Кеңестiк кезеңдегi ортағасырлық қыпшақтардың зерттелу тарихы
Автор(ы): Сагинаева А. Н.*
Объем документа: С. 36-41
МРНТИ: 03.81.37*
Ключевые слова: средний век*советский период*средневековая история*
Реферат: Кеңестiк кезеңде ортағасырлық Қазақстан тарихы, соның iшiнде қыпшақтар тарихын қарастыру маңызды орын алады. Бұл кеңестiк дәуiрдегi ғалымдардың қыпшақтар тарихына қатысты түрлi деректердi ғылыми айналымға енгiзуiмен байланысты болды, атап айтар болсақ олар орыс жылнамалары, еуропалық хроникалар, араб, парсы, қытай, көне түркi және т.б. жазба деректер. Мақалада тарихшылар мен шығыстанушылардың қыпшақтану саласында жүргiзген тарихи және деректанулық зерттеулерi қарастырылады. Қыпшақтануға, анығырақ айтқанда олардың саяси тарихына, территориялық орналасуына, этникалық құрамына, көршi елдермен өзара қарым-қатынасына, археологиялық және жазба ескерткiштерiне және т. б. мәселелерiне арналған зерттеулер сарапталынады. Мақала осы кезеңде жарық көрген барлық еңбектердi қамтуды көздемейдi, тек осы кезеңде жарық көрген негiзгi зерттеулер қарастырылады. Жалпы кеңестiк тарихшылар мен шығыстанушылар ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеудiң негiзгi бағытын қалап бердi.
Ключевые слова: политическая история*средневековый Казахстан*
Реферат: Кеңестiк кезеңнiң Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесi түркi дәуiрiне қатысты деректердi ғылыми айналымға енгiзуiмен ерекшеленедi. Зерттеулерде араб, парсы, қытай, көне түркi тiлдерiндегi деректердi пайдаланумен қатар, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерiн салыстырмалы зерттеу негiзiнде көптеген артықшылықтарға ие болды. Осындай артықшылықтар мен жетiстiктерге қарамастан оғыздар тақырыбы төңiрегiнде әлi де болса шешiлiп, бiр тоқтамға келмеген мәселелердiң де орын алып отырғанын байқаймыз. Олардың iшiндегi ең қиын да шиеленiстi тұсы оғыздардың этникалық әрi территориялық орналасу тарихы болып табылады. Әлi күнге дейiн оғыздардың Орта Азия мен Қазақстандағы таралу аймақтары жөнiндегi мәселе шешiмiн таппай келедi. Мақалада кеңестiк кезеңдегi жүргiзiлген зерттеу жүмыстары қарастырылады. Оның iшiнде оғыздардың территориялық орналасу аймағына, этникалық құрамына, саяси тарихына, қалаларына және т.б. мәселелерiне арналған зерттеу еңбектерi талданады. Жалпы кеңестiк тарихшылар мен шығыстанушылар ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеудiң негiзгi бағытын қалап бердi.
Революцияға дейiнгi және кеңестiк әдебиеттерде жәдидшiлдiктiң зерттелу тари┐хы: зерттеулердiң ерекшелiктерi
Реферат: ХIХ ғасырдың соңында Ресей империясының түркi тiлдес халықтарының қалыптасуы мәселесi ерекше мәнге ие болды. Зайырлы және ұлттық мектеп құру ұранын ту еткен зиялылар үшiн бұл ұлттық идеология қайта жандандырудың жалғыз жолы болды және ол жәдидшiлдiк қозғалысы сипатында көрiнiс бердi. Мақалада, Ресей империясының Далалық өлкеде зайырлы және мұсылмандық бiлiм берудi дамыту саясаты бойынша, сонымен бiрге жәдидтiк идеологияның ХIХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың бас кезiндегi қазақ көшпелi қоғамындағы ағартушылық қозғалыстың кезеңi ретiнде қалыптасуының революцияға дейiнгi және кеңестiк кезеңдегi зерттеулерiне талдау жасалады. Кеңестiк тарих ғылымының дамуы ерекшелiгiн көрсететiн, соның iшiнде ұлттық қозғалыстарды зерттеу бойынша кеңестiк тарихнамадағы мәселенi зерттелудiң негiзгi бет алысы мен кезеңдерi анықталды. Егер, ХХ ғасырдың 20-жылдарында жәдидшiлдiктi заман талабына сай қоғамды қайта құруға бағытталған мәдени ақыл-ой қозғалысының ерекше түрi, ақыл-ойдың жандануы ретiнде бағаласа, тарихнамада қоғамдық ойды зерттеуде таптық принцип бекiгеннен кейiн жәдидшiлдiк пантүркизм мен панисламизм сияқты буржуазиялық идеяларға негiзделген, реакцияшыл ағым ретiнде қарастырыла бастайды.
