Реферат: Изучено характер загрязнения урбанизированных территорий стойкими неорганическими веществами и наиболее распространенными поллютантами. Гигиенический анализ данных о загрязнении урбанизированных территорий, химический анализ почвы изучена методом атомно-эмиссионной хроматографии. Отобрано 84 пробы почвы и 16 проб седиментированной пыли для анализа на элементный состав. Из них 26 проб почвы отобрано в пригородных территориях г. Темиртау, 68 проб в черте г. Темиртау. На основании анализа показателей, характеризующих индекс токсичности, были рассчитаны ориентировочные допустимые концентрации токсичных химических элементов, присутствующих в почве и городской пыли. Установлена методологическая целесообразность проведения сопоставление уровня отдельных химических элементов в седиментированной пыли с уровнем этих элементов на фильтрах с использованием высокоскоростных аспираторов; сопоставление уровня седиментации в различные сезоны года. Загрязнение почвы вне города характеризовалось тем, что наиболее вариабельными показателями было содержание свинца, никеля, бериллия и цинка. Колебания содержания других элементов колебалось в меньших пределах.
Химия өндірісіндегі жұмыскерлердің тыныс алу органдарының клиникалық-функционалдық жағдайы
Автор(ы): Тусупбекова Г. А.*Рахметова А. М.*Шорин С. С.*Атанбаева Г. К.*Уршеева Б. И.*
Реферат: Жүргізілген клиникалық-функционалдық зерттеу кешені өндіріс жұмысшыларының тыныс алу органдарының функционалдық жағдайларын анықтауға мүмкіндік берді. Эндоскопиялық зертеу кезінде бірінші және екінші топтағы жұмыскерлердің бронхтарының шырышты қабатынан патологиялық өзгерістер анықталмады. Тексерілген жұмыскерлердің тек 20,9% ғана бастапқы катаракталды эндобронхиттің белгілері білінді. Бронхит алды ауруы бүкіл бронхиалды ағаш бойына ауа ағымыныңкөлемдік жылдамдығы көрсеткіштерінің біліне қоймаған төмендеуімен, клиникалық белгілердіңбайқалмауымен, 20,9% жағдайларда шектеулі катаралды эндобронхиттің пайда болуымен сипатталады. Созылмалы бронхитте бронхиалды өтпеліліктің генералды бұзылуы орын алады және ОФВ131%-ға төмендейді, эндоскопиялық тұрғыдан - екі жақты диффузды атрофиялық эндобронхит (69,3%) бейнесі басым түседі.
Особенности жизненных форм и структура популяций некоторых видов высокогорья хребта Кетмен
Реферат: Изучено особенности жизненных форм и структура популяций некоторых видов высокогорья хребта Кетмен. Охарактеризованы возрастные состояния изучаемых травянистых многолетников. На основе строения и функционирования подземных органов у изучаемых видов, которые произрастающие в субальпийском и лесном поясе хребта Кетмен, выявлено 6 основных типов корневых систем: стержневые (Aquilegia atrovinosa, Potentilla pamiroalaica, Phlomoides oreophila), стержне - мочковатые (Anemone obtusiloba, Geranium syl┐vaticum), мочковатые (Alchemilla sibirica), короткокорневищно-мочковатые (Delphinium iliense, Anemone protracta, Geranium saxatile, Cortusa brotherii, Doronicum turkestanicum), клубнекорневые (Paeonia anomala), утолщено-клубне-корневищно-мочковатые (Delphinium biternatum). В ходе онтогенеза в зависимости от местообитаний и эдафических факторов меняется форма листовой пластинки и тип корневой системы Anemone obtusiloba и Alchemilla sibirica.
Әртүрлі табиғи жағдайдағы Alchemilla sibirica zam. өсімдігінің тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшелігі
Реферат: Alchemilla sibirica Zam.өсімдігінің жастық кезеңдері зерттеліп, аталған түрдің әртүрлі табиғи жағдайдағы тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшелігі анықталды. Имматурлық жастық кезеңнің соңына қарай өсімдіктердің бірнеше түрлерінде бастапқы тіршілік формалары қалыптаса бастайды. Онтогенез процесі барысында пайда болатын әртүрлі тіршілік формалары өсімдіктің түрлік ерекшелігіне тәуелді болғанымен, олардың даму дәрежесіне сыртқы орта жағдайы да әсерін тигізеді. Жеке даму кезінде кейбір түрлердің тамыр жүйесінің құрылымы (Alchemilla sibirica) мен олардың топырақ қабатында орналасуы тіршілік ету ортасы мен эдафикалық факторлардың әсерінен өзгеріп отырады. Зерттеулер нәтижесі сондай-ақ өсімдіктің тамыр жүйесі өзгеріп қана қоймай, жерүсті өркендерінің де мөлшері белдеу биіктігіне сай ұлғая түсетіндігін көрсетті.
