Реферат: Последний этап российской политики в Афганистане связан с вмешательством США в афганский конфликт. Поддержка международной военной интервенции под американским командованием позволила России избежать угрозы создания религиозными экстремистами форпостов на границе со среднеазиатскими республиками. В те же годы Москве пришлось с нуля воссоздавать дружественные отношения с официальным Кабулом и механизмы влияния на афганскую внешнюю политику. В наступившем десятилетии перед Россией встают уже новые, более сложные задачи на афганском направлении. Российско-афганские отношения имеют давнюю историю. В XX в. Советскому Союзу удалось стать одним из приоритетных иностранных партнеров Афганистана. Однако в 1990-е годы российские позиции на этом направлении значительно ослабли. Падение социалистического режима Наджибуллы после взятия Кабула отрядами моджахедов стало одновременно причиной и следствием трансформации политики России в отношении Афганистана. Само падение Кабула было во многом предопределено отказом руководства постсоветской России от поддержки афганских коммунистов, прекращением поставок продовольствия и топлива, политической переориентацией на вооруженную оппозицию.
Құжат құндылығын сараптау: қалыптасу кезеңдерi және негiзгi қағидалары
Реферат: Құжат құндылығын сараптаудың негiзгi мақсаты - маңызды құжаттарды тұрақты және уақытша сақталуынжәне құндылығы аз құжаттарды жою болып табылады. Құжат кұндылығын сараптау барысында құнды құжаттарды тұрақты сақтауға iрiктеу және мұрағатты уақытша, оперативтi және анықтама түрiндегi құжаттар ағымынынан қорғау. Құжат құндылығын сараптау iс жүргiзуде құжат айналымынан шыққан, сақталуға жiберiлген құжаттарға жүргiзiлдi. Құндылықты сараптаудың нәтижесiнде құжаттарды реттеу және жинақтауға қол жеткiзу болып табылады. Құжаттарды реттеудегi және сақтаудағы негiзгi мақсат оларды пайдалануға оңтайлы жағдай жасау және ұлттық мұрағат қорын ғылыми, тарихи маңызы бар құжаттарға толықтыруға негiзделiп келедi. Құжат құндылығын сараптау үш кезеңнен тұрады және белгiлi принциптер мен критерилерге сай жүргiзiледi.
Бөкей Ордасының Қазақ жерiнде алғашқы мұрағаттың қалыптасуындағы маңызы
Автор(ы): Жолдасов А.*
Объем документа: С. 320-325
МРНТИ: 13.71.15*
Ключевые слова: Букеевская Орда*архивное дело*
Реферат: XVIII - XIX ғғ. - қазақ тарихында, мәдениеттiң дамуында ерекше iз қалдырған кезең болып табылады. Патшалық Ресейдiң жақсы тұстарын өзiне меңгерiп, тұңғыш қазақ зиялыларыда қалыптаса бастады. Осындай iстердiң бiршамасы Бөкей Ордасында орын алды. Қазақстан тарихында алғашқы деп атауға болатын оннан аса бастаманың осы жерде пайда болғанын бiлемiз. Солардың қатарына Бөкей Ордасы мұрағатын жатқызуға болады. Осы iстерге негiз болған Ұлт зиялылары қатарына Бөкей мен Жәңгiр хандарды жатқызамыз. Олардың тарихтағы тұлғалық, әрi мәмiлегер, көреген, парасатты басшылар болғанын айта кеткен жөн.
Ресми әкiмшiлiк құжаттардың құжаттық мәтiнi терминдерiнiң қалыптасуы тарихынан
Реферат: Мақалада ресми әкiмшiлiк құжаттар аясында қолданыс тапқан құжат мәтiнiне қатысты терминдердiң қалыптасу тарихы қарастырылады. Басқару құжаттамасына қатысты терминологиялық атаулардың саяси, әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық, сонымен қатар тарихи оқиғаларға байланысты өзгерiстерге ұшырауының нәтижелерi сипатталады. Осы салада еңбек еткен, ресми әкiмшiлiк құжаттардың терминологиялық аппаратының дамуына өз үлесiн қосқан Кеңестiк зерттеушiлердiң жұмыстары талданады. Ресми әкiмшiлiк құжаттармен жұмыс жүргiзу барысында қолданылатын, қазiргi заманға дейiн жеткен терминдер жүйесiнiң қалыптасуы бiрнеше даму кезеңдерi негiзiнде сипатталады. Құжат ұғымының қалыптасу тарихы қарастырылып, құжат мәтiнi терминдерiнiң арнайы оқулықтар мен терминологиялық сөздiктерде, анықтамалықтарда, нормативтiк-құқықтық актiлерде, стандарттарда бекiтiлуiнiң маңызы анықталады. Басқару құжаттамасы терминдерiн стандарттау және бiрегейлендiруге қатысты жұмыстар талданады.
