Кеңес-фин соғысы кезiндегi КСРО мен Түркия Республикасы қатынастары
Автор(ы): Молдадосова А. К.*Зұлпыхарова Э. Ө.*
Объем документа: С. 232-237
МРНТИ: 03.09.55*
Ключевые слова: Вторая мировая война*внешняя политика*советско-финская война*
Реферат: Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарындағы өзектi мәселелердiң бiрi Түркия Республикасы мен КСРО қатынастары болып табылады. Бұл кезеңдi кеңес-түрiк қатынастарының сынға түскен кезi деуге болады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуымен нашарлай бастаған кеңес-түрiк қатынастары, кеңес-фин соғысының басталуымен одан әрi шиеленiсе түстi. Мақалада кеңес-фин соғысы кезiндегi Түркияның сыртқы саяси ұстанымы, кеңес-түрiк қатынастарына ықпал еткен факторлар, Түркияның одақтастары болып табылатын Англия мен Францияның Түркияны Кеңес Одағына қарсы бағытталған iс-әрекеттерге тартуға әркет жасауы сияқты мәселелер қарастырылған. Сонымен бiрге мақалада Түркияның, КСРО-ның Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарындағы мерзiмдi бұқаралық ақпарат құралдарының, жарияланған мұрағат құжаттарының ақпараттарын, осы саладағы соңғы зерттеулердi пайдалана отырып, кеңес-фин соғысы кезiндегi кеңес-түрiк қатынастарын талдауға әркет жасалған. Сондай-ақ Англия мен Францияның Түркияны КСРО-на қарсы соғысқа тартуға қанша әрекет жасағанымен, Түркия КСРО-на қарсы ешқандай iс-қимылға бармайтынын бiлдiрдi.
ХХ ғасырдың екiншi жартысындағы Германиядағы түрiк диаспорасы және миграциялық үрдiс
Автор(ы): Мырзабекова Р. С.*Байболатова Ә. Ж.*
Объем документа: С. 238-243
МРНТИ: 03.09.55*
Ключевые слова: миграционный процесс*политическо-экономическое состояние *рабочая сила*
Реферат: Мақалада ХХ ғасырдың екiншi жартысындағы Германиядағы түрiк диаспорасының миграциялық үрдiсi баяндалады. Зерттеудiң негiзгi нысаны - немiс қоғамындағы түрiктер, миграциялық үрдiс, сондай-ақ, Германияның саяси экономикалық жағдайы. Мақалада 1961 жылдың 30 қазанындағы Германия Федеративтi Республикасы мен Түркия арасындағы жұмысшы мигранттар жөнiндегi келiсiм-шарттың қабылдануы, Түркиядан уақытша жұмысшыларды тартудың негiзгi мақсаты, себебi, оқиға барысы және түрiк азаматтарының немiс қоғамына әлеуметтiк, мәдени, саяси-экономикалық тұрғыдан сiңiсуi көрсетiледi. Сонымен қатар, осы тақырыпты зерттеген ғалымдардың пiкiрi баяндалады.
Қырғи-қабақ соғыстан кейiнгi АҚШ және Иран қарым-қатынастары 1990-2000 жж.
Реферат: Қырғи-қабақ соғысынан кейiнгi халықаралық қатынастар жүйесiнде әлi де шешiлмеген басты мәселе қалды. Ол - ядролық қару мәселесi едi. Ядролық қаруға ие мемлекеттер немесе оны дайындаушы мемлекеттер ғаламдық көшбасшылыққа ұмтылушы АҚШ-тың негiзгi қарсыластары ретiнде қарастырылды. Осындай зұлымдық белдеуi мемлекетi қатарында американдық басшылық Иранды да қарастырды. Осы тұрғыда ұсынылған мақала тақырыбы өзектi болып табылады. Мақалада авторлар Қырғи-қабақ соғыстан кейiнгi АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясындағы Иран Ислам Республикасының рөлiн қарастырады. Зерттеудiң негiзгi өзегi - АҚШ пен Иран Ислам Республикасының 1990-2000 жж. аралығындағы саяси-экономикалық қарым-қатынасы, сондай-ақ Б. Клинтон әкiмшiлiгi кезеңiнде АҚШ-тың Таяу Шығысқа жүргiзген гегемониялық саясаты. Мақалада Қырғи-қабақ соғыстан кейiнгi АҚШ-тың Иран Ислам Республикасына қатысты қабылдаған заң жобалары және жарияланған санкцияларының түп негiзгi мақсаты көрсетiлген. Сонымен қатар екi мемлекеттiң саяси қарым-қатынасын тұрақтандыруда Иран президентi М. Хатамидiң рөлi мен Б. Клинтон әкiмшiлiгiнiң екiншi кезеңiнде жүргiзген оңшыл саясаты қарастырылған.
Ресей этнографиялық музей қорындағы Санкт-Петербург қ. қазақтың тарихи этнографиясына байланысты құндылықтар хақында
Реферат: Мақалада әйгiлi Ресей этнографиялық музей қорындағы қазақтың дәстүрлi мәдениетi, шаруашылығы hәм тұрмысына қатысты сан алуанартефактiлер коллекциясының құрамы талданады. Ұсынылып отырған жұмыстың түпкiлiктi мән-мақсаты қазақтың тарихы мен мәдениетiне байланысты кез келген ғылыми-зерттеу iс-тәжiрибесiнде этнографиялық артефакт атаулыны, соның iшiнде, әлбетте, аталмыш коллекцияны тарихи деректердiң ерекше категориясы ретiнде толықмәндi пайдалануды контекстуалдық тұрғыдан негiздеуге саяды. Мақалада тағы бiр ерекше көңiл бөлiнген аспект - аталмыш музейдегi қазақтың этнографиялық коллекциясының қалыптасу тарихы. Алайда мақаланың көлемiнiң шектеулiгiне байланысты, бұл мәселенi оқырмандарды аталмыш коллекцияның құрамымен таныстыру мақсатының ыңғайы мен ауқымында ғана қарастыруға тура келдi.