Жануарлардың биохимиялық және гематологиялық қан көрсеткіштеріне мұнай өнімдерінің әсерін зерттеу
Автор(ы): Үсіпбек Б. А.*Досымбетова М. И.*Аблайханова Н. Т.*Какимова А. Б.*
Реферат: Экологиялық дағдарыс зонасы жағдайларында тұрақты өмір сүріп жатқан адамдар мен жануарлар организмнің гомеостазын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын негізгі мүшелер мен мүшелер жүйесінде тіпті патологиялық ауытқуларға дейін баратын функционалдық өзгерістер анықталған. Мұнай, жануарлардың ағзасына түскеннен кейін асқазанішек жолынан қан кетуді, бауыр интоксикациясын, бүйрек қызметінің жетіспеушілігін және қан қысымының бұзылыстарын тудыруы мүмкін. Шикі мұнайдың суда, әсіресе теңізді мекен ететін организмдерге улы әсерін зерттеуге бағытталған шолу жұмыстары көп. Мұнай және мұнай өнімдерінің әртүрлі компоненттерінің ұсақ сүтқоректілер организміне физиологиялық әсері туралы зертханалық жағдайда жүргізілген тәжірибелер туралы деректер ХIХ ғасырдың соңынан белгілі. Алғаш рет ақ егеуқұйрықтардың организміне Теңіз мұнай кен орнынан алынған шикі мұнаймен әсер еткендегі қанның сандық және сапалық, биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар мұнаймен ластану кезіндегі наноэнтеросорбенттің коррекциялық қасиеттері зерттелді. Тиімділігі жоғары көміртекті наноқұрылымды наноэнтеросорбент организмнің гомеостазын коррекциялау және қайта қалпына келтіре алатын қабілеті бар екендігі көрсетілген.
Оценка влияния фунгицида на состояние мембран эритроцитов
Автор(ы): Утегалиева Р. С.*Шаменов Д. Ж.*Шатилова Х. А.*Аралбаева А. Н.*Мурзахметова М. К.*
Реферат: Статья посвящена исследованию механизма действия фунгицида на состояние мембран эритроцитов в условиях in vitro и in vivo. Экспериментально доказано, что фунгицид оказывает неблагоприятное действие на мембраны красных кровяных клеток. В ходе проведенной работы выявлено, что фунгицид не оказывает существенного влияния на осмотическую резистентность мембран при концентрациях до 500 мкг в условиях in vitro, дальнейшее повышение концентрации привело к резкому повышению повреждающего эффекта токсиканта. Данные полученные при действии пестицида в условиях in vivo оказалось строго дозозависимым. Результаты экспериментов показали, что возможным механизмом повреждения мембраны эритроцитов явилось нарушение избирательной проницаемости мембраны, вследствие чего снизилась резистентность клетки к осмотическому шоку.
Альфа-липой қышқылының егеуқұйрықтардың қан көрсеткіштеріне әсерін анықтау
Автор(ы): Шайхымбекова Р. М.*Аблайханова Н. Т.*Колбай И. С.*
Реферат: Қазіргі таңда альфа-липой қышқылының антигипоксиялық және қабынуға қарсы әсер ететіндігі, қант жүктемесіне толеранттылықты жоғарылататын қасиеттерге ие екендігі дәлелденген. Егеуқұйрықтарға жүргізген зерттеулерде диета құрамына ?-липой қышқылын енгізу холестеринмен жүрек-қантамырлар жүйесі ауруларының қауіп факторы болып табылатын қан құрамындағы триглицеридтердің деңгейінің айтарлықтай төмендететінін көрсетті. Альфа-липой қышқылы кейбір өнімдер құрамында болады, және өте күшті антиоксидант бола отырып жасушадағы митохондриялық бұзылыстарды тежеу қабілетінің және қартаю процестерін баяулатуы мүмкін деген болжамның арқасында белсенді ғылыми қызығушылық тудыруда. Пирожүзім және альфа-кетоқышқылдарды қышқылдық декорбаксилациялаудың коферменті болып табыла отырып, Альфа-липой қышқылы энергетикалық, көмірсулық және липидтік алмасуларды қалпына келтіреді, холестерин метаболизмін реттейді. Липой қышқылы Еуропада диабеттің нейропатиялық асқынуларын емдеуге қолданады.
