Реферат: В статье обоснована необходимость повышения восприимчивости дошкольных образовательных организации к новшествам, место и роль анализа внешней среды дошкольной образовательной организации (далее - ДОО) при разработке программы ее развития. Определены его основные задачи, включающие анализ изменений характеристик социального заказа. Характеристики восприимчивости ДОО к новшествам охватывает стадии инновационного процесса от поиска новшеств до принятия решения об их внедрении или отказе от них. Она связана с чувствительностью ДОО к возможностям развития, а также с чувствительностью к собственным проблемам.
Девиантты жеткiншектер тұлғасының дамуында өзiндiк сана-сезiмдердiң маңызы
Реферат: Мақалада девиантты жеткiншектер тұлғасының дамуында өзiндiк сана-сезiмдердiң маңызы жайында қарастырылған. Сонымен қатар, жеткiншектiк кезеңде көрiнiс беретiн девиантты мiнез-құлықтың типтерi мен факторлары анықталады. Девиантты жеткiншектердiң тұлғалық дамуы өзiндiк сана-сезiмдердiң өзгерiсiмен байланысты болады, яғни баланың басқаларға деген қатынасы, қызығушылықтары, идеалдары өзгерiске ұшырайтыны айқындалған.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабiлетiн музыка сабағында дамыту
Автор(ы): Бакирова З. Ә.*Беркинбаева Г. О.*
Объем документа: С. 249-252
МРНТИ: 14.25.01*
Ключевые слова: музыкальный педагог*начальный класс*
Реферат: Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серiгi. Баланың бойында музыкалық қабiлет жас кезiнен басталады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсiну мен музыканы көз алдына елестетудi бiршама меңгерiп шығады. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу - музыкалық тәрбие беру жұмысындағы мiндеттердiң бiрi. Баланың музыкалық мәдениеттiлiгiн қалыптастырудың алғы шарты - музыканы қабылдай бiлуге қалыптастыру болып табылады. Музыканы дұрыс қабылдай бiлуге тәрбиелей отырып, бiрте-бiрте музыканы тыңдай бiлу мәдениетiн қалыптастыруға болады. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық кезеңiнде жүзеге асырылады. Музыка адам өмiрiнiң жан серiгi, музыканы сүймейтiн адамды кездестiру мүмкiн емес, өйткенi ол баршаға қажет, оның тiлi кiм-кiмге де түсiнiктi. Мiне, сондықтан музыка пәнi мұғалiмдерiнiң мiндетi - шәкiрттерiн музыка өнерiнiң сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала бiлуге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка өнерiне дүниетанымын қалыптастыруда, халық қазынасын, халық тағылымын халық музыкасын тыңдатудың үлкен маңызы бар.
Бастауыш сыныптарда қазақ тiлi пәнiн түсiну деңгейiнде оқыту
Автор(ы): Қожагелдиева С. С.*Абдиева Ж. Қ.*
Объем документа: С. 252-256
МРНТИ: 14.25.09*
Ключевые слова: начальный класс*казахский язык*
Реферат: Елбасы Н.Ә. Назарбаев: <Қазақ тiлi жаппай қолданыс тiлiне айналып, шын мәнiндегi мемлекеттiк тiл мәртебесiне көтерiлгенде елiмiздi <Қазақ мемлекетi> деп атайтын боламыз. Тағы да қайталап айтайын, қазақ қазақпен қазақша сөйлессiн! Қазақстанның болашағы - тек қана қазақ тiлiнде екендiгi ақиқат> - деп шегелеп тұрып айтқан болса, Жолдаудағы бiр тарауында: <Мен қоғамда <Қазақ елiнiң ұлттық идеясы қандай болeуы керек?> - деген саeуал жиi талқыға түсетiнiн көрiп жүрмiн. Бiз үшiн болашағымызға бағдар ететiн, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтiн идея бар. Ол - Мәңгiлiк Ел идеясы. Ал, қазақ тiлi - республикадағы барлық ұлттар мен ұлыстарды бiр мақсатқа жұмылдыратын негiзгi тiрек болмақ. Қазақ тiлi - бүгiнде ғылым мен бiлiмнiң, интернеттiң тiлiне айналды. Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев: <Осы күнгi түрiк тiлдерiнiң iшiнде қазақ тiлiнен бай, оралымды, терең тiл жоқ> десе, Мәшhүр Жүсiп Көпейұлы: <Түрiк тiлiнiң iшiндегi гауhары - қазақ тiлi> деп тамсана жазған едi. Сол ананың ақ сүтiндей қадiрлi тiлiмiздiң қадiрiне әлi де болса жете алмай жүрген қандастарымыздың ортамызда жиi ұшырасатындығы бәрiмiздi алаңдатады. Ана тiлiн бiлмеу - бұл ата-бабаларының ақ жолынан безiну деген сөз. Ана тiлiн қадiрлемеген жан Отанын да, туған жерiн де кез келген уақытта сатып кете бередi.
