Реферат: Уровень тиреотропного гормона является наиболее чувствительным маркером уровня продукции тиреоидных гормонов при заболевании щитовидной железы. Первичный врожденный гипотиреоз - врожденная недостаточность тиреоидных гормонов, являющаяся следствием недоразвития щитовидной железы или нарушения выработки ею биологически активных продуктов. Заболевание имеет высокую частоту в различных популяциях, в среднем 1:4000 новорожденных. В2014 г. обследовано 20813 новорожденных в городе Алматы, выявлено 2 случая этого заболевания. Частота первичного врожденного гипотиреоза составила 1:10406 новорожденных. Уровень тиреотропина у новорожденных является маркером йодного дефицита, а неонатальный скрининг на врожденный гипотиреоз может использоваться для мониторинга массовых программ йодной профилактики.
Психоэмоциялық стресс кезіндегі егеуқұйрықтардың сүт безі микросомасындағы липидті асқын тотық белсенділігін анықтау
Автор(ы): Нөкербек М.*Сейдалиева Н. М.*Аблайханова Н. Т.*Уршеева Б. И.*Сатыбалдиева Г. К.*
Объем документа: С. 428-432
МРНТИ: 34.39*
Ключевые слова: супероксиддисмутаза*антиоксидантная система*эмоциональный стресс*активные формы кислорода*малоновый диальдегид*
Реферат: Зерттеу жұмысында репродукцияның әр түрлі кезеңдеріндегі егеуқұйрықтардың сүт безінің секреторлы клетка мембраналарының төзімділігі мен антиоксиданттық жүйесіне эмоциялық стрестің әсері анықталынды. Жұмыста маммо-және лактогенез кезеңдеріндегі егеуқұйрықтардың сүт безінің секреторлы клетка мембраналарының төзімділігіне эмоциялық стрестің әсері, буаздық пен лактация кезеңдерінде жануарлардың қанындағы Е және С витаминдерінің мөлшеріне эмоциялық стрестің әсері, сонымен қатар, буаз және сүт түзуші егеуқұйрықтарда антитоксиданттық фермент - супероксиддисмутаза белсенділігіне эмоциялық стрестің әсері қарастырылды. Алынған нәтижелер эмоциялық стресс әсері кезіндегі жүкті және сүт түзуші организм төзімділігінің өзгерістері жайлы теорияны толықтырды. Зерттеу нәтижелері бойынша эмоциялық стресс кезіндегі бейімделу үдерістерінің бұзылу тетіктерін тереңірек ашып түсіндіруге болатыны айқындалды.
Тыныштық кезінде және физикалық жүктемеден кейін студенттердің өкпесінің функционалдық жағдайын зерттеу
Автор(ы): Охас I. М.*Мұхитдинова Г. П.*Сраилова Г. Т.*
Реферат: Жоғарғы оқу орнында оқитын студенттердің айрықша әлеуметтік мәртебесі, оқу барысының төл шарттары, тұрмысы және өмір салты оларды барлық басқа санаттағы халықтан ажыратады және осы топты әлеуметтік тұрғыдан қоғамдық өмірдің теріс факторларларының әсеріне бейім етеді. Сыртқы тыныс алу және қан айналу жүйесінің жағдайы организмнің функционалдық мүмкіншіліктерін анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Физикалық жүктеменің респираторлы жүйеге әсері ерте кезден бері өзекті мәселе болғанына қарамастан, қазіргі таңда көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Студенттердің қалыпты жағдайдағы тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайы зерттелді. Жүргізілген зерттеулер бойынша, студенттерде қалыпты жағдайда және физикалық жүктемеден кейін тыныс алу жүйесінің физиологиялық көрсеткіштерінде айырмашылық байқалды. Зерттеу нәтижесінде байқағанымыздай, тәжірибеге қатысқан барлық студенттердің функционалдық күйінің деңгейі қалыпты адаптацияға сай болды. Берілген жүктемеге сәйкес өкпе вентиляциясы және оттегіні пайдалануы арта түсті.
Мырыш тұзының әсері ауылшаруашылық малдары қанының құрамындағы аммиак,мочевинаның мөлшері мен қызметінің өзгерістері
Автор(ы): Парманбекова М. Х.*Койбасова Л. У.*Кырбасова Э. А.*
Реферат: Бұл зерттеу жұмысында ауыл шаруашылық малының ағзасының ауыр металл тұздарымен улануы кезіндегі қан мен өт қызметтерінің өзгерістерін зерттеу және пайда болған өзгерістерді биологиялық белсенді заттар (тагансорбент) көмегімен улану дәрежесін төмендету жолдары берілген. Сонымен бірге қойларға жүргізілген созылмалы тәжірибе нәтижесінде жануарларға перроральды мырыш күкіртқышқылы тұзын енгізгенде қолқа венадағы аммиак концентрациясы жоғарылап, ал қақпа венада 2 есе артатыны анықталды. Жануарлардың азығына тагансорбент қосқанда аммиактың концентрациясы төмен болды.
