Реферат: Мақалада Қазақстанның егемендiк алған кезден бастап бүгiнгi күнге дейiнгi дәстүрлi емес дiни ұйымдардың таралуы әлеуметтiк-психологиялық тұрғыда талданады және ерекшелiктерi зерделенедi. Аталған мәселенiң өзектiлiгi, ең алдымен, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғам тұтастығын сақтау, жастардың сыни ойын, жастар ортасында дiни толеранттылық сананы қалыптастыру мақсатында дәстүрлi емес дiни ұйымдардың идеологиясы мен қоғамға әсер ету тетiктерiн зерттеудiң объективтi қажеттiлiгiнен туындайды. Бүгiнгi күнi дәстүрлi емес дiни ұйым өкiлдерi кез келген адамға оның еркiнен тыс әрекет жасатып, қолшоқпарға айналдыруға болады. Дiни жаңа ұйымдар тоталитарлық, деструктивтi культ немесе секта бола отырып, жеке тұлғаға және қоғамға, ұлттық қауiпсiздiкке, оның әртүрлi салаларына қауiп-қатер төндiредi деген тұжырым берiледi.
Вопросы модернизации обучения педагогических работников в Казахстане
Реферат: В статье авторы попытались рассмотреть позицию видного государственного и общественного деятеля, великого учителя казахского народа Ахмета Байтурсынова о роли педагогов в решении проблем обучения и воспитания казахского населения в начале ХХ века и верность его суждений в настоящее время. В работе подчеркивается, что организация обучения педагогических работников - веление времени, ибо в решении вопросов модернизации образования в нашей стране значительная роль принадлежит педагогам, которым необходимы инновационные знания, умения и навыки.
Қазақстандағы қырғыз халқының этнотiлдiк ерекшелiктерi
Реферат: Қазақстан этникалық жағынан көптiлдi ел, онда тегi мен құрылымы әртүрлi топтардың тiлдерiнде сөйлейтiн халықтар тұрады. Соның бiрi - қырғыз диаспорасы. Мақалада Қазақстандағы қырғыздардың этнотiлдiк ерекшелiктерi қарастырылады. Елiмiздегi этнос өкiлдерiнiң этномәдени дамуынкөрсетуде және отбасылық қарым-қатынасындағы этнотiлдiк деңгейi зерделенедi. Аумақтық қоныстануына қарай, жалпы Қазақстан сонымен қатар Жамбыл облысы және Алматы, Астана қалаларындағы қырғыздардың ұлттық тiлi, мемлекеттiк тiл, орыс және ағылшын тiлдерiн меңгеру ерекшелiктерi жеке-жеке талданып, айқындалады. Елiмiзде әрбiр ұлт өкiлдерi өз тiлдерiн, салт-дәстүрiн сақтап қалуы үшiн барлық жағдай жасалған. Бұған дәлел ретiнде шағын этностардың ұлттық-мәдени орталықтарының ашылуы және Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуының тарихи маңыздылығы да баяндалады. Қырғыз халқының материалдық, рухани құндылығы өзiндiк ұлттық ерекшелiгiмен дара дей тұра, ол сол ұлттың тiлi арқылы жасалғандығының маңыздылығы қарастырылған. Зерттеп отырған этностың тiлдiк ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының статистикалық мәлiметтерi мен этнографиялық мәлiметтерге негiзделген.
Қазақ халқындағы дәстүрлi аңшылықтың дамуына қатысты кейбiр мәселелер
Реферат: Ауылшаруашылығы мен өндiрiстiң барынша дамыған бiздiң қазiргi кезеңiмiзде жабайы жануарлардың азық пен шикiзат көзi ретiнде маңыздылығы азайғанмен, елдiң экономикалық өмiрiнде өзiндiк орны да бар. Адамдар табиғатты қазiргiдей игермеген ерте замандарда аңшылық өмiр сүрудiң басты көзi болып табылды. Аңшылық қазақтар үшiн ертеден негiзгi қосалқы кәсiптердiң бiрi болды. Қоғамның дамуымен қатар аңшылықтың тәсiлдерi мен мақсаты да өзгерiп, аңшылық өнердiң әртүрлi түрлерi дамыды, аңшылық көңiл көтерумен қатар, шаруашылықтағы қосалқы кәсiптiң бiрiне айналды. Кәсiби аңшылық жануарлардан алынатын азық-түлiктi ет, май, жүн, терi, сүйек, мамық, қауырсын және т. б. пайдалану үшiн қолданылды. Оның мақсаты қауiптi, зиянды немесе саны шектен тыс көбейiпкеткен аңдарды жою да болып табылды. Қазақтардың кедейленген бөлiгi үшiн аңшылық негiзгi кәсiп болды. Халықтың үлкен бөлiгi аңшылықпен сирек айналысты. Ауқатты қазақтар үшiн аң аулау көңiл көтеру түрi болды.
