Реферат: Креативтiлiктiң шығармашылыққа қабiлеттiлiк ретiнде тұлғаны сипаттайтыны және оның әр түрлi саладағы белсендiлiгiнен көрiнетiнi белгiлi. Демек креативтiлiк жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгiсi және кәсiби iс-әрекетiнiң негiзi ретiнде болашақ маманның жан-жақты дамуына жағымды ықпал етедi. Ғалымдар еңбектерiн зерделеу тұлғаның креативтiлiк үлгiсiнiң сан алуандығын көрсетедi және шығармашыл адамдарға тән тұлғалық сапаларын анықтауға мүмкiндiк бередi. Бiздiң зерттеуiмiзде креативтiлiк шығармашылықты зерттеудiң жеке аспектiсi, адамның әлеуетi, iшкi ресурсы ретiнде қарастырылады.
Болашақ бейнелеу өнерi мұғалiмдерiнiң графикалық дайындығын арттыру
Реферат: Қазақстан Республикасының Президентiнiң жыл сайынғы халыққа Жолдауында елдегi бiлiм берудi дамытудың келелi мәселелерiн көтерiп, олардың шешiлу жолдарын нақтылап көрсетiлген. Соған сәйкес биылғы Жолдауда да бұл мәселе қозғалып, елiмiздiң он жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мiндетi қойылды. Мектепте бейнелеу өнерi пәнiн оқытуда оқушылардың оқуға ынтасын, эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу арқылы олардың шығармашылық қабiлеттерiнiң дамуына жол ашылады. Сондықтан жалпы орта бiлiм беретiн мектепте болашақта педагогикалық қызмет атқаратын бейнелеу өнерi мұғалiмдерiнiң графикалық дайындықтарын арттырудың, оның қазiргi заманғы талаптарға сай жүзеге асырылу мiндеттерiн қарастырудың маңызы зор. Болашақ бейнелеу өнерi мамандарының компьютерлiк графикалық iскерлiктерiн дамытудың тиiмдiлiгi олардың графикалық дайындықтарын ұштаумен тiкелей байланысты болып келедi. Сондықтан болашақ бейнелеу өнерi мұғалiмдерi келешекте оқушылардың графикалық iскерлiктерiн қалыптастыруы үшiн графиканың көркемдiк құралдарын бiлуi қажет. Бұл жерде графиканың басты көркемдiк құралдарын, яғни бейнелеу тiлiнiң негiзгi элементтерiн сызықтар, шрифтер, дақтар, нүктелер╒; оларды белгiлi-бiр жазықтық бетiне орналастыру құралдарын; кескiн бейнеленген жазықтықтың қасиеттерiн бiлген дұрыс. Бұл көбiнесе болашақ бейнелеу өнерi мұғалiмдерiнiң мектептегi практикалық iс-тәжiрибе барысында оқушылармен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, болашақ мұғалiмдер бейнелеу өнерi сабақтарын жүргiзуде графикалық iскерлiктердi игеруде оқушылардың өзiндiк ерекшелiктерiн алдын ала бiлгендерi абзал.
Writing skills in english language teaching methodology
Автор(ы): Tautenbaeva A. A.*Seitesh A. B.*
Объем документа: С. 76-79
МРНТИ: 14.35.09*
Ключевые слова: английский язык*письменная речь*
Реферат: Статья рассматривает о письменных навыках в методике преподавания английского языка. Преимущество развития современных информационных технологий, требует компьютерного написания. Нужно использовать новые технологий в учебном процессе для развития письменных навыков. Большое значение в обучении иностранным языкам в этом направлении является развитие письма у студентов. В то же время, статья рассматривает теоритическую основу в развитии навыков письма в изучении иностранного языка. Навыки письма являются сложным и важным в преподавании английского языка, студенты расширят свой словарный запас письма, будут развиваться говорение, чтение и аудирование. Каллиграфия, орфография и сочинение являются письменными формами. Рассматривается новые методы преподавания письменных навыков на иностранном языке, будут раскрыты формиравание письменных навыков у студентов.
Шетел тiлiн оқытуда кейс технологияларды қолданудың тиiмдi жолдары
Автор(ы): Әлжанова А. Т.*
Объем документа: С. 79-82
МРНТИ: 14.85*
Ключевые слова: обучение иностранному языку*интерактивный метод*
Реферат: Бұл мақалада кейс стади әдiсiн шет тiлi сабағында қолданудың жолдары және оқу процесiндегi кейстермен жұмыс жасау сатылары, мақсаттары қарастырылған. Ол студенттердi пәндi оқуға, бiлiмдi терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлi жағдайларды саралауға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, оқытушының креативтi ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын ерекше құруға шығармашылық мүмкiндiгiн кеңейтуге жағдай жасайды.
