Ключевые слова: общественный строй*казахстанская историография*
Реферат: Бұл мақалада қазақ халқының дәстүрлi қоғамын зерттеген ғалым Ермұхан Бекмахановтың өмiрi мен қызметi, қиын тағдыры мен шығармашылығы жан-жақты қарастырылып, еңбектерiне жекелеген талдаулар жасалынады әрi еңбектерiнiң мазмұны да қысқаша қарастырылады. Ғылымға қосқан қомақты үлесi арқылы ғалым, педагогикалық қызметi үшiн ұстаз, қоғамдық қызметi үшiн қазақ тарихының, оның iшiнде қазақтардың қоғамдық құрылымының ерекшелiктерi, Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық күресiнiң негiзгi мәселелерi талқыланады. Е. Б. Бекмаханов - Қазақстан тарихнамасында маңызды орынды иеленген ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, республикамыздағы алғаш рет Қазақстан тарихы кафедрасының негiзiн қалаушыларының бiрi, профессор, ҚазКСР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесi болған. Өзiнiң қысқа ғана өмiрiнде 1915-1966 жж. талантының, таусылмайтын энергиясы мен туған елiнiң тарихына деген махаббатының арқасында, ол ғылымға қомақты үлес қосты және оның аты халық жадында мәңгiге сақталатыны хақ.
XVIII ғасырдың I ширегiндегi Қазақ-Бұхар қарым-қатынастары
Реферат: Автор бұл мақалада XVIII ғасырдың алғашқы ширегiндегi Қазақ-Бұхар қарым-қатынастарын, екi ел тарихына ортақ жоңғар шапқыншылығының әсерiн қарастырады. XVIII ғасырдың I жартысы қазақтардың көршi мемлекеттермен қарым-қатынас тарихындағы шиеленiске толы кезең болып табылады. Солардың iшiнде қазақтардың Орта Азия мемлекеттерiмен, соның iшiнде Бұхар хандығымен байланысын зерттеу қазақтардың жоңғар шапқыншылығы кезеңiндегi жағдайынтүсiнуге мүмкiндiк бередi. Бұл кезеңде Бұхара хандығының саяси жағдайы өте нашар болды. Убайдаллах хан 1702-1711 тұсында Бұқар хандығы Балхтағы билiгiнен, сонымен қатар Термез, Хисар-и Шадман және Шахрисаб-зом территорияларындағы билiгiнен айырылған.
Некоторые аспекты идиллии в структуре утопии в живописи Абылхана Кастеева
Реферат: В данной статье делается акцент на понимание в живописи казахстанских художников советского периода на основе философских положений об идеализированном государстве, оптимистической картине мира. Живопись рассматривается как отражение образа мира и аспектов человеческой деятельности, как идиллическая заданная модель творчества художника. В работах Абылхана Кастеева проявляются основы идиллии, а именно идеал жизни на лоне природы, формируется поэтика пейзажа, которая связана с представлением о родине. Работы этого периода имеют: эмоциональную наполняемость, оптимистичный, воодушевляющий характер. Интонации несут положительную энергетику.
Ақын-жазушылар мен журналистердiң ҚР ОММ-дағы жеке қор құжаттары туралы
Реферат: Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатында әдебиет, өнер, мәдениет, ғылым, саясат және ауыл шарушылығының барлық салалырында ерекше еңбегiмен танылған, мемлекеттiк марапаттарға ие болған дара тұлғалар мен қоғам қайреткерлерiнiң жеке қорлары жинақталып, тұрақты сақталуда. Олар - елiмiздiң қалыптасу, даму, өркендеу кезеңдерiнен, шаруашылығы, ғылымы, әдебиетi мен өнерi, мәдениетi туралы мағлұмат беретiн жеке тектiк құжаттар - халықтың баға жетпес рухани қазынасы. Мақалада Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатында сақтауда жеке тектiк құжаттардың маңызы және олардың құрамы туралы айтылған. Соның iшiнде ақын-жазушылар мен журналистердiң жеке қор құжаттарын жүйелеу, ғылыми тұрғыда сипаттаудағы ерекшелiктерi мен қолданылатын негiзгi және басты қағидалары мен критерийлерiне көңiл аударылып, жеке тұлғалардың қор құжаттарынан мысалдар келтiрiлген. Қор құжаттарының түрлерi және оларды сақтаудың жолдары мен әдiс-тәсiлдерi қарастырылған.
