Грек-рим стилiндегi жоғары бiлiктi балуандардың физикалық қасиеттерiн дамыту ерекшелiктерi
Автор(ы): Айтпанбет А.*
Объем документа: С. 157-161
МРНТИ: 77.29.11*
Ключевые слова: физическое качество*борец*
Реферат: Мақалада грек-рим күресiндегi жоғары бiлiктi балуандардың физикалық қасиеттерiн дамыту жолдары, ерекшелiктерi айқындалған. Осы м`селенi шешу жолында бiлiктi бапкерлерден кеңес алып, Қазақстанның күрес құрама командасымен тығыз жұмыс жүргiзiлген. Грек-рим күресiнде күш қасиетi жетекшi орын алатыны көрсетiлген. Күш және күштiк-жылдамдықты дамыту барысында спорт шеберiне үмiткерлiктен спорт шеберiне көтерiле алатыны айтылған. Алынған мағлұматтарды жоғарғы дәрежелi спортшылардың жаттығу үдерiсiн құруға және тексеруге, басқа да жекпе-жек спорт түрлерiне қолдануға болатындығы айтылған.
Жоғары оқу орындарында болашақ кәсiби маманның ақпарттық құзыреттiлiгiн қалыптастыру маңызы
Реферат: Мақалада жоғары оқу орнында болашақ маманның ақпараттық құзыреттiлiгiн қалыптастыру мәселелерi қарастырылады. Мақалада <ақпараттық қоғам>, <ақпарат> <ақпараттық құзыреттiлiк> түсiнiктерiне философиялық, педагогикалық тұрғыдан анықтама берiлдi. Қазiргi таңда бiлiм берудi дамыту ақпараттық технологияларды меңгерумен, ақпараттың барлық түрiмен жұмыс iстей алуымен тығыз байланысты. Бұл тұрғыда студенттердiң ақпараттық-технологиялық құзыреттiлiгiн қалыптастыру қажеттiлiгi алдыңғы кезекте оқу үдерiсiн ақпараттандыру және оқу iс-әрекетiнiң барлық түрiнде ақпараттық технологияларды пайдалану үдерiстерiн үлгiлеумен байланыстыруға болады. Қазiргi жағдайда ақпарат кеңiстiгiнiң ұлғаюы қол жетiмдi Интернет, электронды кiтапхана, қашықтықтан бiлiм беру, жеке компьютердi қолдану деңгейiн көтеру сияқты ерекшелiктерге ие болып отыр. Осыған орай ақпараттық құзыреттi қалыптастыру - саналы шешiм қабылдауға, өз бетiнше мақсат қоюға, оны негiздеуге, жоспарлауға, осы мақсаттарға жету үшiн танымдық қызметтердi жүзеге асыруға, табуға, талдауға, iрiктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсiндiруге және оларды жүзеге асыру үшiн ақпараттарды қолдануға мүмкiндiк бередi.
Болашақ мамандарға кәсiби бiлiм беру арқылы техникалық шығармашылық қабiлетiн дамыту
Реферат: Мақалада қазiргi кезеңде бiлiм берудiң ұлттық моделiне өту оқыту мен тәрбиелеудiң соңғы әдiс-тәсiлдерi, инновациялық педагогикалық технологиялар, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескi сүрлеуден тез арада арылуға қабiлеттi және нақты тәжiрибелiк iс-әрекет үстiнде өзiндiк даңғыл жол салуға икемдi, шығармашыл педагог-зерттеушi, ойшыл мұғалiм қандай болуы керек екенi қарастырылған. Оқыту теориясының толық қанды меңгерiлуiнiң бастапқы айғағы мұғалiмнiң өз жұмысына деген шығармашылық ыңғайының болуы, шығармашыл адам бола тұрмай шығармашылыққа үйрену қиын мәселе екенi көрсетiлген.
