Реферат: Мақалада болашақ мұғалiмдердiң лидерлiк сапасын қалыптастыру мәселесiн зерттеу қажеттiлiгi теориялық тұрғыдан талданған. Модель ұғымын қарастырған ғалымдардың еңбектерiн талдау нәтижесi мен мақала авторларының тәжiрибесi негiзiнде болашақ мұғалiмдердiң лидерлiк сапасын қалыптастырудың құрылымдық моделi жасалған. Аталған модель тұжырымдамалық-мақсатты, технологиялық, ұйымдастырушылық әрекеттiк және өлшемдiк-нәтижелiк құрамдас бөлiктерiнiң бiрлiгiн қамтиды. Сондай-ақ модельде болашақ мұғалiмдердiң лидерлiк сапасын қалыптастырудың өлшемдерi мен көрсеткiштерi белгiленiп, модельдi жүзеге асырудың педагогикалық шарттары көрсетiледi.
Дәстүрлi және қазiргi дастарқан мәдениетiнiң тәрбиелiк мәнi
Реферат: Қазақтың қонақжайлық қасиетi - ұлттық менталитеттiң негiзгi көрсеткiшi. Ұлттық болмысты танытатын қонақжайлық мәдениетi дастарқан ұғымымен тығыз байланысты болып келедi. Қазақ ұғымындағы дастарқан сөзiнiң беретiн мағынасының күрделi болуы бұл сөздiң лексикалық бiрлiк ғана емес, лингвомәдени бiрлiк болып табылуымен байланысты. Сондықтан индивид пен социум санасында дастарқан ұғымы <ас, тағам> түсiнiгiнен басқа м`дени ақпараттарды да қамтиды. Мақалада <дастарқан> ұғымының береке, молшылық, сыйластық, жомарттық, риясыз көмек, бауырмалдық, қолдау сияқты түсiнiктермен астасып келуi және дәсүрлi қазақ мәдениетiнде дастарқанның үлкен тәрбие ошағы болып табылатындығы туралы баяндалады. Сондай ақ, қазiргi уақыттағы дастарқан мәдениетi мен дәстүрлi мәдениеттегi дастарқанның қызметi салыстырмалы түрде талданған.
Қазақстан жастарының азаматтық-партиоттық қасиеттерiн Мәңгiлiк Ел идеясы негiзiнде дамыту
Реферат: Мақалада Қазақстандықтардың бүкiл ұлттық бiрiгуiн <Мәңгiлiк ел> идеясы негiзiнде жүзеге асырудағы жастардың азаматтық-патриоттық қасиеттерiн дамыту және осы бағытта тәрбиелеу мәселелерiн қарастырылады. Авторлар жоғары оқу орындарында дайындалатын болашақ мамандар мен мектеп оқушыларына <Мәңгiлiк ел> идеясы негiзiнде азаматтық-патриоттық қасиеттерiн дамытудың ғылыми мәселелерi жөнiнде өз ой- қорытындыларын баян етедi.
