Реферат: Қазiргi таңда ұлттық құндылықтарды лингвистикалық тұрғыда зерттеу өзектi мәселеге айналды. Өйткенi, қазақ этносының тарихы мен салты, тыныс-тiршiлiгi тiлдiк деректерiнде сақталған. Осындай қазақ фольклоры жанрларының бiрi - бесiк жыры. Бесiк жыры ауызекi шығармаларының жанры ретiнде ауыз әбиетiнде бiршама қарастырылған. Бiз мақалада бесiк жырларын психолингвистикалық, музыкалық сипатта қарастыруға тырыстық. Мақалада бесiк жырларының сәбидiң тiлдiк танымын жетiлдiруге, ой-өрiсiн кеңiтуге, тiлiнiң тез шығуына маңызды әсер ететiндiгi мысалдар арқылы талданды. Және бесiк жырын айту кезiндегi дауыс ырғақтарының түрлiше қалыпта естiлуi, мәтiннiң әндете айтылудағы әуездiлiгi жайлы сөз қозғалды. Дыбыстық фонемалардың қайталануы бесiк жыры мәтiндерiн жеткiзудегi суггестиялық формалардың бiрi екендiгi айқындалды. Бұл ана мен бала арасындағы жағымды психологиялық қарым-қатынас орнатудың тиiмдi көздерiнiң бiрi болып табылатындығына мән берiлдi. Жалпы мақалада әр ананың бесiк жырын айтуы қажет екендiгiн, сол арқылы бүгiнгi сәби-ертеңгi тұлғаның дамуына этностық, психологиялық, суггестиялық ықпалдарының зор болатындығын туралы ой қозғалады.
Көп мағыналы деривациялық түбiр етiстiктер
Автор(ы): Тулендиева Ф. Т.*Мулькибаева Э. Ж.*Бүркiтбаева М.*
Реферат: Тiлдiң сөзжасам саласын дериватология деп атайды. Ол латын сөзi dҒrivation - <жасау, құрау> деген мағынаны бередi. Субстанциалдық бiрлiктер реляциялық қатынастар барысында өзгередi. Сондықтан деривация дегенiмiздiң өзiн өзгерiс деп түсiнуге тиiспiз. Өзгерiстiң бастапқы және кейiнгi нәтижесi болатындығы белгiлi, семантикалық деривацияны зерттеушi мамандардың айтуынша, деривация дегенiмiз - бастапқы, алғашқы тiлдiк бiрлiктен кейiнгi, туынды тiлдiк бiрлiктiң жасалу процесi. Ал деривация процесi - тiлдiк бiрлiктердiң формалық және мазмұндық өзгеруi.Деривация процесiнде бастапқы тiлдiк бiрлiк структуралық және мазмұндық өзгерiске түседi. Демек, деривациялық процестiң мазмұндық және формалық типтерi бар. Тiлдiң формалық деривация процесiне грамматикалық құбылыстар, мазмұндық деривация процесiне семантикалық құбылыстар жатады. Семантикалық деривация процесi - мазмұны, мән-мағынасы өзгерген бастапқы және кейiнгi бiрлiктердiң нәтижесi.
The main methodological approaches to the English for specific purposes teaching
Реферат: Expansion of contacts in all spheres of human activity on an international scale entailed increasing need to study foreign languages not only as a means of communication, but also as a prerequisite for a successful professional competence and professional career. The higher education system of the Republic of Kazakhstan introduced the course of !Professionally-oriented foreign language.! The article attempts to analyze the main methodological approaches to its teaching on the base of professionally-oriented English for the students of !tourism! department. This paper considers the English for specific purposes not as an artificial closed subsystem but as a living, ever-changing variety of language, closely related to the content of a particular discipline and to a course of English for General Purposes.English for special purposes is considered as a language oriented to the specific needs of students associated with the content of a particular professional discipline, based on the core language and focused on the special linguistic and communicative material. Methodology of formation of its content for using in the professional sphere, in this case tourism, based on the unity of the two approaches - analysis and synthesis. Initially it requires a thorough analysis of the linguistic material, not only lexical and grammatical, but also communicative one, then resulted in the selected and analyzed material synthesized in the content of the educational process. The interaction of analysis and synthesis methods appears to be continuous process.
