Реферат: Автором рассмотрены роль и место иронии в публицистических текстах, а также осмыслены лингвистические механизмы формирования иронического эффекта, результативность интеллектуального и эмоционального воздействия на адресата. Актуальность темы обусловлена не только малоизученностью данного феномена, но и недостаточной осознанностью механизмов создания иронического эффекта самими авторами.
Қазақ тiлiн оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту негiздерi
Реферат: Мақалада қазақ тiлiн оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негiздерi жүйесiнiң моделi сызбалар арқылы көрсетiлдi. Автор қазақ тiлiн оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық негiздерi оқушылардың қазақ тiлiн меңгеруi барысында жүйелi ойлауын дамытып, мектепте алған бiлiмiнiң өмiрдiң қай саласында да тiрек болуын қамтамасыз ететiн тиiмдi әдiстемелiк жүйе жасауға және қолдануға мүмкiндiк беретiнiне тоқталды. Зерттеуде психология және педагогика iлiмдерi байланыстырыла қарастырылды.
Қазақ тiлiн шет тiлi ретiнде оқытуда ақпараттық технологиялардың тиiмдiлiгi
Реферат: Мақалада қазақ тiлiн шет тiлi оқытуда ақпараттық технологиялардың тиiмдiлiгi жан-жақты талданып көрсетiлген. Сонымен қатар авторлар тiл оқытуда инновациялық технологиялардың атқаратын қызметi айрықша екендiгiн айтқан.
Қазақ тiлiн оқытуда ақпараттық технологияның қолданылуы
Автор(ы): Балапанова Қ. Ж.*Мизанбаева Г. Ш.*Сатеева Б. С.*
Реферат: Мақалада қазақ тiлiн оқытуда ақпараттық технологияны қалай қолдану керектiгi туралы айтылған. Қазiргi технология заманында жоғары оқу орындарында, мектептерде сабақтарда, оның iшiнде қазақ тiлiн оқытып-үйрету кезiнде технологияны көп қолдану керек. Бүгiнгi күнi көп сұранысқа ие дүние болып тұр. Қазақ тiлi сабағында ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты оқушылардың сөздiк қорын, сонымен қатар сауатты жаза бiлуге баулу болып табылады.
Түркi тiлдерiндегi жабайы аңдарға қатысты атаулардың тарихи-салыстырмалы сипаты
Реферат: Мақалада қазiргi түркi тiлдерiндегi жабайы аңға қатысты атаулардың сипатына тарихи-салыстырмалы талдау жасалған. Түркi тiлдерiндегi жабайы аңға қатысты атаулардың өзiне тән ерекшелiктерi қарастырылып, мысалдармен дәлелденген. Түркi тiлдерiндегi жабайы аңға қатысты атаулардың сипатын көрсетуде зерттеушiлер еңбектерi арқылы қыпшақ, оғыз, қарлұқ, бұлғар, ұйғыр-оғыз тобындағы тiлдердегi дамуы мен қалыптасуы, жеке тiлдерге қатысты өзгешелiктерi қарастырылған. Түркi тiлдерiндегi жабайы аңға қатысты атаулардың ерекшелiктерiн, айырмашылықтарын, ортақтықтарын көрсету барысында көне жазба ескерткiштерi материалдарымен байланыста талдау жасалған, түркi тiлдерiнiң тарихи грамматикасына қатысты мәлiметтер келтiрiлген.
Қазақ тiлiндегi шылаулардың морфологиялық тұлғасы мен лексика-грамматикалық мәнi
Реферат: Мақала тiлiмiздегi шылау сөз табының тiлдiк табиғатына арналған. Шылау сөздердiң морфологиялық құрылымы мен лексикалық-грамматикалық мағыналары қарастырылды. Авторлар шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын көрсете отырып, оның толық мағынасының болмайтыны, сөйлем iшiнде шылау сөздер сөйлем мүшесi бола алмайтыны, шылаулар сөз бен сөздi не сөйлем мен сөйлемдi салаластыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздiң жетегiнде оған қосымша мән үстей қолданылатыны, түрленбейтiнi және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайтыны нақты мысалдар негiзiнде талданған. Шылаулар лексикалық мағынасынан айырылу нәтижесiнде туған көмекшi сөздер ретiнде саналады деген қорытынды жасалған.