Орта кәсiптiк оқу мекемелерiнiң бiлiм алушыларына патриоттық тәрбие берудiң жүйелiлiк тәсiлi
Реферат: Мақалада орта кәсiптiк бiлiм беру жүйесiндегi оқушыларды өз елiмiздiң азаматы әрi патриоты етiп тәрбиелеу, колледждерде оқитын жастардағsы патриоттық сезiмдi тәрбиелеу, әлеуметтiк белсендi студенттердi - Қазақстан азаматтарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылады. Халықаралық терроризмнiң, алдамшы дiни экстремизмдердiң өсiп келе жатқан қатерлерi жағдайларында жастарды отансүйгiштiкке тәрбиелеу Қазақстанның тек ұлттық мүддесiмен ғана анықталуы керек және олардың iшкi және сыртқы қауiптерден қорғаныстарын қамтамасыз етуге белсендi қатысуларына ықпал ету керек. Анағұрлым маңызды субъектiлер тәрбие беру ұйымдастырылған, жоспарланған, үйлестiрiлген және жүйеленген үдерiс болып табылатын, педагогикалық ұстанымдар мен заңдылықтарға негiзделетiн оқу орындардың ролi анықталады. Тәрбие беру мақсатының, оның субъектiсi мен нысанының басты болмысының сараптамасы оның негiзгi бағыттары көрсетiледi: жастарда жоғарғы кәсiби қасиеттердi қалыптастыру; патриоттылықты қалыптастыру; оқуға және одан кейiнгi кәсiби қызметке оң әсерлi уәждi дамыту мен қалыптастыру; адамгершiлiктiк-этикалық тәрбие беру; салауатты өмiр салтын насихаттау. Отансүйгiштiкке тәрбие берудың принциптерi көрсетiледi. Қазiргi таңғы шындықтар тәрбие беру бағдарламасын жасауды отансүйгiштiкке тәрбиенiң ең жақсы дәстүрлерi мен түрiнен тұратын оқу тәрбиелiк процестiң жүйе түзушi элементi ретiнде талап етедi. Ол оқушыларды тәрбиелеу кезiнде жүйелi түрдегi тәсiл негiзiнде жасалуы керек.
Биология пәнiнде этнопедагогикалық элементтердi пайдаланудың қажеттiлiгi
Реферат: Мақалада қазiргi таңда жас ұрпақты қыр-сырынан тани бiлу, халқымыздың м`дениетiн, тарихын, халықтық тағлымдарын бойларына сiңiру iзгi iстердi бастар жолда аса м`н берiледi. Оқушыларды өзiнiң Отанын, ұлтын, халқын қастерлеп, оған қалтықсыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершiлiкке, қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделiктi оқу-тәрбие жүйесiне халықтық педагогиканы енгiзу кең өрiс алып келедi. Этнопедагогика - балаларды, этникалық топтарды тәрбиелеу мен бiлiм берудiң отбасы, ру, тайпа, ұлт пен ұлыстардың моральдық-этникалық және эстетикалық құндылықтарының ежелден жинақталуы - эмпирикалық тәжiрибесi жайлы ғылым. Бұл салада басқа пәндер сияқты, биология сабағының да мол мүмкiндiктерi бар. Бiз қай сабақ болмасын, оның үш бiрдей дидактикалық мақсатқа сай жүргiзiлетiнiн бiлемiз. Биология сабағынада белсендiлiгiн, қызығушылығын, сүйiспеншiлiк мәнi бар бiлiм беру үшiн этнопедо-гогикалық элементтерiн қолдану керек. Өсiмдiктер әлемiн балдырдан оқу басталады (құрылыс ерекшелiктерi, көбеюi, даму т.б. ) яғни көп жасушалы балдырлар, одан ашық тұқымды және жабық тұқымды өсiмдiктер, дара және қос жарнақты өсiмдiктер, одан төменгi сатыдағы өсiмдiктер және жоғары сатыдағы өсiмдiктер оқушыларға тәрбиелiк мәнi бар бiлiм беремiз. Биология сабағында тiрi табиғат бұрышындағы жинақтамалар бөлiмiнде әртүрлi табиғи мекен орталарына өсiмдiктердiң бейiмделуi (орман, шалғындық, дала, өзен, көл, таулар және т.б.).
Психолого-педагогические условия формирования акме-креативной компетенции будущего учителя русского языка и литературы
Реферат: В данной статье рассматриваются психолого-педaгогические условия формирования акме-креативной компетенции будущего учителя русского языка и литературы. Успешность совершенствовaния системы формирования акме-креативной компетенции будущего учителя русского языка и литературы в знaчительной мере зaвисит от применения системного подходa к aнaлизу ее функционировaния. Он состоит из содержaния обучения, учебных пособий, средств, оргaнизaционных форм, методов, деятельности педaгогических кaдров и обучaющихся. В этом контексте первоочередной зaдaчей в современных условиях является формировaние акмекреативной компетенции кaк однa из целей профессионaльно-педaгогической подготовки будущего учителя.