Иса-Досан көтерiлiсiнiң тарихи жырлардағы көрiнiсi
Реферат: Маңғыстау өлкесiндегi Тәжiұлы Досан мен Тiленбайұлы Иса бастаған Ұлт-азаттық қозғалысы туралы Отан тарихында, жекелеген монографиялық еңбектерде аз айтылған жоқ. Соның бәрiнде үш жылға созылған көтерiлiстiң түпкi себептерi, мән-жайы терең тексерiледi. Осы оқиғаның тарихи-фольклорлық үлгiлердегi көрiнiсiн зерттеп, жыр нұсқаларын жинауға қатысқан әдебиетшiлер қауымы да көтерiлiс тарихын тың мәлiметтермен толықтыруға атсалысты. Автор осы мақаласында ғалымдардың көтерiлiске байланысты айтқан пiкiр-тұжырымдарын үнемi назарда ұстап, Сәттiғұл ақын жырлаған дастанның бастапқы, кейiнгi нұсқаларын бөлiп-жармай түгел пайдаланады. Зерттеушi, негiзiнен, жыр оқиғасының тарихи шындықпен өзара байланысына көңiл аударады. Бұл тарапта мұрағат деректерi де, қолжазба материалдары да кәдеге асып жатқанына көз жеткiземiз. Жалпы алғанда, мақала өзегiне айналған шығарма тарихи жырлардың қуатты желiсi берiге дейiн сақталып, жалғасып, дамып келгендiгiн көрсетедi. Сонымен бiрге мұнда тарихи жыр жанрының болмыс-бiтiмiне ене бастаған жаңалықтар мен тың нышандар да көрiнiс бередi.
Оценка социально-экономической эффективности освоения целины в зарубежной историографии
Автор(ы): Шаймарданова З. Д.*
Объем документа: С. 60-65
МРНТИ: 03.81.33*
Ключевые слова: сельское хозяйство*зарубежная историография*советский проект*
Реферат: Кампания по освоению целинных и залежных земель в Казахстане спустя 60 лет продолжает вызывать интерес научной общественности мира. Изыскания зарубежных исследователей и экспертов нашли отражение в массиве монографий, аналитических сборников, материалах конференций, научных статьях, диссертационных исследованиях и т. д. Точки зрения были разные: от критики экономического развития в СССР, которое основывалось на экономической доктрине и концепции уточнения показателей вместо реального анализа состояния сельского хозяйства, и экономики в целом. Одни исследователи усматривали в освоении целины отрицательные стороны - как продолжение русской колонизации и политики русификации, приводящее к ухудшению социального положения казахов и зарождению появлению замедленного национализма в СССР в целом и Казахстане. Другие видели в этой кампании реальное развитие экономики и сельского хозяйства. Однозначной оценки нет и сегодня, о чем свидетельствуют последние исследования французских экспертов, представляющие советский проект сочетания науки и социализма.
Реферат: Мақалада Сыр өңiрiнде орын алған Ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң аңызға айналған басшысы, әйгiлi Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардың табиғаты сөз болады. Атап айтқанда, мұнда Жанқожа батыр, Он жетi жасар Жанқожа деген туындылардың тарихи негiзi мен көркемдiк шындыққа айналу жолдары әңгiмеленедi. Әрине, Жанқожа батырдың ерлiк iстерiн өзек еткен тарихи-фольклорлық үлгiлердiң өмiр шындығына қатысы жайында бiрнеше кiтап жазылса да артық емес. Сондықтан, осы саладағы барлық мәселенiң шешiмiн бiр мақаладан iздеу жеткiлiксiз. Қалай болған күнде де хабаршыға енген зерттеуде жырдың дерекпен байланыстылығы айқын көрiнiс таппайтындығын, бұл мәселенiң шарттылығы көп екенiн дәлелдейтiн тартымды ойлар баршылық. Сонымен бiрге, мақалада Он жетi жасар Жанқожа жырының бiрден көлемдi шығарма болып тумағандығы, Жанқожаның Созақты алуы, Тықы мен Әйiмбет батырларды жеңуi сияқты оқиғалардың бастапқыда жеке жырланып, кейiн ғұмырнамалық тұтастану процесiнен өткендiгi айтылады.
