Реферат: Ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектепте ақпараттық технологияны қолдану биологиялық құбылыстарды тереңірек зерделей отырып, үрдістерді сенімді түрде жүзеге асыруға, тәжірибелерді тезірек әлі дәлірек жүргізуге, оқушылардың танымдық қабілеттерін жақсартуға көмектеседі. Биология пәнін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы өткізе отырып мектеп оқушыларының психофизиологиялық көрсеткіштері: зейін аударуы және есте сақтау қабілеттері зерттелді. Биология пәнін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы өткізе отырып мектеп оқушыларының психофизиологиялық көрсеткіштерін (ойлау, есте сақтау, зейін, қабылдау, түйсік) дамыту мүмкін болады. Әр оқушының сабаққа зейін аударуы, мәліметті есте сақтауы, білім туралы ойлау қабілеті түрліше болады. Бұл оқушылардың жеке даму барысында психифизиологиялық күйлерінің қалыптасуына байланысты. Зерттеу барысында оқушылардың танымдық қабілеттері артып, зейін, есте сақтау көрсеткіштерінің жоғарылауы және қыздар мен ұлдар арасындағы танымдық көрсеткіштердің ерекшелігі байқалды.
Реферат: В статье рассмотрена проблема эффективного использования энергии, ожидаемый потенциал энергосбережения в сфере энергетики Казахстана. А также основные программные мероприятия энергоэффективности и энергосбережения в энергетике Республики. Сейчас ключевую роль для страны играет энергосбережение. Проблема разумного использование энергии является одной из наиболее острых проблем человечества. Современная экономика основана на использование энергетических ресурсов, запасы которых истощаются и не возобновляются. Современные способы производства энергии наносят непоправимые ущерб природе и человеку. Необходимо что-то делать уже сейчас для предотвращения экологической катастрофы. Эффективное использование энергии - ключ к успешному решению экологической проблемы.
Indicators of health and sport performance during training and hippodrome test mares using vazektomize stallions
Автор(ы): Julanova N. M.*Mautenbaev A. А.*Julanov M. N.*Elantsev A. B.*Koybagarov K. U.*
Реферат: This paper presents the results of research of mares during training and sports tests. A new method for of correction of the sexual cycle mares con┐tributing to improve the results of of training and hippodrome tests, as well as prevention of gynecological pathology. The method is based on the use of vazektomize stallions as a neuroseksual stimulus. During the experiment also the effect of vazektomize on bacterial contamination of the vagina had been investigated so as other characteristics of the reproductive func┐tion of mares. It was found that this method of sexual processes correction during of training and testing hippodrome positively affects both the ef-fectiveness of the test mares, and the safety of their reproductive function. Economic efficiency of the proposed method was high enough.
Арнаулы азықпен қоректендірілген сүйрік шабақтарының физиологиялық көрсеткіштеріне сипаттама
Автор(ы): Егізбаева А. Н.*Аймұратова Ә. Т.*Аблайханова Н. Т.*
Реферат: Қазақстанның ұлттық меншігінің бір бөлігін құрайтын бекіре тәрізді балықтар, әлем ихтияфаунасының көне тобы болып табылады. Олар құрылымдары бойынша бірегей белгілерге ие бола отырып, қоршаған орта жағдайының өзгерістеріне бейімделгіш болып келеді. Бекіре тұқымдас балық өнімдеріне деген сұраныстың жоғарылауын ескере отырып, қазіргі таңда шағын су қоймаларында, осы балық түрін өсіру көлемін кеңейту мәселесі балық шаруашылығының маңызды міндетіне айналған. Соңғы жылдары су ортасының сапасын, жемін және жем беру уақытын бақылай отырып және балықтардың физиологиялық жағдайын бақылауды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, денсаулық жағдайын түзете отырып, арнайы әдіске негізделген, индустриалды бекіре өсіру жұмысы даму үстінде. Балық ағзаларының түрлі ауруларға төтеп беру мәселесін, азық құрамына ауруларды қабылдауын төмендететін әртүрлі иммунотұрақтандырғыштар пайдалану арқылы шешуге болады.
