Реферат: В данной статье представлены результаты исследования антиоксидантных и мембранопротекторных свойств экстрактов из вегетативных частей облепихи крушиновидной. Как показали наши исследования, экстракты, выделенные из различных частей растений, собранноых в разные периоды, отличаются друг от друга по антиоксидантным и мембраностабилизирующим свойствам. В результате экспериментов выявлено, что экстракты листьев и стеблей, собранных в летний сезон, показали наибольшую мембраностабилизирующую и противоокислительную активность. Отмечена тенденция снижения свойств экстрактов ингибировать накопление продуктов липопероксидации и гемолиз эритроцитов, выделенных из вегетативных частей растений, собранных в осенний период. Экстракты почек растения тоже проявили антиоксидантные свойства. Показано, что противоокислительные свойства экстрактов почек растения существенно ниже по сравнению с экстрактами листьев. Получены данные по содержанию общих полифенолов и флавоноидов в экстрактах из различных вегетативных частей облепихи крушиновидной.
Химиялық күйіктерді наноэнтеросорбентті таңғыштардың көмегімен емдеу
Автор(ы): Ералханова А. К.*Аблайханова Н. Т.*Танирбегенова С. Қ.*Тусупбекова Г. А.*Есимсиитова З. Б.*
Реферат: Қазіргі таңда ғылымның дамуына байланысты мақсатқа сай бағытталған және маманданған жарақаттарды таңуға арналған таңғыштардың қасиетін қолдануға жаңа мүмкіндіктер туындады. Медицинада таңғыш материалдардың жаңа түрлерінің шығуына байланысты таңғыштың қарапайым түрін қолдану азаюда. Матасыз материалдан көп қабатты таңғыштардың болуы медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді және жарақат бетінің залалсыздығын жоғарылатады. Күйік ауруларын емдеуге арналған таңғыш заттардың эффективтілігі олардың сорбциялық қасиетімен, инфекциялардың дамуын болдырмау қабілеттілігімен, анестезиялық әсерімен және қолдану тиімділігімен анықталады. Наноэнтеросорбентті таңғыштар - алғашқы медициналық көмек көрсетуге және инфекция қаупі бар жарақаттарды емдеуге арналған жаңа заман таңғышы. Жарақатты таңуға арналған таңғыштарды дәке мен мақтаның, дәрілік формалар мен препараттардың орнына қолдану жаңа таңғыштарды жасауға және жетілдіруге арналған тенденция болып табылады.
Заманауи ақпараттық құралдардың оқушылардың көру, есту сезім мүшелеріне тигізетін әсерін зерттеу
Реферат: ХХI ғасыр - компьютер заманы. Интернет пен компьютер жас ұрпаққа <технологиялық ғажап> сыйлауда. Заманауи ақпараттық құралдар, соның ішінде компьютер адамның физикалық, психологиялық денсаулығына және көру, есту анализаторына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Компьютердің көзге әсерінің бірнеше ерекшеліктері бар. Сонымен қатар қазіргі таңда адамдар плеер, радио арқылы құлаққаппен әуен тыңдайды. Мұндай адамдарда бас айналу, есту мүшесі айналасында айқай-шудың естілуі байқалуда.
Егеуқұйрықтардың иммундық көрсеткіштеріне альфа-липой қышқылының әсері
Автор(ы): Қалиясқарова А. М.*Атанбаева Г. Қ.*Көлбай И. С.*
Реферат: Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналған адамның тіршілігі үшін аса маңызды органдары болып табылатын ми, жүрек, бауырдың бұзылуына әсер ететін қоршаған ортаның өзгерістері болып табылады. Қазіргі кезде қабынуға, улануға қарсы қолданылатын көптеген препараттардың ішінде липой қышқылы ерекше көңіл аудартады. Липой қышқылы организмдегі жеке дара антиоксиданттық қасиетімен қоса, бауыр циррозы, гепатит кезіндегі оң әсерімен, липид алмасуындағы маңызды рөлімен, сондай-ақ қабынуға қарсы, өт айдау мен спазмолиттік әсерімен және иммунитет түзуші қасиетімен ерекшеленеді. Липой қышқылы сондай-ақ организмге түскен басқа да антиоксиданттардың (мысалы, А, Е дәрумендерінің) сіңірілуіне жағдай жасайды. Біздің жұмысымыздың мақсаты альфа-липой қышқылының көмегімен иммундық көрсеткіштерге әсерін зерттеу болып табылады.
Противоопухолевые метаболиты растений семейства Polygonaceae Juss.
Автор(ы): Корулькин Д. Ю.*Курбатова Н. В.*Музычкина Р. А.*
Реферат: В статье приводятся результаты изучения противоопухолевой активности различных структурных типов растительных флавоноидов (лейкоантоцианы, халконы, флавонолы, флавоны, флаваноны, катехины), выделенных авторами из растений семейства Polygonaceae Juss., имеющих промышленные запасы на территории Республики Казахстан. Впервые представлены результаты сравнительного изучения противоопухолевой активности растительных флавоноидов различных структурных групп и их синтетических производных. Приводятся результаты определения токсичности флавоноидов в условиях однократного парентерального введения. Предложено экспериментальное обоснование возможных механизмов антипролиферативного и цитотоксического действия флавоноидов. Обоснованы перспективы использования растительных флавоноидов в качестве лечебных средств и создания на их основе эффективных лекарственных форм противоопухолевых препаратов широкого спектра действия.