Нравственные аспекты темы семьи в прозе У. Тажикеновой
Автор(ы): Абишева С. Д.*Сабирова Д. А.*
Объем документа: С. 71-73
МРНТИ: 17.82.30*
Ключевые слова: современная литература*кризис*
Реферат: Художественная литература во все времена стремилась ответить на основные вопросы человеческого бытия. Не проходит она и мимо меняющихся семейных отношений в современном обществе. Тема семейных отношений одновременно традиционна и актуальна. Интерес к ее изучению продиктован реалиями сегодняшней жизни. Перед художником всегда стоит и сверхзадача: расширить пространство свободы, наказать негодяев и вознаградить справедливых. Показателем ломки привычных форм повествования стали произведения У. Тажикеновой. Здесь можно найти множество положительных героинь, но в целом остается тяжелое впечатление, потому что у этого автора очень часто мы встречаем реальное описание женской доли.
Ғалым Ш. Елеукенов және алаш арыстарының әдеби мұрасы
Реферат: ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының алдында ұлы мiндет тұрды. Ол мiндет - халықтың мәдени өмiрiндегi жаппай оқу-ағарту iсi едi.Қазақтың ХХ ғасыр басында қалыптасқан интеллигенция өкiлдерi өркениетке ұмтылудың бiрден-бiр жолы - халықтың өнер-ғылым, оқу-бiлiм игеруi екенiн ұғынды. Зиялы азаматтар осы бағытта табанды iс жүргiзiп, елге насихат айтты. Алаш азаматтарының шығармашылығы Ш. Елеукенов зерттеулерiнде қарастырылды. Мақалада зерттеушi Ш.Елеукеновтiң <Жаңа жолдан>, <Мағжан>, <Әдебиет және ұлт тағдыры>, <Қазақ әдебиетi тәуелсiздiк кезеңiнде>, <Казахская литература: новое прочтение>, <Тәуелсiздiк биiгiнен> атты зерттеу кiтаптары талданады.Мақалада Ш. Елеукеновтың Мағжан, Шәкәрiм, Ахмет, Жүсiпбек, Мiржақып мұралары туралы әр жылдары жазған еңбегiмен қатар алаш мұраларын ақтауды ұйымдастыру жолындағы қызметi қарастырылған.
Реферат: Мақалада қазақ әдебиетiнiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi Дулат Исабековтың драмалық шығармаларына талдау жасалады. Драматургтiң тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi қазақ драматургиясында ұлттық тұтастық тұрғысында қайта жаңғырып, тың жаңалықтар мен iргелi iзденiстерi айтылады. Қоғамдық өмiр көрiнiстерi, адам тағдыры мәселелерi, кейiпкерлердiң рухани, психологиялық әлемiндегi жағдайлар драматургтың туындыларында еш боямасыз, таза табиғи күйiнде берiлiп отырады. Бұл қаламгердiң өзiндiк ұстанымы мен жазушылық лабороториясыныңжан-жақтылығынан деп бiлемiз. Тәуелсiздiк жылдар драматургиясындағы дәстүрлiк сипаттың нығаюы - қағидалылықты жоққа шығарудың бiр әдiсiнiң өзi болып табылады. Әдеби сана-сезiмнiң қарқын алу кезеңдерiнде жанр шығармашылық жаңаруға деген талпынысты ұстап тұрады және онымен қоймай, оны үнемi жаңартып отырады. Осы бастамалардың екiұштылығымен танылған жанр, қарама-қайшы болса да, өте маңызды әдеби шығармашылықтың белгiсiне айналады. Тарихи сананың сiлкiнiп-серпiлген тұсында оның жықпыл-жықпылында жасырын тыныстап жатқан бағзы бейнелердiң немесе қағазға қатталып әйтпесе ауызша жеткен, этностың жан-жүрегiне жақын, киелi, қасиеттi ұғымдардың бүгiнгi болмыспен шарпысуының әдебиет әлемiнде бедерленуi-қызық құбылыс.
