Реферат: Қазiргi жалпы әскерлiк ұрыс ядролық қару жарақты және басқа да жоятын құралдарды, сонымен қатар, қаруларды қолданып жүргiзiлуi мүмкiн деп зерттеу жұмысымызда ашып көрсеттiк. Қазiргi заманғы ұрыстың құралдары - бұл жеке құрама мен бөлiмдердiң және құрамалардың ұрыс жүргiзуге оны қамтамасыз етуге арналған қаруы туралы мазмұндалған. Ұрыс жүргiзудiң тәсiлi басты жағдайда оның материалдық негiзiне, яғни қарулы күресте қолданылатын қаруға, әскери техникаға және тiрi күшiне байланысты деп танылды. Ұрыс жүргiзудiң мәнiне және тәсiлiне, ұрыстың екiншi материалдық негiзi - бұл адамдар <сарбаздық материал>, олардың моральдық рухы, үлкен әсерiн тигiзiп өзгерiс әкелетiнi анықталды. Жаңа әскери қарулы күрес құралдары, олардың орасан күшi мен мүмкiндiгiне қарамастан, адам бiрiншi негiзi болып қалады. Онсыз кез келген жоюшы құралдар пайдаға аспайтыны анық. Қарулы күрес жүргiзудiң ешбiр м8нi болмайтынын көрсетедi. Қазiргi әкери өнер ғылым ретiнде үш құрамды бөлiкке бөлiнедi: стратегия, оперативтiк өнер және тактика. Тактика - бұл әскери өнердiң құрамдас бөлiгi деп сипаттама берiлген. Қарулы күштердiң бiрiккен әскер түрлерiнiң теориялық-тәжiрибелiк дайындығын қамтиды деп қорытындыладық.
Кескiндеме өнерiндегi бояу түстерiнiң ерекшелiгiн оқушыларға меңгеру арқылы шығармашылыққа баулудың амалдары
Реферат: Кескiндеме (орыс тiлiнде живопись - жазамын) - бейнелеу өнерiнiң ең көп тараған, неғұрлым бай әрi толысқан түрi. Бояу түстерiнiң бейнелi суретпен тығыз байланысының нәтижесiнде, сыршырай өнерi қоршаған өмiрдiң бай болмысының мәнiн айшықтап көрсете бiлуге мүмкiндiк бередi. Кескiндеме өнерiнiң басты бейнелеу құралы - бояулар мен олардың реңктерiнiң үйлесiмдiлiгi. Дегенменде, бояу түстерi мен реңктерiнiң жарасымдылығы бейнеленетiн объектiлердiң пiшiндерiне, пропорциялық үйлесiмдiлiгiне, жарық пен көлеңкенiң зат формасын айқындауы мен оның кеңiстiктегi орналасу жағдайына да байланысты. Кескiндеме туындылары бояу түстерiнiң жинақталған жүйесiнде кескiнделедi.
Ағылшын тiлi сабағында ойын жағдаяттарын қолдану тәсiлдерiнiң тиiмдiлiгi
Реферат: Бұл мақалада ағылшын сабағында қарым-қатынас әдiсiнiң бiрi ретiнде ойын жағдаяттарын қолдану тәсiлiнiң тиiмдiлiгi туралы айтылады. Шет тiлi сабағында ең маңызды орын алатын әдiс-тәсiлдер бар. Олар әрбiр тiл үйренушiнiң тiл үйренуде белсендi қатысуын қадағалайды, қарым-қатынас жасауына ынталандырады, шет тiлiне деген қызығушылығын арттырып, шет тiлдi әрi қарай оқып үйренуiне ықпалын тигiзедi. Мұндай iс -әрекеттердi шет тiлiн оқытуда ойын жағдаяттары әдiсiн қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Сол ойын жағдаяттарындағы рольдердi сомдап шығуда, әрбiр тiл үйренушi өзiнiң қабiлеттерiн көрсете алады. Әрине, шет тiлi сабағында ойын жағдаяттары тәсiлiн қолдану өзiне тән жоспарланған, ұйымдастырылған сабақ болуы керек. Сабақ эмоционалды ынта салуды және ойлауды талап етедi. Ойын жағдаяттары шешiм қабылдауды болжалайды: не iстеу керек, не айту керек деген сияқты. Осы мәселелердi шешу бiлiмгерлердiң ойлау қабiлеттерiн арттырады. Ал бiлiмгерлер сол ойын жағдаяттарындағы рольдердi шет тiлiнде сомдап жатса, тiл үйренуге деген мүмкiншiлiктер арта түседi.
Этнопедагогика және этнопсихология негiзiнде жеткiншектерге құқықтық тәрбие беру жолдары
Реферат: Қай қоғамда болмасын құқықтық тәрбиенiң мақсаты азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн жетiлдiру болып табылады. Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншiкке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл мiндеттерiн атқарады. Мемлекетiмiз жеткiншектердiң құқықтың тәрбие беру iсiне үнемi мән берiп келедi. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезiмiн қалыптастыру, оларды сөзсiз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргiзудiң жемiсi. Құқықтық тәрбие беру мәселесi ертедегi педагогтердi, ойшылдарды да толғандырған. Мақалада этнопедагогика және этнопсихология негiзiнде жеткiншектерге құқықтық тәрбие берудiң теориялық зерттелуi ұсынылған.
