Реферат: Мақалада патриотизм мәселесiнiң қазiргi қоғамдағы өзектiлiгi көрсетiлген. Қоғамның қазiргi кезеңдегi дамуын ескере отырып, жастарды өзiнiң Отанын сүйюге, оны мақтан тұтуға, Қазақстанның азаматы екенiн мақтан тұтуға үйрету үшiн оқытушылар тәрбие үрдiсiн жаңаша құрастыру қажет. Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру мақсатында көне заманнан бастап қазақ патриотизмдi тәрбиелеу әдiстерiн сараптадық, XV-XIX ғасырлардың жетекшi ақын-жырауларының шығармаларын зерттедiк. Революцияға дейiнгi қазақ зиялыларының өкiлдiрi А.Байтурсынов, Ж.Аймаутов, М.Дулатов, М.Жумабаев, С.Мендешев, С.Садвакасовтар тәрбие мiндетiн Отанына деген сүйспеншiлiктi, ана тiлiн, ұлттық мәдениетiң құрметтеп, рухани-құлықтық құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрдi сақтап, құрметтеудi қалыптастыру болып санайтынын анықтадық. Көрнектi қоғамтанушылар А.Бижанова мен У.Касеновтар <Қазiргi кезеңдегi Қазақстанның егемендi мемлекет болып қалыптасуы мен дамуында қоғамның консолидациясында қазақстандық патриотизмнiң бастаушы фактор ретiнде> атты әдiстемелiк зерттеменiң авторлары, патриотизмнiң, туған халқына, туған елiне қызмет жасаудың нақты мысалы ретiнде батыр Махамбет Өтемiсұлы мне оның досы және үзенгiлесi батыр Исатай Таймановтың қазақ халқына, оның үлгi болатын ұлдарына бостандық пен егемендiк үшiн күресудi, өздерiнiң жұмысын арғы қарай жалғастыруды насихаттап кеткенi деп есептейдi.
Қазақ халық педагогикасындағы дәстүрлi ән шығармашылығының тәрбиелiк мәнi және ерекшелiктерi
Реферат: Мақалада сахна тiлiнiң қуаты мен саздылық сипаты өнер саласында айрықша орын алатындығы, сөзден сурет салған тұлғалардың сахна тiлiне қосқан үлесi жайлы тоқталған. Өнерге, оның түрлерiне әркiм өзiнше анықтама бередi. Өнер-өмiр мектебi, шындықтың шежiресi, болашақтың болжаушысы. Өнер-адамзат баласының рухани байлығы. Ол байлықты игеру, меңгеру тiлмен байланысты. Яғни, сөз өнерiнiң байлығы тiл байлығы арқылы жүзеге асырылмақ. Тiл - халық өмiрiнiң айнасы. Қоғамсыз тiл болмайды, тiлсiз қоғам болмайды. Тiлдiң тағдыры сол тiлде сөйлейтiн, сол тiлдi жасаушы, оны қолданушы қауым тағдырымен, халық тағдырымен тығыз байланысты. Әуен, ым, үн, тiл, қимыл түрлi қозғалыс, iс-әрекет сияқты элементтер актер үшiн аса қажет. Актерге осы элементтердiң әрқайсысын икемдi әрi әсем бейнеленуi үшiн дайындық керек. Ол үшiн дайындықты актер күнделiктi жаттығуға, әдетке айналдыру керек. Театрды, актерды, тiлдi бiр-бiрiнен ажырамас ұғым ретiнде қарастырсақ, тiл мәдениетi мен тiл техникасы да өзара тығыз байланысты.
Кайқауыстың өмiрi мен педагогикалық мұрасы
Автор(ы): Манкеш А. Е.*Шауенова М. А.*
Объем документа: С. 253-257
МРНТИ: 14.09*
Ключевые слова: известная личность*великий ученый*
Реферат: Статья посвящена жизненному пути великого ученого ХI века Кайкауса, а также осмыслению его педагогико-дидактической работы <Кабус-наме>. Исследование и усвоение богатого наследия прошлых столетии дает возможность обогатить духовный мир и нравственный опыт человечества. В этой связи изучение педагогических взглядов Кайкауса, как одного из выдающихся представителей средневековой науки и культуры, пробуждает большой интерес. Описание жизни и творческого пути Кайкауса является одной из сложных задач. В решений данной проблемы автор основывается на толкованиях самого Кайкауса, которые он делал в произведении <Кабус-наме>. На основе сравнительного анализа имеющейся литературы наиболее достоверным периодом жизненного пути Кайкауса можно считать период 1020-1083 г.г., так как по словам самого Кайкауса он написал <Кабус-наме> в четыреста семьдесят пятом году, и по предположению многих авторов Кайкаус жил 63 года.