История и материальная культура усуньских племен в работах А. Н. Бернштама
Реферат: В данной статье рассматривается вопросы истории и материальной культуры одного из значительных этнополитических объединений в Центральной Азии в древности усуней. Автор отмечает, что научные исследования проведенные А. Н. Бернштамом в Семиречье, фактически открыли новую страницу в источниковедении Центральной Азии - археологию усуней. Полученные археологические материалы имеют важное значение для харатеристики хозяйства, быта, мировоззрения, исскуства и других сфер жизни усуньского общества. Многие положения, выдвинутые А. Н. Бернштамом, сохраняют актальность до сих пор. Комплексно исследуя археологические и письменные источники, Бернштам рассмотрел развитие экономической основы, общественных отношений и социальной структуры усуньского племен. Автор этой статьи также рассматривает различные идеи, которые существуют в современной науке. Все научное мышление, сделанное Бернштамом в прошлом веке, по-прежнему актуальны и до сих пор используются и сегодня.
АҚШ-тың сыртқы саясаты және Үлкен Орталық Азия жобасының мақсаты мен мiндеттерi
Автор(ы): Мырзабеков М. С.*Мырзабекова Р. С.*
Объем документа: С. 164-172
МРНТИ: 03.09.55*
Ключевые слова: Большая Центральная Азия*экономический интерес*
Реферат: Мақалада Үлкен Орталық Азия ҮОА құру жобасы талқыланған. Авторлар Вашингтон бақылауындағы орталық-азия мемлекеттерi мен Ауғанстанды бiрiктiретiн Үлкен Орталық Азияның ынтымақтастығы мен дамуының мәнi ашып көрсетiлген. Мақалада авторлар аталған жобаның әртүрлi аспектiлерiне көңiл бөлген. Аталған жоба американдық сарапшылық қауымдастықта кеңiнен талқыланған. Бiрақ аталған тақырып өзiнiң өзектiлiгi мен маңыздылығына қарамастан, Үлкен Орталық Азияны құру идеясын даярлау iс жүзiнде зерттелмеген. Аталған мәселеге арналған американдық зерттеулер өте аз, ал, отандық зерттеушiлер бұл тақырыпты арнайы қарастырмаған. Осыған байланысты аталған мақаланың мақсаты американдық саяси және сарапшылық қауымдастықта Үлкен Орталық Азия идеясы үдерiсiн зерттеу болып табылады.
Әлем тарихындағы Халықтардың Ұлы Қоныс аудару процесiнiң маңызы мен барысы
Автор(ы): Мухажанова Т. Н.*Түктiбаева М. Е.*
Объем документа: С. 174-179
МРНТИ: 03.09.55*
Ключевые слова: Великое переселение народов*географическое положение*внутренняя и внешняя политика*
Реферат: Мақалада бiрiншiден, Халықтардың Ұлы Қоныс аудару процесiнiң әлем тарихындағы маңыздылығы; екiншiден, ғұндардың Батыс Еуропаға жылжу барысында халықтардың географиялық орналасуы өзгерiп, этникалық тарихына да өз әсерiн тигiзуi; үшiншiден, ғұн патшасы Аттиланың жүргiзген iшкi және сыртқы саясаттары, әсiресе Рим империясымен дипломатиялық қатынастары; төртiншiден, Халықтардың Ұлы Қоныс аудару процесiнiң барысында Батыс пен Шығыс әлемiнiң арасында саяси - географиялық, этнографиялық және мәдени симбиоздың болуы үлкен өзгерiстерге алып келгендiгi қарастырылды. Сонымен қатар Батыс Еуропалық хронистердiң жазба деректерi мен археологиялық мәлiметтерiне салыстырмалы түрде талдаулар жүргiзiлдi, әсiресе Приск, Иордан, Марцеллин басқа да жылнамашылардың еңбектерi басты назарға алынды. Бiр сөзбен айтқанда, Батыс ғұн империясының жалпы Еуропаны Рим үстемдiгiнен азат етушi, фармациялық кезеңдегi құлиеленушiлердiң орнына жаңа феодалдық қатынастардың қалыптасып, дамуына себепкер болғанына ғылыми iзденiстер жасалынды.
