Реферат: Жұмыста үй жағдайында жасалынған қаймақ өнімінің және түрлі сүт сарысуларының органолептикалық қасиеттеріне сипаттама берілді. Сүт сарысуынын негізінде сусындар алу үшін микроорганизмдерді элективті орталарда бағалы өңдірістік қасиеттеріне негізделіп іріктеу жүргізілді. Сүтқышқылды бактерияларды борлы MRS ортасында әктің гидролизі және белсенді қышқыл түзу дәрежесі бойынша 3 штамы, лактозаыдыратушы ашытқыларды лактозалы Ридер ортасында өсу жылдамдығы (7 сағат аралық) бойынша 2 штамы іріктелініп алынды. Зертханалық жағдайда алынған үш түрлі сүт сарысуларының органолептикалық және қышқылдық қасиеттері бойынша айран сарысуы таңдалып алынды. Белсенді 5 монодақылдардан 4 лактозаыдыратушы микроб ассоциациялары құрастырылып ұйытқылар жасалынды. Айран сүт сарысуы негізінде алынған сусын оңтайлы органолептикалық қасиеттері бойынша C1:M3 және С1:M2 аралас ашытқы және сүтқышқылды дақылдары негізінде жасалынған ұйытқылар арқылы алынды.
Алтын байыту кәсіпорынның өзіндік тазалау қабілетінің деңгейі
Автор(ы): Қайырманова Г. Қ.*Уразбекова Г. Е.*Таутаева А. Қ.*Ахсамбаева А. Н.*
Реферат: Жұмыста алтын байыту фабрикасының өндірістік сұйық қалдықтарын <өзіндік тазалану> қабілетін зерттей отырып, химиялық және микробиологиялық сандық көрсеткіштеріне сипаттама берілген. Алтын байыту фабрикасының сорбция жинақтаушысы, флотация жинақтаушысы, ескі жинақтаушысы су сынамалары пайдаланды. СЖ және ФЖ үлгілерінде қарастырылға12 көрсеткіштердің түгелге жуық көрсеткіштер мөлшері нормативтерден 2 есе жоғары, тек HCO3-, Ca2+, Mg2+ нормативтерге сай, бірақ, өндірістік қайта пайдаланатын, <өзіндік тазаланған> су ЕЖ үлгідегі 8 көрсеткіштері - нормативтерге сай, ал келесі 4 көрсеткіштері - SO42-, As2+, Cl-, HCO3-иондарының кездесуі көп мөлшерде екендігі анықталынды. ФЖ және ЕЖ суларының микробиологиялық бағалауы бойынша сандық құрамы жағынан қанағаттандырлық жағдайда және су экожүйесінің өзіндік тазалауына қабілетті екені анықталынды. Ластанған өндірістік ағынды сулардың <өзіндік тазалану> қабілеті солтүстік Қазақстанның климатының жылы мезгілінде (қыркүйек-маусым) қанағаттандырлықты, солай, өндірістік қалдық су жинақтағыштарда жалпы микроб саны 1х106 кл/мл астам кездеседі.
Мұнаймен уланған егеуқұйрықтар қанының гематологиялық көрсеткіштерін зерттеу және олардың наноэнтеросорбент Инго-2 арқылы коррекциясы
Автор(ы): Какимова А. Б.*Аблайханова Н. Т.*Үсіпбек Б. А.*
Реферат: Мақалада мұнайдың және энтеросорбенттердің жануарлар қанының гематологиялық көрсеткіштеріне әсерін зерттеудің нәтижелері жарияланған. Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатындағы тірі жүйелерге кері әсерін тигізеді. Пайдасы мен бірге мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу - барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар құрылысынан басталады. Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Шикі мұнай ұсақ сүтқоректілер организміне жануарлар үшін стресс фактор болып табылатын ластану теріс әсер ететіндігі анықталған. Энтеросорбенттерді организмді мұнайдың улы әсерінен тазартуға қолдану мұнай өнімдерінің организм гомеостазына теріс әсерін біршама тежейтіндігі көрсетілді.