Кеңес өкiметiнiң басқару жүйесiнiң заңдық деректерiнiң қалыптасуы
Автор(ы): Мұсағалиева А. С.*
Объем документа: С. 70-76
МРНТИ: 03.81.31*
Ключевые слова: советская власть*законодательный источник*уголовный кодекс*
Реферат: Мақалада Кеңес өкiметiнiң орнауы барысындағы большевиктiк заңдық деректер талданады. Жаңа мемлекеттi қалыптастыру мен басқаруда аталған заңнамалардың орны ерекше болды. Алғашқы кезде декреттер арқылы басқарылған өкiмет бiртiндеп басқа заң актiлерiн қабылдаған болатын. Олардың iшiнде кейiн большевиктер өкiметiн басқаруда басты рөл атқарған КСРО Конституциясы, РКСФР Қылмыстық Кодексi секiлдi мемлекеттiң iргелi құқықтық-нормативтiк базасының негiзiн қалаған заңнамалар бар. Мақалада аталған заңдар большевиктiк мемлекеттiк басқару мен жазалау органдары негiзiн қалады деген тұжырым берiледi.
VIII-X ғғ. Жетiсу тайпаларының этносаяси интеграциясының үдерiстерi
Реферат: Мақала Жетiсу тарихындағы қарлұқ тайпаларының этносаяси рөлiн кешендi зерттеуге арналған. Мақала авторлары ортағасырлардағы тайпалар арасындағы этникалық байланыстарды тарихи деректер негiзiнде қарастыру мәселесiне ерекше көңiл аударған. Сонымен бiрге батыс түрiк тайпаларының арасындағы этносаяси дәстүрлерiнiң сабақтастығы, дулу, түргеш және қарлұқ тайпаларының қарым-қатынасы мысал ретiнде негiзделедi. Зерттеу барысында түрiк өркениетi және көшпелi өмiр сүру салты мен мәдениетiне тән ерекшелiктер сипатталады және айқындалады. Түрлi деректердi талдау негiзiнде, сонымен қатар тақырып бойынша ғылыми зерттеулердi қолдану арқылы қарлұқтардың Жетiсуға келуiмен батыс түрiктердiң этногенезi тарихында жергiлiктi тайпалық құрамды өзгерiске ұшыратқан жаңа кезең басталады. Кейiннен қалыптасқан қазақ халқының номенклатуралық құрамында қарлұқ этникалық компонентiнiң болмауына қарамастан, тарихи деректердi жүйелеу және ғылыми еңбектердi талдау арқылы ортағасырлық Қазақстан территориясындағы этникалық үдерiстерге қарлұқтардың маңызды ықпал еткенiн айтуға болады.
Особенности принятия внешнеполитических решений в эпоху Золотой Орды на основе персидских и арабских источников
Автор(ы): Макашева Ж. С.*Смагулова А. З.*Кумганбаев Ж. Ж.*
Реферат: В статье рассказывается, как в персидских и арабских источниках были рассмотрены особенности принятия внешнеполитических решений в эпоху Золотой Орды. История Джучиева Улуса - государства, сыгравшего огромную роль в истории многих народов Евразии, в последние годы привлекает все большее внимание исследователей. Изучение различных аспектов истории Золотой Орды по арабским и персидским источникам позволяет глубже понять особенности происходивших социально-политических и этнических процессов, уточнить их историческую географию. Данной проблематике уделено недостаточное внимание исследователями истории международных отношений и политической истории Казахстана. Международные отношения XIII-XV вв. являются доказательством того, что современная политическая карта мира есть результат многовековой эволюции международных отношений. Сами межгосударственные границы зависели от конкретных военно-политических и экономических условий, от состояния подъема и упадка государств. Динамика развития международных отношений в разных частях земного шара были неоднородны. Места, где интересы правящих сил пересекались, располагались на стыке различных культурных пластов, то есть были некоторые центры притяжения и преломления международных отношений.
Analyze on the Toghuzoghuz Country and its Towns by Hudud al-\'Alam
Реферат: The article analyzes the country and cities of Toguzoguz by Persian source Hudud al-Alam, written in the X century by unknown author. Also was described territorial characteristics and location of the Toguzoguz country which is a pivotal topic among researchers nowadays. The article also addresses issues such as the definition of map, locations of medieval towns, accurate geographical areas, different distances between the two countries, etc. The author also describes the origin of the ethnic communities and ethnonym of Toguzoguz. The examples and comments of famous Russian historian V. Minorsky was given. In conclusion, the authors offer their own version of a territorial arrangement of Toguzoguz and neighboring countries.