Жаңа технологияларды балабақшада жүзеге асыру жолдары
Автор(ы): Қасымбеков Ж. А.*Жаздықбаева М. Б.*
Объем документа: С. 292-296
МРНТИ: 14.23.09*
Ключевые слова: новая технология*детский сад*
Реферат: Мақалада мектепке дейiнгi ұйымдардағы педагогикалық үдерiстердiң инновациялығы - мектеп жасына дейiнгi балалардың тиiмдi дамуына себiн тигiзетiн жаңа технологияларды мақсатты ендiруi, жеке тұлға ретiндегi дамуы мен өзiн-өзi жетiлдiру бағытында дер кезiнде көмек көрсете бiлуi, диалог негiзiнде көмек көрсетуге өзiн-өзi жетiлдiруi, жеке тұлғаның белсендiлiгiн жан-жақты ұйымдастыруға және өзiндiк белсендiлiкке жетелеуге көмек көрсетуi, өзiн-өзi жетiлдiру және өзiн-өзi басқаруда еркiндiк, баламалық таңдауға жауапкершiлiк, кәсiби қызмет және өмiрлiк маңызды мәселелердi қарастыруы. Танымдық-жобалық iс-әрекетiнiң технологиясы - бұл бiлiм беру мазмұнының кез келген бағыты бойынша iздеу, зерттеу, практикалық тапсырмаларын шешу үшiн белгiлi бiр жоспарлар, белгiлi бiр мақсаттары бар мақсаттылық iс-әрекетi. Жобалық iс әрекет негiзiнде ересектер мен балалардың белгiлi бiр практикалық проблеманы бiрлесе жұмыс iстеу үдерiсiнде қол жеткiзiлетiн iс-әрекеттiң нәтижеге бағыттылығы туралы идея айтылыды.
Моделирование процесса формирования правовых представлений младших школьников
Реферат: Авторы на основе анализа научно-педагогической литературы используют метод моделирования в процессе формирования правовых представлений младших школьников, что актуализирует разработку и обоснование эффективности авторской модели. В модели формирования правовых представлений младших школьников определены основные структурные составляющие и представлены связи между ее компонентами - субъектный, ценностно-ориентационный, организационно-деятельностный, контрольно-оценочный, результативный.
Пути формирования читательской грамотности младших школьников
Автор(ы): Шункеева О. А.*Альмурзаева Б. К.*Жайтапова А. А.*
Реферат: В статье рассматриваются проблемы формирования грамотного читателя, умеющего читать и анализировать большой объем информации. В начальной школе необходимо активизировать чтение как базу интеллектуальной технологии для развития потенциала личности, усвоения знаний и социального опыта. Предложенная авторами система заданий способствует формированию читательской грамотности младших школьников, что является базой функциональной грамотности.
Ключевые слова: воспитание младшего поколения*здоровый образ жизни*
Реферат: Бұл мақалада өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмiр сүру дағдысын қалыптастырудың ерекшелiктерi баяндалады. Қазiргi кезеңдегi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмiр сүрудiң мемлекеттiк жүйесi түпкiлiктi, жалпы азаматтық рухани байлықтарға негiзделедi. Қоғам өзгерген сайын тәрбие мазмұны да өзгерiп, оны ұйымдастырудың формалары мен әдiстерi де сан алуан болып отыр. Тәрбие жұмыстары этикалық тақырыптарда өмiрге, еңбекке баулу, салауатты өмiр салтын қалыптастыру мамандыққа дайындау, экономикалық және экологиялық тәрбие, интеллектуалды дамуын қамтамасыз ететiн бағыттарда ұйымдастырылып келедi.