Ауыр металдар әсерінде қан клеткаларының функционалдық ерекшелігі
Автор(ы): Кульмаханбетова Т. Қ.*Тусупбекова Г. А.*Төлеуханов С. Т.*Аблайханова Н. Т.*Спанова М. Р.*
Реферат: Бұл мақалада қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы және олардың адам ағзасына зиянды әсерлері сипатталған. Ауыр металдар әсерінде қан жүйесі клеткаларының цитоморфологиялық өзгерістері бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізілген. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы және олардың адам ағзасына зиянды әсерлері сипатталған. Табиғатта адам және жануар организмі металдардың жеке әсеріне сирек ұшырайтындығы. Ауыр металдар жүйке, жүрек-қантамыр жүйелерінің, бауырдың, бүйректің қызметтеріне теріс ықпал ететіні белгілі. Адамзат бірнеше металдардың біріккен әсерлеріне шалдығатындығы және олар бір-бірінің уытты әсерлерін күшейтуі немесе кемітуі мүмкіндігі баяндалған. Ауыр металдардың әсерінде қан клеткаларының цитоморфологиялық және цитохимиялық өзгерулерін зерттеу, қан клеткаларында ауыр металдар әсерінен пайда болатын патологиялық процестердің алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан ауыр металдардың организмге біріккен әсерлерін зерттеу өзекті мәселе болып табылатындығы тұжырымдалған.
Қалыпты жағдайдағы және қалқанша безіндегі физиологиялық өзгерістері байқалған студенттердің кардиореспираторлық жүйесін зерттеу
Автор(ы): Сейтімбетова Қ. Б.*Кулбаева М. С.*Байшанова А. Ә.*Садыкова Н. А.*Төленова Қ. Д.*
Реферат: Қалыпты жағдайдағы және қалқанша безіндегі физиологиялық өзгерістері байқалған студенттердің физиологиялық күйін зерттеуде жүректің қызметін бақылау өзекті мәселелердің біріне айналған. Жүректің тәулік бойындағы физиологиялық күйін зерттеуге, ЭКГ тіркеуге арналған Холтер бойынша Microvit MT-101 регистраторы және MT-200 бағдарламалық анализ жүректің физиологиялық функцияларын ұзақ уақыт бойы (мысалы 24 немесе 72 сағат аралығында) тіркеуге мүмкіндік тудырады. Мақалада студенттердің жас ерекшіліктерін ескере отырып, қалыпты жағдайдағы және қалқанша безіндегі өзгерістері байқалған студенттердің кардиореспираторлық жүйесі зерттелді, бір-бірінен айырмашылық өзгерістері анықталды. Қалыпты жағдайдағы және қалқанша безіндегі физиологиялық өзгерістері байқалған студенттердің жүрек жиырылуының жиілігі көрсеткіштерінің тәуліктік динамикасы анықталды. Алынған нәтижелерді талдағанда студенттердің қалқанша безіндегі физиологиялық өзгерістердің кардиореспираторлық жүйесіне әсері анықталды.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы биология пәнінің рөлі
Автор(ы): Торманов Н.*Мүсіреп Л.*
Объем документа: С. 194-198
МРНТИ: 34.01.45*
Ключевые слова: педагогические технологии*творческие способности учащихся*
Реферат: Бұл мақалада оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары көрсетілген. Мектепте оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтау, оқу-тәрбие үрдісінде логикалық есептер беру арқылы жүйелі түрде жүргізілуі, олардың әрекетке қызығушылығын қалыптастырып, белсенділігін арттыру, жобалау іс-әрекетінің дамуы болып табылады. Психо-педагогикалық зерттеу нәтижесінде деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың жан-жақты ізденуі мен, тақырыпты толық меңгеретіндігі анықталды.
Идентификация видов грибов хранения методом секвенирования
Автор(ы): Абдрасулова Ж. Т.*Ньюсам А. С.*Чилдебаев Ж. Б.*Ералиева Ж. М.*Курманбаева М. С.*
Объем документа: С. 212-218
МРНТИ: 34.29.15*
Ключевые слова: зерновые культуры*семена*грибы*
Реферат: При использовании классических методов идентификации, подразумевающих определение грибов по культурально-морфологическим признакам могут быть не достоверным. С развитием современных молекулярных методов появилась возможность быстро и точно определить вид и расы гриба. Целью данной работы являлось изучение биоэкологии и уточнение видового состава грибов рода Aspergil┐lus, Penicillium на семенах зерновых культур. В статье представлены материалы научно-исследовательских работ по морфологическим и молекулярно-генетическим особенностям грибов хранения, поражающие семена зерновых культур. Особое внимание уделено грибам, развивающимся в хранящемся зерне. Были собраны семена зерновых культур (Triticum aestivum L., Avena sativa L., Hordeum vulgare L., Zea mays L., Oryza sativa L., Sorghum vulgare Pers., Panicum miliaceum L.) из зернохранилищ пяти района (Талгарский, Илииский, Карасайский, Жамбулский, Панфиловский) Алматинской области. В них обнаружены возбудители болезней грибной этиологии из родов Penicillium, Aspergillus влияющие на сохранность, качество и безопасность зерна.
Реферат: Мақалада соя өсімдігінің морфометриялық көрсеткіштеріне өсірудің жаңа технологияларының әсері қарастырылған. Мульчирлейтін пленканың тамшылатып суғару технологиясымен өсірілген жағдайда соя өсімдігіне және түйнек бактерияларына әсері алғаш рет бақыланды. Сояның тамырларындағы түйнекті бактериялардың анатомиялық құрылысы бірінші рет айқындалды. Түйнекті бактериялардың барлық ұлпалары акропетальды бөлінгендіктен, жаңа клетка меристемадан дамиды. Түйнектік меристема қабықтың астында орналасқан, бұл зонада зақымданбаған клеткалар қарқынды бөлінеді. Түйнектің ортаңғы бөлігінде бактероидты зона болатындығы анықталды. Зерттеу нәтижесінде, түйнекті бактериялар сояның алғашқы өсу кезеңдерінде паразитті әсер ететіндігі негізделді.