Реферат: Мақалада қаламгердiң шығармашылық әлемiне қатысты мәселелер сөз етiледi. Тақырыптан бастап, материал жинау, оны өңдеу, көркем шындықпен өмiр шындығының арақатынасы қарастырылған. Протип пен көркем бейне, қолжазба және шығарманың түрлi нұсқаларының арасындағы ерекшелiктердiң барлығы қаламгердiң әдеби шығармашылық әлемiне әкелетiнi қарастырылған.
Реферат: Настоящая статья посвящена актуальной проблеме современного искусства - концепции художественной выставки и ее взаимосвязи с архитектурным пространством, а также о значении и роли материальных объектов насыщающих художественную выставку. В статье раскрывается назначение постоянных и временных выставок, показывается их изменение в течении XIX - XX века. Автор отмечает наличие различной высотной масштабности в художественной выставке, при которой создается гибкое экспозиционное пространство, позволяющее осуществлять не только обширные сборные выставки с привлечением всех видов изобразительного искусства (живопись, скульптура, графика, декоративно-прикладное искусство), но и монографические выставки какого-либо локального художественного явления камерного характера. При этом замечается, что выставочный зал формирует также и собственную художественную коллекцию, добавляя к изначальной, сугубо экспозиционной функции еще и научно-комплектовательскую. В статье делается вывод, что пространство выставки - это прежде всего художественное пространство, включающее в себя в том числе пространство архитектурное, обладающее масштабом, размерами, стилевыми особенностями. Пространство выставки можно рассматривать как частный случай, которое в своем выставочном проявлении приобретает конкретные смысловые и эмоциональные характеристики.
С. Шаймерденов прозасындағы көркем тартыстың құрылымдық ерекшелiктерi
Реферат: Бұл мақалада жазушының көшпелi қазақтың революцияға дайындықсыз келiп, оны қабылдауының қиындыққа түскенi бүкпесiз баян етiледi. Шығармаларының арасындағы шоқтығы биiк тұрғаны <Жыл құсы> повестiнде жазушы ХХ ғасырдың басындағы қазақ өмiрiндегi орын алған тартыстың құрылымдық сипатына мән берiледi.
Ғабит Мүсiрепов шығармаларының көркемдiк құралдары
Реферат: Қазiргi таңда тiл бiлiмiнде көркем шығарманы танымдық тұрғыда талдаудың маңыздылығы артып отыр. Ұлттық болмысымыз бен тiлiмiздi сақтап қалудың айрықша мәнiн түсiнуге көмектесетiн рухан-мәдени құндылықтарымызды бағалаудың, ұлттық мәдениетiмiздiң қайнар көздерiн анықтаудың мәнi ерекше болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда ұлттық болмысты қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын Ғабит Мүсiрепов шығармаларының тiлiн зерделеудiң маңызы зор. Мақалада жазушы Ғабит Мүсiрепов шығармаларының поэтикалық ерекшелiгi мен табиғи мән-мағынасы қарастырылады. Жазушының шығармашылық тұлғасының өзiндiк сипатын, қоршаған дүниенi бейнелi қабылдауындағы тереңдiгi мен сезiм ұшқырлығы айқындалады. Авторлар Ғабит Мүсiрепов туындыларын оның жалпы танымдық жүйесiнде талдай отыра, қаламгердiң жаңашылдығын, ұлттық көркемдiк-эстетикалық дәстүрдi танытудағы шеберлiгiн көрсетедi. Сөз зергерiнiң дарындылығын, өзiндiк сөз саптау мәнерiн, ой-толғау әдiстерiн анықтау үшiн оның шығармаларында жұмсалған көркемдiк құралдардың стилистикалық ерекшелiктерiне айрықша көңiл аудару арқылы мүмкiндiк алады. Ғабит Мүсiреповтiң тiлдiк ерекшелiгiн ұлттық ойлау, ұлттық таныммен тығыз байланыста қарастырып, қолданған көркемдiк құралдарының мәнерлiлiгiн анықтайды. Сонымен қатар дүниенiң көркем суретiн танытуда жұмсалған халық тiлiнiң сөз байлығының семантика-стилистикалық қызметi мен көркемдiк дәрежесi зерттеледi. Жазушыны өзгеден ажыратар, өзiндiк қолтаңбасын, өзiндiк бет-бедерiн айқындайтын қасиетiн, яғни оның өзiндiк стилiн нақты мысалдар арқылы айқындап бередi. Жазушының өзiндiк қолтаңбасы мен шығармаларында кейiпкерлердiң образын сомдауда, пейзажды суреттеуде пайдаланған тiлдiк қолданыстарының ерекшелiгi айрықша бағаланады. Шығармаларда ұтымды мазмұн, ұлттық калорит құрайтын көрiктеуiш-бейнелеуiш құралдардың стильдiк реңктерi айқындалып, олардың көркем мәтiндегi айрықша мәнге ие болатындығы дәлелденедi.