История формирования коллекции эпохи бронзы Центрального и Восточного Казахстана археологического фонда ЦГМ РК
Реферат: В статье изложена история формирования коллекции эпохи бронзы Центрального и Восточного Казахстана, хранящейся в фондах ЦГМ РК, с использованием архивных и учетных документов Центрального государственного музея РК и Северо-Казахстанского областного музейного объединения. В процессе изучения были использованы труды ученых археологов, которые занимались вопросами эпохи бронзы евразийского пояса степей. Также в статье показано участие Центрального государственного музея в Центрально-Казахстанской и Восточно-Казахстанской археологических экспедициях, руководимых в разные годы такими известными казахстанскими археологами, как А. Х. Маргулан, М. К. Кадырбаев, Ж. К. Курманкулов, А. М. Оразбаев.
(История формирования коллекции эпохи бронзы Центрального и Восточного Казахстана археологического фонда ЦГМ РК)
Реферат: В статье изложена история формирования коллекции эпохи бронзы Центрального и Восточного Казахстана, хранящейся в фондах ЦГМ РК, с использованием архивных и учетных документов Центрального государственного музея РК и Северо-Казахстанского областного музейного объединения. В процессе изучения были использованы труды ученых археологов, которые занимались вопросами эпохи бронзы евразийского пояса степей. Также в статье показано участие Центрального государственного музея в Центрально-Казахстанской и Восточно-Казахстанской археологических экспедициях, руководимых в разные годы такими известными казахстанскими археологами, как А. Х. Маргулан, М. К. Кадырбаев, Ж. К. Курманкулов, А. М. Оразбаев.
Наручные украшения эпохи бронзы, на основе фондовых материалов Центрального госмузея РК
Реферат: В статье дана типологическая характеристика браслетам и перстням - привалирующему виду украшений эпохи бронзы, хранящимся в фондах Центрального государственного музея РК далее ЦГМ РК. Значительное внимание уделяется и их ритуально-обрядовому значению и назначению. При этом сам факт наличия отмеченных, а также и других артефактов рассматривается как свидетельство существования очагов и техники изготовления предметов из металла, позволяющим проследить развитие бронзолитейного производства на территории Казахстана. Через разнообразие орнаментальных мотивов изделий исследуемой эпохи рассмотрена система универсальных мировоззренческих представлений древнего населения.
Ш. Уәлихановтың Tалдықорған өңiрiн зерттеу ерекшелiктерi
Реферат: Мақалада Шоқан Уәлихановтың Жетiсу жерiнде жүргiзген зерттеу жұмыстары баяндалады. Шоқанның әр зерттеген аймағының картасын құрып, жолдарының сызбасын жасап отырғандығы айтылады. Ғалымның картография ғылымына деген көзқарасы көрсетiледi. Шоқанның Жетiсу жерiнен басқа аймақтарды зерттеу барысында пайда болған еңбектерiне сипаттама берiледi. Ғалым Қазақстанды зерттеу кезiнде табиғаттың қазiргi ерекшелiгiн ғана емес, палеоклиматтық, палеоэкологиялық жағдайын, өзен аңғарларының морфологиясын, Жетiсу Алатауы мен Т- жылдар аралығындағы Жетiсуға, Құлжа мен Ыстықкөлге жасаған саяхаттарының жолжазбаларындағы деректерге талдау жасай отырып, қазiргi атаулармен салыстырсақ Жетiсу өңiрiнiң жергiлiктi жер-су аттарының көп өзгерiстерге ұшырағаны аңғарылады. Жетiсуға, Ыстықкөл мен батыс Қытайға жасаған саяхаты барысында Жетiсу өңiрiнен көптеген тарихи ескерткiштердi анықтады. Мақалада Ш. Уәлиханов анықтаған ескерткiштердiң кестесi берiледi.
Реферат: Автор бұл мақалада Ақ Орданың соңғы билеушiсi Барақ ханнан кейiн Әбiлхайыр ханның билiкке келуi нәтижесiнде Дештi Қыпшақта орын алған жағдайға тоқталады. Әбiлхайыр ханның 1446 жылы Сыр бойы қалаларын басып алуы, сол жерлерге билiкке өз адамдарын қоюы, Орда Ежен әулетi ұрпақтарына қысым көрсетуi Әбiлхайыр ханға қарсы наразылықты тудырды. 1457 жылы қалмақ басшысы Үз-Темiрдiң Әбiлхайыр ханға жорық жасағанда Әбiлхайырды Дештi Қыпшақ сұлтандарының қолдамауы наразылықтың нәтижесiнде орын алды.
Лейборизм - британский вариант концепции демократического социализма
Реферат: Данная статья посвящена анализу программы Лейбористской партии Великобритании. Приход к власти первого лейбористского правительства явился важной вехой в политической истории Великобритании, внеся значительный вклад в изменение расстановки партийных сил в парламенте. Поочередная смена у власти двух сильнейших политических партий уже долгое время является залогом прочности демократических институтов страны. Формирование ее современной модели восходит к первому десятилетию после окончания Первой мировой войны, когда на смену некогда могущественной партии либералов пришла новая, молодая лейбористская партия. Лейбористская партия Великобритании представляет собой яркий пример идейной и социально-политической интеграции новых социальных сил в сложившуюся структуру общества, процесса, ставшего основой цивилизованного гражданского общества и обеспечившего возможности поступательного развития как для Великобритании, так и для мира в целом.