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушiлiк iс-әрекетiне мотивациясын қалыптастырудың маңызы
Реферат: Статья посвящена проблеме формирования мотивации к исследовательской деятельности у младших школьников. Рассмотрены определения с разных источников на понятие <мотивация> и мнения педагогов и психологов, которые исследовали мотивацию. Говоря о значимости формирования мотивации у младших школьников при организаций исследовательских деятельностей, перечисляются трудности педагога и ученика, которые сталкиваются при организации и выполнении исследовательских работ и даются способы решения этих проблем. Самый эффективный способ решить проблему формирования мотивации к учебе у школьников - это организация исследовательских деятельностей, которые выполняют такую функцию как направлять ученика к познанию мира и самого себя в этом мире. А также выделены важные действия для организации учебно-исследовательского процесса в начальной школе. Вовлечение к исследовательской деятельности связано с такими компонентами уровня готовности ученика, как мотивационно-потребностный, когнитивный, деятельностно-практический. В завершении мы делаем такой вывод: каждый педагог может реализовать какого-либо действия на уровне школы, но если больше обращать внимание на мотивацию, то и действие даст высокого результата.
Бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық мәдениетiн дамытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың әдiстемесi
Реферат: Мақалада бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалды мәдениетiн дамытуда инновациялық технологияны қолданудың әдiстемесi сөз болады.Өмiршең мәдениет қоғамдық адамнан ажыратылмайды, адам - мәдениет субъектiсi. Оның адамдық сапасы тiлдi игерудiң нәтижесi, қоғамдық өмiр сүретiн құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа ену, осы мәдениетке тән iс-әрекеттiң дағдысын бойына сiңiруiболып табылады. Мәдениет - адамдықтың өлшемi, ол адамның қоғамдық мән есебiнде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тiкелей қатынаста өмiр сүредi. Ол қатынастың мәнi мынада, оқушы бұрыннан жасалып келген мәдениеттi бойына сiңiредi, қабылдайды, өзiнiң оқу iс- әрекетiнiң алғышартына айналдырады. Сөйтiп, өз бiлiмiн, икемiн, қабiлетiн дамыта отырып, өзiнiң мәдениеттi, тұлғалық мәнiн жасайды.Әдебиеттерге жасаған талдау, мәдениеттануда зерттеудiң екi бағыты қарастырылатынын көрсетедi: қоғамдық (әлеуметтiк) мәдениет және тұлғалық мәдениет. Бiрiншi бағыттың өкiлдерi, мәдениеттiң бейiмдiлiк функциясына яғни қоғамның өзiн-өзi сақтауы мен дамуына баса назар аударады. Екiншi бағыттың өкiлдерi мәдениеттiң тұлғалық саласын зерттейдi, адамға қарым-қатынас және iс-әрекет субъектiсi ретiнде, әрi оның шығармашылық белсендiлiгi мен өзiндiк жетiлуiне зейiн аударады, мәдениеттi тұлғаның өздiгiнен дамудағы тәсiлi ретiнде анықтайды. Бұл бағыттар әртүрлi мәдениет иеленушi субъектiлерiнiң мәдени үдерiстерiн өзара толықтырады және өзiндiк ерекшелiктерiн мазмұндайды.