Ақын-жыраулардың өлең-толғауларындағы Ибраhим (ғ. с.) - Смағұл (ғ. с.) және ДӘУIТ (ғ. с.) - Сүлеймен (ғ. с.) пайғамбарлардың тарихы
Автор(ы): Дәрiбайұлы С.*
Объем документа: С. 81-85
МРНТИ: 17.71.07*
Ключевые слова: словесное искусство*гуманизм*
Реферат: Ислам дiнiнiң тарихы ХIХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы ақын-жыраулар поэзиясының негiзгi арнасы. Бұл мақалада ақын-жыраулардың өлең-толғауларындағы әкелi-балалы Ибраhим (ғ.с.)-Смағұл (ғ.с.) және Дәуiт (ғ.с.) - Сүлеймен (ғ.с.) пайғамбарлардың шежiресi баяндалған. Сөз зергерлерi ұлттық құндылықтарды Құран аяттары арқылы жыр арқауына айналдырады. Дәстүрлi жыр мектептерiнiң барлығында да ислам тарихына, пайғамбарлар тарихына ерекше көңiл бөлiндi. Ақын-жыраулар пенденiң Алла алдындағы парыздарын жырлай отырып имандылық, адамгершiлiк мәселелерiнде пайғамбарлар өмiрiн үлгi етедi.
Реферат: Мақалада филология ғылымындағы өзектi мәселе - метафора және оның шығармадағы поэтикалық құрылымындағы орны сөз етiледi. Метафора классификациясы, дербес-авторлық метафора (жеке поэтикалық), дербес-авторлық метафорадағы әлемнiң концептуалды-тематикалық бейнесiне ерекше көңiл бөлiнедi. Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың дербес-авторлық метафоралары 2 семантикалық өрiс тұрғысынан қарастырылады, олар: <Адам> және <Табиғат> сфералары.Абайдың поэтикалық мәтiнi негiзiнде дербес-авторлық метафоралардың мағынасы анықталады.
Реферат: Мақалада қаламгердiң шығармашылық әлемiне қатысты мәселелер сөз етiледi. Тақырыптан бастап, материал жинау, оны өңдеу, көркем шындықпен өмiр шындығының арақатынасы қарастырылған. Протип пен көркем бейне, қолжазба және шығарманың түрлi нұсқаларының арасындағы ерекшелiктердiң барлығы қаламгердiң әдеби шығармашылық әлемiне әкелетiнi қарастырылған. Мақалада Қ.Жұмадiловтiң шығармаларының жазылу тарихы қарастырылған. Жазушының өзiнiң айтқан пiкiрлерi романның жазылу тарихын қарастыруда негiзгi дерек ретiнде пайдаланылды. Кейiпкерлерiмен кездескенi, өмiр дерегiн қай арнадан алғанын қаламгер жан-жақты өзi айтып өтедi. Жазушының күнделiк жазуы оның шығармашылық зертханасының ерекшелiгi ретiнде қарастырылды.
Қазiргi қазақ әңгiмелерiндегi Тоқырау заманының бейнесi
Реферат: Мақалада қазiргi қазақ әңгiмелерiндегi <тоқырау заманының> бейнесi қарастырылған. Жазушылыр Д. Исабеков, Ә. Кекiлбай, Т. Нұрмағанбетов әңгiмелерiндегi қоғам шындығы талданған. Образдардың психологиясы, iс-әрекетi, монолог, диалогтары арқылы қаламгерлер уақыт шындығын көрсеткен. Сыншыл реализм арқылы <тоқырау заманында> орын алған бюрократтық iс-әрекеттердiң, ұлттық мүдденiң тапталуын танытқан. Д. Исабековтың <Социализм зәулiмi>, <Ескерткiш>, <Талахан-186> Ә. Кекiлбайдың <Есболай>, Т. Нұрмағанбетовтың <Сушы> әңгiмелерiнде сатира мен юмор тәсiлдерi қатар қолданылған. Соның негiзiнде адам мен адам, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас көрсетiлген. Д. Исабековтың <Социализм зәулiмi> әңгiмесiнде халықтар достығының дәрiптелуi, асыра сiлтеушiлiк сынға алынған. Социалистiк қоғамның өзiндiк жетiстiгi мен кемшiлiгi болғаны шындық. Жазушылыр өз шығармаларында осы мәселелердi жан-жақты қарастырып, талдап көрсеткен. Қазiргi қазақ прозасында көтерiлiп жүрген әлеуметтiк мәселелердi қоғамдық шындық арқылы таныта бiлген.