Қазақ дүниетанымындағы Құт сөзiнiң ұғымдық мағынасы
Реферат: Мақалада қазақ халқының тұрмыс-тiршiлiгiнде жиi қолданылатын <Құтты болсын> сөзiнiң мағынасы мен шығу тарихы, өмiрлiк құндылықтармен байланысы туралы сөз болады. Ол үшiн <Құтты болсын> сөзiнiң пайдаланылатын орыны мен шығу төркiнi, одан туындайтын тiркестер мәнiн ашып түсiндiру қажеттiлiгi бар. Осы секiлдi халқымыздағы құндылығы жоғары, өмiрiмiзге аса қажеттi тiркестердiң мәнiн ұғындыру - бүгiнгi қазақ жастары, тiптi орыс тiлдi аудиторияға қазақ халқының мәдениетiн түсiндiруде таптырмас әдiс.
Электрондық оқыту жағдайындағы интербелсендi технологиялар
Реферат: В данной статье излагается мысль о значений и роли интерактивных технологи в электронном обучении. Современные средства ИТТ и их использование в образовании приводят к тому, что наряду с общением учащихся и преподавателей появляется общение преподавателей и учеников с компьютером и установленным на нем программным обеспечением. Изучение возможностей организации такого диалога оказывается очень существенным с точки зрения построения эффективных систем обучения. Интерактивность большинства средств ИТТ, применяемых в системе образования, означает, что ученику предоставляется возможность активного взаимодействия с компьютерной программой. Должны быть созданы единообразные условия для учебного диалога обучающегося и средств информатизации - диалога, принципы организации и стиль которого не зависят от специфики конкретной методической системы обучения или применяемой технологии информатизации.
Аналитикалық бақылау және эксперттiк бағалау жұмыстарын педагогикалық үрдiсте пайдаланудың мүмкiндiктерi
Реферат: Адамзат қоғамның дамуы тарихының қай кезеңiнде болмасын, жастарға өмiр талабына сай бiлiм беру және бiлiм беру iсiн жетiлдiрiп отыру аса маңызды мiндеттердiң бiрi болып келдi. Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi жылдардағы бiлiм беру iсiне баса назар аударылуы, осы секiлдi уақыт талабымен өзектi болып отырған, маңызды мәселе. Бұл жөнiнде Елбасы Н. F. Назарбаевтың <<Қазақстан-2050> Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты> деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында. <Бiлiм және кәсiби машық - заманауи бiлiм беру жүйесiнiң, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негiзгi бағдары> деп арнайы бөлiмдi қарастыруы қозғалып отырған мәселенiң өзектiлiгiн нақтай түседi. Осындай алғы шарттарды негiзге алған елiмiздегi орта бiлiм беру жүйесi, бiлiм беру iсiнiң тиiмдiлiгiн еселеудi негiзгi бағдары ретiнде ұстанып отыр. Осы мақсатта елiмiзде көптеген жұмыстар атқарылуда. Педагогикалық үрдiстiң барысында педагог қажеттi сапаларды сiңiруi арқылы, бала бойындағы қабiлеттердi дамытып отырады. Адам қабiлеттерiнiң қалыптасу және дамуы жөнiнде заңдылықтарды, олардың оқушының бойында қалыптасу деңгейiнен хабардар болуы, педагогқа оқу-тәрбие үрдiсiнде қажеттi деген әдiс-тәсiлдердi дәл, тиiмдi қолдануға мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда педагогикалық үрдiстiң барысында аналитикалық бақылау әдiстерiн жүйелi пайдаланып отыруы, баланың қалай дамып жатқанынан толық ақпарат алып, кетiп жатқан кемшiлiктердi анықтап, жұмыс қажеттi бағытта ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Себебi дәл осы жұмыстар арқылы бiз педагогикалық үрдiс барысының нәтижесi мен қажеттi бағдарды алааламыз. Оқыту мен тәрбиелеу iсiнде психологиялық зерттеу жұмыстарының орыны ерекше. Педагогикалық үрдiс барысында аналитикалық бақылау және эксперттiк бағалау жұмыстарын пайдалану көзделген мақсаттың сапалы жүзеге асуына ықпалын тигiзедi.