Отбасылық қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастырудың ерекшелiктерi
Автор(ы): Оңалбек Ж. К.*Жумадуллаева А. А.*Мейiрбекова Г. П.*Ташибаева Ж. Ғ.*
Реферат: Бала тәрбиесiнiң негiзi - отбасы. Отбасы - бұл мәдени-тарихи және әлеуметтiк-психологиялық құбылыс. Осы шағын әлеуметтiк топ - бала үшiн өмiр мектебi. Отбасындағы ата-ана - баланың өмiрлiк ұстазы және тәрбиешiсi. Баланың болашағы, бiлiмi, мәдениетi отбасындағы ата-ананың сiңiрген еңбегiне, тәлiм-тәрбиесiне байланысты. Сондықтан да, балаларды жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазiргi таңдағы ең өзектi мәселелердiң бiрi болып табылуда. Отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие нәтижесiнде бала өздiгiнен дербес түрлi әрекеттер орындағандарымен, ата-ана тарапынан көрсетiлген эмоционалды қарым-қатынасты қажетсiнедi. Адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлi тәртiп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшiн ең бастысы - ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенiмi мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгiлi болуға деген тiлектi қалыптастырады. Бала әр уақытта өзiне жасалған жағымды эмоционалды қолдауды қажет етедi.
Тәнi саудың - жаны сау
Автор(ы): Конофеева З. С.*
Объем документа: С. 251-256
МРНТИ: 14.07.05*
Ключевые слова: здоровый образ жизни*обучение*
Реферат: Бұл мақалада оқушылар бойында салауатты өмiр сүру дағдасын қалыптастырудың ерекшелiктерi баяндалады. Келтiрiлген ғылыми теориялар мен iс- тәжiрибиелердi бүгiнгi күнi жастарды тәрбиелеуде жаңғыртып, қолдануға болады. Қоғам өзгерген сайын тәрбие мазмұны да өзгерiп, оны ұйымдастырудың формаларымен әдiстерi де сан алуан болып отыр. Осы кездегi дейiнгi сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдiстерiн санап шығу мүмкiн емес. Тәрбие жұмыстары этикалық тақырыптарда, өмiрге еңбекке баулу, салауатты өмiр сүру дағдысын қалыптастыру, мамандыққа дайындау, экономикалық және экологиялық тәрбие, интеллектуалды дамуын қамтамасыз ететiн бағыттарда ұйымдастырылып келедi.
Жалпы орта мектепте оқушылардың баскетболда дене дайындығы мен дене қасиеттерiн қалыптастыру
Автор(ы): Оразбаев Е. Д.*Ақназаров С. Б.*
Объем документа: С. 256-260
МРНТИ: 77.29*
Ключевые слова: функциональная подготовка организма*подвижная способность организма*
Реферат: Бұл мақалада жалпы орта мектепте оқушылардың баскетболда дене дайындығы мен дене қасиеттерiн қалыптастыру жалпы дене дайындығы - баскетболшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық мүшелер мен жүйелердiң қызметтiк мүмкiндiктерiн дамыту, қозғаушы бұлшықеттердi дамыту, дене қасиеттерiн талап денгейiне көтеру, мектеп оқушыларының шығармашылық мүмкiндiктерiнiң дамуына, оларға бiлiм беруде заманауи жүйенi енгiзу жағдайларында хабардарлығының бейiмделуi жалпы орта мектептерде оқу үдерiстерiн ұйымдастыруда сапалы өзгерiстердiң қажеттiлiгiн көрсету мәселелерi жанжанты зерттелiп, қарастырылған.
Балалардың әлеуметтiк бастамаларын дамытуда ұйымдар мен қозғалыстарды құрудың маңызы
Реферат: Балалардың қоғамдық ұйымдары негiзiнен мектептерде және қосымша бiлiм беру ұйымдарында қалыптасады. Олардың жұмыстарының негiзгi бағыттары: өзiн-өзi басқару; туристiк-өлкелiк, әлеуметтiк-құқықтық, шығармашылық және т.б. , үкiметiмiз соңғы жылдары балаларды қазақстандық отансүйгiштiкке тәрбиелеуге және ұрпақтарымыздың нағыз азамат болып қалыптасуына аса көңiл бөлуде. Балалардың әлеуметтiк бастамаларын дамытуда түрлi ұйымдар, одақтар және қозғалыстарды құру маңызды орын алады.Қазiргi балалардың қоғамдық ұйымдары мен бiрлестiктерi ерекше мiндеттердi өзiнiң әдiс-тәсiлдерi арқылы шешетiн маңызды институт болып табылады.
Оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудың жолдары
Реферат: Мақалада <функционалдық сауаттылық> түсiнiгiнiң маңызы және қазiргi таңдағы сауаттылық мәселесi ашылған, оның теория мен тәжiрибедегi мазмұны көрсетiлген, әлеуметтiк субъектiнiң функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негiзi қарастырылған. Сонымен бiрге қазiргi бiлiмнiң даму кезеңiнде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын мұғалiмдердiң функционалдық сауаттылығын дамыту маңызды мәселенiң бiрi болып отырғандығы көрсетiлген.
Реферат: Адамның өзiн-өзi бағалауы оның өзiнiң жеке басының маңыздылығын құрастыруға әрекеттенетiн саналы ой-пiкiрлерiнде көрiнiс бередi. Өзiн-өзi бағалау тұлғаның тiршiлiк әрекетiнiң барысында қалыптасады. Сонымен қатар мiнез-құлық пен iс-әрекеттiң әрқилы түрлерiнiң реттегiшi ретiнде анықталып, тұлғаның дамуында маңызды рөл атқарады. Өзiн-өзi бағалаудың қалыптасуы үшiн маңызды фактордың бiрi тұлғаның әлеуметтiк реакцияларының интериоризациялануына байланысты, яғни адам өзiн басқалардың қалай бағалайтындықтарына қарай бағалауға бейiм болады.