Батырлар жырындағы этномәдени лексиканың танымдық сипаты
Реферат: Мақалада қазақ тiлiндегi этномәдени лексиканың батырлар жырындағы қолданысы қарастырылған. Тiл этностың бүкiл рухани, мәдени байлығының негiзгi көрсеткiшi болып табылатындығы және ұлт тiлiндегi этномәдени лексика ұрпақтан ұрпаққа жетiп отыратын мәдени мұра болып саналатындығы сөз етiлген. Этнолексикалық қолданыстардың мәтiн iшiндегi көрiнiсi негiзiнде ұлт тiлiндегi қызметi айқын көрiнетiндiгi айтылған. Батырлар жырынан алынған этномәдени лексика ұлт тарихын айқындайтын ақпарат көзi болатындығы нақты мысалдар арқылы берiлген. Этномәдени лексика ұлттық-тарихи колорит жасауда таптырмайтын тiлдiк құрал болатындығы айқындалған.
Modern technologies the professional focused studying of Russian
Реферат: In article modern innovations of the professiоnal-focused studying of Russian are considered. The main attention is paid to the organization of the professional focused methodical system of studying of Russian. The making technologies of problem-oriented training are allocated: method of debate and case-study. It is emphasized that use of cases, especially in combination with a form of debate promotes formation of key professional competences and the new type of thinking answering to inquiries of time.
Балаларға арналған қазақтың халық ойындарының Қытайдағы тарихи даму барысы
Автор(ы): Нәукенұлы Б.*
Объем документа: С. 28-35
МРНТИ: 18.71*
Ключевые слова: детский фольклор*педагогическая значимость*
Реферат: Мақалада зерттеу нысанына алынған мәселе - қазiргi фольклортанудағы өзектi тақырыптардың бiрi. Қазақ ауыз әдебиетiнде жеке сала болып қалыптасқан және әлi де болса жалғасын тауып келе жатқан балалар фольклорының көкейкестi мәселелерi ғылыми тұрғыда қарастырылған. Автор балаларға арналған ойын түрлерi мен өлеңдердiң жас ұрпақты тәрбиелеудегi алатын орнына тоқтала келiп, олардың жеке тұлға қалыптастыру жолындағы психологиялық, педагогикалық маңызына зерттеу жасаған. Балаларға арналған қазақтың халық ойындарының түрлерiн және оларға байланысты өлеңдердiң шығуы мен айтылу ерекшелiктерiн саралады. Ұлтымыздың байырғы балалар ойындары бүгiнгi дамыған қоғамға сай өзгерiске ұшырауына нақты көңiл аударылған. Қазақтың байырғы балалар ойындарын қазiргi кездегi заман дамуына сай түрленуi мәселесiн салыстырмалы тұрғыда талдаған.
Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин - көрнектi ақын, жаңашыл жазушы
Реферат: Мақалада ХIХ ғасырдың көрнектi ағартушысы, педагогы Ыбырай Алтынсариннiң әдеби қызметiне көңiл бөлiнген. Оның қазақтың әдеби тiлiнiң қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесi туралы қорытынды жасалған. Алтынсариннiң әдеби шығармаларында ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақ халқының өмiрiндегi тарихи және әлеуметтiк өзгерiстер суреттелген. Бұл шығармаларда халықты отырықшылдыққа, еңбексүйгiштiкке, шындыққа шақырғандығы баяндалған. Өз заманының көрнектi ағартушы ретiнде Ы.Алтынсарин Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдiң, И.А.Крыловтың еңбектерiн ана тiлiне аударғандығы бейнеленген.