Қазiргi жапон мәдени дипломатиясының ерекшелiктерi
Реферат: Қазiргi кезеңдегi мәдени дипломатияның мақсаты - мемлекеттiң халықаралық сахнада позициясын бекiту, сонымен бiрге мемлекеттiң сыртқы саясаты мен экономикасына қатысты мәселелердiң шешiмiн табу. Жапония болса, осы мәдени дипломатия майданында көптеген нәтижелi жұмыс атқарып, лайықты табыстарына ие болып отыр. Берiлген мақалада халықаралық саясат жүйесiнде жаңа заман жаңалығы болып табылатын мәдени дипломатия, оның iшiнде Жапонияның мәдени дипломатиясы мен оның ерекшелiктерi ашылып қарастырылған. Сонымен қатар, Жапонияның мәдени дипломатиясының ерекшелiктерi қорытындылана келе, оның тиiмдi жақтары мен тәжiрибесi сараланады. Бiздiң елiмiз сияқты көптеген дамушы мемлекеттер үшiн мәдени дипломатия - сыртқы саясатта әлi жетiк игерiле қоймаған сала. Жетiстiктер ғана емес, қателесулерге де толы жапон мәдени дипломатиясының тәжiрибесi Қазақстан сияқты жас мемлекеттерге үлгi-нұсқа бола алады деп ойлаймыз.
Японская идентичность в исторической ретроспективе
Автор(ы): Ашинова Ж. Е.*
Объем документа: С. 186-190
МРНТИ: 03.81.37*
Ключевые слова: японская идентичность*историческая ретроспектива*внутренний и внешний фактор*
Реферат: Япония всегда выделялась среди других стран умением сохранить свое традиционное во всех сферах, вопреки внешним вызовам, в том числе и глобализации. Несмотря на влияние западных стран, практика показывает, насколько прочно у них в самосознании устоялось понятие о собственном Я. Понятие идентичности имеет несколько определений, но самое подходящее для данной работы - это осознание своей принадлежности к какой-либо культуре или культурной группе. Традиционная японская идентичность развивалась под влиянием внутренних и внешних факторов и прошла несколько исторических временных отрезков в своем развитии. История показывает, что японцы, по крайней мере, три раза оказывались перед необходимостью уточнять свою самоидентификацию. В данной работе анализируются исторические события, оказавшие непосредственное влияние на процесс самоидентификации, и раскрываются специфика и характер этапов развития японской идентичности.
ШЫҰ және Орталық Азия елдерiнiң энергетикалық серiктестiгi
Реферат: Мақалада Орталық Азия елдерi мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы арасындағы энергетикалық серiктестiктiң ерекшелiктерi қарастырылады. Автор Орталық Азия аймағындағы энергоресурстар мен геосаяси қауiптерге байланысты негiзгi қызығушылықтарға қысқаша талдау жасайды. Күштi спецификаға ие Орталық Азия энергетикалық потенциалына назар аударылады. ШЫҰ-ның энергетика саласындағы серiктестiгiн атай келе, автор мемлекеттер арасындағы екiжақты серiктестiк факторына назар аударады. Сондай-ақ мақалада Қытай Стратегиясының көмiр-су өнiмдерiнiң, сонымен қатар Қытай шекарасымен көршiлестiгiнiң және мұнай мен газ тасымалының оңтайлылығының есебiнен Қазақстанмен де, Ресеймен де энергетикалық серiктестiгiнiң кеңеюiне бағытталғандығы атап өтiледi. Сондай-ақ, автордың пiкiрiнше, ШЫҰ үшiн энергетика саласында келешек үшiн тиiмдi дипломатиялық контексттi қамтамасыз ететiн Энергетикалық клубтың құрылуы мәселесiне көңiл бөлiнедi.