Macrosporium commune Rabenh. және Fusarium martii Appel&Wollenw. түрлерінің көкөністерді зақымдау ерекшеліктері
Автор(ы): Салыбекова Н. Н.*Қожантаева Ж. Ж.*Басым Е.*Абдрасулова Ж. Т.*Бабаева Г. А.*
Объем документа: С. 443-452
МРНТИ: 34.29.15*
Ключевые слова: поражения овощных культур*конидия*грибы*
Реферат: Мақалада Licopersicon esculentum Mill. және Capsicum annuum L. өсімдіктерінен бөлініп алынған Macrosporium commune Rabenh., Fu┐sarium martii Appel&Wollenw. конидияларының көкөніс дақылдарын зардаптау ерекшеліктері зерттелген. Өскіндерден бөлініп алынған сабағын, жапырағын, өскіндердің жерасты вегетативті мүшелерін, өскіндердің өсіп тұрған вегетативті мүшелерін саңырауқұлақ екпелері мен түрлерінің зардапталу деңгейі нәтижелері келтірілген. Ол үшін саңырауқұлақтардың таза дақылдық екпелері алынды. Саңырауқұлақ түрлерінің биологиялық және дақылдық морфологиялық ерекшеліктерінің зерттеу нәтижелері көрсетілген. Эксперименталдық зерттеу нәтижесінде морфологиялық критерийлері анықталды (конидия өлшемі, көлденең перде саны, конидия түзу ерекшелігі). Инокулюм ретінде Macrosporium commune Rabenh. және Fusarium martii Appel&Wollenw. саңырауқұлақтарының жеті күндік таза дақылдары пайдаланылды. Көкөніс дақылдары сұрыптарының зақымдану деңгейі мен түзілген конидиялар өлшемі зерттелді.
Tемекі түтінінің егеуқұйрық өкпесінің құрылымына әсері
Автор(ы): Сапаров Қ. Ә.*Ашимбай Б. М.*Сатыбалдиева Г. Б.*Мұратбайқызы А.*Зұлхаш Д. Б.*
Реферат: Бұл мақалада егеуқұйрықтардың ауа жолдарымен тыныс бөліміне темекі түтінінің әртүрлі дозаларын жібергеннен кейінгі олардың құрылысындағы морфологиялық өзгерістер анықталған. Өкпе қан тамырларында толық қандылық байқалды. Бұл жұмыста 2 сағаттан 30 күн бойы әртүрлі доза берілген 3 топтағы егеуқұйрықтардың өкпелерiнiң үлгiлерi зерттеген. Бiрiншi топтағы 10 егеуқұйрық қалыпты жағдайда ұсталды. Басқа топтағы егеуқұйрықтар күнiне 15 және 30 сигареттердiң түтiнiн қабылдады. Тәжрибелер қортындысы бойынша егеуқұйрықтардың морфологиясындағы өзгерicтер байқалды. Зерттеу барысынды гистологиялық және элетронды микроскопия тәсiлдерi қолданылды.Темекі түтінінің жоғары дозасында эксперементтегі жануарлардың трахеясының цилиндр пішінді эпителийінің талшықты және бокал тәрізді клеткаларында диструктивті өзгерістер байқалды. Өкпе құрылымының морфологиялық өзгерістері зерттелді.
Изучение жирнокислотного состава штаммов цианобактерий, выделенных из экстремальных источников, для получения биодизеля
Автор(ы): Сарсекеева Ф. К.*Заядан Б. К.*Усербаева А. А.*Ботымбаева А.*Есбосын К.*
Реферат: В данной работе было изучено общее количество липидов и состав жирных кислот штаммов цианобактерий Synechococcus elon┐gatus sp Is-2, Cyanobacterium stanieri sp Is-6, Cyanobacterium aponinum sp T-1 и Cyanobacterium stanieri sp B-1, выделенных из экстремальных источников, таких как холодное озеро Иссык, горячий источник Тургень и соленное озеро Балхаш. Данные штаммы имеют достаточно простой состав жирных кислот и содержат равные количества насыщенных и ненасыщенных жирных кислот. Штаммы Cyanobacterium aponinum sp T-1 и Cyanobacterium stanieri sp B-1 содержат до 30% миристиновой кислоты, что является обычно высоким для цианобактерий. Влияние температур на состав и количество жирных кислот было незначительным.