Бастауыш сынып оқушыларының тiлiн дамыту
Автор(ы): Бакирова З. Ә.*Беркинбаева Г. О.*
Объем документа: С. 256-259
МРНТИ: 14.25.09*
Ключевые слова: начальный класс*язык*
Реферат: Болашақ бастауыш сынып мамандарын даярлаудағы маңызды саланың бiрi - тiл дамыту теориясы мен әдiстемесi курсы. Оның жоғары оқу орындарында басты мақсаты - студенттерге ана тiлiнiң лингводидактикалық және психофизиологиялық негiздердi терең ұғындыру. Балалармен ұйымдастырылатын жұмыстың тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн қолдана бiлуге даярлау. Курсты оқу процесiнде әдiстемелiк ойларды, шынайы педогогикалық ситуацияны дұрыс бағалай бiлу қабiлетi, теориялық бiлiмдерiн түрлi жағдайларда қолдfана алу қабiлеттерi қалыптасады. Мектепте тiлдi оқыту iсiнде ана тiлi пәнiнiң үлесi орасан зор. Ана тiлi пәнi бойынша оқушыларды өмiрге баулу жөнiндегi мiндеттер тiлдiң негiзгi қоғамдық қызметiне, коммунакативтiк (байланыс, қатынас құралы ретiнде) және экспрессивтiк (Әсер, ықпал етуге дәнекер болу) қызметiне қарай жүзеге асырылады. Олай болса, ана тiлi пәнi балаларды ауызша да, жазбаша да толық сауатты, тiлдi еркiн пайдалана бiлетiндей етiп шығаруды түпкiлiктi нысана етiп ұстанады. Бастауыш сынып оқушыларының тiлiн дамыту граммактика мен оқу сабақтарындағы жұмыстармен шектелмейдi. Бұл барлық пәндердi оқыту барысында, тiптi мектептегi оқу тәрбие жұмысының өн бойында үздiксiз жүргiзiлiп отыратын жұмыс.
Отбасылық ұлттық тәрбие берудiң философиясы
Автор(ы): Жумадуллаева А. А.*Мейрбекова Г. П.*Беркинбаева Г. О.*
Реферат: Қазақ халқында балаға отбасылық ұлттық тәрбие беру ана құрсағынан басталады. Адамды дүниеге келуiнен бастап ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын өмiрi барысында, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негiзiнде iс-әрекет пен қарым-қатынас жасау арқылы тұрақты және үздiксiз жүзеге асырылып отырады. Ол дегенiмiз бесiкке салу, шiлдехана тойы, тұсау кесу, ұлдың мұсылман болуы секiлдi баланың дүниеге келген алғашқы жылдарында және өмiрiнiң соңғы күндерiне дейiнгi жасалатын ұлттық тәрбиелiк мәнi бар салт-дәстүрлердi бала бойына дарыту. Осы iс-әрекеттердiң мәнiн балаға түсiндiре отырып оның қатысуымен орындалуы оған үлкен әсер берiп, бойына берiк және нық сiңедi. Қазақтың отбасылық тәрбиесiнiң мақсаты - <Сегiз қырлы, бiр сырлы> азамат пен <абыройлы> қыз тәрбиелеу. Әрбiр келер ұрпақ өзiне дейiнгi ағаларының жасаған қателiктерiн түгел ескерiп, соның төңiрегiнде мүлдем қателiк жасамай, сүрген өмiрiне өзi де, өзгенi де өкiндiрмей өсiп-өнсе, қанеки!
