сүйене отырып Уақытша үкiметтiң Қазақстан территориясында жүргiзген жер саясаты жан-жақты сипатталып, талдау жасалған. Сонымен қатар мақалада Уақытша үкiметтiң переселен мекемелерi жүйесiне қатысты iс-әрекеттерi қарастырылған.
Қазақстандағы уақытша үкiметтiң билiк орындарының қоғамдық ұйымдармен байланысы
Реферат: Мақалада Қазақстандағы Уақытша үкiметтiң билiк орындарының қоғамдық ұйымдармен байланысы мәселесi қарастырылған. Бүгiнгi таңда Уақытша үкiмет билiк орындарының қоғамдық-саяси ұйымдармен қатынасын, ол қатынастың қалыптасу және өзгеру динамикасын талдап көрсету - тарих ғылымының бiрден-бiр мiндетi. Ресей империясының құрамындағы барлық отар елдер сияқты қазақ халқы да Уақытша үкiметке барынша қолдау көрсетедi. Қазақ оқығандарының өкiмет билiгiне қол жеткiзуi, ұлттық қоғамдық-саяси ұйым - қазақ комитеттерiнiң өмiрге келуi, тұңғыш ұлттық саяси партияның құрылуы және оның автономия үшiн күресi, зиялылардың земстволық басқару жүйесiн орнатуға атсалысуы. Құрылтай жиналысы сайлауына қатысуы сияқты саяси оқиғалар ағымы Уақытша үкiмет тұсында жүзеге асады.Мақалада зерттеу еңбектерiне негiзделе отырып, Қазақстанда Уақытша үкiмет өзiнiң саясатын жүзеге асыруда сүйенген қазақ комитеттерi, мұсылмандар комитетi және тағы басқа қоғамдық негiздегi ұйымдардың қызметi сипатталады. Сонымен қатар, мақалада 1917 жылы Ақпан төңкерiсiнен кейiн түрлi ұлттық, қоғамдық негiзде құрылған ұйымдар мен өкiмет органдарының қарым-қатынасы қарастырылады.
Советский Казахстан: к проблеме этнических конфликтов
Автор(ы): Дадабаева Г. Р.*Шарипова Д. К.*
Объем документа: С. 146-152
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: экономический национализм*этнический конфликт*нефтегазовая отрасль*сырьевой характер промышленности*
Реферат: 1989 год был поворотным в новейшей истории Казахстана. Одними из событий, которые до сих пор не получили должного освещения в академической литературе, стали этнические столкновения в Новом Узене, Мангышлакской области, которые произошли в июне 1989 года. Это событие имело большой резонанс, так как было инициировано снизу, что было необычно для тоталитарной политической системы Советского Союза. В отличие от других исследователей, которые характеризуют эти столкновения как межэтнический конфликт, вспыхнувший вследствие взаимной вражды и ненависти, авторы предлагают квалифицировать этот конфликт с точки зрения экономического национализма Helleiner and Pickel 2005; Tsygankov 2005; Schulman 2000. События в Новом Узене стали первым сигналом к разделению интересов национальной экономической системы и общесоюзной, наряду с необходимостью контролировать местную промышленность, что может рассматриваться как первые проявления экономического национализма.