Реферат: В статье раскрываются пути решения проблемы знакомства учащихся общеобразовательной школы с оперой <Борис Годунов> русского композитора XIX века М. П. Мусоргского. Показана методика музыкально-педагогического анализа фрагментов оперы в сравнении с историческим первоисточником <История государства российского> Н. М. Карамзина и трагедией <Борис Годунов> А. С. Пушкина. Подчеркнуты своеобразие и интонационная выразительность музыкального языка композитора в раскрытии музыкальных образов персонажей оперы. Показаны возможности современных технических средств обучения в <оживлении> подачи музыкального материала на уроках и стимулировании интереса школьников к историческому прошлому своего народа, поиску параллелей с современностью.
Реферат: Жәдитшiлiк қозғалыс XX ғ. бас кезiнде Түркiстандағы қоғамдық-саяси процестердiң барысында патша өкiметiнiң отарлық билiгiне қарсылық ретiнде дүниеге келген едi. Бұл қозғалыстың пайда болуы мен қалыптасуына ықпал етушi факторлар - ресейлiк отарлық езгiден құтылу, жаңа заман сұранысына лайық бiлiм мен ғылымды игеру, жеке тұлғаның еркiндiгiн мойындау, өлкенiң мәдени-әлеуметтiк және экономикалық тұрғыда артта қалушылығы болатын. Осы факторлар өлкенiң қоғамдық-саяси, экономикалық өмiрiн модернизациялауға үндейтiн, жергiлiктi халықтың қалың ортасынан өсiп шыққан қуатты қозғалысты өмiрге алып келдi. Әйтсе де, өлкtедегi саяси билiктi қолға алған большевиктер бұл модернизацияны таптық негiзде iске асыруы арқылы жәдитшiлiк қозғалыстың басты идеяларын терiске шығарды. Содан да кеңестiк тарихнама жәдитшiлiк қозғалыстың тарихын бұрмалап, оны бiржақты айыптауды мақсат еттi. Тәуелсiз тарихы сана қалыптас тырудың мақсаты - өткен тарихтың мазмұнын қайта қарап, ондағы бұрмаланған терiс тұжырымдарға түзету енгiзу, саяси, әлеуметтiк құбылыстарға шынайы баға беру болғандықтан да XX ғ. 90 ж. бергi тарихнамада жәдитшiлiк қозғалысқа қатысты жаңа көзқарастар жүйелi қалыптасып келедi. Ұлт-азаттық қозғалыстың саяси дәлелдерi мен бағдарламасының мiндеттерi қандай аймақта, мемлекетте болса да өз бастауын халықты ортағасырлық артта қалушылықтың құрсауынан құтқаратын ағартушылықтан алатындығы белгiлi. Жәдитшiлiк қозғалысты да Түркiстандағы <ұлт-азаттық идеологиясын қалыптастырған ағартушылық құбылыс ретiнде қарастыру көп мәселеге айқындық бередi. Жәдитшiлдiк - ислам құндылықтарын басшылыққа алған, отаршылдыққа қарсы құрылған, бiлiм беру жүйесiн реформалауды мақсат еткен Ресей империясына тәуелдi түрiк мұсылмандарының мәдени-саяси бiрлiгi.