Аграрлық саладағы студенттерге кәсiби-бағытталған шеттiлдiк бiлiм беру мәселелерi
Автор(ы): Жылтырова Ж. Т.*
Объем документа: С. 167-171
МРНТИ: 14.07.07*
Ключевые слова: английский язык*иноязычное образование*
Реферат: Мақалада ел экономикасының дамуына үлкен септiгiн тигiзетiн өзiндiк орны ерекше аграрлық саладағы қазiргi таңда шетел тiлiнiң атқаратын рөлi туралы сөз қозғалады. Арнайы мақсаттағы ағылшын тiлiне шетел ғалымдарының берген анықтамаларына талдау жасалынып, тiлдiк емес жоғары оқу орнындағы жалпы және кәсiби-бағытталған шетел тiлi туралы Қазақстан Республикасының шеттiлдiк бiлiм берудi дамыту концепциясында берiлген мағлұматтары қарастырылған. Сонымен қатар, тiлдiк емес жоғары оқу орнындағы, атап айтқанда аграрлық саладағы болашақ мамандарғакәсiби-бағытталған шеттiлдiк бiлiм беруде кездесетiн қиындықтар туралы сөз болады. Автор отандық ғалымдардың шеттiлдiк бiлiм берудегi оқу үдерiсiн ұйымдастыруда қолданылатын пәндiк мазмұнды таңдауда қолданылуға тиiс базалық және арнайы қағидаларына тоқтала отырып, мақалада қарастырылған мәселелердi шешу мақсатында басқа да қағидалар мен ұсыныстарды бередi. Арнайы мақсаттағы ағылшын тiлiн оқыту кезiндегiоқу бағдарламасын дайындағанда оқытушы студенттермен бiрлесе отырып,олардың қызығушылықтарын тудыртатын мәтiндер мен мәлiметтердi таңдау ұсынылады. Қазiргi кәсiби-бағытталған шеттiлдiк бiлiм беруде қолданылуға тиiс когнитивтiк-лингвомәдени кешен, студенттердiң өзiндiк бiлiм алу әрекетi мен оқу үдерiсiнде iске асыруға болатын технологиялар туралы да қысқаша ақпарат берiледi.
Личностно-ориентированный подход как важное условие эффективности процесса обучения
Реферат: В статье рассматриваются личностно-ориентированный подход к обучению и его влияние на саморазвитие и самореализацию личности. Новые подходы к организации высшего педагогического образования по-новому ставят вопрос о показателях готовности личности к педагогической деятельности. Для достижения нового качества обучения и воспитания обучающихся требуется профессиональная компетентность учителя, т.е. высшим компонентом личности является профессиональная компетентность. В связи с этим в статье рекомендована структурно-уровневая модель профессиональной компетентности учителя, описание ее компонентов (мотивационный, целеполагающий, содержательно-операционный) и модель педагогической деятельности современного учителя, с такими составляющими, как профессионализм знаний, профессионализм исследовательской деятельности и профессионализм психологических знаний. Сделан вывод, что в личностно-ориентированном подходе к обучению основным элементом работы являются такие новые виды деятельности, как учебно-исследовательский, поисково-конструкторский, творческий и др.
Жоғарғы оқу орнындағы сапа менеджмент жүйесiнiң рөлi
Автор(ы): Исаева А. М.*
Объем документа: С. 176-180
МРНТИ: 14.01.75*
Ключевые слова: высшее образование*менеджмент*
Реферат: Мақаланың мақсаты - ЖОО-ның СМЖ-сы жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жоғарылату арқылы сапа аумағындағы саясатты жүзеге асыру үшiн кажеттi ұйымдастыру құрылымының, әдiстемелердiң, процестер мен ресурстардың жиынтығын қарастырып, олардың рөлiн анықтау. Маңыздылығы - мақалада сапаны басқарудың әдiстерi: SWOT - талдау, жалпы сапа менеджментi (ТQM), ИСО стандарттарының жоғарғы оқу орнының басқару үрдiсiндегi рөлi анықталып және шел елдiк тәжiрибелер қарастырылған. Қорытынды - қазiргi таңда заманауи жоғарғы оқу орны қызметiнiң барлық түрiн: бiлiм берудi ұйымдастыру, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-зеттеу және тәрбиелiк қызметiнде сапа көрсеткiштерiн жоғарылату мақсатында қалыптасқан тиiмдi сапа менеджмент жүйесiнсiз елестету қиын. Сапа менеджемент жүйесi - ұйымның сапа аумағындағы мақсаттары мен стратегиясын қалыптастыру және жоғары нәтижеге жету үшiн қалыптастырылған жүйе. ЖОО бiлiм беру қызметтерiнiң сапасын жоғарылату мемлекеттiк мiндеттер тұрғысынан стратегиялық мақсат және ЖОО өз мiндеттерi тұрғысында оның жанәануын және дамуын, сапалы қызметiн қамтамасыз ету тетiгi ретiнде қарастырылады.