Егеуқұйрықтардың бас миы ишемия-реперфузиясы кезіндегі гематологиялық көрсеткіштерін зерттеу
Автор(ы): Сейдалиева Н. М.*Аблайханова Н. Т.*Абдрешов С. Н.*Тусупбекова Г. А.*Нөкербек М.*
Объем документа: С. 466-471
МРНТИ: 76.29.33*
Ключевые слова: ишемия-реперфузия головного мозга*лимфа*биохимические показатели*реологические показатели*
Реферат: Жануарлардың ұйқы артериясы окклюзиясы арқылы бас миы ишемия-реперфузия кезіндегі мүшелік лимфаайналымының қорғаныштық-компенсаторлық қызметін және қанның реологиялық көрсеткіштері бойынша зерттелді. Жануарларда (иттер мен егеуқұйрықтар) бас миы ишемия-реперфузиясы кезіндегі лимфа мен қанның биохимиялық көрсеткіштері, сонымен қатар, жануарлардың бас миы ишемия-реперфузия кезіндегі лимфа мен қанның реологиялық көрсеткіштері анықталды. Алғаш рет жануарларда бас миы ишемия-реперфузия кезінде лимфа мен қанның реологиялық қасиеттері және лимфа ағысы зерттелді. Лимфа ағысының төмендеуі, жалпы белоктың төмендеуі, АлАТ пен АсАТ ферменттерінің белсенділігінің артуы, соған сәйкес қан мен лимфаның ұю жылдамдығының артуы, тұтқырлықтың төмендеуі организмде оттегі тапшылығының болғандығын көрсетеді және лимфа жүйесінің тасымалдау қызметінің төмендегені байқалды. Алынған мәліметтер бойынша бас миы ишемия-реперфузия кезінде лимфа жүйесінің тасымалдау, компенсаторлық және бейімделу реакцияларына қатысуы және лимфа жүйесі физиологиясынада алатын орны жоғары.
9-11 жастағы оқушылардың есте сақтау типтерін және ақыл-ой дамуының деңгейін Э.Ф. Замбацявичен ұсынған әдіс бойынша зерттеу
Автор(ы): Скендирова А. Б.*Сраилова Г. Т.*Әскербай Г. Е.*
Объем документа: С. 472-477
МРНТИ: 34.39*
Ключевые слова: умственная работоспособность*показатели типов памяти*физиолого-гигиенические показатели*
Реферат: Ақыл-ой қабілеті ақпаратты қабылдап және оны есте сақталған ақпаратпен салыстыра отырып, өңдейді. Сонымен қатар ақыл ой қабілеті арқылы алға белгілі бір мақсат қоя отырып, ақпараттарды түрлендіру арқылы, мәселелерді анықтап, оның шешу жолдарын іздейді. Ақыл ой қабілеті сөйлеу қабілетімен тығыз байланысты. Себебі, адам жеке заттар, құбылыстар және тірі ағзалармен ғана емес, оларды айқындайтын белгілер мен түсініктермен байланыста болады. Ақыл ой қабілетіне ойлау және эмоциялық бөлімдер кіреді. Ойлау адамның интеллектуалдық қабілеттерімен тығыз байланыста болып, назар аударуды және қабылдайды талап етеді. Ойлау - адамның белгілі бір уақыт аралығында максимальды ақпаратты өңдей алу және қабылдай алу қасиеті. Ақыл-ой деңгейі бірнеше факторлармен анықталады: жеке-типологиялық ерекшеліктер, денсаулық күйі мен деңгейі, мотивация, көңіл-күй.
Атмосфералық ауаның ластануындағы фагоцитарлық жүйе клеткаларының функционалдық ерекшелігі
Автор(ы): Спанова М. Р.*Тусупбекова Г. А.*Төлеуханов С. Т.*Аблайханова Н. Т.*Кульмаханбетова Т. Қ.*
Реферат: Мақалада қоршаған ортаның қолайсыз факторлармен тікелей әрекеттесетін фагоцитарлық жүйе клеткаларының құрылымдық және қызметтік өзгерістері бойынша жүргізілген ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізілген. Соңғы онжылдық кезеңдегі ірі қалалардағы атмосфералық ауаның ластануының үрдісі талқыланған. Қолайсыз факторлардың әсерінде фагоцитарлық жүйе клеткаларының цитоморфологиясын және цитохимиясын зерттеу фагоцитарлық жүйе клеткаларының құрылымдық-қызметтік өзгерулерін бағалауға және болжауға мүмкіндік береді. Бізге қолжетімді әдебиеттер бойынша қоршаған ортаның қолайсыз факторлар әсерінде фагоцитарлық жүйе клеткаларының цитоморфологиялық және цитохимиялық өзгерулері бойынша мәліметтерді кездестіре алмадық. Сондықтан эксперименттік жануарларда қоршаған ортаның қолайсыз факторларының, ашып айтқанда шаңның әсерінде фагоцитарлық жүйе клеткаларының цитоморфологиялық және цитохимиялық өзгерулерін зерттеуге негіз болады.