Мембрананың стресс әсеріне төзімділігін бірлескен гипоксия мен гиперкапниялық жаттығулар арқылы арттыру
Автор(ы): Шайхынбекова Р. М.*Рослякова Е. М.*Байболатова Л. М.*
Реферат: Бірлескен гипоксия мен гиперкапниялық жаттығулар көмегімен мембрананың иммобилизациялық стресс әсеріне төзімділігін жоғарылату мәселелерi зерттелді. Гипотоникалық ерiтiндiлерiндегi эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгi анықталды. Сутегiнiң асқын тотығы ерiтiндiлерiндегi бақылау және тәжiрибелiк топтардың гемолиз деңгейлерi қарастырылды. Зерттеу нәтижелерiнен дене қимылын шектеу организм үшiн қатаң стресс факторы болып табылып, зақымдаушы әрекет көрсетедi, ал 30 күн бойы жаттыққан жануарлар организімінің функционалды мүмкiншiлiгi артып, стресс әсеріне эритроциттердің осмостық және асқын тотығу төзімділігі жоғарылады.
Әртүрлі табиғи субстраттардан ашытқыларды бөліп алу және идентификациялау
Автор(ы): Шерубаева Г. С.*Уалиева П. С.*Жакипбекова А. С.*Абдиева Г. Ж.*Акимбеков Н. Ш.*
Реферат: Зерттеу жұмысында ашытқы дақылдарын бөліп алу үшін дәстүрлі микробиологиялық әдістер және әртүрлі табиғи субстраттар (кептірілген жемістер, алма және алмұрт ағашының гүлдері және жапырақтары, бидай дәндері, сүт өнімдері) қолданылды. Әртүрлі табиғи субстраттардан ашытқы дақылдары бөлініп алынып, олардың ішінен белсенді штамдары іріктелінді. Зерттеу объектілері ретінде үй ірімшігі, айран және мейізден бөлініп алынған ашытқы штамдары таңдап алынды. Iріктелініп алынған ашытқы штамдары морфо-дақылдық, физиология-биохимиялық қасиеттерін зерттеу және ПТР-анализі мәліметтері нәтижесі бойынша түрге дейін идентификацияланды. Идентификацияланған ашытқы дақылдарының штамдары мынадай түрлерге жатқызылды: A1 штамы - Yarrowia lipolytica, И1 штамы - Cryptococcus uzbekistanensis, TD1 штамы - Pichia fermentans, TD6 штамы - Candida inconspicua, TD7 штамы - Kluyveromyces marxianus.
Биология пәнін (6-11 сыныптар) оқыту үрдісінде экологиялық ұғымдарды қалыптастырудың оқу-әдістемелік жүйесі (жаңа буын оқулықтары тәжірибесі негізінде)
Реферат: Бұл мақалада, болашақ мамандарға биологиялық білім беруде экологиялық ұғымдармен түсініктердің қаншалықты қажеттігін, рөлін, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан баға беру міндетін алға қойдық. Ол үшін 6-11 сыныптар аралығын жаңа буын биология оқулықтарының мәтініне талдау жасалынды. Нәтижесінде, биология пәнінің мазмұнында экологиялық ұғымдар мен түсініктер биожүйелік бағыттағы жасушалық, организмдік, түр-популяциялық, биогеоцинетикалық, биосфералық және табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастарды қамтитыны анықталды. Биология оқулығындағы экологиялық ұғымдардың биологиялық білім берудегі пәнаралық байланысын, практикалық маңызын, биология және экология ғылымдарының түйісіндегі үйлесімділік қағидасының ғылыми - әдістемелік тұрғыдан сақталу негіздері қарастырылды.