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұраларындағы түркiлiк тәрбие идеялары
Реферат: Мағжан Жұмабаевтың тағылымдық мұраларының жұрт жанына жақын, жүрегiне жылы тиюiнiң сыры олар халқының дағды салтындағы, түркiлiк дәстүрлердi саналы таңдау жасау қабiлеттiлiгiнен көрiнетiн оң жасампаз дүниетанымға ие, Отаны, қоғамы, өз иелiгiне мақсатталған дербес шешiм қабылдай алатын азаматтарды тәрбиелеу, қоғамдық қалпындағы әдет, ырым, этнографиялық көрiнiс құбылыстарға негiзделе жазылды. Қазақ халқының тағылымдық мұраларында өз ұрпағын бесiкте жатқан кезiнен бастап-ақ өлең-жыр мен әңгiме, ертегi, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезiнiп, жұлдыздарға, түрлi белгiлерге қарап жол тауып, қаршадайынан-ақ есту, көру сезiмдерi шынығып, алдағыны болжайтын, жоғалғанды табатын iзшiл де, құралайды көзге атып түсiретiн мерген де болған. Оның негiзi халық педагогикасының дәстүрлерiн дамыту барысында баланы адамгершiлiкке тәрбиелеуде отбасы дәстүрлерiн, ұлттық қасиетiмiздi сақтауға байланысты көтерген идеяларының маңызы зор болып табылады. Ағарутшы-педагог Мағжан Жұмабаев <Педагогика> оқулығында әрбiр мемлекетте балаға бiлiм беру жүйесi халықтың тарихи дамуымен байланысты екендiгiне тоқталып отырады. Сондықтан дене тәрбиесiне этнопедагогика мен этнопсихолгия идеяларын бастапқы дәрежеге қояды. Сонымен қатар ұлттық мәселелердi орынды көтерiп, ғылыми мәндi пiкiрлер айта алған. Өмiрдiң өзектi мәселелерiн жүректiң нәзiк қылымен өрнектей бiлген ақын ұлттық тiл, ұлттық тәрбие туралы да өрелi ойлар айтқан.
Бiлiм беру үрдiсiндегi педагогикалық практиканың орны
Реферат: Бүгiнгi қоғам жаңа ғасыр талаптарына жылдам бейiмделетiн, бәсекеге қабiлеттi жастарды тәрбиелеудi талап етiп отыр. Сондықтан жоғары оқу орындарының алдына жоғары бiлiктi мамандарды даярлау мiндетi қойылуда. Ол үшiн студенттер әрқашан жаңа бiлiмдердi игерiп, өзiн-өзi жетiлдiру жұмысын жүргiзуi қажет. Болашақ педагогтарды кәсiби дайындау жүйесiнде педагогикалық үрдiстiң маңызды бiр бөлiгi болып есептелiнетiн педагогикалық практика ерекше рөл атқарады. Мұғалiмдердiң кәсiптiк даярлығын арттыруға деген талаптың күшейiп отыруына байланысты, студенттердiң педагогикалық практикасын ұдайы жетiлдiрiп отыру керек. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практика студент үшiн ғылыми-педагогикалық зерттеу әдiстер мағынасын түсiнуге мүмкiндiк туғызады, яғни педагогикалық байқау әдiсiн, эксперимент және нәтижеге талдау жасауды және ғылыми iзденiске үйретедi. Педагогикалық практикада студенттер педагогикалық процестiң негiзiн және өздерiнiң келешектегi кәсiптiк қызметiнiң мәнiн түсiнедi. Практика студенттердiң оқу-зерттеу жұмысы үшiн оның базасын жасаудың алғашқы кезеңi болып есептелiнедi.
Мектепке дейiнгi және кiшi мектеп жасына дейiнгi балалардың танымдық құзыреттiлiгiн қалыптастыру ерекшелiгi
Реферат: Мақалада мектепке дейiнгi балалардың танымдық құзыреттiлiгiн қалыптастырудың ерекшелiгi талданып, оның бастауыш бiлiм беру сатысымен сабақтастықта жүргiзу, ойын iс-әрекетiмен байланыстырғанда тиiмдi жүзеге асырылатындығы айтылады.
Жоғары сынып мектеп оқушыларының дене дайындығын зерттеу
Реферат: Бұл мақалада әртүрлi конституциялық түрдегi жоғары сынып оқушыларының дене мүмкiндiктерi және психикалық даярлықтары, морфофункционалды көрсеткiштерi сараланды. Сыналушылардың көпшiлiгiнiң бозбалалар (65,2%) және қыздар 84,4%) құжаттық жастары биологиялық жастарымен сәйкестiгi анықталды. Жоғары мектеп жасында ағза дамуының қарқыны ақпараттылықты жоғалтады, ал дене бiтiмiнiң түрлерi дене дамуының көрсеткiшi ретiнде жасөспiрiмнiң жеке морфологиялық тiтiркенушiсiнiң жетекшiсi болып қалыптасады.
