Реферат: Бұл мақалада жеке адамның мәдениетi, әдетте, оның өзi жататын әлеуметтiк топтың мәдениетiнiң шеңберiнде қалыптасады, бiрақ үлкен ауытқудың болуы мүмкiн. Бұл көбiне құқықтық мәдениетке қатысы. Құқық мәдениетi ресми-идеологиялық құбылыс ретiнде жеке адамның саяси және құқықтық сана-сезiмiнiң, олардың құндылықты-нормалық кешенiнiң, сонымен қатар құқықтық ортадағы жүрiс-тұрысы мен қызметiнiң қалыптасуына және дамуына мемлекет пен қоғам арқылы бағытталған. Бұл ықпал айқындалған құқықтық көзқарастарды, рухани байлық, қазыналарды және т.б. бекiтедi: құқықтық идеология мен құқықтық сана-сезiмнiң мазмұнының дамуы мен мүлдем өзгеруi, жеке тұлғаның, әлеуметтiк топтың, бүкiл қоғамның құқықтық сана сезiмiне жаңа көзқарастарды, құқықтық құндылықтарды және т.с.с. көнерген құқықтық таптаурындарды, үлгiлердi, көзқарастар мен құндылықтардың бөлшектерiн енгiзу арқылы жүзеге асады. Әлеуметтiк-психологиялық тұрғыдан құқықтық мәдениет тұтас құқықтық жүйе сияқты құқықтық нормалардың және адамның шынайы мiнез-құлқының бiрлiгiмен, мөлшерлер мен құндылықтардың сәйкес келуiмен, құқықтың әлеуметтiк тиiмдiлiгiне жетуiмен сипатталады. Демек, құқықтық мәдениеттiң интеграцияланған, яғни кiрiктiрiлiп дарытылған қасиеттерi нормалық бағыттаудың мәнiмен шектелмейдi. Оның мақсаты - әлеуметтiк ортаға белсендi енуi, қалыптасқан ұстанымдарға ықпал жасауы, ұжымдары мен әлеуметтiк топтардың мүшелерiн iлгерiшiл нормалардың, олардың құкықтық жүрiс-тұрысына қажеттiлiгiн түсiнуге бағыттау болып табылады. Құқықтық мәдениеттi қалыптастырудың маңыздылығы ашылған. Құқықтық тәрбие берудiң түрлерi мен әдiстерi одан әрi жетiлдiрудi жолдары қарастырылған.
Реферат: Мақалада қарастырылып отрған мәселе көпмәдениеттi тұлғаны қалыптастыру. Арнайы әдебиеттердi талдау барысында көпмәдениеттi бiлiм берудiң мәнi мен мағынасы ашылды. Көпмәдениеттi бiлiм беру ұғымы әлемдiк педагогикада 1960-жылдары кеңiнен тараған едi, ал Ресейде бұл ғылыми ұғымды 1990-жылдары қолданысқа енгiздi. Ғылыми педагогикалық әдебиеттердi талдай отырып <көпмәдениеттi тұлға> ұғымы анықталды, көпмәдениеттi тұлғаның құрылымы талданды. Көпмәдениеттi тұлға авторлардың түсiнiгi бойынша жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыра отырып, ұлттық құндылықтарды сiңiрiп, адамның жаңа өмiр салтын игеруге тұтастай дайындығын көрсететiн күрделi интегративтi құрылым. Зерттеуде көпмәдениеттi тұлғаның құрылымын көпмәдениеттi тұлғада ашуға талпыныстар берiлген.
Әзiрет Сұлтан мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайының тақырыптық-экспозициясы мен туристiк маршруттарының танымдық-тәрбиелiк қызметi
Реферат: Мақалада <Әзiрет-Сұлтан> мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайдың> педагогикалық қызметiнiң мазмұны мен әдiс-тәсiлдерi талданады. Мұражайдың тақырыптық-экспозициялық жоспарларының мазмұнына талдау жасай отырып, оның педагогикалық қызметiнде қолданылған жұмыс формалары мен әдiс-тәсiлдерi жүйеленедi. Солардың арасында туристiк маршруттарға шолу жасалып, онда келушiлерге ұсынылатын тарих пен мәдениет құндылықтарының ғылымилығы археологиялық, жазба деректер арқылы талданады. <Мәңгiлiк Ел> ұлттық идеясының <тарихтың, мәдениет пен тiлдiң ортақтығы> атты құндылығын жас ұрпақтың бойына сiңiрудегi мұражай педагогикасын дамы-туға қатысты тұжырымдар жасалады.
