Реферат: Мақала қазақ әдебиеттану ғылымында жеке қаламгер шығармашылығын жан-жақты зерттеу бағытындағы өзектi тақырыпқа арналған. Автор Фариза Оңғарсынованың лирикасы тақырыптық табиғатына көңiл аудара отырып, оларды жеке түрлерге бөле келе, поэтикалық шеберлiк мәселесiн байланыстыра отырып, әдеби-теориялық талдаулар жасады. Азаматтық-саяси, махаббат, табиғат лирикалары арқылы ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесiне баға бердi. Сол арқылы ұлттық лирикаға әкелген жаңашылдығы мен шеберлiгiн, көркемдiк ерекшелiктерiн ғылыми тұрғыда саралады.
Реферат: Мақалада көркем әдебиеттегi кейiпкерлердiң iшкi әлемiн ашудағы қаламгерлердiң жан-жақты шеберлiгi қарастырылған. Сондай-ақ екi жазушының шығармаларындағы тарихи тұлғаның көркем әдебиеттегi бейнесi салыстырмалы түрде талданған. Қазақ прозасындағы Шыңғыс хан образын арқау еткен екi суреткердiң туындыларындағы тарихи шындық пен көркемдiк шындықтың арақатынасы және қос шығармадағы ортақ ой, ортақ бейнелер, көркемдiк шешiм, көркемдiк тәсiлдер жайындағы мәселелер ғылыми талдауға өзек болған.
Реферат: Мақалада қазақ халқының дарынды ақыны Махамбет Өтемiсұлы поэзиясындағы фольклорлық дәстүр мәселесi сөз болады. Ақынның шығармашылығының құндылығы, жаңашылдығы сараланды. Махамбет поэзиясының дәстүрi тереңде екендiгi, оның шығармашылығы жыраулар поэзиясымен үндестiгi жан-жақты зерттелдi. Ақын творчествосындағы тарихилық мәселесi арнайы сөз етiлдi.
Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан атақты қазақ батырлары
Автор(ы): Каренов Р. С.*
Объем документа: С. 66-77
МРНТИ: 03.20*
Ключевые слова: народный батыр*военная колонизация*
Реферат: Кенесары ханның басшылық етуiмен 1837-1847 жылдары жүргiзiлген ұлт-азаттық қозғалысының негiзгi мақсаты Абылай хан тұсындағы аумақтық тұрақтылықты қалпына келтiру болып табылатындығы айтылған. Кенесары Қасымовқа қазақтың үш жүзi руларының едәуiр бөлiгiн өз туы астында бiрiктiре алғандығына көңiл бөлiнген. Оның жасақтарының текшiлдерi арасында атақты халық батырлары болғандығы көрсетiлген. Қазақ жерлерiн әскери отарлауға, Қоқан бектерiнiң озбырлығына қарсы жүргiзiлген жаппай күрестiң ұлт-азаттық сипат алғандығы туралы қорытынды жасалған.
Төлен Әбдiкұлының прозасындағы адам және қоғам мәселесi
Автор(ы): Жұмагелдин Ж. Ш.*
Объем документа: С. 77-83
МРНТИ: 17.82.30*
Ключевые слова: прозаическое произведение*философская точка зрения*
Реферат: Мақалада Т.Әбдiкұлының прозалық шығармалары зерттелдi. Жазушының қаламгерлiк шеберлiгi өмiрдiң шынайы жағдаяттарын бере бiлуiмен ерекшелiнедi. Ол өмiрдiң шынайы болмысын философиялық тұрғыда қарастырды. Автор Т.Әбдiкұлының прозалық шығармаларында қазақ халқының тағдыры қалай көрiнетiндiгi тақырыптық-проблемалық тұрғыда, өзектiлiгiн бейнеледi. Сондай-ақ қаламгердiң суреткерлiк шеберлiгi, прозалық шығармаларындағы образдар жүйесi, кейiпкерлерiнiң iшкi жан дүниесi, адамның қоғамдағы алар орны психологиялық аспектiде талданды.
Реферат: The tendencies of development the society which demands new approaches and development of solutions necessary for carrying out the integrated actions in multilingualism problems for receiving bigger effect in knowledge of foreign languages are considered in this article. It is necessary to intergrate academic experience with innovative methods of research to create a model formation of communicative competence in continuing education and thats why the relevance of the study to justify the need to improve the quality of education in polylinguism, creat an effective model in linguistic and speech phenomena are determined multilanguage situations and specific proffessional communicative roles.
