Реферат: Қазiргi таңда бүкiл қоғам алдында қайта өңделмейтiн өндiрiстiк қалдықтардың көбеюi, ауаның және өзен-көлдердiң ластануы, адам денсаулығының нашарлауы, түрлi аурулардың пайда болуымен байланысты экологиялық мәселелер туындап отыр және оны шешу үлкен маңыздылыққа ие. Әлемдiк қауымдастықтар, кәсiпорындар экологиялық мәселелердi жоғары дәрежеде қарастырып, оны болдырмауды экологиялық маркетинг арқылы шешуде, ал Қазақстанда бұл жеткiлiктi деңгейде дамымаған. ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаев Стратегия-2050 жобасында бәсекеге қабiлеттi және экологиялық стандарттарға сай ұлттық бренд болатын өнiмдi қалыптастыруымыз қажет деген болатын. Сондықтан экологиялық таза және қауiпсiз өнiмдерге тұтынушылардың сұранысын анықтау, кәсiпорындарда экологиялық маркетинг стратегияларын жүзеге асыру, экологиялық өнiмдер нарығын қалыптастыру және одан бұрын қоғамның денсаулығына пайдалы және бәсекеге қабiлеттi таза өнiмдер қалыптастыру бүгiнгi таңда өте маңызды болып отыр. Осыған орай өндiрiстiк кәсiп-орындардың жұмыстары бағаланып, олардың экологиялық маркетингтi жүзеге асыру деңгейi анықталып және оны кәсiпорын қызметiне енгiзу мен дамыту моделi ұсынылды.
Қазақстан Республикасында жұмыссыздық көлемiн азайтудағы әлеуметтiк жобалардың рөлi
Реферат: Бүгiнгi күнi жоба, әлеуметтiк жоба терминi елдiң әлеуметтiк-экономикалық даму тақырыбындағы дискуссияларда өте жиi қолданылатын болды. Жоба-бұл көптеген өзара байланысқан iс-әрекеттердi үйлестiрiлген түрде жүзеге асыру және уақыт iшiндегi, белгiлi басталатын және аяқталатын уақыты бар үрдiс. Әлеуметтiк жоба деп-жобаға қатысушылардың қызығушылығы халықтың әлеуметтiк тұрмыс жағдайын жақсартумен байланысты болатын, сол бағыттағы iс-әрекеттерi кешенiн айтамыз. Осылайша, әлеуметтiк жоба қалыптасқан жобалық мақсаттар, осы мақсаттар үшiн құрылған әлеуметтiк мекемелер, физикалық объектiлер, әлеуметтiк қорғау жүйелерi, сәйкес құрастырылған және бекiтiлген құжат-бағдарламалар, жоспарлар, есептеулер, сметалар, қажеттi ресурстардың есебi (материалды, қаржылық, еңбек, уақыттық), басқарушылық шешiмдердiң кешенi, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған iс-шаралар жүйесi болып табылады.
Реферат: Қазақстан Республикасында екiншi деңгейлi банктердiң ресурстар тартуының негiзгi көзi депозиттер екенi белгiлi. Сондықтан депозиттiк саясатты құруда салымшыларды тартудың құралдарын, әдiстерiн бiлу қажет. Ол үшiн алдымен депозиттiк саясатқа әсер етушi факторлардың ықпал дәрежесiн бiлуде факторлық талдау жасау маңызды болып табылады. Жеке тұлғаларға ұсынылатын депозиттер түрлерi өте көп және банктердiң арасында айтарлықтай қатаң бағалық бәсеке жүруде. Аталған мақалада банктердiң депозиттiк саясатына сұраныс тарапынан әсер етушi факторлардың бiрқатарына: ең төменгi резервтiк талаптар, валюталық бағам, халық санының өзгерiсi, қайта қаржыландыру мөлшерлемесi, халықтың орташа табыс деңгейiне талдау жасалды. Зерттеуде қолданылған әдiс аралас сипатқа ие. Құрылған эконометрикалық модель әр фактордың депозиттiк қызмет сұранысына әсер ету дәрежесiне болжам жасауға мүмкiндiк бередi.
