Реферат: Бұл мақалада студенттердiң бiлiм беру және тәрбиелеу үдерiсiнде дене тәрбиесiнiң оларды жан-жақты дамыту бойынша аса маңызды пәндердiң бiрi ретiндегi маңыздылығы зерделенiп, қарастырылады. Дене тәрбиесi бойынша оқу үдерiсiнiң концептуалды бағыттылығы мемлекет мүддесiн, азаматтардың денелерiн жетiлдiруге деген қоғам сұранысын, оларды еңбек бiлiктiлiгiне және әлеуметтiк белсендi өмiрге даярлауды жүзеге асыру болып табылатыны жүйелi мазмұндалған. Сол сияқты студенттерге бiлiм беру және тәрбиелеу тиiмдiлiгi оқытушының жоғары кәсiби бiлiктiлiгi, яғни барлық оқу және оқу-жаттығу сабақтарын өткiзу шеберлiгiне байланысты екенi сипатталған. Сонымен бiрге Дене мәдениетi мен спорттың педагогикалық процесiн талдау және бағалау оқытып, үйрету нәтижелерiнiң педагогикалық диагностикасымен байланысты. Тәртiп бойынша, оқытып, үйрету нәтижелерiн бағалаудың мына негiзгi үш қызметi айырмаланады: бақылаушы, түзетушi және оқытып, үйретушi. Бағалаудың бақылау қызметi оқыту нәтижелерiн жүйелi белгiлеп отырумен маңыздылығы айтылған.
Болашақ дене мәдениетi бакалаврын кәсiби iс-әрекетке дайындаудың әдiстемелiк жүйесi
Реферат: Бұл мақалада дене мәдениетi мамандарының кәсiби шеберлiгiнiң үздiксiз қалыптасуын, ерте кәсiби бағдарын, негiзгi және iс жүзiндегi бiрлiгiн қамтамасыз ететiн ғылыми-оқу педагогикалық кешенiнiң құрылуы, оқу әдiстерiн жандандыру: шығармашылық жеке жұмыстар жүйесiнiң нақтылы бағыт бойынша қолданылуы болашақ дене мәдениетi бакалаврын кәсiби iс-әрекетке дайындаудың әдiстемелiк жүйесi негiзiнде жоғары орындарында оқыған кезiнде олар сыни ойлауды, кәсiби мiндеттерiн шешудiң жаңа да тың тәсiлдерiн табуды үйренулерi керек, ғылыми ақпарат тасқынында бағыттарын анықтай бiлуi, бiртұтас педагогикалық кешендегi даярлық: педагогикалық лицей - педагогикалық колледж - педагогикалық университет - iс жүзiнде кәсiби өзiн-өзi айқындауынан кәсiби даярлыққа дейiн басталатын және дене тәрбиесi мұғалiмiнiң кәсiби тұлғалық қалыптасуымен аяқталатын тұтас бiлiм берудiң маңызды қыры ретiнде орын алатыны анықталды.
Роль межпредметной компетентности в профессиональных практиках студентов-музыкантов
Реферат: В статье рассматривается роль межпредметной компетентности в готовности к прохождению профессиональных практик студентов специальности <Музыкальное образование>, особенности и отличия этих практик от других специальностей. В ходе реформирования образования за последние десятилетия оформилась новая парадигма образовательного процесса, наметились тенденции ее развития. Решение комплексных задач, стоящих перед системой образования, способной обеспечить подготовку специалиста нового типа, обладающего высокой степенью профессионализма, творчески мыслящего, чутко реагирующего на преобразования, вызываемые потребностями эпохи. Улучшение качества подготовки студентов предполагает ориентацию обучения не только на приобретение знаний, но и умений и навыков, на всестороннее развитие личности. И в этой связи вопросы формирование и развития межпредметной компетентности студентов является одной из важнейших задач современного общества. В статье рассматривается методологический аспект формирования межпредметной коммуникативной компетенции студентов специальности <Музыкальное образование> с применением интерактивных методов обучения. Показано как структура деятельности учителя музыки определяет возможные варианты установления межпредметных связей между дисциплинами для обеспечения комплексного использования знаний, формирования умения и навыков при решении практических задач. Автором дается ряд определений понятий <компетентность>, <практика>, <профессиональная практика>.