А. Сейдiмбековтiң Бүркiт атты этнографиялық әңгiмесi
Автор(ы): Сыздықов С.*
Объем документа: С. 144-151
МРНТИ: 17.82.32*
Ключевые слова: национальный самобытность*искусство*
Реферат: Жалпы,жазушы А. Сейдiмбек өзiнiң осы әңгiмесiнiң жанрына этнографиялық деген анықтама береген. Сонымен қатар осы әңгiмеде бой көрсеткен құсбегiлiкке қатысты қаншама ұғымдарды көргенде әңгiменiң танымдық-энциклопедиялық мәнiне бойлайсыз. <Бүркiт> әңгiмесiнiң терең мазмұнынан байқағанымыз,автор сыр көз бақылаушы ғана емес,өзi де құс ұстаған сыңайлы. Әңгiме құс баптаудың инструкциясы немесе энциклопедиясы сияқты. Шығармаға жанрлық анықтаманы жазушы өзi бередi. Аңшылық қазақ халқының ертеден бойына сiңген ата кәсiбiнiң бiрi екен. Қазақ үшiн аңшылық тек қана кәсiп емес, үлкен өнер болатын. Сондықтан қазақ аңшылыққа құрметпен қараған, бiрақ жапай бәрi аңшылықпен айналыспаған. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрi - аңды бүркiтпен аулау, бүркiт ұстап саятшы болу. Жазушы бүркiтке қатысты нәрсенiң барлығын тереңдете зерттегенi этнографиялық әңгiменiң әр жолынан байқалып тұрады. Бiрiншiден, әңгiме жанрына <этнографиялық> деген анықтама қосылып тұр. Екiншiден, табиғат аясындағы нақты бiр құстың <өмiрбаяны> баяндалғандықтан онда натуралистiк элементтердiң болуы заңды құбылыс. Жазушы бүркiттiң ұя салу өнерiн терең таныммен талдаған. Оның бiрнеше ұя салуын қандай да бiр ғылыми еңбектен таппайсыз. Бүркiт ұстау, құсбегi болу қазақ мiнезiнiң өрлiгiнен хабар бередi.
