Реферат: Бұл мақалада қазақ ғылымындағы аударманың теориялық және практикалық жақтарының зерттеулерi, аударманың лингвистикалық теориясының қалыптасуы, қазақ ғылымында аударманың практикасы бойынша аударманың теориялық жағымен салыстырғанда, анағұрылым көп жұмыстар жүргiзiлгенi жайында толыққанды мәлiметтер берiледi.
Реферат: Ағылшын ғылыми-техникалық материалдары бiрқатар грамматикалық ерекшелiктерге ие. Әрине, қандай да бiр <ғылыми-техникалық грамматика> жоқ.Тiлдiк құралдарды сұрыптау мен қолдануда бейнеленетiн ағылшын ғылыми-техникалық стилiнiң маңызды сипаты баяндаудың қысқалығы мен ықшамдылығына ұмтылу болып табылады. Атап айтқанда, бұл эллипстiк құрылымдарда жиi қолданылады. Бұл құрылымдарды дұрыс аңғармау аудармада оғаш қателiкке жиi алып келуi мүмкiн.Сондықтан да аталмыш мақалада ғылыми техникалық мәтiндердiң грамматикалық құрылымдарын аудару барысында туындайтын қиындықтары жайлы айтылады.
Американдық және Британдық бизнес терминдерiнiң айырмашылықтарымен ұқсастықтары
Реферат: Аталмыш мақала бизнестегi жеке британдық және американдық бизнес терминологиясының немесе белгiлi бiр терминологиялық жүйенiң аймақтық нұсқаларының болуын анықтау мақсатында британдық және американдық бизнес терминдерiн тiл деңгейiнде және сөйлеу деңгейiнде талдауға арналған. Қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлтаралық қатынас тiлi, ал ағылшын тiлi - жаңа саясатқа кiрудiң басты кiлтi>, - деп елбасымыз айтқандай қазiргi таңда елiмiз шетелдермен саяси-әлеуметтiк және мәдени қарым-қатынас жасау үстiнде.Британдық ағылшын және американдық ағылшын тiлдерi ағылшын тiлiнiң екi негiзгi жергiлiктi нұсқасы болып табылады. Британия мен Америка арасындағы қатынастар әрқашан да күрделi сипатқа ие болған, ол тiлдiк деңгейде де көрiнiс тапқан деуге болады. Бiр жағынан, әр ел өз ерекшелiгiн сақтап, оған көпшiлiктiң назарын аудартуға ұмтылады, бұл үдерiс тiл арқылы жүзеге асады. Британдық және американдық банк терминологиясын бөлудiң негiзi жоқ, бұл жерде банк терминологиясының британдық және американдық нұсқалары туралы сөз қозғауға болады, өйткенi терминологияның өзегi екi нұсқаға да ортақ болып табылады. Банк терминологиясының британдық және американдық нұсқалары арасындағы ең елеулi айырмашылықтарды екi елдiң банк жүйесiндегi айырмашылықтармен түсiндiремiз.