Жеке құрам құжаттарымен жұмыс: жасалуы мен әдiстемесi
Автор(ы): Бердуаш Б. Б.*
Объем документа: С. 332-335
МРНТИ: 13.71.09*
Ключевые слова: отдельный структурный документ*звуковая запись*исторический источник*
Реферат: Мақалада құжат айналымының жасалған сәтiнен бастап толық жүзеге асқанға дейiнгi қозғалысы баяндалады. Құжат айналымы мәселесiне анықтама берiлiп, кәсiпорындардағы құжаттардың қозғалысы қарастырылады. Құжаттың жасалуынан бастап қызметiнiң аяқталуына дейiнгi кезең талданады. Автор оларды талдау барысында құжат айналымы көлемiн тұрақты есептеу нәтижелерiне сүйенедi. Мақалада мұрағаттың тарихи жолдары терең қарастырылып, автордың жаңа мекемелердегi ерекше сақталатын құжттарға қызығушылығының жоғарылығы байқалады. Автор iс-қағаздар мәселесiнiң және елiмiздегi мұрағат қызметiнiң даулы тұстарына талдау жасайды. Автор ҚР көптеген мұрағаттарының маңыздылығының ұлғаю үдерiсiн анық көрсете бiлген. Мақалада автор тарихи әдебиеттерге сүйенедi. Өз жұмысының соңында автор өзiндiк пiкiрiн бередi.
Ежелгi үйсiндер тарихына қатысты зерттеулердiң кейбiр мәселелерi
Реферат: Бұл мақалада, негiзiнен, үйсiн мемлекетi мен үйсiндер туралы жазба деректердiң кейбiр мәселелерiнiң зерттелуi туралы айтылады. Жалпы, қазақ халқының қалыптасу тарихын ғылыми тұрғыдан жаңаша жазу - қазiргi кезең мен болашақтың iсi. Халқымыздың өсiп-өнген тарихи кезеңдерiн, оның көне замандағы тарихын бiлу үшiн көп жағдайда археологиялық зерттеулер мен ол тұстағы көне деректер тобына сүйену қажеттiлiгi туындайды. Бұл мәлiметтер тобы ежелгi Қазақстан территориясында орналасып, кейiннен қазақ руларының құрамында кездесетiн тайпалар туралы мағлұматтар берумен ерекшеленедi. Мiне, сондай тайпалардың бiрi ретiнде үйсiн руын алуымызға болады. Үйсiндердiң тарихын зерттеуде көбiнесе қытай деректерiне сүйенемiз. Сонымен қатар, ресейлiк ғалымдар да көптеген зерттеулер жүргiзген. Олардың көбiсi үйсiндердiң шығу тегi, орналасуы, тұрмыс-тiршiлiгi туралы баяндайды.
Сарматтардың садақ ату өнерi: археологиялық деректер бойынша
Реферат: Ұсынып отырған мақала ерте темiр дәуiрiнде евразия кеңiстiгiнде мекендеген көшпелi тайпалардың жауынгерлiк өнерiндегi ерекше қару түрi садақ пен жебенiң маңызы туралы болмақ. Әсiресе сармат тайпалық бiрлестiгiнде садақ, қылыштан кейiнгi екiншi қару түрiне жатты. Садақты - соғыста, аңшылықта, дiни-ғұрыптық рәсiмдерде т.б маңызды сәттерде қолднылды. Сарматтарда садақ өнерiнiң жетiк меңгерiлуi археологиялық зерттеулер арқылы бiлдiк. Осы орайда Алтайдан, Орал, Едiл, Қаратеңiзге дейiн қазылған археологиялық қазба жұмыстары барысында сарматтардың алғашында скиф типтi садақ қолданып, кейiнгi сармат кезеңiнен бастап, ұлы қоныс аударудан кейiн ғұн типтес садақтарды қолданғанын байқадық. Қазақстандық және шетел археологтарының құнды мәлiметтерiн салыстыра отырып жазылған бұл ғылыми жұмыс, тек садақ өнерi туралы айтылып қоймай, соғыс өнерiнiң басқа қырларын ашады. Сарматтардағы жауынгерлiк рух көшпендiлiк өмiрмен бiте қайнасып жатты. Еркiн, әрi дала өмiрiн жақсы бiлген жеңiл қаруланған атты садақшылардың алдынан ешкiм көлденең тұра алмады. Сарматтарға Орта Азия мен Шығыс еуропада қарсылас табылмады.
