Реферат: (Мақалада әдеби, тарихи және фольклорлық дерек көздер - Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүргiзiлген ұлт-азаттық қозғалыстағы оқиғаларды көзiмен көргендердiң әңгiмелерi, өлеңдерi және олардың естелiктерi келтiрiлген. Кенесары хан мен Наурызбай батырға арналған тарихи өлеңдер мен поэмалардың iшiнде жетекшi орынды белгiлi ақын Нысанбайдың Кенесары туралы әнi алатындығы айтылған. ХIХ ғасырдың 20-40-жж. қазақтар көтерiлiсiнiң себептерiн анықтау үшiн Досхожа ақынның сол көтерiлiс кезiнде шығарған өлеңi маңызды рөл атқаратындығы көрсетiлген. Демократиялық бағыттағы белгiлi ақын М.-Ж.Көпеевтiң Кенесары туралы жинаған материалдары көңiл толтырарлық екендiгi туралы қорытынды жасалған. Халық ақындары - Жамбылдың және Доскейдiң естелiктерi фольклорлық материалдардың маңызды тобын құрайтындығы көрсетiлген. Кенесары ханның отаршылдыққа қарсы жаппай көтерiлiсiнiң айқын саяси сипаты және оның қазақ тарихындағы прогрессивтi рөлi туралы пiкiрi бейнеленген.)
Таңжарық ақынның табиғат лирикасы
Автор(ы): Ысқақұлы С.*
Объем документа: С. 108-112
МРНТИ: 17.82.10*
Ключевые слова: научный анализ*пейзажная лирика*
Реферат: Мақалада Таңжарық ақын табиғат лирикасындағы пейжаздық өлеңдерiне ғылыми талдау жасау басты мақсат ретiнде алынған. Ақын туындыларындағы адам және табиғат мәселесi тығыз сабақтастықта қарастырылды. Автор ақынның пейзаждық лирикасын I.Жансүгiров жырларымен салыстыра отырып, олардағы үндестiк пен ерекшелiктерiне, табиғатты суреттеудегi қаламгерлiк шеберлiктерiне баға бередi. Iле табиғатының әсем келбетiн жырлаудағы суреткерлiк шеберлiгi дәлелдендi. Қытайдағы қазақ әдебиетiнде классик ақын саналатын Таңжарық Жолдыұлы табиғат лирикасы саласындағы көркем туындылары арқылы мол үлес қосқандығы әдеби-теориялық тұрғыдағы талдаулар жасау арқылы нақты сөз болады.
Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының Шипагерлiк баяны - халық даналығының айғағы
Автор(ы): Каренов Р. С.*
Объем документа: С. 112-121
МРНТИ: 17.71*
Ключевые слова: народная мудрость*народный метод*
Реферат: ХV ғасырдың көрнектi энциклопедист-ғалымы, балгерi, барлық дерттiң емшiсi Өтейбойдақ Тiлеуқабылұлының өмiрi мен қызметi суреттелген. Оның барлық кеселдер мен ауруларды емдеудiң арнайы халықтық тәсiлдерi баяндалған. Шипагерлiк баян атты негiзгi ғылыми еңбегi талданған. Ғалымның бұл трактатты жазғанда өз заманының медицина, астрономия, философия, тарих, психология, этнография, лингвистика ғылымдарының және тағы да басқа ғылымдардың озық жетiстiктерiн пайдаланғандығы туралы қорытынды жасалған.
Сөз өнерiн меңгеру - болашақ журналистер үшiн басты мiндет
Автор(ы): Асанов Қ. Д.*Еркiн Ж. Ж.*
Объем документа: С. 122-126
МРНТИ: 19.41*
Ключевые слова: будущий журналист*письменная речь журналиста*
Реферат: Мақалада болашақ журналистердi сөз өнерiне баулудың теориялық және тәжiрибелiк негiздерi қарастырылған. Бүгiнгi БАҚ-тағы журналистердiң сөйлеу мәдениетi мен жазу сауаттылығы туралы нақты мысалдар келтiрiлiп, сөз тiл өнерiнiң маңыздылығына ғылыми пайымдаулар жасалды. Сондай-ақ жазба тiл баспасөз мен ауызекi сөйлеу тiлiнiң телерадио лингвистикалық заңдылықтары сөз болып, олардың болашақ журналистер үшiн қажеттiлiгi айқындалды.
Вариант фразеологизмдердiң көркем шығарма тiлiнде қолданылуы
Реферат: Мақалада тiл бiлiмiндегi сөз және фразеологизмдердiң варианттары қарастырылды. Автор тiл бiлiмiнде варианттылық мәселесiн қарастырған ғалымдардың ой-тұжырымдарын негiзге ала отырып, көркем шығарма тiлiндегi фразеологизмдерге тiлдiк талдау жасаған. Фразеологизмдердiң фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, лексика-грамматикалық варианттарын тiлдiк деректер арқылы дәлелдейдi. Фразеологизм варианттарының көркем шығарма тiлiнде қолданылуы кең әрi өрiстi екендiгiн және олардың жазушы қолданысында стильдiк бояуының арта түсетiнiн мысалдармен көрсетедi.