Қазақ ток-шоу үлгiсiнде жастар дискурсында вербалды қорғау стратегиясының жүзеге асу жолдары
Реферат: Бұл мақалада жастар дискурсы, олардың жас ерекшелiктерi, әлеуметтiк мәдени қасиеттерi ток-шоу деген теледидар жанрының шеңберiнде қарастырылады. Әрбiр қатысушының ток-шоуда өз қызметi болады, сонымен қатар, ол ток шоу авторларының алдын-ала анықтап қойған белгiлi бiр кейiпкер ролiн де сомдайды. 12-29 жас аралығындағы кейiпкерлер қатысқан ток-шоуларды қарап, бiз келесi қорытындыға келдiк: жастар әлеуметтiк тобының өкiлдерi көпшiлiк жағдайда белгiлi бiр оқиғаның құрбаны немесе кiнә тағылып жатқан объект ретiнде бағдарламаға қатысады, залдағы эксперттер мен көрермендер тарапынан сынға түсiп те жатады. Сол себептен олар көбiне вербалды қорғау стратегиясын ұстанады, соның iшiнде өз әлеуметтiк тобына жататындарды өзара қорғау басым болып келедi. Қаралған ток-шоуларды талдау негiзiнде бiз жастар дискурсында қолданылатын қорғау стратегиясының төрт нақты тактикаларын анықтап шығардық: дискредитацияланған тұлғаны мақтау тактикасы, кiнәнi мойындамау тактикасы, кiнәнi басқа тұлғаларға аудару тактикасы, қарсы кiнә тағу тактикасы. Мақалада жастар дискурсы, оның жас ерекшелiктерi, әлеуметтiк мәдени қасиеттерi ток-шоу деген теледидар жанрының шеңберiнде қарастырылады. Талдау барысында бiз жастардың ток-шоуда көбiне вербалды қорғау қарым-қатынас стратегиясын ұстанатынын, соның iшiнде өз әлеуметтiк тобына жататындарды өзара қорғау басым болып келетiнiн анықтадық. Қорғау стратегиясының төрт нақты тактикаларын анықтап шығардық: дискредитацияланған тұлғаны мақтау тактикасы, кiнәнi мойындамау тактикасы, кiнәнi басқа тұлғаларға аудару тактикасы, қарсы кiнә тағу тактикасы. Мақалада жастар дискурсы, оның жас ерекшелiктерi, әлеуметтiк мәдени қасиеттерi ток-шоу деген теледидар жанрының шеңберiнде қарастырылады. Талдау барысында бiз жастардың ток-шоуда көбiне вербалды қорғау қарым-қатынас стратегиясын ұстанатынын, соның iшiнде өз әлеуметтiк тобына жататындарды өзара қорғау басым болып келетiнiн анықтадық. Қорғау стратегиясының төрт нақты тактикаларын анықтап шығардық: дискредитацияланған тұлғаны мақтау тактикасы, кiнәнi мойындамау тактикасы, кiнәнi басқа тұлғаларға аудару тактикасы, қарсы кiнә тағу тактикасы.
Реферат: Мақалада тiлдегi тiлдiк бiрлiктердiң сөйлем құрамында бiр-бiрiмен тiркесу, жалғасуын тудыратын тiлдiң тума қасиетi - сөз тiркесiмдiлiгiне қатысты етiстiк сөздiң тiркесiмдiлiгi қарастырылды. Сөйлемнiң ұйтқысы әрi сөйлемдегi сөздердi ұйымдастыру қабiлетi күштi етiстiктiң сөйлем құрамында белгiлi бiр сөйлем мүшелерiмен тiркесу қабiлетiнiң тiркесiмдiлiк, валенттiлiк дәрежесiнiң әр түрлiлiгi және сөз тiркесiнlде басыңқы сыңар қызметiн атқаратын етiстiктердiң бағыныңқы компонентпен меңгерiлу деңгейiнiң әр басқалығына қатысты мәселе талданды.
Реферат: В статье говорится о модификации гласных фонем казахского языка. На основании инструментального анализа получены результаты, благодаря которым доказана устойчивость, а также модификация гласной фонемы Фонетическая вариативность обусловлена самим устройством органов речи. Она также определена системными взаимоотношениями (сингармоническими и ассимилятивными) звуковых единиц. Гласные в казахском языке подвергаются не только количественной, но и качественной модификации, вплоть до оглушения. Таким образом, гласные качественно варьируются в диапазоне <глухой гласный - гласный> (Ы-А,I Ә, Ұ-0, Y-Ө).