Болашақ дене мәдениетi мамандарын кәсiби даярлау үдерiсiнiң сапасын дамыту
Автор(ы): Абдукаримов Б. Ү.*
Объем документа: С. 169-172
МРНТИ: 77.03.13*
Ключевые слова: физическая культура*образование*
Реферат: Бұл мақалада дене тәрбиесi студенттердiң адамгершiлiк, ерiк-жiгер сапаларын тәрбиелеудiң негiзгi құралы ретiндегi рөлi қарастырылады. Сонымен бiрге мектептегi, жоғары және орта оқу орындарындағы дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына болашақ дене тәрбие пәнi мұғалiмдерiн кәсiби даярлауды теориялық-әдiстемелiк тұрғыдан негiздеп, ғылыми әдiстемесiн жасау, бiлiм беру мен тәрбиелеу тиiмдiлiгi студенттердiң жоғары деңгейдегi кәсiби шеберлiгiне, олардың оқу сабақтарының барлық түрлерiн және спорттық жарыстарды жүйелi өткiзуге, заманауи технологияларды үйренуге, жаңа инновациялық технологияларды меңгеруге, Педагог пен студент арасындағы психологиялық-педагогикалық өзара әрекеттестiк барысында тiкелей және жанама түрдегi қарым-қатынас орнатуға, дене жаттығуларын орындау барысында жеке тұлғаның өзiн-өзi жетiлдiруi, өз мерейiн көтеруi, яғни шұғылданушы әрiптестерiмен, бiр мақсаттағы ұжыммен, спорттық командалас жолдастарымен бiрлесiп табысқа жетуге ұмтылылуға, абыройлы және ықпалды әрiптесiмен қарым-қатынас жеке тұлғаның өзiн-өзi жетiлдiруiн, маңызға ие болуын жеделдету нәтижесiнде қол жетiмдi болатыны жүйелi сипатталған.
Болашақ мұғалiмдердi кәсiби дайындауда педагогикалық рефлексияның маңызы
Реферат: Рефлексия мәселесiн зерттеу, әсiресе мұғалiмнiң кәсiби әрекетi ретiнде қарастыру мәселесi қазiргi уақытта көп зерттелмеген тақырыптардың бiрi. Оқу және оқыту үдерiсiнде рефлексия мұғалiмнiң өзiн-өзi бақылауының, өзiн-өзi танудың, өз бетiнше iзденiп, өзiн жетiлдiрудiң кiлтi болып табылады. Мұғалiмнiң бойындағы рефлексиялық қабiлет арқылы оқу үдерiсiн табысты жүзеге асыруға болады.Өзiнiң кәсiби қызметiнде керi байланыс жасай алған мұғалiм оқу мақсаттарын шешудiң жолын түсiнедi. Болашақ мұғалiмдердiң рефлексиялық қабiлеттерiн дамыту сабақтарын тренинг түрiнде өткiзген тиiмдi. Соңғы жылдары педагогикада жиi қолданылып жүрген гештальтпсихология элементтерi мен нейролингвистикалық бағдарлау тәсiлдерi болашақ мұғалiмдердiң кәсiби жағынан шыңдалуына, оқыту үдерiсiнде кездесетiн қиындықтарды жылдам және оңай шешуге мүмкiндiк бередi.