Көркем фантастика мәтiндерiнiң лексикасы А.-Х. Ф. Мархабаевтың Жұлдыздар жарығы жерге жетедi романы бойынша
Реферат: Қазақ көркем фантастикасы мәтiндерiнiң вербалды қабатындағы лексика арнайы қарастыруды қажет етедi. Ондағы жалпыхалықтық лексика, арнаулы лексика, квазитерминдер, түрлi кәсiби сөздер, неологизмдер қаламгер суреттеп отырған қиялдағы дүниенi неғұрлым шынайы елестету, оқиғалар мен құбылыстарға қатысты ғылыми-фантастикалық немесе техникалық мәлiметтердi жеткiзу, автордың концептуалды ойын жеткiзуге қажеттi реалияларды нақтылау, сипаттау, таныстыру мақсатында қолданылады. Фантастика мәтiндерiнде кездесетiн авторлық неологизмдердi ғылыми әдебиетте түрлiше атайды. Қарастырылып отырған мәтiндегi авторлық қолданыстарды квазитерминдер деп атауға болады, алайда олардың поэтикалық окказионализмдер қатарына жатқызыла алмайтынын да айта кеткен дұрыс. Квазитерминдер қазақ тiлiнiң аналитикалық сөзжасам тәсiлiмен жасалып, түрлi квазиреалияларды атау үшiн қолданылған.
Терминологиялық лексиканың бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылу ерекшелiктерi
Автор(ы): Рапишева Ж. Д.*Жүнiсова М. Қ.*Сейдахметова З. Қ.*Кишенова А. Ю.*
Реферат: Мақалада жаңа қолданыстар мен терминдердiң бұқаралық ақпарат құралдарында БАҚ, оның iшiнде баспасөз беттерiнде қолданылу ерекшелiктерi қарастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында жиi қолданылатын терминдер мен кiрме сөздер, жаңа қолданыстар талданды. Терминдердiң қалыптасып, нормалануы, бiр жүйеге түсiп, қалыптануы кодификация тұрақты қолданылып, дамуына БАҚ-тың тигiзетiн әсер-ықпалы нақты тiлдiк деректермен дәлелденген. Авторлар БАҚ-тың қазақ тiлiнiң терминологиясын қалыптастырып, дамытудағы орны, терминдердi нормаландырып, тұрақтандырудағы қызметi ерекше, ал мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтуде ұлттық терминологияны реттеудiң, жүйелеу мен дамытудың маңызы зор деген қорытынды жасады.
Техникалық терминологиядағы омоним-терминдер және олардың қолданыс ерекшелiктерi
Реферат: Мақала техникалық терминология және олардың қолданылу ерекшелiктерi мәселелерiне арналған. Тiл бiлiмiнiң бiр саласы ретiнде терминологияда да осы ғылымға тән ерекшелiктердiң бәрi кездеседi. Сонымен бiрге терминология өз iшiнде тiл бiлiмiнiң барлық заңдылықтарын дерлiк қолданады. Осындай заңдылықтардың бiрi болып табылатын омонимия құбылысы термин саласына да тән. Терминологиядағы омонимдер салааралық және жүйеаралық деп бөлiнiп, жалпы қолданыстағы дәл осылай дыбысталатын сөздерден ерекшеленедi. Терминологиядағы омонимдер түрлi мағынаға ие болуымен қатар, түрлi терминологиялық жүйеде қолданылуы керек. Автор техника саласындағы омоним-терминдерге талдау жасап, аударма оқулықтардағы олардың қолданысына тоқталды.
Реферат: Мақалада белгiлi ғалым Қ. Өмiрәлиевтiң XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тiлi, Қазақ поэзиясының жанры мен стилi атты еңбектерi қазақ әдебиетiнiң iрi өкiлдерi Бұқар, Дулат шығармаларымен қатар, күрескер ақын Махамбет поэзиясының тiлiн, жанрын, стилiн жан-жақты зерттеп, ғылыми негiзде талдап көрсетуге арналған еңбек екенi жан-жақты дәлелденiп, жүйелi түрде берiлген. Автор Махамбет поэзиясын өзiне дейiнгi дәуiрдегi поэзия үлгiлерiмен салыстыра келе, ақын шығармаларында ауыз әдебиетiнiң ықпал-әсерi аз болмағанын атап көрсеттi. әсiресе ақынның Соғыс, Мiнкен ер өлеңдерiнiң эпостық жыр үлгiсiне өте жақын келетiнiне ерекше назар аударады. Ақын өлендерiнде жиi кездесетiн жер-су атауларының тек географиялық ұғым ретiнде ғана емес, ел қонысы, халық мекенi ретiнде алынғандығы айтылады. Автор Махамбет поэзиясында кездесетiн араб, парсы сөздерiне қатысты өз ойын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ ақын поэзиясында стильдiк-тiлдiк тәсiл ретiнде жұмсалатын формалар жүйесi жан-жақты талданған.