Биология мамандығы студенттерінің экологиялық білім алуындағы құзыреттілік келісі
Реферат: Бұл мақалада Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар дүние жүзінде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен негізделген, құзыреттілік негізінде кәсіби білім берудің мазмұнын жаңғырту барысының бір мәселесі сипатталған. Ғаламдандыру, ақпараттандыру, ғылыми өндірістердің дамуы, мәдениаралық коммуникациялардың кеңею үдерістері мәдениеттің <білімдік> ұғымының білім беруде қолданылмайтын түріне әкеп соқтырады. <Қазіргі уақыттағы білім беру қандай болу керек> деген сұраққа жауап іздеуді мақсат ету білім беру тәжірибесінде жаңа келістердің концептуальды қалыптастуына және жаңа ізденіс бағыттарының пайда болуына әкеледі. Солардың бір бағыты құзыреттілік болып табылады.
Төменгі сынып оқушыларының сөйлeу - лoгикaлық oйлaу және жaлпылaу жәнe зaттық бeлгілeрін aжырaтa білу қaбілeтінің көрсeткіштeрі
Автор(ы): Әскербай Г. Е.*Камалова М. Н.*Аблайханова Н. Т.*Сатыбалдиева Г. Қ.*
Объем документа: С. 328-332
МРНТИ: 34.39*
Ключевые слова: внимание*сигнал*логическое мышление*полушарий головного мозга*
Реферат: Ойлау - бұл заттық байланыстар мен заттардың қатынасын және объективті дүние құбылыстарын бейнелейтін психикалық танымдық үрдіс. Ойлау үрдісінде адам объективті дүниені, қабылдау үрдістеріне қарағанда басқаша бейнелейді. Oйлaу зaттaр мeн құбылыстaрдың жaлпы қaсиeттeрі жәнe oлaрдың aрaсындa бoлaтын бaйлaныстaр мeн қaрым - қaтынaстaрды тaнуғa мүмкіндік бeрeтін прoцeсс. Ойлау және сөйлеу үрдістері бір-бірімен тығыз, ажырамас байланыста болады. Сөз ерекше тітіркендіргіш болғандықтан және ойлау сөз арқылы бейнелетіндіктен, ол абстракция мен жалпылау үрдістерің жүруін жеңілдетеді. Oйлaу прoцeсі oбъeкт пeн субъeктінің өзaрa әрeкeті рeтіндe жүзeгe aсaды. Oйлaуды психoлoгиялық тұрғыдaн зeрттeу дeгeніміз - oның ішкі, тaнымдық құпия мәнін жәнe жeмісті бoлуының сeбeбін aшып көрсeту, яғни oйлaудың мәнін жәнe жeмісті бoлуының сeбeбін aшып көрсeту, яғни oйлaудың мәнін зeрттeйді, әрбір aдaмның өзіндік oйлaу eрeкшeліктeрін дaмытып oтыруғa бaсa мән бeрeді.
Микробалдырлар қауымдастығы негізінде құрастырылған биологиялық белсенді суспензияның құс шаруашылығындағы маңыздылығын зерттеу
Автор(ы): Заядан Б. К.*Муратова А. А.*Кирбаева Д. К.*Садвакасова А. К.*Акмуханова Н. Р.*Күзенбай Г. Д.*
Реферат: Мақалада микробалдыр хлорелла штамдарының (Chorellа vulgaris Z-1 және Chlorella pyrenoidosa С-2) қауымдастығы негізінде құрастырылған суспензияның тауық жұмыртқаларының өнімділігіне әсері анықталған тәжірибелік жұмыстар берілген. Микробалдыр хлорелла штамдарының аралас қауымдастықта өскен суспензиясын қабылдаған тауықтардың жұмыртқа беру көрсеткіштері 70 тәуліктен соң бақылаумен салыстырғанда 18,4%-ке жоғарласа, ал тәжірибе соңында алынған жұмыртқалардың энергетикалық құндылығы бақылаумен салыстырғанда 9,3%-ға өскені белгіленді. Сондай ақ, тәжірибе соңында анықталған тауықтардың қан құрамының биохимиялық көрсеткіштері бақылаумен салыстырғанда бірнеше көрсеткіштерге жоғары болатыны анықталды. Бұл көрсеткіштер бойынша, бақылаумен салыстырғанда тәжірибедегі (70 тәуліктен соң) тауықтардың эритроциттері 0,32х1012кл/л-ге, гемоглобиндері 9,2 г/л-ге, ал қан құрамындағы жалпы белок көрсеткіші 7,6 г/л-ге және альбуминнің мөлшері 3,9 г/л-ге жоғарлағаны белгіленді.