Бастауыш мектептегi дамыта оқыту технологиясының педагогикалық негiздерi
Реферат: Қоғамның дамуы оқу мазмұнына жаңа бiлiм беру үрдiстерiн алып келуде. Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының танымдылық оқу белсендiлiктерiн қалыптастыру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моралдiк-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе де болып табылады. Оқушының әлеуметтену ортасы ол оқыту үрдiсi. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы бiлiм негiзi. Ал сапалы бiлiм болашақ мамандарды қалыптастырудың негiзгi iрге тасы болып табылады.
Бастауыш мектепте оқыту үдерiсiнде дидактикалық құралдарды қолданудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Реферат: Мақалада бастауыш мектепте оқу үдерiсiндедидактикалық құралдарды қолдану әдiстеме-сi баяндалады. Онда дидактикалық құралдардың түрлерi мен мазмұны, олардың жiктелуi жан-жақты қарастырылады. Дидактикалық материалдарды қолданудың әдiстемелiкерекшелiктерi көрсетiледi.
Математика сабақтарында оқушыларды комбинаторлық есептердi шығаруға үйретудiң ерекшелiктерi
Реферат: В данной статье рассматриваются особенности обучения решению комбинаторных задач на уроках математики. Необходимость внедрения в школьное образование элементов комбинаторики, теории вероятностей и статистики основана на ценности их образовательного и мировоззренческого потенциала. Методы комбинаторики используются при решении транспортных задач, при составлении таблиц и графиков, производственных планов и при реализации продукции. Основные понятии комбинаторики являются основой многих вероятностных задач, линейного программирования и статистики. Также комбинаторика используется в экономических задачах, биологии и генетике. В пятом классе для решения комбинаторных задач используется прежде всего естественный, доступный детям этого возраста метод непосредственного систематического перебора возможных вариантов. Этот метод целесообразен в тех случаях, когда число вариантов невелико. На первоначальном этапе освоения материала решить комбинаторную задачу означает выписать всевозможные комбинации, составленные из чисел, слов, предметов и других данных, отвечающих условиям задачи. Цель состоит в том, чтобы в процессе решения системы задач учащиеся встретились с необходимостью перебора различных по своей сути и составу комбинаций.
Оқушыларды мамандықты таңдауға даярлаудың теориялық негiздерi
Реферат: Мамандық - <рrоfessio> - деген фрацуз тiлiнде ресми түрде жариялаймын деген мағынаны бiлдiредi. Мамандық таңдауға бағдар беру - әр адамның жекелiк қасиеттерiне, қызығушылығына, қабiлетiне, қоғамдық қажеттiлiкке байланысты мамандық таңдай алуына ықпал жасау.Мамандыққа бағдарлау барысында осы қабiлеттердiң түрлерiн нақты анықтап, iс-әрекеттiң қандай түрлерiнде адам ерекше табысқа тезiрек жететiнiн болжамдауға мүмкiндiк туады. Интеллектуалдық қабiлеттi зерттеуге арналған әдiстемелер өте көп. Е.А. Климовтың зерттеулерiнде мамандықтардың бүкiл саналуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлемiне және т.б. қатынасының схемаларымен көрсетiлген. Еңбек құралдары бойынша барлық мамандықтар - биономикалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгiлер), артономикалық (көркем бейнелер) және социономикалық (адамдардың өзара әрекеттесуi) болып бөлiнедi. Кәсiби iс-әрекеттiң бес схемасын анықтайды: <Адам-табиғат>, <Адам-Техника>, <Адам-Белгi>, <Адам-Бейне>, <Адам-Адам>.