Реферат: Сөз бен ұғым - адам баласының ойлау жүйесiнiң, тiл арқылы сөздi жандандырудағы әрекетiнiң көрiнiсi болып табылады. Бұл адамның ойды жарыққа шығаруымен, сөйлеу әркетiнiң, дүниенi тануының, сана әрекетiнiң жемiсi. Адамның дүниенi тану мен қабылдауының бiр жолы ұғымға қатысты болып, сөз арқылы таңбаланады. Адамзат баласының санасында қалыптасқан қоршаған ортаға қатысты пайда болған ұғым тек адам санасында бейнеленiп қана қоймай, ол сөз арқылы заттанады немесе жанданады (сөз болып таңбаланады). Яғни адам санасында қалыптасқан ұғым заттанып, сөйлеуге, сөзге айналып, екi жақты қатынасқа түседi. Жалпы тiл бiлiмiнде ұғым мен сөздiң өзара сабақтастығын зерттеудiң мың жылдыққа созылған тарихи дәстүрлi жолы қалыптасқандығын да байқауға болады. Мәселен сөз бен ұғымға қатысты зерттеулердiң бастауында Платонның <Кратил> атты еңбегiн атап өту арқылы, аталған еңбек жалпы лингвистикалық зерттеулердiң көптеген теориялық негiзiне тiрек болғандығы белгiлi. Сөз бен ұғымның байланысы лингвистика мен логика атты iргелi ғылымдардың сабақтастығынан тұрады. Ертеден лингвистика ғылымы логика iлiмiмен өзара сабақтастықта болып, қатар дамыған. Аталған екi ғылым саласының байланысы олардың жекелеген категорияларының байланысына негiз болған. Яғни, сөз бен ұғымның байланысы жекелеген категориялардың байланысынан ғана тұрмайды, аталмыш ғылым салаларының өзара сабақтастығына да қатысты болады. Демек логика мен лингвистика ғылымы өзара сабақтастықта қатар дамып, өз кезегiнде аталмыш ғылым салалары бiр-бiрiнiң дамуына да өз ықпалын тигiзген. Өйткенi адамның ұғым-түсiнiгi мен ғаламды тануы мен ойлау әрекетi тiлмен яки сөзбен тiкелей байланысты болады.
Реферат: Бұл мақалада тiлiмiздегi паремиологиялық дүние бейнесiнiң мағыналық дамуында екi кезеңдi басынан кешiретiндiгi қарастырылып, оның бiрiншiсi - мақал-мәтелдердiң әуел бастағы дүниеге келу сәтiнде бiлдiрген алғашқы мағынасы, екiншiсi - даму барысында қалыптасқан ауыспалы мағынасы екендiгi нақты мысалдар арқылы талданады. Басқаша айтқанда, паремиологиялық дүние бейнесiнiң о бастағы жасалу уәждерi негiзiнде нақтылықтан абстракцияға өтетiндiгi делелденедi.
Жылқының түгiне байланысты қалыптасқан мақал-мәтелдердiң этнолингвистикалық мәнi
Реферат: Мақалада тiлдiк жүйедегi тұрақты бейнелi оралымдарды, оның iшiнде мақал-мәтелдердi, заттық-тақырыптық тұрғыдан топтастырудың <ұйтқы> немесе <өзек> сөздердiң, яғни компонент-доминанттардың лексикалық мағынасын ескеру ұстанымы басшылыққа алынып, осыған орай жылқының түгi қатысуымен жасалған мақал-мәтелдердiң табиғаты сөз етiледi. Бүкiл ғұмыры төрт түлiк малмен қатар өтiп келе жатқан қазақ халқы сол малдың туылғанынан бастап өлгенiне дейiнгi бүкiл ерекшелiктерiн, сипатын жiтi бiледi. Осы бiлiмi, тәжiрибесi төрт түлiктi тiрек сөз ретiнде пайдаланған мақал-мәтелдерде өмiрдiң сан алуан қырлары, адамның жағымды немесе жағымсыз мiнез-құлқы, көңiл-күйi, қимыл-әрекетi, жүрiс-тұрысы, адамдар арасындағы қарым-қатынасы, адамның қоғамдағы орны, дүниетанымдық көзқарасы т.