Реферат: Жеке тұлғаны қалыптастыру саламатты, әлеуметті төзімді және мобильді, құбылмалы жағдайына бейімділігін, өзінің мүмкіндігін дұрыс іске асыра білетін мамандар дайындау қазіргі білім берудің басты мақсаты болып есептеледі. Сондықтанда заманауи білім берудегі гуманистік парадигма дамыта оқыту әдісін оқу үрдісіне жолға қоюға бағыттайды. Дамыта оқытудың ерекше мүмкіндігі оқушының танымдылық қабілетін дамытуға ұмтылдырады. Яғни үздік оқушы тек зерттеу объектісі емес, сол өзінің қойған мақсатына жетуге тырысушы зерттеуші, белсенді мүше ретінде, өзін қызықтырған сұрақтарына жауап іздеуші объект. Биoлoгия пәнінeн caбaқ жүргізу бaрыcындa, oқушылaрғa мәceлeлі жaғдaй туғызa oтырып, oлaрдың oйлaу қaбілeттілігін дaмыту әдіcтeрін қoлдaну. Биoлoгияны oқытудa мәceлeлі дaмытa oқыту тeхнoлoгияcын пaйдaлaнудың мүмкіндіктeрін нaқтылaу, oны пaйдaлaнудың тиімділігін дәлeлдeу. Мәceлeлі дaмытa oқыту әдіcін қoлдaнып өткeн тәжірибe cыныптың зeрттeу нәтижeлeрі, жoғaры көрceткіш көрceтті. Мәceлeлі дaмытa oқы ту әдіcін қoлдaнғaндa oқушылaрдың aлғырлыққa жәнe тaпқыр лыққa ынтacын aрттырaды.
Нано-және макрокеуекті негіздегі карбокерамикалық адсорбенттерді алу әдісін жасау
Автор(ы): Керимкулова М. Р.*Мансуров З. А.*Аблайханова Н. Т.*
Реферат: Кәсіпорындардағы ағынды сулар құрамында мұнай өнімдері, ауыр металдар иондары, көптеген әртүрлі химиялық қосылыстар болады. Зиянды заттар мен химиялық элементтер су қоймаларына түсіп, судың санитарлық жағдайын нашарлатады. Осыған байланысты суды ауыз су ретінде, шаруашылықта және кейбір өндірістік мақсатта қолданбастан бұрын, суды жан-жақты тазарту қажет. Қазіргі заманғы қолданыстағы технологиялық жүйелердің негізгі мәселесі: максималды тұйық циклды және минималды шығынды, экологиялық қауіпсіз технологияларды жетілдіруін жасап шығару. Жұмыс барысында Төңкеріс елді-мекенінің сазын фосфор қышылымен (5% H3PO4) активациялау мен 900-1200әС температурада күйдіру арқылы көміртекті-керамикалық сорбенттер алынды.Керамикалық сорбенттердің адсорбциялық қабілеттіліктері метилен көгі мен меншікті беттік ауданын, кеуектілігін <Сорбтометр-М> анализаторында анықталды. Көміртек керамикалық материал матрицасына күміс ионынын сорбциясын енгізіп, суды тазалауда фильтрлар алынды.
Взаимосвязь структурных особенностей растительных метаболитов семейства Polygonaceae Juss. и их антиоксидантного действия
Автор(ы): Корулькин Д. Ю.*Курбатова Н. В.*Музычкина Р. А.*
Реферат: В статье приводятся результаты изучения взаимосвязи структурных особенностей растительных флавоноидов (лейкоантоцианы, халконы, флавонолы, флавоны, флаваноны, катехины), выделенных авторами из растений семейства Polygonaceae Juss., и их прооксидантных и антиоксидантных свойств в гомогенных и гетерофазных системах. Выявлены наиболее важные для антирадикальной активности структурные элементы молекул флавоноидов в водных системах. Выявлены основные особенности флавоноидных метаболитов, способных быть эффективными веществами-<ловушками> свободных радикалов, способных эффективно тормозить перекисное окисление, в частности, процессы железоиндуцированного аскорбатзависимого окисления липидов в организме человека. На основе анализа экспериментальных данных предложен возможный механизм влияния межмолекулярных ковалентных, донорно-акцепторных и водородных связей в полифенольных комплексах на эффективность антиэйджинговых препаратов.