Болашақ бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң жаңашылдығының қоғам дамуындағы маңызы
Автор(ы): Кадирова М. С.*
Объем документа: С. 176-179
МРНТИ: 14.01.11*
Ключевые слова: интерактивный метод обучения*учитель*
Реферат: Жоғары бiлiмдi, өз iсiнiң шеберi мамандарды дайындау мәселесi әр уақытта да өзектi мәселе болып келедi. Дамыған елдердiң жоғарғы оқу орындары қоғам талаптаған қанағаттанарлық бiрнеше үдерiстi қарастырады: жоғары бiлiмдi демократияландыру, ғылымды, бiлiмдi және өндiрiстi интеграциялау түрi ретiнде ғылыми оқу-өндiрiстiк кешендер құру, оқыту, студент еңбегiн дараландыру, оқытушылардың кәсiби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалiмдер даярлау мен олардың кәсiби деңгейiн көтеруде педагогика мен психология- ның ролiн жаңа технологиялар негiзiнде көтеру. Кез-келген мемлекеттiң прогрессивтi дамуының қозғаушы күшiмұғалiм. Сондықтан бүгiнгi күнi ғылым мен бiлiм беру саласы қызметкерлерiнiң алдына қойылып отырған басты мiндет-бiлiктi, шығармашыл, кәсiпқой мұғалiм кадрларын даярлау. Қазiргi кезде мектептер бойына қажеттi бiлiмдер қорын жинаған маманды емес, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, жаңашыл, шығармашыл, кәсiпқой мұғалiмдердi талап етедi. Қазiргi кезеңде ғылымның соңғы табыстарына негiзделiп мектеп өмiрiнде жүзеге асырыла бастаған және асырылатын ең басты мәселелер: оқытудың ғылыми негiздерiнiң өмiр және еңбекпен байланыстылығы; оқытудың политехникалық принципi; арнаулы факультативтiк курстар; бағдарламалап және дифференциялық оқыту;қоғамдық пайдалы және өнiмдi еңбектiң оқу мен тәрбие жүйесiнде алатын орны; кәсiптiк бағдар беру, техникалық құралдары, компьютерлердi, оқыту машиналарын кеңiнен қолдану т.б болып отыр. Осы мәселелердi iс жүзiнде асыру мұғалiмнiң тiкелей психологиялық және педагогикалық бiлiм деңгейiне байланысты.
Болашақ технология пәнi мұғалiмдерiн кәсiби даярлауда педагогикалық iс-әрекеттердiң мазvмұны
Реферат: Болашақ мұғалiмдердiң қарым-қатынас құзыреттiлiктерiн қалыптастыру iс-әрекет негiзiнде жүзеге асады. Әрекет iс-қимылдың бiрлiгi, саналы түрде мақсатқа жетуге бағытталған еркiн ниеттiлiк, белсендiлiк. Технология мұғалiмiнiң педагогикалық iс-әрекетiне кешендi талдау жүргiзу қажеттiлiгi мынаған байланысты болып келедi: оқушыларды сәндiк-қолданбалы өнерге баулу бойынша iс-әрекет пен функциялардың негiзгi түрлерiн негiздеу; әрбiр атап көрсетiлген педагогикалық iс-әрекет түрiне сәйкес келетiн бiлiктiлiктер жиынтығын анықтау; олардың қалыптасу деңгейiн бағалау критерийлерiн және бақылау-бағалау шараларына қойылатын талаптарды әзiрлеу; студенттердiң оқу-танымдық және оқу-шығармашылық iс-әрекетiн ұйымдастыру жағдайына қойылатын талаптарды даярлау.