Жоғары сынып оқушыларын лидерлiкке даярлаудың маңызы
Автор(ы): Байкулова А. М.*Әбдiғапбарова Ұ. М.*
Объем документа: С. 311-315
МРНТИ: 15.21.51*
Ключевые слова: старшеклассник*современная жизнь*
Реферат: Мақала жоғары сынып оқушыларын лидерлiкке даярлаудың маңызына арналған. Автор оқушыларды лидерлiкке даярлаудың маңызын сараптай келе, тиiмдi лидер болу үшiн тұлғаның бойында болуы тиiс қажеттi сапаларға тоқталады. Мақалада мектепте iскерлiкпен табысқа жете алатын, айналасына адамгершiлiгi мол, шығармашылық идеялары бар, өзiнiң iскерлiк қабiлеттерiн дамытуға, iзденiмпаздықпен өзiн жетiлдiруге ұмтыла алатын, дербес шешiмдерiн белсендiлiкпен жүйелi iске асыратын оқушы-лидерлердi даярлау қажеттiлiгi сөз етiледi. Сол себептi қазiргi өмiрдiң стратегиясын анықтай алатын, тұлғалық және қоғамдық даму тәжiрибесiнде оны жүзеге асыру тактикасын жетiлдiре алатын адамдар қажет екендiгiне тоқталады. Бiлiм беру саласында адамдармен оңай тiл табыса алатын, лидерлiк дағдыларға ие, талдауға, ынталандыруға, стратегиялық ойлауға және тиiмдiлiкке қабiлеттi жаңа типтегi лидерлер даярлау қажеттiлiгiне назар аударады. <Бiлiктiлiк> және <харизма> ұғымдарына қысқаша түсiнiк берiледi. Қарастырылып отырған мәселеге қатысты зерттеген авторлар еңбектерiндегi харизматикалық лидерге т`н жеке қасиеттердi көрсетедi. Лидерлердiң жай адамдардан мақсатшылдығымен және жiгерлiлiгiмен, адамдар тобын басқаруға құлшынысымен, адалдығымен және парасаттылығымен, өз күшiне сенiмдiлiгiмен, бiлiмiмен, сонымен бiрге бiлiктiлiгiмен ерекшеленетiнiне мән бередi. Сондықтан да тиiмдi лидер бойында болуы тиiс бiлiктiлiктер топталады және түсiнiктемелер берiледi. Мақалада <лидер> және <бедел> ұғымдарының айырмашылығы көрсетiлген.
Танымдық белсендiлiк - философиялық, психологиялық, педагогикалық мәселе
Реферат: Мақалада ерте жастағы балалардың танымдық белсендiлiгiн дамыту әдiстерiнiң жолдары қарастырылады. Мектепке дейiнгi педагогиканың кейбiр мәселелерi туралы айтылады. Белсендiлiк ерте жастағы баланың таным iс-әрекетiне деген қатынасын сипаттайтын бiр белгiсi екендiгi түсiндiрiледi. Мақалада сонымен қатар баланың дамуы, саналы қалыптасуы оны тәрбиелеу мен оқыту процесiнде ересектердiң iс-әрекетi баланы ерте жастан бастап моральдық сапалары мен қасиеттерiн дамытуға бағытталған жағдайда ғана жүзеге асатындығын атап көрсетедi. <Таным>, <таным объектiсi>, <таным субъектiсi>, <танымдық белсендiлiк> ұғымдарына қысқаша түсiнiк берiледi.
Дарынды балалармен жүргiзiлетiн жұмыстар және оларды ұйымдастыру жолдары
Реферат: Мақала бастауыш мектеп кезеңiнен бастап дарынды балаларды анықтау және олармен түрлi жұмыс формаларын ұйымдастыру мәселесiне арналған. <Дарындылық> ұғымының мәнi түрлi ақпарат көздерiнен айқындала келе, дарындылықты анықтау критерийлерi арқылы анықтау мүмкiн болатын оның түрлерiне сипаттама берiлген. Дарындылық ұғымымен қатар жүретiн <талант> пен <данышпандық> қырларына түсiнiк берiлген. Дарынды балаларда туындайтын мәселелер және оның шешiмiн табу мақсатындағы мұғалiм тарапынан орындалуы тиiс әрекеттер көрсетiлген. Мұғалiмнiң жеке тұлғалық қасиеттерi мен кәсiби сапаларын дамыту жолдары ұсынылған. Дарынды балаларды анықтау мен оны қолдау мақсатында Азия мен Еуропада жүргiзiлетiн жұмыс бағыттарына салыстырмалы түрде талдау жасалған. Дарынды балаларды дамыту бағытында ересектер тарапынан ескерiлуi тиiс бiрқатар кеңестер берiлген.
