Реферат: Бәсекеге қабiлеттiлiктiң басты көрсеткiшi халық өмiрiнiң жоғарғы деңгейi мен сапасы. Бiлiм берудiң деңгейiне, адами капиталды дамытуға, атқарушылық сапасына айрықша орын берiледi. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы Орталық Азия елдерiне өзара тиiмдi қатынастар үрдiсi мен интеграциялық байланыстарға тек қауiпсiздiк және трансшекаралық байланыстар тұрғысынан ғана емес, бiлiм беру саласы мен социо-мәдени жобалар тұрғысынан қарауға мүмкiндiк бердi. ШЫҰ-ға мүше елдерi арасындағы бiлiм беру саласындағы үйлестiру мәселесi айрықша мәнге ие болуда. ШЫҰ университетi - елдердiң негiзгi базалық жоғары оқу орындарының жүйесi. Бұл дайындықтың бес бағыты экология, энергетика, IT-технология, аймақтану және нанотехнологиялар бойынша жұмыс iстейтiн 62 жоғары оқу орны. ШЫҰ университетiнен бiлiм алу сызбанұсқаға сәйкес, ШЫҰ университетiнiң бағдарламасы бойынша оқитын студенттiң өз бiлiмiн кез келген семестрден аталмыш бағдарламаны жүзеге асырушы негiзгi шетелдiк университетте жалғастыруға мүмкiндiгi бар. Осылайша, ШЫҰ университетiнiң халықаралық бағдарламалары аясында елдердiң бiлiм беру саласындағы ынтымақтастығы шынайы түрде кеңейедi.
Некоторые вопросы правового регулирования сотрудничества государств по признанию квалификаций, относящихся к высшему образованию
Автор(ы): Абылайулы А.*
Объем документа: С. 116-123
МРНТИ: 14.01.17*
Ключевые слова: высшее образование*третичное образование*
Реферат: Статья посвящена раскрытию некоторых проблемных аспектов признания квалификации высшего образования, понятия <высшего образования>, сферы применения региональных соглашений по признанию документов об образовании, практики признания иностранных документов об образовании в Республике Казахстан и Российской Федерации. На основе региональных соглашений и международных стандартов образования были проанализированы понятие <высшего образования>, сфера применения региональных соглашений по признанию квалификации высшего образования, возможность признания академических периодов и роль ЮНЕСКО в унификации норм международного права по признанию документов об образовании. По итогам анализа, было выявлено, что казахстанские правила признания документов об образовании не соответствуют региональному соглашению в области признания квалификации высшего образования, участницей которого является Республика Казахстан.
Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келiссөздердiң мәнi мен рөлi
Реферат: Бұл мақалада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алматылық келiссөздер сарапталады. Сонымен бiрге қазiргi кезеңдегi Иранның ядролық саласына әлемдiк қауымдастық тарапынан қалай назар аударылатындығы мен Иранның уранды байыту жөнiндегi өндiрiстiк қуаттылығына деген МАГАТЭ көзқарасы қарастырылады. Мақалада, сондайақ осы елге қатысты БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң қабылдаған бiрқатар қарарлары да, яғни ядролық қаруды құру мақсаты үшiн пайдалануы мүмкiн болатын уранды байыту бойынша өндiрiстiк қуаттылықты арттыруға байланысты бағдарламаны жүзеге асыруды тоқтатуға шақыруы да аталып өтiледi. <Алтылық> пен Иран арасындағы келiссөздерге қатысты кейбiр мемлекеттердiң ұстанымы да баяндалады. Иран өз кезегiнде БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң талаптарын орындамауына қыр көрсету мақсатында кең көлемдегi өндiрiстiк нысандарында уранды байыту бойынша және басқа да ядролық жанармайдың қуаттылығын арттыруға бағытталған жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Ирандық тарап мұны тек қана бейбiт мақсатқа арналған деп дәйектеуде.