Кәсiби бағытталған шетел тiлiн оқытуда кейс әдiсiнiң маңыздылығы
Реферат: Қазiргi таңда шетел тiлiн оқытуда тиiмдi әдiстiң бiрi ретiнде кейс әдiсiн қарастыруға болады. Пән мазмұнының аутенттiгi ұстанымын орындау негiзiнде шетел тiлiн оқыту кейс технологиясы арқылы жүзеге асады. Кейс ұғымы ағылшынның <case> сөзiнен алынған яғни жағдай дегендi бiлдiредi, нақты жағдаятты талдау әдiсi деп те атайды. Оқытуды ұйымдастыруда нақты жағдаят қолданылатындықтан екi тараптанда ой, шығармашылық еркiндiк көрiнiс табады. Кейс әдiсi алғашында басқарушылыққа қатысты пәндердi оқытуға қолданылған. Кейс әдiсi бiлiм алушылардың оқуға қызығушылықтарын арттырады, ол өз кезегiнде болашақ маман ретiнде тұлғаның кәсiби бағытта дамуын, акедемиялық теорияны нақты болған оқиғалар арқылы түсiну және шетел тiлiнде коммуникативтiк дағды қалыптасуына ықпал етедi. Оқытушы студенттерге әртүрлi жағдаяттар ұсынады және оның бiрнеше шешiмiн табу мiндеттерiн қояды. Кейс әдiсi нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкiндiк бередi. Кәсiби шетел тiлiн болашақ заңгерлерге оқытуда тақырыпқа байланысты жағдаятты таңдау , сол арқылы лексикалық қорды дамыту, ақпаратты түсiну және талдауға, әр түрлi жағдайларды саралауға мүмкiндiк бередi. Ақпаратты талдау және өңдеу барысында тiлдiк қатысымға түсу арқылы коммуникативтiк дағдыларын қалыптастырады.
Дене мәдениетi жүйесiндегi бiлiм беру үдерiсiнiң көкейкестi мәселелерi
Автор(ы): Хұдияров Ғ. Б.*Әбдiллаев Ә. К.*
Объем документа: С. 93-96
МРНТИ: 77.03.13*
Ключевые слова: саморазвитие*физическая культура*
Реферат: Бұл мақалада дене мәдениетi жүйесiндегi бiлiм беру үдерiсiнiң көкейкестi мәселелеhрi қарастырылады. Сонымен бiрге шұғыkлдану барысында шұғылданушылардың жан-жақты дамуы, денсаулығын нығайту, дене мәдениетi және салауатты өмiр сүру бейнесi негiздерiнен бiлiмдi меңгеру, дене және психикалық сапаларын ең жоғары деңгейге жеткiзу, өмiрлiк және кәсiби мақсаттарға жету үшiн дене мәдениетi мен спорттағы озық тәжiрибелердi пайдалануды болжалдау мазмұндалады. Бiлiм беру мен тәрбиелеу тиiмдiлiгi оқытушылардың жоғары деңгейдегi кәсiби шеберлiгiне, олардың оқу сабақтарының барлық түрлерiн және спорттық жарыстарды жүйелi өткiзулерi нәтижесiнде қол жетiмдi болатыны жүйелi сипатталған.
Дене мәдениетiнiң бiлiм беру үдерiсiнiң құрамдас бөлiгi ретiндегi маңыздылығы
Автор(ы): Назаров А. А.*Әбдiллаев Ә. К.*Худияров Ғ. Б.*
Реферат: Бұл мақалада студенттердiң бiлiм беру және тәрбиелеу үдерiсiнде дене мәдениетiнiң оларды жан-жақты дамыту бойынша аса маңызды пәндердiң бiрi ретiндегi маңыздылығы зерделенiп, қарастырылады. Дене мәдениетi бойыншfа оқу үдерiсiнiң концептуалды бағыттылығы мемлекет мүддесiн, азаматтардың денелерiн жетiлдiруге деген қоғам сұранысын, оларды еңбек бiлiктiлiгiне және әлеуметтiк белсендi өмiрге даярлауды жүзеге асыру болып табылатыны жүйелi мазмұндалған. Сол сияқты студенттерге бiлiм беру және тәрбиелеу тиiмдiлiгi оқытушының жоғары кәсiби бiлiктiлiгi, яғни барлық оқу және оқу-жаттығу сабақтарын өткiзу шеберлiгiне байланысты екенi сипатталған.