Бастауыш сынып мұғалiмiнiң диагностикалық бiлiгiн қалыптастыру технологиясы
Дене тәрбиесi сабағын өткiзудiң ұйымдастыру және әдiстемелiк негiздерi
Автор(ы): Дуйсенов Қ. Қ.*
Объем документа: С. 329-333
МРНТИ: 77.03.13*
Ключевые слова: саморазвитие*физическая культура*
Реферат: Бұл мақалада салауатты өмiр сүру бейнесi көптеген қозғаушы күштерге (экономикалық, әлеуметтiк, адамның жеке басының тәрбиесi мен бiлiмiне) байланысты екенi толығымен анықталды. Кез-келген таңдаған спорт түрiмен, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану кезiнде мектеп жасындағы балалар өздерiнiң жеке гигиенасына ұқыптылықпен қарауы керек. Бұған тек дененiң тазалығы ғана емес, сонымен қатар күн тәртiбiн сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту және т.с.с. кiредi. Егер өмiр сүру стилi дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыруға сәйкес келмесе, онда оны өзгерту қажет. Дегенмен, әрбiр мектеп жасындағы бала денi сау, күштi, қуатты, сергек болуды, жақсы қимылдауды, неғұрлым ұзақ жасауды қалайды. Денсаулықты сақтауға әрбiр жас жеткiншек өзiне жауапты, дегенмен қоғамға да жауапкершiлiктер жүктелген. Ел Президентiнiң Қазақстан - 2030 жолдауында әрбiр адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершiлiк жүктеледi. Аурулардың алдын алып, салауатты өмiр салтын орнықтыру - мемлекеттiң негiзгi басымдылық саясаттарының бiрi. Ұлттың саулығы әрбiр адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмiр салтын орнықтырумен анықталады.
Мектеп оқушыларымен фольклорлық ансамбль ұйымдастыру арқылы үйiрме жұмыстарын жүргiзудiң педагогикалық тиiмдiлiгi
Автор(ы): Таджбағамбетова Ш. Ж.*Қонысбаева Э. Д.*
Объем документа: С. 333-337
МРНТИ: 14.25.19*
Ключевые слова: народный инструмент*фольклорный ансамбль*
Реферат: Мақалада халық аспаптар арқылы рухани мәдениетiн байытудың жолдары қарастырылған. Демек, балаларды қазақ халқының тарихы мен өнер мәдениетiне деген сүйiспеншiлiгiн, патриоттық сезiмiн оятуға тәрбиелеу болып табылады. Халық музыкасы мен халық аспаптар әлемiне келген бала, ата-бабалардан қалған мұрасы деп сезiнедi, жеке, дара тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосады. Ұлттық фольклорлық аспаптардың дүкендерде көбiрек қолайлы болуы, бала аспапта еркiн орындай алса ол балаларды қуантады, фольклорлық музыка әлемiне деген қызығушылығын арттырады. Қазақ халқының музыка мәдениетiне тән халық әндер мен күйлердiң дыбыстары, тембрi, әуенi, өрнегi баланың <сүйегiн сырқыратады>. Фольклорлық ансамбль үйiрмелерiн ұйымдастыру-ол балалардың халық аспаптарда ойнау арқылы рухани мәдениетiн байытады. Сонымен қатар, патриоттық сезiмiн оятып, халқының өнер мәдениетiне қызығушылығын арттырып, қастерлеуге тәрбиелейдi. Бiздiң мақсатымыз, балалардың музыкалық қабiлетiнiң дамуына, ансамбльдiк шеберлiкпен аспапта орындап жеке дара тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау. Ансамбльде ойнау репертуарды кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Оқушылар музыка мәдениетiмен терен танысуғуа мүмкiндiк алады, ал шығармалар жарқын орындалады. Шығарашылық техникалық мүмкүндiктерi өседi, шығармалардың динамикалық тембрлiк бояуы байиды. Нәтижесiнде шығарманы жеке орындағаннан, ансамдбльде орындаған қызығушылығы артады.