Территориальные споры Японии как дестабилизирующий элемент международных отношений на Дальнем Востоке
Реферат: Статья посвящена территориальным спорам Японии с Республикой Корея. Автором прослеживается история вопроса, состояние проблемы на сегодняшний день. На основе изложенных фактов автор делает вывод о нестабильности международных отношений в регионе, которые подвергаются испытаниям на прочность не только действиями националистически настроенных активистов, но и резкими шагами правящих кругов стран-участниц споров. Тем не менее автор склонен считать, что эскалация напряженности в регионе из-за территориальных споров Японии со своими соседями не выльется в полномасштабный военный конфликт, а будет носить вялотекущий характер с периодами обострения и затишья, что, несомненно, отразится на общем уровне безопасности региона.
Ресей мен Еуропалық Одақ қатынастарының дамуы және ынтымақтастықтың негiзгi аспектiлерi
Реферат: Бұл мақалада Ресей Федерациясы мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстардың дамуы және ынтымақтастықтың негiзгi аспектiлерi қарастырылған. Негiзгi назар Ресей Федерациясы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың қалыптасып дамуы және екi жақты ынтымақтастықтың негiзгi аспектiлерi, оның iшiнде саяси, экономикалық мәселелерiне бөлiнген. Ресей мен Еуропалық Одақ қатынастары әлемlдiк саясаттың кез келген мәселелерiн түрлi деңгейде талқылауға мүмкiндiк беретiн көрнектi институционалды архитектурадан тұрады. Ресей мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас белгiлi жемiстерiн беруде. Оның дәлелi экономикалық, саяси, әлеуметтiк, қауiпсiздiк саласындағы жасалған көптеген келiсiмшарттар, өзара жасалған бағдарламалар және олардың жүзеге асуы. Автор Ресей үшiн Еуропалық Одақтың, Еуропалық Одақ үшiн Ресейдiң алатын орны мен рөлiне тоқталады, ынтымақтастықтың барысы және оның жолында туындаған мәселелердi көрсетедi.
Сотрудничество Республики Казахстан и Европейского Союза в сфере экологии
Реферат: В данной статье рассматриваются экологические проблемы, существующие в Центральной Азии, в частности Казахстане. Среди острейших проблем Центральноазиатского региона в области экологии и природопользования можно выделить: проблемы охраны природы в районах расположения крупных территориально-промышленных комплексов; проблемы Арала и Приаралья, охрана рационального использования водных ресурсов; нефтяные, радиоактивные и промышленные отходы, загрязняющие реки и озера региона; экологические проблемы в агропромышленном комплексе; опустынивание, загрязнение атмосферного воздуха и т.д. Европейский Союз активно сотрудничает с Республикой Казахстан в области экологии в рамках Соглашения о партнерстве и сотрудничестве. Также в статье рассматриваются основные проекты программы Европейского Союза ТАСИС по защите и охране окружающей среды и экологии РК.
Еуропалық Одақ шеңберiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi Францияның тәжiрибесi
Реферат: Экологиялық мәселелердi шешу және қоршаған ортаны қорғау Еуропалық Одақ қызметiнiң бүгiнгi таңдағы тмаңызды бағыты болып отыр. Бұл салада кең ауқымды экологиялық қағидалар, тетiктер және құралдар жүйесi дамыған, тәжiрибеде жемiстi жүзеге асырылып жатқан заңнамалар, нормалар бар. Әрине, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыруда унификацияланған әдiстердiң негiзiнде жүзеге асырылуына тырысады, бiрақ әртүрлi мемлекеттерде өзiндiк ерекшелiктер сақталып қалады. Салыстырмалы түрде алсақ АҚШ және Канадада экологиялық саясат әртүрлi бағдарламалар, жоспарлар, ұсыныстар негiзiнде жүзеге асырылса, Батыс Еуропа елдерiyнде, соның iшiнде Францияда экологиялық саясатты жүзеге асыруда заңдар жүйесiне басты көңiл бөледi. Мақалада Францияның экологиялық саясатының тарихи, халықаралық және еуропалық деңгейi аясында қалыптасуы, өзгеруi, жетiстiктерi қарастырылады. Францияның экология саласындағы проблемалары, институттары және ластану түрлерi - пәнаралық зерттеу жүргiзуге мүмкiндiк бердi.