Сущность и компоненты основ исследовательской компетентности учащихся начальной школы
Реферат: Оқушы бiлiмнiң қалай пайда болатынын, оны қалай қолдану керек екендiгiн түсiнуi қажет. Бiлiм алушының мiндеттi оқу пәндерi шеңберiнде ғана емес, олардың сабақтан тыс уақытта зерттеу әрекеттерi негiзiнде бiлiм алуы үшiн педагогикалық жағдай туғызу бiлiм беру үдерiсiне қойылатын басты талаптар қатарында. Осыған орай, оқушыларды бiлiмдi меңгеру және оны дұрыс пайдалана бiлу үдерiстерiне қатысты жаңа технологияны игеруге үйрету алдыңғы қатарға шығуда. Бiлiм алушының өздiгiнше, танымдық, зерттеушiлiк әрекетiн дұрыс ұйымдастру оның бойында зерттеушiлiк құзыреттiлiктiң болуын қажет етедi. Мақалада бастауыш бiлiм деңгейi оқушысының бойында қалыптасуы тиiс зерттеушiлiк құзыреттiлiгi негiздерiнiң мазмұндық және критериалды сипаттамасы берiлген. Зерттеушiлiк құзыреттiлiгi негiздерiнiң критерийлерi мен көрсеткiштерi оқушының зерттеушiлiк әрекетiн түйiндi әдiс түрiнде қолдатын бiлiм беру үдерiсi нәтижесi ретiнде қарастырылған. Бастауыш бiлiм беруде дамытылуы қажет оқушының зерттеушiлiк құзыреттiлiгiнiң негiздерi ынталандырушы- құндылықты, когнитивтi-мазмұндық, процессуалды және бағалау компоненттерiн тұратын интегративтi сипаттаманы құрайды.
Реферат: Система школьного образования претерпела существенные изменения. Появилось многообразие видов и типов образовательных учреждений (лицеи, гимназии, колледжи и т.д.) Интенсификация учебно-воспитательного процесса обуславливает увеличение требований к функциональному состоянию организма учащихся. А если учесть, что школьный период является периодом роста и развития, когда чувствительность к воздействию неблагоприятных факторов внешней среды велики, поэтому становится очевидной роль школы в развитии различных форм патологии. Частой причиной функциональных расстройств является то, что еще не вполне сформировавшийся организм детей не всегда способен адекватно реагировать на сильные и продолжительные раздражители воздействия учебных нагрузок, недостаточную двигательную активность, нарушения нагрузки в учебном процессе и режиме дня.
Тұлғаның адамгершiлiк-рухани елжандылыққа тәрбиеленуiне қажеттi инклюзивтi бiлiм беру мазмұны
Реферат: Бұл мақалада отансүйгiштiктiң мәнiн түсiну үшiн, ең алдымен елжандылық идеяларын тарихи педагогикалық тұрғыда қарастырылған. Сондықтанда бiз <Отаншылдық, елжандылық - адамның Отанына туған елiне, оның тiлiне, салт-дәстүрiмен мәдениетiне деген сүйiспеншiлiк сезiмi> - деп көрсеттiк. Адам бойында ұлтжандылық қасиет болатындығы, оның бiртiндеп қалыптасып, дамитынына көзiмiз жетедi және ұлтжандылық ұғымының қолданыс аясы кеңеюде. Елжандылыққа тәрбиелеу уақыт пен кеңiстiкте дамитын жүйе ретiнде, кешендi тәсiл жүйесi бар, өз тарихы мен кезеңдерi, өзiне тән заңмен белгiленетiн қалыптасу, даму процестерiн құрайтыны айқындалды. Қазiргi кезеңде мектеп табалдырығынан бастап бiлiм беруде ел тарихын терең қазған, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерiн, қоғам дамуына қосқан үлесiн айтып түсiндiру арқылы жастардың адами құндылық қасиеттерiн қалыптастыру мәселелерiн қарастырдық.
Жекелеп оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының зияткерлiк қабiлеттерiн дамыту
Реферат: Бұл мақалада бiлiм беру жүйесiндегi жаңа педагогикалық технологиялардың бiрi жекелеп оқыту-бастауыш сынып оқушыларының зияткерлiк қабiлеттерiн дамыту құралы ретiндегi өзектi мәселелер қарастырылады. Бiлiм беру жүйесiне жаңа инновациялық технологияларды енгiзу арқылы оқыту үрдiсiн жетiлдiру, оқушының зияткерлiк қабiлетiн дамыту саналы деңгейге көтеру, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалiмдер алдына тың мiндеттердi жүктеп, жаңашыл iс-әрекетке жетелейдi. Осыған орай, бастауыш сыныпта балаға жекелеп оқытуды қолдану арқылы, оқушылардың танымдық белсендiлiгi мен зияткерлiк қабiлеттерiн арттыруға; сабақты жоғары эстетикалық дәрежеде өткiзуге (әуен, анимация); оқушыға түрлi деңгейдегi тапсырмалар бере отырып, жекелей жұмыс жасауға мүмкiндiктер беретiн бағыттары анықталады.