Факторы, влияющие на конкурентоспособность предпринимательской идеи
Реферат: В данной работе рассматриваются проблемы конкурентоспособности и факторы, влияющие на конкурентоспособность предпринимательской идеи на современном этапе. Создание конкурентных преимуществ перед соперником становится стратегическим направлением деятельности государства и его органов в области обеспечения конкурентоспособности национальной экономики. При этом повышение конкурентоспособности касается всех уровней ее иерархии:продукции (товаров и услуг), предприятия, отрасли, региона и страны в целом, но особую важность приобретает конкурентоспособность предприятия как основного звена экономики. Несмотря на большое количество факторов, влияющих на конкурентоспособность предприятия, все же основным и определяющим из них остается его способность производить конкурентоспособную продукцию и создавать условия для ее продвижения на рынок. Сегодня для отечественных предприятий задача повышения конкурентоспособности выпускаемой продукции становится особенно актуальной в связи с тем, что негативные последствия экономических реформ в значительной степени ослабили их позиции на внутреннем и зарубежном рынках.
Реферат: Бүгiнгi таңда адами капиталды дамыту мемлекеттiң тұрақты экономикалық өсуiне тiкелей әсер ететiн фактор болып табылады. Адами капитал мемлекеттегi адамның өмiр сүру сапасы, денсаулық, бiлiм беру, мәденит, әлеуметтiк қатынастар сияқты iрi көрсеткiштерге негiзделедi. Әлемдiк экономиканың жаңа сатыға көтерiлуi озық идеялар мен тың iзденiстердiң жүзеге асуына тiкелей байланысты болып отырғандықтан Қазақстан Республикасы инновацияға негiзделген экономиканы қалыптастыруға талпынуда. Жаhандық бәсекелестiк жағдайы әлем елдерi алдында жаңа талаптарды қойып отыр. Адами капиталды тиiмдi пайдалану және сапасын арттыру басқарудағы инновациялық әдiстердi енгiзу, басқарудың заманауи құралдарын нақты тәжiрибеде қолданумен тiкелей байланысты әрi осы тұрғыдан мемлекеттегi стратегиялық бағдарламалардың жоғары нәтижелермен орындалуында шешушi рөлдi адам капиталының сапасы алып отыр.
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен еңбек нарығы факторларының экономикаға әсерiн бағалау
Автор(ы): Какижанова Т. И.*Искакова Г. С.*
Объем документа: С. 148-152
МРНТИ: 06.77.64*
Ключевые слова: рынок труда*безработица*бедность*
Реферат: Бүгiнгi таңда нарыққа байланысты елеулi мәселелердiң бiрi-жұмыссыздық мәселесi. Жұмыссыздық әлемдегi ортақ проблемалардың бiрi болып табылады. Кез келген жұмыссыздықтың болуы-қоғам үшiн ең ауыр экономикалық және әлеуметтiк сiлкiнiс. Жұмыссыздықты зерттеу олардың пайда болу себептерiн анықтайды, мемлекеттiң тарапынан шараларды анықтайды. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету-халықты әлеуметтiк қорғаудың негiзi, адам ресурстары әлеуетiн дамыту және iске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмiр сүру сапасын жақсартудың басты құралы болып табылады. Сонымен қатар мақалада жұмыссыздыққа талдау жасай отырып, оның еңбек нарығы факторларына әсерi бағаланып, регрессиялық модельдер құрылды.
Инновациялық экономиканың қалыптасуының шетелдiк тәжiрибесi
Реферат: Инновациялық саланың динамикалық дамуы-инновациялық экономиканың бастыларының бiрi болып табылады. Мұндай жоғары технологиялық экономика тиiмдi инновациялық жүйенiң болуын және инновациялық процестi қолдау институттарын құруды бiлдiредi. Экономикасы дамыған әр мемлекет инновациялық жоғары технологиялық өндiрiстiң дамуына бағытталу арқылы ұлттық өнеркәсiптi дамыту мен қолдаудың белгiлi бiр сценариелерiн жасайды. Сонымен қатар олардың әртүрлi бәсекелестiк басымдылықпен әртүрлi уақыт кезеңдерiнде өз саясаттарын қалыптастырғандығын атап өткен жөн. Көптеген дамушы елдер жоғары технологиялық өндiрiстi ұйымдастыруды бiлдiретiн өнеркәсiптiң инновациялық салаларын қолдауға назар аударды. Қазақстандағы инновациялық дамуды талдау елiмiздегi инновациялық қызметке үлкен рөл бөлiнетiндiгiн көрсетедi. Сонымен қатар республикадағы инновациялық қызмет елiмiздiң әлемдiк нарықтағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтеру көзi бола алмай отыр. Бүгiнгi күнi Қазақстандағы инновациялық даму мәселелерiнiң бiрi ғылыми зерттеулердiң аяқталмауы және олардың өндiрiстен алшақтауы болып табылады.