Әзiрет Сұлтан мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық музейiнiң тақырыптық-экспозициялық ерекешелiгi
Реферат: Мақала елiмiздегi 2000 жылдық тaрихы бaр, қaсиеттi Түркiстaн қaлaсындa орнaлaсқaн Әзiрет Сұлтан мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық музейiнiң тақырыптық-экспозициялық ерекшелiгiне арналған. Әзiрет Сұлтан мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық музейi елiмiздегi ерекше рухани маңыздылығы бар мекеме. Музейде қазақ халқының тарихы мен рухани мұрасын насихаттайтын тақырыптық-экспозиция ұтымды жасалған. Қорық музей жалпы тарихи бағыттағы музей болуымен қатар, ол құндылығы жағынан ұлттық және мемлекеттiк сипатқа ие болып отыр. Бүгiнгi таңдағы қорық-мұражайдың ғылыми зерттеу және әлеуметтiк қызметтерi қазiргi заманғы талаптарға сай қалыптасқан. Сол сияқты тақырыптық-экспозициялық мазмұны да мұражайлық дизайн жетiстiктерiмен шешiм тапқан. Қазiргi уақытта қорық музей ғылыми және мәдени-танымдық iс-шараларды ұтымды ұйымдастыруы арқылы жоғары дәрежеде бағаланып отыр.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейiндегi зергерлiк бұйымдар
Реферат: Мақала Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейiндегi зергерлiк бұйымдар тақырыбында жазылған. Мақалада Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейiнде жинақталған этнографиялық коллекциялардың бiр саласы болып табылатын зергерлiк бұйымдар туралы көптеген мәлiметтер келтiрiлген. Музейдегi зергерлiк бұйымдар ХIХ - ХХ ғасырлар аралығындағы қазақ халқы өмiрi мен тұрмыс тiршiлiгiнен сыр шертетiн деректер болып табылатындығы жөнiнде баяндалған. Зергерлiк коллекциялардың жинақталуы, кiмнен алынғаны және оның қолданысы мен мәнi жөнiнде айтылады. Мақалада музей витринасынан орын алған зергерлiк бұйымдардың түрлерi мен типтерi, сонымен бiрге зергерлерге қажеттi құрал-саймандар туралы деректер келтiрiлген. Сонымен қатар, музейдегi зергерлiк бұйымдармен бiрге осы өңiрден шыққан айтулы зергерлер - Сартай, Сегiзбек, Iзқара, Есет, Көбей жөнiнде, олардың зергерлiк бұйымдарды жасау техникасы мен шеберлiгi туралы мақалада жан-жақты дәлелденген деректер келтiрiлген.
Реферат: Бұл мақала Самарқандтың тарихи-мәдени ескерткiштерiн зерттеп, олардың мәдениет сахнасындағы алатын орнын анықтауға және сол ескерткiштердiң халықаралық туризмнiң бiр нысаны ретiнде қарастыруға арналады. Осы мақсатта Өзбекстан Республикасындағы тарихи - мәдени, архитектуралық ескерткiштер мен тарихи қалалар бiр-бiрiнен бөлiп қарастырылды. Өзбекстанда қала салу өнерi көне заманнан басталып, орта ғасырларда өркендей түстi. Самарқанд қаласының сәулеттiк өнер элементтерi сол кезеңнiң классикалық үлгiсiне жатады. Жергiлiктi қала салу мәдениетiнде, негiзiнен, өрнек пен эпиграфикаәдiсi қалыптасып, портал-күмбездi композиция пайда болды. Мақалада Самарқандтың архитектуралық ескерткiштерiнiң ерекшелiктерiн көрсететiн мәлiметтер жинақталған.