Д. Исабековтiң Қоштасу вальсi пьесасы тiлiнiң көркемдiк ерекшелiгi
Автор(ы): Ордаханова С. А.*
Объем документа: С. 151-154
МРНТИ: 17.82.32*
Ключевые слова: национальный характер*сюжетная структура*
Реферат: Бұл мақалада Дулат Исабековтiң <Ертегi елiнде немесе қоштасу вальсi> пьесасының көркемдiк ерекшелiгi талданып, талқыланды. Сонымен қатар мақалада драмаға қысқаша тоқталып, аталған пьесаға түсiнiктеме берiлiп кеткен. Дулат Исабековтiң пьесаларының тiлi бiр-бiрiне ұқсас, иiрiмдi, өзiнше бiр өрнекпен жазылған. Соның бiр дәлелi ретiнде аталған пьесаны алуға болады. Осындай дәлелдеулерге сәйкес келетiн Дулат Исабековтiң драмаларын бiлмейтiн оқырмандар кемде-кем. Шығармаларында драматург халықтың жай-күйi мен әдiлетсiз адамдардың қатiгез тiрлiктерiн шебер суреттей бiлген. Ұлттық характердi ашу дегенiмiз - сол ұлттың қасiретiн, қарекет, тiршiлiгiн, тағдырын бүркелемей сыртқа шығару. Автор осынау аса қиын, аса маңызды күрделi мәселеге өзiнiң көркем туындылары арқылы жауап iздеудi мұрат тұтқан. Дулат Исабековтiң <Ертегi елiнде немесе қоштасу вальсi> пьесасы антиутопиялық ойлау көрiнiстерi барлығымен құнды. Қаламгер шығармалары iшiнен эстетикалық-философиялық, көркемдiк ерекшелiгi жағынан, сюжеттiк құрылымы тұрғысынан оқшау тұратын бұл пьесаны қазақ әдебиетiндегi антиутопияның бiр үлгiсi ретiнде зерделеуге болады. Сол сияқты, <Қоштасу вальсi> пьесасының да философиясы - iзгiлiктi, адамгершiлiктi, инабаттылықты паш етедi. Ертегi айту формасын пайдалана отырып, автор үлкендердiң өздерiне өсиет боларлықтай әлеуметтiк-тәрбиелiк мәселелер қозғаған.
Абайтанушы - Қайым
Автор(ы): Суимбаева С. С.*
Объем документа: С. 155-157
МРНТИ: 17.01.09*
Ключевые слова: казахстанский народ*писатель*
Реферат: Ғалым Қайым Мұхамедхановтың есiмi абайтанушы, ұстаз, профессор, жазушы, драматург, ақын ретiнде тек Қазақстан мемлекетiне ғана емес, бүкiл әлемге танымал.
Авторская позиция и образ автора в прозе Умит Тажикеновой
Реферат: Умит Тажикенова одна из ярчайших писательниц Казахстана. Авторская позиция сильно выделена в отборе фактов, автор расскрывает и показывает персонажей, какие проблемы выражены в произведении. Умит Тажикенова является представителем женской прозы и в данный момент в современной литературе проблемы выявления позиции автора является актуальными и занимают большое место в литературе Казахстана.Умит Тажикен-писатель с ярко выраженной нацианальной индивидуальностью для которого мир культуры не имеет государственных границ и ее рассказы являются лиричными, загадочными и оригинальными, кровно связано с древней и современной казахской культурой, так как она пишет свои произведения на русском языке, но в то же время включает в русскую речь множество казахских слов и выражений, придающих произведениям национальный калорит. Авторская позиция и женские образы представлены в научных концепциях Н. Н. Немова, Т. Мелешко, Л. И. Абдуллина, Ф. Е. Исмаилова, Ю. Кристева, А. Ю. Большакова, Е. В. Улыбина, Т. Ровенская. В произведениях У. Тажикен есть глубокое осмысление природы как высшей духовной и эстетической ценности позволяет автору выявить истинное лицо персонажа. Рассказы-миниатюра позволяет обращаться к различным сторонам жизни и ставить в центр бытовые, социальные, философские вопросы.При выявлении гендерных аспектов в прозе У. Тажикен важную роль отводится изучению женских образов с точки зрения женского архетипа, то есть четко выделены разные стороны женского архетипа, а именно описание женщин разного возраста и разной жизненной энергетики. У. Умит Тажикен есть жанры как короткий рассказ, притча, миниатюра, роман, путевые заметки. Творчество Умит Тажикен отличается ее умение выбрать точные и многозначные детали и представить цельную картину из разрозненных фрагментов.