Жапонияның Орталық Азиядағы саясаты
Автор(ы): Балаубаева Б. М.*
Объем документа: С. 153-157
МРНТИ: 10.87.31*
Ключевые слова: евразийская дипломатия*политика*
Реферат: Мақалада Жапонияның Орталық Азияға саясаты жан-жақты қарастырылады. Жапония ОА-ның табиғи байлығына мүдделi екендiгiн жасырмайды және бiрнеше жылдар бойы өз мүдделерiнiң негiзiн түсiнуге мүмкiндiк жасап келедi. Осыған орай, мемлекеттердiң әрбiрiмен қатынастар орнату олардың толықтай ресурстық мүмкiндiгiне тәуелдi болды. Осы салада дамуға ресми көмек бағдарламасы шеңберiндегi қаржылық көмек те белгiлендi. Бiр қарағанда осы аймақтағы Жапония саясаты оның географиялық алыс орналасуы себептi болашағы жоқ болып көрiнедi. Дегенмен Жапонияның доктриналарын, концепциясы мен бастамаларын сараптай отырып, ОА-дағы жапондық саясат бүгiнгi күннiң уақытша қатынастары емес, ертеңгi күннiң ұзақ мерзiмдi болашағы деп сенiмдiлiкпен айтуға болады. Дипломатияның бүкiл тарихы бойынша Жапония ешқашан да <бiр рет қолданатын> акциялармен шектелген емес, ал оның саясаты әрдайым ұзақ мерзiмдi шараларды жасауға бағытталды.
Аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы мен АҚШ ынтымақтастығы
Реферат: Орталық Азия аймағында аймақтық ынтымақтастықты iлгерiлетуi, шекаралық қақтығыстардың реттелуi, лаңкестiкке қарсы күрестiң тиiмдiлiгi және Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтандырылуы АҚШ-тың стратегиялық мүдделерiне сай келедi және АҚШ аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Қазiргi таңда АҚШ өз бастамалары арқылы Орталық Азия аймағындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және аймақтық интеграция мәселелерiне аса зор көңiл бөлуде. АҚШ-тың <Жаңа жiбек жолы> жобасында экономикалық даму мен қауiпсiздiк проблемаларын кешендi түрде шешу үшiн Орталық Азия аймағына Орталық және Оңтүстiк Азияны байланыстыратын өзек ретiнде Ауғанстанды қосу арқылы жаңа аймақтық қатынастар жүйесiн дамыту көзделуде. Мақалада АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясатына жасалынған және оның аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан мен АҚШ-тың екiжақты қатынастарына тигiзетiн ықпалы қарастырылған.
Түркия мен Ресейдiң саяси-энергетикалық қатынастары
Реферат: Түркияның аймақтық деңгейдегi ғана емес, сондай-ақ халықаралық геосаясаттағы ұстанымын нығаютудың негiзi рtетiнде энергетикалық факторды атауға болады. Түркияның экономикасы, өнеркәсiбi мен сыртқы саяси ықпалының күшеюi үшiн ең қажеттi шарт - жаңа қуат көздерiнiң қамтамасыз етiлуi болып табылады. Түркия импорттайтын қуат көздерiнiң жартысын Ресейден жеткiзiлетiн табиғи газ құрайды. Түркия Ресейдiң табиғи ресурстарына, әсiресе газына шектен тыс тәуелдi болып кетпеу үшiн жаңа, балама энергетикалық, көлiктiк, логистикалық жобаларын жүзеге асыруға мәжбүр. Бұл жобаларға TANAP, BТЕ, Nabucco, TAP, Транскаспий құбырлары сияқты жаңа энергетикалық шешiмдер жатады. Түркия келешекте Ресейге энергетикалық тәуелдiлiгiн мақсатты түрде азайтып, әзiрбайжан, Түрiкменстан, Иран, Ирақ, Қазақстан сияқты зор әлеуетке ие шикiзат экспорттаушыларына арқа сүйегiсi келедi. Ресей өз шикiзатын Түркия сияқты айтарлықтай iрi нарыққа экспорттауға мүдделi. Түркия болса, энерuгия көздерiн үзiлiссiз түрде жеткiзiп тұратын Ресей сияқты сенiмдi серiктеспен жақсы қарым-қатынаста болғысы келедi. Ресей Түркияның бағасы төмен, сапасы жоғары тауарларын сатып алуға мүдделi болса, Түркия да Ресейдiң тұрақты бағаға сатылатын қуат көздерiн сатып алуға үлкен қызығушылық танытып отыр.