Қазақ әйелдерiнiң қолөнерiндегi жүннен жасалатын бұйымдарының өзектi мәселелерi
Реферат: Мақалада қазақ әйелдерiнiң қолөнерiндегi жүннен жасалатын бұйымдар сырмақ, текемет, аяққап, киiз басу тағы басқа түрлерiнiң тарихы мен бүгiнгi күнi енген өзгерiстерi, қоғамдағы әлеуметтiк даму және дүниетанымдық көзқарастарға тигiзген әсерi туралы қарастырылған. Мақалада қазақ әйелдерiнiң қолөнерiне қоршаған табиғи ортаның әсерi, өзге халықтармен араласуының нәтижесiндегi өзгерiстер зерделенiп, қолөнер түрлерiне байланысты архив материалдары мен дәстүрге айналған ресейлiк, отандық зерттеушiлердiң еңбектерi мен ой-пiкiрлерiн пайдалана отырып жазған. Мақала барысында жасалған ойлар түйiнделiп, соңында автор тарапынан ғылыми тұжырымдар жасалады. Қaзipгi қoғaмдa қaлыптacқaн oй, көзқapac, зepттeyлep нeгiзiндe қaзaқ xaлқының қoлөнepiнiң әдicтepi, өнep caлacындaғы ғылыми пpинциптep кeңiнeн қoлдaнылған. Мақалада автор дерек материалдарына талдау жасай келе, қазақ әйелдер қолөнерiнiң тарихына қатысты ойларын бiлдiредi.
Реферат: ХХI ғасыр қоғамның толықтай ақпараттық жүйеге көшу кезеңi. Бұл мақалада ақпараттық қоғам дамуындағы өзектi мәселелердiң бiрi болып саналатын мұрағат iсiн басқару, ұйымдастыру және қолайлы пайдаланудың әдiс-тәсiлдерi, принциптерi жан-жақты қаралады. Мақалада мұрағат iсiндегi басқару процесiнде мекеме басшысының мұрағат персоналы еңбегiн, оның сыртқы ортамен қарым-қатынасын бұл мақсаттарға ұйымдастыру-жарлықтық, әлеуметтiк психологиялық және экономикалық әдiстердi пайдалана отырып реттейтiндiгi баяндалған. Қазiргi мұрағатты басқарудың теориясы мен практикасының негiзiн менеджмент концепциясы құрайтындығына баса көңiл бөлiнген. Қоғамның даму сатысын жоғары дәрежеде кеңейту үшiн мәдени қазынамыз сақталған мұрағат жүйесiнiң құрылымын дұрыс басқаруды қажет етедi. Ғылым дамуында жаңадан енген менеджер ұғымының мұрағат iсiндегi орны мен атқаратын қызметi жайында ақпараттар ұсынылады.
Мекемелердегi электронды құжаттарды сақтау мәселесi
Реферат: Қазақстанда электронды құжат айналымының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, қазiргi таңда бұл құжат айналымы кең тыныс алуда екенi анық. Электронды құжат айналымы көптеген жұмысты жеңiлдетiп, күрделi мәселелердi шешуге көмектеседi. Сондықтан электронды құжаттарды сақтау мәселесi де өзектi болып отыр. Берiлген мақаланы жазу мақсаты да бүгiнде электронды құжаттарды сақтау мәселесiне арналып отыр. Әр мәселенiң тиiмдi әрi пайдасыз жағы болатыны аян. Электронды құжат айналымының да өзiне тән артықшылықтары мен кемшiлiктерi бар. Мысалы, құжат айналымының жеделдеуi, электронды құжаттарды қалыптасыру мен түзетудi тез арада жасау мүмкiндiгi электронды құжаттардың артықшылығы болып табылады. Қазiргi заманда дәстүрлi құжаттарды электронды құжаттардың қарқынды түрде ығыстыруына байланысты, мұрағатшылар алдына бiршама өзектi мәселелердi қойыпотыр. Олардың қатарында техникалық жабдықтардың жылдам ескiруi, электронды құжаттарды сақтау қиыншылығымен қатар оларды жою мәселелерiнде де туындап отырғаны белгiлi. Аталған мәселелердi шолу, әрқайсысын сиппаттау және тиiмдiлiгiн атап көрсету жолдары осы мақалада қарастырылмақ.