Жетiсу қобызшысы Молықбайдың шығармашылық мұрасы
Автор(ы): Таубалдиева Ж. Ш.*
Объем документа: С. 260-263
МРНТИ: 17.71*
Ключевые слова: творческое наследие*кобыз*
Реферат: Осы мақалада Жетiсу қобызшысы Молықбайдың шығармашылық мұрасы қарастырылады. Кестеде Молықбай шығармаларының педагогикалық мүмкiндiктерi берiлген. Ұлттық мәдениет халықтың ертеден келе жатқан өнерi негiзiнде жетiлгенi белгiлi. Олай болса, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтың дәстүрлi мәдениет түрлерiн жинақтап, оның тәлiм-тәрбиелiк тәжiрибесi негiзiнде бiлiмгерлердi тәрбиелеудiң қажеттiлiктi керек етуде. Осындай қажеттiлiктiң бiрi - бiлiмгерлерге өнер қайраткерлерiнiң шығармалары арқылы музыкалық эстетикалық мәдениетiн тәрбиеде тиiмдi пайдалана бiлу болып табылады. Бұл мәселенiң нәтижелi жүзеге асуы жастарға дүниеден өтiп кеткен бабаларымыздың өнерде алатын орнын музыкалық-эстетикалық тәрбие үрдiсiнде қолдана бiлу iскерлiгi талап етiледi.
Қазақ халқындағы қыз бала тәрбиесiне тән әдептiлiк ерекшелiктерi
Автор(ы): Атемова Қ. Т.*Омарова Г. А.*
Объем документа: С. 263-267
МРНТИ: 14.43.47*
Ключевые слова: казахский народ*воспитание*
Реферат: Мақалада қазақ халқының қыз бала тәрбиесiне қоятын талаптары мен мiнез-құлық әдептерi ұлттық идеялар негiзiнде салыстырмалы түрде сипатталады. Қазақтың салт-дәстүрiндегi әйел баласына тән ерекшелiктердiң заңдылықтары мен тәрбиедегi мәнi ашып көрсетiлiп, қоғамның даму ерекшелiктерiндегi бүгiнгi көрiнiстерiмен салыстырмалы талдау жасалады. Әйтсе де, мақалада қазақ әйелдерiнiң тарихи қалыптасуындағы ұлттық киiну әдебiнiң сыры тәрбиелiк тұрғыдан ашып көрсетiледi.
Реферат: Автор бұл мақалада қөне дәуiр мұралары жайлы қазiргi жас бiлiмгерлердiң көзқарасын анықтау, көне мұраларды оқып, бiлуге құштарлығын, қызғушылығын сауалнама арқылы тексерiп баға беруге тырысты. Жастарға берiлген бiлiммен қатар тәрбиенiң де орны ерекше екендiгi белгiлi. Адамзаттық тәрбие мен бiрге ұлттық тәрбиенiң де қатар жүруi педагогиканың басты мақсаты болып табылады. Жастардың бойына ұлттық тәрбиенi сiңiру үрдiснде түркiлiк тәрбиенi аттап кету қазiргi таңда мүмкiн емес десе де болады. Жастардың көне мұраларды, тарихымыздың алғашқы бастауларын не ғұрлым терең және кеңiрек бiлсе отанына, жерiне, елiне деген сүйiспеншiлiгi соғұрлым арта бермек. Түп-тамырын бiлмеген ел болашағын да тұғырықты қылып қалыптастыра алмайды. Осы мақаламызда жас бiлiмгерлердiң көне мұраларымызға деген көзқарасын анықтау, көне мұраларды оқып бiлуге құштарлығын, қызығушылығын сауалнама арқылы тексерiп баға беруге тырыстық. Осы сауалнамаға <Ежелгi дәуiр әдебиетi> пәнi өтiлетiн <Қазақ тiлi мен әдебиетi>, <Қазақ филологиясы> мамандықтарының студенттерi қатысты. Сауалнама 9 сұрақтан тұрады. Қатысқан бiлiмгерлердiң саны - 117. Бұл мақаламызда осы сауалнама нәтижесiн сараптап сараладық және жасардың көне мұраларымызға деген көзқарастарын анықтап қорытынды жасадық. Бұл сауалнамадан жасаған қортындымыз, жастардың көпшiлiгi өздерiн ескi заманмен бiрлiкте қарастырмайды. Көне кезеңдi өздерiне жат санайды, көне түркi тайпаларын ата-бабамыз, олардың тарихы, мәдениетi, дәстүрi мен әдебиетi де менiкi деп санамайды. Яғни, бүгiнгiнiң ең үлкен проблемасы - көне кезең мен бүгiнгi заман арасындағы байланыс үзiлген. Бұған, әрине, Кеңестiк кезеңнiң зор ықпал жасағанын бiлемiз. Сондықтан, бiрiншi кезекте, көне тарихымыз бен бүгiнгi ұрпақ арасындағы жалғастықты насихаттайтын, ашып көрсететiн, жастар санасына сiңдiретiн жұмыстар атқаруымыз керек.