К вопросу об определении понятия технология иноязычной подготовки в ВУЗе
Реферат: Потребность казахстанского общества в конкурентоспособных на современном рынке труда специалистах, способных пользоваться иностранным языком как рабочим инструментом в решении профессиональных задач, определила обучение специалистов различных профилей иностранным языкам как обязательный компонент их высшей профессиональной подготовки. В данной статье авторами раскрывается понятие <технология иноязычной подготовки в вузе>, которая может выступать в качестве нового методологического подхода в системе иноязычного образования и способствовать достижению главной цели обучения иностранным языкам в вузе - формированию иноязычной профессионально-коммуникативной компетенции студентов.
Этномәдени құндылықтар негiзiнде студенттерге патриоттық тәрбие берудiң мүмкiндiктерi
Автор(ы): Бахтиярова Г. Р.*Нұртазина Н. К.*
Объем документа: С. 142-148
МРНТИ: 14.43.47*
Ключевые слова: народная педагогика*этнопедагогика*традиционная педагогическая культура*
Реферат: Мақалада жоғары мектеп жағдайында студенттерге патриоттық тәрбие берудегi этномәдени құндылықтарды пайдаланудың маңыздылығы жан-жақты талданып, тұжырымдалады. Сонымен қатар <патриотизм>, <ұлттық патриотизм>, <Қазақстан патриотизмi> ұғымдары туралы пайымдаулар мен көзқарастар берiледi. Авторлар студенттер тұлғасын ұлттық, отансүйгiштiк рухта қалыптастырудағы туған жер, ел тарихын, шежiресiн, әдебиетiн және аймақтық ерекшелiкке негiзделген халықтық мәдени-рухани құндылықтар жүйесiн ұтымды пайдаланудың рөлiн, әсiресе, тарихи тұлғалар бейнелерi мен туындыларының танымдық-тәрбиелiк мәнiн сөз етедi. Жоғары мектеп жағдайында нақты тәжiрибеде патриоттық тәрбие беру бағытында студенттермен жүргiзiлген жұмыстардың бағыттары туралы мазмұндап, баяндайды. Аймақтық этномәдени құндылықтарды меңгерту негiзiнде жастар бойында патриоттық сана-сезiмдi, тұлғалық қасиеттердi қалыптастырудың маңызы мен мүмкiндiктерi мазмұндалады.
Болашақ мұғалiмдердiң зияткерлiк әлеуетiн дамыту шарттары
Реферат: Бұл мақалада ұлттың зияткерлiк әлеуетiн арттыруда басты құндылықтар ретiнде сала мамандарын дамыту, әрi бұл ретте жоғары оқу орындарының басымдылығы ерекше екендiгiне назар аударылады. Сонымен қатар, болашақ мұғалiмдердiң зияткерлiк әлеуетiн дамытудың психологиялық-педагогикалықшарттары қарастырылады. Шарт ұғымының философиялық, психологиялық-педагогикалықтұрғыдан анықтамалары талданады. Сонымен, мақсатқа жетудегi психологиялық-педагогикалықшарттар жиынтығының бiрнеше жолы бiрiншiден, бiлiм берудiң базалық амалдарын таңдау негiзi ретiнде тұлға бойында дамытатын сапаның мән мазмұнымен әрi ортаның ерекшелiгiмен, ұйымдастыру шарттарымен және бiлiм беру мекемесiнiң (ЖОО) субъекттерiмен анықталатыны сипатталады.
Критерии духовности личности студента: основные подходы
Реферат: В статье рассматриваются основные подходы определяющие критерии духовности личности студента на основе теоретического исследования. Для выявления критерии духовности личности студента проанализированы различные толкования термина <духовность>, а также предложены качества личности студента в соответствии с общечеловеческими ценностями.