Бүгiнгi педагогтың бiлiм берудегi инновациялары мен дәстүрлерi
Реферат: Мақалада бiлiм саясатындағы түбегейлi өзгерiстердi күнделiктi оқу үрдiсiнде берiлетiн тапсырмалардан бастау қажет екендiгi айқын көрсетiлген. Студенттер оқытушы қауымнан тек бiлiмге ғана емес, өмiрге үйрететiн қабiлеттiлiктi қажет етiп отыр. Демек, болашақ педагогтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешiм қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабiлеттi; нақты бағыт берушi болып шығуы қажет. Құзыреттiлiктi қалыптастыру дегенiмiздiң өзi болашақ педагог - қазiргi студенттердiң шығармашылық қабiлеттерiн дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсендiлiктiң жоғары деңгейiне шығу, жаңаны түсiне бiлуге, бiлiмнiң жетiспеушiлiгiн сезiнуге үйрету арқылы iзденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтiлетiн нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзi өз кезегiнде қазiргi педагогтардан шәкiрттi оқытуда, бiлiм беруде, тәрбиелеп өсiруде белгiлi бiр құзiреттiлiктердi бойына сiңiрген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етедi.
Сущность исследовательской компетенции как одной из составляющих компетенций современного преподавателя ИЯ
Реферат: Проблема современного иноязычного образования становится все более и более актуальной. Это в большей степени связано с экономическими и политическими изменениями в нашей стране, а также смены конечной цели иноязычного образования в пользу формирования межкультурной компетенции. Традиционно, было принято считать, что эффективность педагогического процесса напрямую зависит от знаний учителем предмета и основ педагогики. Чем больше знает преподаватель, тем выше эффективность занятия. Однако, современные исследования показывают необходимость в формировании у педагогов креативных, творческих и исследовательских качеств. Статья посвящена некоторым теоретическим и практическим аспектам деятельности современного преподавателя иностранного языка. Автор анализирует процесс формирования исследовательской компетенции в рамках подготовки будущих преподавателей ИЯ. В статье рассматривается исследовательская деятельность педагога, а также исследовательская компетенция в составе других компетенций будущего преподавателя ИЯ. Данная статья представляет исследовательскую компетенцию преподавателя ИЯ как одну из наиболее важных компетенций педагога. Учитывая тот факт, что сегодняшняя парадигма образования ставит в центре учебного процесса самих студентов, их потребности, особенности и таланты и их гармоничное развитие, необходимость овладения преподавателем исследовательской компетенцией очевидна.
Реферат: Мақалада жалпы педагогикалық қарым-қатынас мәдениетi мен оқушылардың,бiлiмгерлердiң және ұжымның қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастыру қарастырылады. Қарым-қатынас - адамдар арасында бiрлескен iс-әрекет қажеттiлiгiн туғызып, байланыс орнататын күрделi процесс. Екi немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжiрибе, бiлiмдер, бiлiктер, дағдылар алмасу. Педагогикалық қарым-қатынас педагогпен оқушылар ұжымының өзара әрекеттестiгiнiң дағдысы мен жүзеге асыру формасы оның мазмұнының ақпарат алмасу және оқу тәрбиелiк әсер ету өзара түсiнiстiктi ұйымдастыру жүйесiн қарастырады. Мақалада педагогикалық қарым-қатынастың атқаратын қызметi, кездесетiн қиындықтары, тәсiлдерi, кезеңдерi, түрлерi баяндалады. Қарым-қатынас мәдениетi жалпы мәдениеттiң бiр бөлiгi болып саналады. Өйткенi ол тұлғаның ортақ әлеуметтiк қасиетiн көрсетедi. Қарым-қатынас процесiнде адамдар кiм болғанына қарамастан, басқарушы немесе бағынушы немесе жай iскер және басқа әрiптес болсын, ең маңызды мән бiр - бiрiн тану және қабылдау болып табылады. Мұның негiзiнде адамдар аралық қатынастың белгiлi бiр түрiнде адамдардың белсендi iс - әрекетi жатады. Қарым-қатынас көпжақты және көпфункционалды құбылыс, оның сипаты өзара әрекеттесудiң өзiн анықтайды. Қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилi iс-әрекетшiл, демократиялық, достық стилi болып табылды.
Реферат: В научной статье говорится о соревновательной деятельности борцов и их видах, о контроле за соревновательной деятельностью. Где большую роль в контроле соревновательной деятельности борца в схватке может иметь работа комплексной научной группы (КНГ). Регистрация (видео, стенографическая и т.п.) соревновательной деятельности борцов в схватках позволяет более точно выявить достоинства и недостатки навыка. Научный контроль осуществляется КНГ в период подготовки к соревнованию. Внимание КНГ направлено на основную деятельность. После соревнования КНГ делает долгосрочный прогноз, указывает средства и методы тренировочной деятельности или на более длительный срок. КНГ дает рекомендации тренеру и по построению тренировки в условиях, которые будут соответствовать условиям предстоящих соревнований. Модельные показатели могут служить ориентиром в построении на занятиях тренировочных схваток. Таким образом, корректируется навык ведения схваток.