Реферат: Бұл мақалада оқытудың негiзгi танымдық белсендiлiктi дамыту екендiгiн айта отырып, модульдiк технологияның студенттiң танымдық белсендiлiгiн қалыптастырудағы рөлiне тоқталады. Модульдiк технология тек қана бiлiмдi белгiлi бiр көлемде берiп, қажеттi шеберлiк пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтiн, сонымен қатар, студенттiң жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық қасиеттерiнiң жан-жақты дамуына бағытталатын оқытудың түрi. Студент - бiлiм алуда негiзгi психологиялық үрдiстердi басынан кешушi субъект. Қазiргi кезеңде педагогика-психологияның өзектi мәселелерi қатарында оқу-танымдық қызмет жүйесiнiң маңызды екi компонентi - оқытушы мен студенттiң \"субъект - субъектiлiк\" қарым-қатынасы мәселесi қойылып отыр. Оқу үрдiсiнде студенттiң жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға ерекше орын берiледi. Студенттiң психологиялық бейнесi оның әлеуметтiк қоғамның толыққанды мүшесi бола алу қабiлетiн танытады. Ол үшiн бiлiм алушының ақыл-ойы адамгершiлiк бағытында тәрбиеленуi керек. Әлеуметтiк орта - заттың және табиғи әлемнiң түйiскен жүйелерi, ал бiлiм алушы болса сол жүйелердi құрайтын адамдық қатынастарды жүзеге асырушы. Осындай күрделi әлеуметтiк орны бар бiлiм алушы психологиясының дұрыс дамуына мүмкiндiк беру және негiз болу - тiл тарихына баруға жол сiлтейтiн лингвистика саласындағы қазақ диалектологиясы пәнiне де жүктелген негiзгi мiндет.
Көптiлдi бiлiм беру үдерiсiндегi модульдiк оқыту технологиясының тиiмдiлiгi
Реферат: Әлемдiк iрi мемлекеттердiң бiлiм беру стратегияларында көптiлдi бiлiм беру оқу үлгiсi өткен ғасырдың жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Бұл ұғымның тiкелей мағынасы - <көпмәдениеттi бiлiм беру жүйесi> едi. Көпмәдениеттi бiлiм беру жүйесiнiң мәнi - көпмәдениеттi тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазiргi таңда шеттiлдерiн оқыту үрдiсi әлемдiк бiлiм беру стандарты болып табылады. Көптiлдi бiлiм беру -жас ұрпақтың бiлiм кеңiстiгiнде еркiн самғауына жол ашу болып табылады. Егемен елiмiздiң болашақ бағдарының үштұғырлы тiлдер саясатын негiзге алып отырғаны - бүгiнгi ақпараттық қоғамның және қашанда өз өктемдiгiн жүргiзетiн уақыт пен заманның талабы болып отырғандықтан, көптiлдi бiлiм беру үдерiсiнде қолданылатын инновациялық технологиялардың да рөлi өте маңызды. Модульдiк оқыту технологиясы - бiлiм мазмұны, бiлiмдi игеру қарқыны, өз бетiнше жұмыс iстей алу мүмкiндiгi, оқудың әдiстерi мен тәсiлдерi бойынша оқытудың дербестiгiн қамтамасыз етедi. Ал, <модуль> дегенiмiз - iс-әрекеттiң мақсатты бағдарла-масы белгiлеген деңгейiне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшiн сұрыпталған, дидактикалық өңделген бiлiм, бiлiк, дағдының белгiлi мазмұнының бiрлiгi және оның әдiстемелiк нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдiк бағдарламаның негiзгi құралы. Жалпы <модуль> сөзi <оқытудың мазмұны мен технологиясын> бiлдiредi. Мақалада қарастырылатын негiзгi мәселе модульдiк технологияның тиiмдiлiгi мен қолданысы болып табылады.