Кәсiптiк бiлiм беруде құзiреттi маман даярлаудың инновациялық жолдары
Реферат: Қазақстан Республикасында бiлiм беру жүйесiндегi модернизациялау үдерiсi - бiлiм мазмұны мен сапасын арттыру, бiлiм берудiң ұлттық моделiн жетiлдiру, ақпараттық технологиялар жөнiнде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секiлдi кешендi шараларға тiкелей қатысты. Әлем тәжiрибесi көрсеткендей, кез-келген мемлекеттiң экономикалық жетiстiгi сол елдiң бiлiм жүйесi мен азаматтарының бiлiм дәрежесiне байланысты. Өйткенi бiлiм арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуетi қалыптасады. Бүгiнгi бiлiм берудiң отандық жүйесiнiң қуатты қуатты құқықтық базасы жасақталды. Бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа Мемлекеттiк бағдарламасы қабылданып, ондаған нормативтiк құқықтық базасы жасақталды, <Бiлiм туралы> Заңына өзгерiстер мен толықтаулар енгiзу қарастырылды. Жаhандану кезеңде бiлiм сапасын сырттай бағалауда бiлiм беру мекемесi өзiне лицензиялау тәртiбiн, мемлекеттiк аттестация, бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу, ұлттық бiрыңғай тестiлеу, сондай-ақ кәсiптiк бiлiм беру мекемеле- рiнде бiлiктiлiктi беру тәртiбiн қамтиды. Әлемдiк бiлiм беру кеңестiгiнiң кеңеюiнiң қазiргi жағдайындағы қарым - қатынас, бұрындары ешқашан болмаған өзектi мәселеге айналып елiмiзде сапалы бiлiм беру мiндетi мемлекеттiк деңгейге қойылып отыр. Осыған орай, бiлiм алушылардың кәсiби дағдыларын бiлiктiлерiн тиiмдi бағалау ретiнде кәсiби құзыреттiлiгiн тексерудiң бiр түрi бiлiктiлiктi растау бағытында жүргiзiлетiн Қазақ Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жанынан құрылған Республикалық бiлiктiлiктi растау және беру орталықтары негiзiнде бiлiм сапасын тәуелсiз бағалауды енгiзуге қажеттiлiк туындайды. Бұл мiндеттердiң шешiмiн табудың тиiмдi жолдарының бiрi, бiлiм беру жүйесi үшiн мамандықтар бойынша бiлiктiлiктерiн растау болып табылады. Мақаланың мақсаты жаhандану жағдайында кәсiптiк бiлiм беру жүйесiндегi маңызын ескере отырып, кәсiптiк бiлiм беру мазмұнының құрылымын жаңғырту.
Подготовка будущих учителей начальных классов к использованию информационных и коммуникационных технологий в условиях инклюзивного образования
Реферат: Қазақстан Республикасында өмiр сүрiп жатқан көптеген мүмкiндiгi шектеулi кiшi мектеп жасындағы балалар тек қана физиологиялық тұрғыдағы қиыншылықтармен емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасауда, бiлiм алуда, әлеуметтiк ортада өиыншылықтарға тап болып жатыр. Сонымен қатар, ерекше айта кететiн жай олардың бiлiм алу барысындағы ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы. Мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн компьютерлiк технологияларды өз өмiрлерiнде қолдану аса зор қажеттiлiкке ие. Әр түрлi қосымша технологиялар арқылы олар тек қарым-қатынас жасау үшiн де емес, сонымен қатар жан-жақты бiлiм алу қол жетiмдiлiгi арта түсетiндiгi туралы айта кету керек. Өкiнiшке орай қазiргi уақытта инклюзивтi бiлiм беру жағдайында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану мәселесi өзектi болып отыр. Инклюзивтi бiлiм беру жағдайында бастауыш сынып мұғалiмiнiң ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану дайындығы қажеттi деңгейде емес екендiгi анық. Мақаланың өзектi мәселесi болып ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) зерттеу барысында, инклюзивтi бiлi беру мен оқыту жағдайындағы оның рөлi мен қолдану қажеттiлiгi қарастырылған.
Формирование лингвистической компетенциина занятиях английского языка у студентов ВУЗа при помощи современных инновационных технологий
Реферат: В данной статье рассмотрено формирование лингвистической компетенции на уроках английского языка у студентов при помощи современных инновационных технологий, в частности использованием проблемного метода обучения. Ключевым понятием проблемного обучения является <проблемная ситуация>, которая создается препода- вателем с учебной целью. Она включает сложный теоретический или практический вопрос, требующий изучения, расширения, исследования в сочетании с определенными условиями и обстоятельствами, создающими ту или иную обстановку (ситуацию). Данный метод обучения способствуют повышению эффективности процесса обучения иностранному языку и достижению более высоких результатов, развивает интеллектуальный потенциал обучающихся, а также открывает возможности творческого сотрудничества преподавателя и студента.В представленной работе изложены основные формы проблемного обучения, его специфика и уровни. Также приведены наглядные примеры различных типов занятий с использованием инновационных технологий обучения. Мы делаем вывод, что на данный момент проблемная методика является одной из наиболее продуктивных и актуальных методов обучения иностранному языку.