Мектеп жасына дейiнгi балалардың фольклор арқылы коммуникативтiк-тiлдiк құзыреттiлiгiн қалыптастыру
Автор(ы): Кошкимбаева Р. Х.*Райымбек Л.*
Объем документа: С. 263-266
МРНТИ: 14.23.09*
Ключевые слова: детский фольклор*дошкольный возраст*
Реферат: Мақала мектеп жасына дейiнгi балалардың фольклор арқылы коммуникативтiк-тiлдiк құзыреттiлiгiн қалыптастыру мәселесiн қарастырады. Мұнда балабақшадағы тәрбие жұмыстарының негiзгi мақсаты айтылады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың коммуникативтiк-тiлдiк құзыреттiлiгiн дамытудың жолдары қарастырылады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың коммуникативтiк-тiлдiк құзыреттiлiктерiнiң жоғары деңгейде қалыптасуы оның кезкелген әлеуметтiк ортаға бейiмделуiнiң кепiлi екенi сөз етiледi. Қозғалып отырған мәселеге қатысты ғалымдар еңбектерiне шолу жасалынады. <Коммуникативтiк құзiреттiлiк>, <құзыреттiлiк>, <құзырет>, <компетенция> ұғымына қысқаша мәлiмет берiлiп, талданады. Мектеп жасына дейiнгi балалардың тiлiнiң, ақыл-ойының дамуына тiкелей әсер ететiн балалар фольклоры: санамақ, ертегi, өтiрiк өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер туралы қысқаша мәлiмет берiлiп, қорытылады
Жоғары сынып оқушыларын кәсiпке баулудың технологиялық даярлық негiзi
Реферат: Мақалада жалпы бiлiм беретiн мектептегi жоғары сынып оқушыларын оқу-тәрбие жұмыстары барысында кәсiпке баулу мен өндiрiстiк еңбекпен байланыстыру керек екендiгiн және оларды еңбекке үйрету жолдарын зерттеуде жасөспiрiмдердi өндiрiстiк-бағдарлауға дайындау жолдарының өзгеруiне байланысты кезеңдермен ерекшеленетiнi қарастырылған. Атап айтқанда мектеп бағдарламаларының тақырыптары оқушыларға түсiнiктi және iс-әрекетте қолайлы болу мақсатында, оны практикалық сабақтармен байланыстыру ұсынылды және оларды еңбекке үйрету мақсатында материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етiлуiмен, мектептердiң өнеркәсiптiк және ауылшаруашылық кәсiпорындарға бекiтiлуiмен жүзеге асырылатыны аталды. Мұнда политехнизм принципi барлық нәрсеге оқыту емес, жалпы өндiрiс негiздерiне оқыту деп түсiндiрiлдi. Ол арнайы пәндер түрiнде, сонымен қатар, барлық пәндердi өндiрiспен байланыстыра оқытуды бағдарлауда, бiрыңғай бiлiм саясаты негiзiнде iске асырылды. Яғни еңбекке дайындау кешенiнде жалпы бiлiм жүзеге асырылды және одан үлкен үмiт күтiлдi. Атап айтқанда оқу шеберханалары құрылды және өнеркәсiптiк өндiрiс орындарымен байланыстар нығайды. Сонымен бiрге жоғары сынып оқушыларын пайдалы өндiрiске қатысулары кеңейтiлдi және оларды кәсiпкерлiкке үйретiлдi, күшейтiлдi. Жоғарыда аталған еңбекке оқыту мақсаттары қазiргi заманда педагогикалық маңыздылығын жоғалтпағандығын тәжiрибе көрсетедi және оларды оқу-тәрбие жұмысындағы жүйе ретiнде қолдануға болатыны туралы ғалымдардың еңбектерiненде көруге болады. Атап айтқанда, жұмыс күшiн мамандандыру дайындығын бiлiм жүйесiнiң маңызды қызметтерiнiң бiрi болып табылды. Оқушыларды еңбекке дайындаудағы мақсатымыз - олардың материалдық өндiрiс саласында практикалық қызметке дайындығын қалыптастыру, жасөспiрiмдердi еңбек жолына, тәрбиелi болуына, белсендi жұмысшыны еңбекқорлыққа бағдарлауды қамтамасыз етуге бағытталатыны нақтыланған.