Еркекшөптің шаруашылық үшін құнды биологиялық ерекшеліктері
Автор(ы): Иманова Э. М.*Рахимова З. С.*
Объем документа: С. 340-345
МРНТИ: 68.35.47*
Ключевые слова: селекция*гибрид*тургор*житняк*
Реферат: Мақалада қуаңшылыққа төзімділігі, жапырақтылығы және жемшөп массасының өнімділігі бойынша еркекшөп коллекциясын бағалау нәтижелері баяндалады. Осы белгілері бойынша селекциялық құндылығы бар үлгілер іріктеп алынған. Зерттеу жылдарында еркекшөптің 17 үлгісі көкбалауса өнімділігі бойынша Тауқұм гибриді стандартынан басым түскені айтылады. Жапырақтылығы артқан сайын өсімдіктің қоректілік маңызының да жоғарылайтыны белгілі болды. Себебі сабаққа қарағанда оның жапырағында қоректік заттар көбірек болады. Жапырақтылығы бойынша іріктеп алынған 8 үлгі селекциялық жұмысқа қоректілігі жоғары сорттар шығару үшін құнды алғашқы материал болып табылады. Пішен өнімділігі бойынша ең жоғары көрсеткіш тарақша түрінің AIC-014 ресейлік сортында (650 г/м2) байқалды. Еркекшөптің қуаңшылық аймақтарда құнды мал азығы ретіндегі жемшөп өндіруде алатын орыны ерекше екендігі айтылады.
Қой сүтінің биохимиялық көрсеткіштерін және сүт өнімділігін салыстырмалы түрде зерттеу
Автор(ы): Искаков Қ.*Сұлтанова А. К.*Құлатаев Б. Т.*Бәзілбаев С. М.*
Реферат: Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша қой сүтінің биохимиялық құрамын сиыр сүтімен салыстырғанда қоректік заттар жоғары болатыны анықталды. Сүт өнімділігі мен оның биохимиялық құрамы қой тұқымына байланысты әр түрлі болатыны, Австралия мериносымен салыстырғанда Қазақы биязы жүнді қой саулықтарының сүттілігі жоғары болатыны анықталды. Қазіргі кезде Қазақстанда қой малын саууға көңіл бөлінбей келеді. Сиыр сүтінен қандай тағам дайындалса, қой сүтінен де дәл сондай тағамдар дайындалады. Қой сүті - құнды әрі өте сіңімді тағам. Қой сүтінің қышқыл сүт өнімдері мен тамаша ірімшігі әлем елдерінің тағам талғағыштары арасында ерекше танымал әрі үлкен сұранысқа ие. Қой сүті қою болғандықтан 1 кг ірімшік әзірлеу үшін сиыр сүтіне қарағанда екі есе кем жұмсалады.
Қазақ ұлттық медицина университетінде валеология пәнінің дамуы мен жеткен жетістіктері
Автор(ы): Исмагулова Т. М.*Айхожаева М. Т.*Раисов Т. К.*
Объем документа: С. 352-356
МРНТИ: 76.33*
Ключевые слова: валеология*здоровый образ жизни*инновационные методы обучения*
Реферат: Бұл мақалада валеология ғылымының ҚазҰМУ-де даму тарихы мен жетістіктері, салауатты өмір салтының тетіктері және пәнді оқытудың замануи әдістері туралы көрсетілген. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту мақсатында валеология пәнінің берері мол. Дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін, халықтың денсаулығы ең бірінші кезектегі мәселе болып отыр. Әр азаматқа денсаулығын бүгіннен бастап қолға алуды түсіндіретін, денсаулықтың негізін қалайтын бірден-бір пән валеологиялық білімін жетілдірудің маңызы зор. Жастардың болашағын бүгіннен қолға алмасақ, ертең қандай күндер басымызға душар болатыны белгісіз. Сондықтан ҚазҰМУ валеология модулінде замануи әдістерді қолданып оқыту жастардың валеологиялық мәдентиетін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптасуына, яғни өз денсаулықтарына басқаша көзқараспен қарауға үйретеді.