Тамшылатып суғару арқылы өсірілген соя өсімдігінің анатомиялық параметрлерінің өзгерістері
Автор(ы): Қурманбаева М. С.*Альмерекова Ш. С.*Абдукадирова Ж. А.*
Объем документа: С. 396-401
МРНТИ: 34.31*
Ключевые слова: соя*капельное орошение*
Реферат: Мақалада тамшылатып суғару арқылы өсірілген соя өсімдігінің өсіп дамуына су режимінің әсерін зерттеу нәтижесі берілген. Әртүрлі жағдайда өскен соя өсімдігі Glycine max L. Merr. сабағының анатомиялық құрылысы жарық микроскопы арқылы зерттелген және нәтижелеріне сандық талдау жасалған. Тамшылатып суғару арқылы өсірілген сояның анатомиялық құрылысын дәстүрлі жағдаймен өсірілген соя өсімдігімен салыстырмалы зерттеу жүргізілген. Анатомиялық көрсеткіштер тамшылатып суғаруға байланысты өзгергені анықталды. Морфометриялық өлшемдер талдауы бойынша дәстүрлі жағдайда өткізгіш шоқ ауданы үлкен болатындығы белгілі болды, бірақ тамшылатып суғаруда жеке ксилема түтіктерінің көлемі артатындығы нақты айқындалды. Тамшылатып суғару жағдайындағы соя сабағының эпидерма клеткалары, өткізгіш шоқтардың орташа саны, склеренхималық, паренхималық клеткаларының көлемі сияқты маңызды анатомиялық көрсеткіштері дәстүрлі жағдаймен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие болатындығы дәлелденген.
Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері қанының гематологиялық көрсеткіштеріне экологиялық факторлардың әсерін анықтау
Автор(ы): Мәдетбек А.*Бахтиярова Ш. Қ.*Аблайханова Н. Т.*Бадырай П.*Аймұратова А. Т.*
Реферат: Адамның тіршілік ету ортасындағы әртүрлі экологиялық айтулы өзгерістердің артуы халық денсаулығына әсер етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, химиялық заттар мен радиацияның жоғарғы деңгейі адамдағы аурулар санын арттыруда басты фактор болып табылуы мүмкін. Сондай-ақ, белгілі бір аурудың құрылымы табиғатқа, ең алдымен, климаттық жағдайға, экономикалық әрекеттердің түріне, атмосфералық ауадағы зиянды заттардың концентрациясына, ауыз су сапасына, топырақтың ластану деңгейіне, азықтық тағамдағы зиянды заттарға байланысты екендігі белгілі. Қатердің деңгейі халық арасындағы канцерогенді емес эффектілердің дамуының жоғары мүмкіндігі туралы айғақтайды. Соған байланысты Студенттердің арасында бауыр, орталық жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолдары, жүрек-қанайналым жүйесі ауруларының дамуы, қан аурулары мен тынысалу мүшелерінің патологиясының болдырмау жолдарын іздестіруде.
Изменение функционального состояния центральной нервной системы и зрительного анализатора у студентов в зависимости от состояния
Автор(ы): Махат Н. М.*Калдыкараева А. Т.*Бақтыбаева Л. Қ.*
Реферат: У студентов с нарушением зрения после работы за компьютером в конце занятия снижение показателей функционального состояния центральной нервной системы (интенсивности и точности, индивидуальных сдвигов УР) и зрительного анализатора (ПУ и БТА) проявлялось раньше и было более выражено, чем у студентов с нормальным зрением и в контрольных замерах без использования компьютера. Полученные данные исследования указывают на необходимость выделения при гигиеническом регламентировании работы студентов за компьютером группу студентов, имеющих нарушение зрения. Практическая значимость полученных результатов очевидна, поскольку знание особенностей формирования механизмов адаптации студентов к работе за компьютером приобретает значимость при использовании профилактических мероприятий, направленных на сохранение здоровья студентов.
Студенттердің қалыпты жағдайдағы және жүктемеден кейінгі жүрек-қан тамырлар жүйесінің функционалдық жағдайы
Автор(ы): Мұхитдинова Г. П.*Охас I. М.*Сраилова Г. Т.*
Реферат: Студенттерді семестр кезіндегі оқу материалдары көлемінің артуы және емтихан тапсыру мезгіліндегі түрлі эмоциональды уайымдар, гиподинамия, тамақтану және демалу режимінің бұзылуы және т.б. факторлар, оқу процесі кезінде олардың бейімделуін қиындатады және организмді қолайсыз жағдайға ұшыратады, яғни денсаулықтың нашарлауы, студенттердің ақыл-ой және физикалық еңбекке деген қабілеттіліктерін төмендетеді. Зерттеуде басты назар дене жүктемесін жекелеу тиімділігіндегі қан айналу жүйесінің бейімделу потенциалын бағалауға аударылады. Физикалық жүктеменің әсерінен студенттердің жүктемеге дейінгі және жүктемеден кейінгі көрсеткіштерін салыстыра зерттегенде жоғары болатыны анықталды. Студенттердегі жүректің жиырылу жиілігін, қанның систолалық артерия қысымы мен диастолалық артерия қысымының қалыпты жағдайындағы және физикалық жүктемеден кейінгі көрсеткіштерінің ерекшеліктері зерттелді.