Мектеп жасына дейiнгi балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Реферат: Мақала мектеп жасына дейiнгi балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселесiн қарастырады. Авторлар мектеп жасына дейiнгi балалардың танымдық қызығушылық қабiлетiн дамытудың қаншалықты маңызды екенiн түсiндiредi. Баланың жас және жеке дара даму ерекшелiктерiне сай, айрықша қабiлетiн ескере отырып, оқыту үрдiсiнде танымдық қызығушылығы мен белсендiлiгiнiң дамуы сөз етiледi. 5-6 жас аралығында субъектiнiң даралық қасиеттерiн қалыптастырудың негiзi саналатын мотивтердiң бiрi ретiнде танымдық қызығушылыққа түсiнiк бередi. Мақалада мектеп жасына дейiнгi балалардың жас және жеке дара ерекшелiктерiн ескере отырып, танымдық қабiлеттерiн, белсендiлiгiн жетiлдiру үшiн танымдық қызығушылықты жан-жақты ашып қарастырады. Сондықтан да мектеп жасына дейiнгi кезеңде балалар тiкелей көрген, сезген обьектiсiн ғана қабылдайтындығы айтылады. Оқу iс-әрекетiнiң бағыты, оқу-танымдық формада ұйымдастырылып, балаға берiлетiн бiлiм элементтерi тiкелей көрсету, ұстату, сипап-сездiру, таныту арқылы жүзеге асатындығына назар аударады. Мақала барысында мектеп жасына дейiнгi балалардың танымдық қызығушылық қабiлетi жақсы, бiрақ тұрақсыз болатынын да назардан тыс қалдыр-майды. Қозғалып отырған мәселеге қатысты ғалымдар еңбектерiнде берiлген танымдық қызығушылық туралы түсiнiкке талдау берiледi. Сонымен бiрге, танымдық әрекет құрылымы жөнiнде айтылады. <Қызығушылық> ұғымына қысқаша мәлiмет берiлiп, қорытылады.
Реферат: Мақала отбасындадағы қарым-қатынас мәдениетiнiң жасөспiрiмнiң мiнез-құлығының қалыптасуына, баланың ортаға әлеметтену процесiне ықпалын зерттеуге арналған. Теория мен практикада жиi кездесетiн ата-ана мен бала қарым-қатынасын педагогикалық-психологиялық қолдау мәселесiнiң негiзi отбасылық қарым-қатынас мәдениетiн дамыту болып табылады. Ата-ананың қарым-қатынас мәдениетiнiң жеткiлiксiз деңгейi балалармен қарым-қатынаста, әсiресе жасөспiрiм жаста, қиыншылықтардың туындауына алып келедi. Мақалада ата-ананың қарым-қатынас мәдениетi отбасылық қатынасты реттеушi және оның сипатын анықтаушы фактор ретiнде қарастырылған. <Қарым-қатынас мәдениетi> түсiнiгiнiң мәнi ашылып, қарым-қатынас мәдениетiнiң құрылымдық компоненттерiне, отбасылық қарым-қатынас мәдениетi стильдерiне талдау жасалынған. Жасөспiрiм тұлғасының қалыптасуына ықпал етушi факторларға, сонымен бiрге, жасөспiрiмдiк дағдарыс кезеңiндегi негiзгi ерекшелiктерге сипаттама берiлген. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетiне қойылатын басты талаптар айқындалып, тиiмдi ата-аналық қарымқатынас ұстанымдары ұсынылған.