Елбасы еңбектерiндегi ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты тұжырымдарға талдау
Реферат: Автор бұл мақаласында Қазақстан Республикасының Президентi Н. Назарбаевтың 1999 жылы жарық көрген Тарих толқынында атты еңбегiндегi ортағасырлық Қазақстан тарихының өзектi мәселелерi жөнiнде айтқан пiкiрлерi мен жасаған тұжырымдарына кең түрде ғылыми талдаулар жасайды. Елбасы еңбегiндегi: Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихы үшiн белестi кезең болды, Қазақ хандығының құрылуының саяси және қоғамдық мән-маңызына оның Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр - деген тұжырымдарды талдай келе, автор олардың ғылыми жақтарына ерекше назар аударады да, бұл тұжырымдарды тарихи деректер мен тарихнамалық зерттеулер материалдарына сүйенiп тереңiрек түсiндiредi. Сондай-ақ, автор Елбасының қазақ этногенезi, қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этникалық үрдiстер кезеңдер мәселелерi бойынша айтқан, сондай-ақ қазақ, өзбек этнонимдерi туралы жасаған тұжырымдарына да тоқталады. Аталған атаулардың түп-төркiнi, мәнi мен мазмұны жөнiнде терең қарастыра келе, автор ол тұжырымдардың ғылыми сипатының құнды екендiгiне назар аударады. Жалпы қорыта келе, автор Елбасы еңбегiндегi ортағасырлық Қазақстан тарихына қатысты тұжырымдардың зерттеушiлер үшiн теориялық негiздер бола алады деп санайды.
I. Есенберлиннiң Алмас қылыш тарихи романының деректiк негiздерi
Автор(ы): Арыстанбекова Қ. Д.*Сағынаева А. Н.*Қошымова А. О.*
Реферат: Мақала алғашқылардың бiрi болып тарихи тақырыпқа өз әдеби туындысын арнаған жазушылардың бiрi, бүгiнгi күнi 100 жылдық мерейтойы тойланып отырған ұлы жазушылардың бiрi I. Есенберлиннiң Көшпендiлер трилогиясының Алмас қылыш романына арналады. Мақала авторлары жазушының бiрегей туындысы Алмас қылыш романында тарихи деректердiң шебер пайдаланылғандығына көңiл бөле отырып, еңбектiң сол кездегi қазақ тарихының ашық айтылуына мүмкiндiк берiлмеген тақырыптарға қалам тербеп, шектеулерге қарамастан әдеби тiлмен қабыстыра жеткiзе бiлгендiгiмен маңызды болып есептелiнедi деп қорытындылайды. Бүгiнгi таңға дейiн өз оқырмандарын тауып, олардың ыстық ықыласына бөленiп отырған бұл еңбектiң маңыздылығы ерекше. Себебi, ең бiрiншiден, шығарма авторының тарихтың кей тұстарын айтуға тыйым салынған қиын замандардың тұсында хандық тақырыбына барып, әдеби-көркем шығарма арқылы тарихтың мiндетiн атқаруға атсалысуы ерлiкпен пара-пар едi. Сондай-ақ, қазақтың төл дерегi саналатын ауыз әдебиетiмен қатар жазба дерек мәлiметтерiн де өз шығармасына арқау еткендiгiмен ерекшеленедi.
Түркi халықтарының ежелгi және ортағасырлық тарихының батыстық тарихнамасы
Реферат: Аттила, Шыңғыс хан, Әмiр Темiр секiлдi ұлы варварлар тарихы әрдайым тарихшыларды қызықтырған. Бұған ғұндар туралы, Батыс пен Шығыс жылнамашылары жазған аңыздары ықпал еттi. Аталмыш мақалада ағылшын тiлiнде жарыққа шыққан бiрқатар жалпылама еңбектер мен монографияларға қысқаша шолу жасалған. Соның iшiнде батыс тарихнамасында түркi халықтарының ежелгi және орта ғасыр тарихына үлкен өзгерiстер жасаған тарихи зерттеулер таңдап алынды. Қарастырылған барлық жұмыстар батыс тарихнамасындағы Орталық Азия тарихына орасан зор үлес қосқан. Сонымен қатар, осы еңбектер батыс тарихнамасының тұғыры iспеттi. Бұл монографиялар библиографияға, иллюстрацияға, карталарға бай. Аталмыш жалпы шолу бұл зерттеулердiң сан қырлы әрi жан-жақты екенiн көрсетедi. Олардың басты ұтымды тұсы да осы. Олардың басты құндылығы - түркi мен моңғол халықтарының ерекшелiктерiн, сабақтастық қағидасын және жалпылық мәселелерiн негiзге алуы. Сондықтан, батыс ғалымдары кең ауқымды және әралуан деректерге сүйене отырып, жоғары шеберлiкпен ежелгi мен ортағасырлық түркi халықтарын зерттеуге үлкен үлес қосты.