К. Ж. Қожахметованың қазақтың ұлттық тәрбиесi жөнiндегi педагогикалық идеялары
Реферат: Мақалада жаhандану заманында жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызбен сусындатып, бiлiм беру саласында тиiмдi қолдана бiлу. Ұлттық құндылықтарды ескере отырып, халқымыздың ұлттық-мәдени және мәдени-тарихи дәстүрлерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру қарастырылған. Қазiргi жаhандану заманындағы ақпарат ағымының толассыз болуы тәрбие мен ой-санасына керi әсер етуде. Сол себептi де, жеке тұлға мiнезiнде ұлттық белгiлердi қалыптастырудағы этникалық тәрбиенiң маңызды екенi жөнiнде К.Ж.Қожахметова өзiнiң ғылыми еңбектерiнде зерттеген.Ал, мақалада ғылыми еңбектердегi этникалық тәрбиенiң бiлiм беру саласында маңызды екенiне талдау жүргiзiп, сипаттама берiлген. Бiлiм беру саласында студенттердiң патриоттық сезiмi мен отан-сүйгiштiк қабiлетiн ашу үшiн, ұлттық құндылықтарымыз бен халық мұрасын тиiмдi пайдалану ұрпақ келешегi үшiн өте маңызды екендiгi қарастырылған.
Концепт пространство в структуре языковой картины мира
Автор(ы): Жуминова А. Б.*Хусайнова Ш. С.*
Объем документа: С. 279-283
МРНТИ: 16.21.21*
Ключевые слова: языковая картина мира*концептуализация*
Реферат: В статье рассматриваются вопросы концептуализации пространства в языковой картине мира. Фундаментальные свойства бытия этноса определяют специфику ментальности этнического коллектива, обусловливают уникальность пространственных планов его жизнедеятельности. Для лингвистической интерпретации актуальным является исследование универсальных и этнических построений феномена категории пространства и соответствующие им понятия, представления, знания, выраженные языковыми средствами. Спецификация этнодифференцирующих показателей (мировосприятие, национальный менталитет, культура, язык) обусловливается природно-географическими параметрами <пространства жизни>. В связи с этим пословицы как когнитивный языковой знак, несущий информацию о культуре этноса, наиболее точно передает концептуальный комплекс, менталитет народа. Паремии русского языка свидетельствуют о гармоничном, искреннем отношении к природе, пословицы казахского народа свидетельствуют осоциогенетической адаптированности к условиям кочевого экстрима.Этническое своеобразие языковых средств, выражающих пространственные параметры, обусловлено особенностями мироведения определенного этноса.
Инклюзивтi мектепте әлеуметтiк-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру жүйесi
Реферат: Мемлекетiмiздiң бiлiм саласына қатысты қабылданған заңы, бағдарламаларға байланысты инклюзивтi мектептер ұйымдастырылуда. Ендiгi мәселе олардағы әлеуметтiк-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және оның мазмұнына, жұмыс жүйесi мен әдiстемесiне байланысты өзгертулер ендiру болуы тиiс. Бiрақ та инклюзивтi мектептегi тәрбие жұмыстарының ерекшелiктерi мен әлеуметтiк-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесi қайта қарауды қажетсiнедi.Мақалада осы мәслелердi шешудiң жолдары қарастырылған және инклюзивтi мектептегi әлеуметтiк-педагогикалық жұмыс жүйесi ұсынылған. Инклюзивтi мектептегi әлеуметтiк-педагогикалық жұмыс бағыттары: мүмкiндiгi шектеулi оқушының әлеуметтiк мәртебесiн анықтау, оларды тәрбиелеп, дамытудың жеке бағдарламасын түзу, бейiмдеу, түзету, қолдау, көмектесу т.б., Құқығы, мүддесiн қорғау және басқару органдарымен бiрлiкте жұмыс жүргiзу, мектеп әкiмшiлiгi, отбасы, оқытушылар , сынып жетекшiсi, психолог, дәрiгер, физиолог, т.б. мамандармен жұмыс ретiнде қарастырылды.
Воспитательные основы формирования коммуникативной компетентности учащихся начальных классов
Реферат: В работе подробно рассматривается вопрос о методах обучения словосочетаниям в начальных классах, представлены примеры правильного обучения посредством указанных методов. На уроках родного языка не используются основные методические принципы. Поэтому методические вопросы, связанные со словосочетаниями - это довольно сложная проблема, требующая всестороннего рассмотрения. На сегодняшний день обучение словосочетаниям как коммуникативной личности, так и языковой, имеет как коммуникативное, так и номинативное значение. Данная тема имеет особое значение для специалистов-филологов.