ҚР-да ислам банкинг өнiмдерiн қалыптастыру және дамыту мәселелерi
Реферат: Дәстүрлi қаржы жүйесiнен өзге жаңа бағытта дамып келе жатқан қаржы жүйесi исламдық қаржы жүйесi болып табылады. Бұл бағыт елiмiзде де дамып келе жатыр. Алғашқыда бұл исламдық қаржы тек қана мұсылман елдерiнде дамып, осы сала бойынша жұмыстар жүр-гiзiлген болса, қазiр Еуропа елдерiмен қатар дамыған Оңтүстiк Корея Жапония сынды елдер де қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар Ұлыбританияда осы бағыт бойынша көптеген еңбектер жүргiзiлуде. Бұл жүйенiң адамгершiлiк этикалық қағидаларына сүйенуi және операциялардың ашықтығы мен әдiлеттiлiгi қаржы жүйесiнiң мұсылман емес тұтынушылар арасында да сұранысқа ие болып отыр. Мақалада исламдық қаржы жүйесi маңызды саласының бiрi исламдық банкинг туралы қамтылады. Нақтырақ келер болсақ, елiмiздегi ал-Хилал банкiнiң ұсынатын өнiмдер мен қызметтердiң түрлерi қамтылып, олардың жүзеге асырылу ретi көрсетiледi.
A project manager\'s important professional skills
Автор(ы): Zakirova A. T.*Lipovka A. V.*
Объем документа: С. 168-172
МРНТИ: 06.39.41*
Ключевые слова: менеджер проекта*твердые и гибкие навыки*эмоциональный интеллект*
Реферат: Kazakhstani companies face international competition and necessity to manage projects with success. The project is successful if effectively managed. A project manager is in charge of all the aspects of the project and responsible for achieving goals and objectives of any project. To perform successfully a project manager has to communicate effectively with a wide variety of stakeholders. From this point of view so-called (soft skills) are more important that (hard) ones because a project manager\'s authority may be frustrated by siloing effects. A project manager needs two kinds of skills: the management-related skills hard╒ and interpersonal ones (soft). To lead a project to success, a project manager must be able to use interpersonal skills with ease. People are the central part of project management, not the procedures and techniques. Procedures and techniques are merely tools that help people make their projects successful. Soft skills deal with human factor issues and, until recently, have been less discussed in project management literature.
Қазiргi дағдарыс жағдайындағы экономикалық даму және кедейшiлiк
Автор(ы): Садыханова Г. А.*Табеев Т. П.*Кулиев И. У.*
Реферат: Дағдарыс жағдайындағы экономикалық даму экономикалық өсу мен кiрiстердiң бөлiну сипатын өзара тығыз байланыста алып жүргенде ғана жүзеге асады. Ауқаттылардың асқына баюы мен кедейлердiң кемсеңдеп керi кетуi арақатынасының тым ұлғаюы келеңсiз құбылыс. Сондықтан, мемлекеттердегi кедейшiлiк мәселелерi, ЖҰӨ-нiң өсуiне кедейшiлiктiң әсерi, кедейшiлiк деңгейiн анықтау тәсiлдерi, минмималды жалақы мен өмiр сүру минимумы түсiнiктерiнiң мәнiн қарастыру маңызды. Қазақстанның әртараптандыру экономикалық саясатын жүзеге асыру кезеңiндегi экономикасының шынайы сипатын көрсететiн факторлардың iшiнде елеусiз қалмайтыны-әлеуметтiк қамтылуы төмен тұрғындардың тұрмыс деңгейi болып табылады. Қазақстандағы кедейшiлiк жағдайы және оның халықаралық көрсеткiштермен салыстырмалы талдауы экономикалық дамуға септiгiн тигiзетiн күттiрмес фактор ретiнде айқындалғаны дұрыс. Қорытындысында2014 жыл бойынша Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуы нарықтық экономикаға тән халықтың кiрiстерi бойынша жiктелуiнiң тереңдеуiмен ерекшеленедi.Сонымен қатар төтенше жағдайлар орын алған кезеңде халықтың кейбiр топтарының тұрмыс деңгейiнiң оған дайын еместiгi ескерiлiп, ұсыныстар берiлген.