Қазақ бейресми есiмдерiнiң тарихы: бiрiншi кезең
Автор(ы): Рахымберлина С. Ә.*
Объем документа: С. 10-14
МРНТИ: 16.21.21*
Ключевые слова: неофициальное имя*казахский язык*
Реферат: Мақалада қазақ есiмдерiнiң, оның iшiнде бейресми есiмдерiнiң тарихы жайлы сөз болады. Автор аңыз-ертегi кейiпкерлерi мен ру, тайпа атауларынан бастау алатын бейресми есiмдер тарихын тiлшi, тарихшы, этнолингвист-ғалымдардың пiкiрлерiне сүйене отырып, дәуiрлерге бөледi. әр кезеңнiң есiмдер табиғатының ерекшелiгiне, олардың түрлi қоғамдағы, ортадағы көрiнiсiне тоқталады. Бейресми есiмдердiң I дәуiрi - көне түркi заманын, яғни V-VIII ғасырлардағы антропонимдердi қарастыра отырып, осы дәуiрдегi ең басты ерекшелiк - есiмдердiң ауысып отыруы туралы деректердi келтiредi. Мысалдар негiзiнде кiсiнiң өз есiмi мен бейресми есiмiнiң шекарасын нақтылайды.
The concept of biblical expression in modern linguistics
Реферат: This article considers the value and role of biblical expressions in modern linguistics. Biblical expression is a phraseological combinations and aphorisms of biblical origin. It is possible to emphasize phraseological units formed from the names of biblical characters or geographical names, phraseological combinations reflecting realia of the Biblical plot or ancient Judaic History and life, quotations. This article also presents examples containing biblical expressions, taken from literature, as well as the comparative analysis of English biblical expressions and their equivalents in Russian.
Асқар Алтай прозасының сюжеттiк ерекшелiгi
Автор(ы): Такиров С. У.*Шәмшиева Ж. Н.*
Объем документа: С. 20-25
МРНТИ: 17.82.30*
Ключевые слова: современная казахская литература*
Реферат: Мақалада қазiргi тәуелсiз қазақ әдебиетiнде өз бағытын айқындап, стилiн танытқан жазушы Асқар Алтай шығармашылығы ғылыми тұрғыда қарастырылған. Жазушының Кентавр, Альпинист, Казино сынды шығармаларын негiзге ала отырып, сюжеттiк құрылымы талданды. Жалпы қазiргi таңдағы көркем шығармадағы сюжеттiң рөлi мен дәстүрлi прозадан ерекшелiгi, мотивпен байланысы айтылды. Көркем шығарма сюжетi жөнiндегi әдебиеттанушы-ғалымдардың пiкiрлерi сараланды.
Ұлы ғұлама Әл-Фараби мұрасының әдебиетке, поэзияға қатысты қырлары
Реферат: Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидiң сан қырлы ғылыми қызметi туралы қысқаша деректер келтiрiлген. Оның өз уақытындағы ғылымның барлық салаларының құрамдас бөлiгi болып табылатын Әдебиеттану, тiл бiлiмi, поэзия, лингвистика саласындағы зерттеулерiне айрықша көңiл бөлiнген. Оның өзi өмiр сүрген оныншы ғасырдан бастап қазiргi кезге дейiн Батыс пен Шығыстың көптеген көркем сөз шеберлерi айтып өткен және айтып жүрген дарынды ақын екендiгi көрсетiлген. Көрнектi ғалымның әдеби шығармашылығын өткен ғасырдың 70-жылдарынан қазiргi кезге дейiн зерттеген қазақстандық әдебиеттанушыларының зерттеу нәтижелерi суреттелген.
(Ұлы ғұлама Әл-Фараби мұрасының Әдебиетке, поэзияға қатысты қырлары)
Реферат: (Шығыстың ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидiң сан қырлы ғылыми қызметi туралы қысқаша деректер келтiрiлген. Оның өз уақытындағы ғылымның барлық салаларының құрамдас бөлiгi болып табылатын әдебиеттану, тiл бiлiмi, поэзия, лингвистика саласындағы зерттеулерiне айрықша көңiл бөлiнген. Оның өзi өмiр сүрген оныншы ғасырдан бастап қазiргi кезге дейiн Батыс пен Шығыстың көптеген көркем сөз шеберлерi айтып өткен және айтып жүрген дарынды ақын екендiгi көрсетiлген. Көрнектi ғалымның әдеби шығармашылығын өткен ғасырдың 70-жылдарынан қазiргi кезге дейiн зерттеген қазақстандық әдебиеттанушыларының зерттеу нәтижелерi суреттелген.)