б. сан алуан қыры, әртүрлi сипаты көрiнiс тапты. Бұған жылқы түгi: жал, қыл, қылшық және құйрық атауларының қатысуымен тiлден орын алған: <Арғымақ аттың құйрығы, әрi жiбек, әрi қыл>; <Қас жақсының белгiсi, әрi мырза, әрi құл>, <Аттың жалына қиямет күнiне шейiн жақсылық байлаулы тұрады, <Жүйрiк атта жал болмайды>, <Арғымақ ат жабы болмайды, жалы кетiп арыса да>, <Ер мойнында қыл арқан шiрiмес>, <Ат жалында ажал тұрады>, <Жаудан қыл тартсаң да - пайда>, <Жаудан қыл тартсаң да пайда> деген сияқты мақал-мәтелдер де куә бола алады. Жылқының түгi атауларының тiрек болуы арқылы жасалған мақал-мәтелдердi қарастырғанда, олардың этномәдени мазмұны, шын мәнiнде ұлттық ерекшелiктерге толы екендiгi айқындалады. Жылқының түгi - халқымыздың тұрмыс-тiршiлiгiне барлық қажеттiлiктердi өтейтiн тiршiлiк көзi. Мақалада этнолингвистикалық зерттеулердiң көшбасында тұрған академик Ә.Қайдардың <Халық даналығы> атты зерттеу еңбегi ғылыми теориялық негiзге алынған.дағы мақал-мәтелдердiң этномәдени мазмұнын ашу жан-жақты сөз етiледi. Бұл жылқы түгiне қатысты мақал-мәтелдер бұрын-соңды этнолингвистика тұрғысынан тiкелей зерттеу нысанына айналмағандықтан, жұмыс келесi зерттеулерге жол ашады деуге болады.
Реферат: Бүгiнгi күнi түрлi саладағы мамандар екi ел арасындағы қатынасты нығайта түсу үшiн көп еңбек етуде. Зерттелiп отырған көп саланың iшiнде тiл бiлiмi өзiне тиесiлi орынды иемденген. Қытай тiлi грамматикасының өзiндiк ерекшелiктерi баршылық, қазақ тiлi де төл өзгешелiктерге толы. Осы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi салыстыра зерттеу бiраз уақыттан берi алға қойылып отыр. Қытай тiлiн үйренуде бiз көптеген қиыншылықтарға тап боламыз. Қытай тiлiнiң грамматикасының өзiндiк ерекшелiктерi өте көп. Осыған байланысты кейбiр тақырыптар егжей-тегжейлi түсiндiрудi талап етедi. Аталмыш мақалада бiз сөйлем арасында өте жиi қолданылатын көмекшi сөздертақырыбына тоқталдық. Оның жиi қолданылатын жағдайларын көрсетiп, айырмашылығын талқыладық. Соның арқасында қысқаша, әрi түсiнiктi анықтамаларға қол жеткiздiк. Осы арқылы қытай тiлiн үйренушiлерге көмекшi сөздер тақырыбын қарастырған кезде өз септiгiн тигiзедi деп үмiттенемiз. Мақаланың жазылу барsысында бiрнеше әдебиеттер көзiне жүгiндiк. Жазу барысында қазақ және ағылшын тiлдерiндегi сәйкес анықтамалар мен түсiнiктерi қолданылды.Қытай тiлiнде сөз тiркесiнiң құрамындағы сөздердi байланыстыруға дәнекер болатын септiк, жiктiк6, тәуелдiк жалғаулары жоқ. Сондықтан синтетикалық тәсiл сөз түрлендiрушi формалары жоқ немесе өте аз тiлдердiң бiрi - қытай тiлiнiң табиғатына тән құбылыс емес. Осындай тiлдiк ерекшелiктердi ескере келе бұл жұмыстың бiзге берер ақпары мол деп бiлемiн.Зерттеу барысында түрлi мысалдар келтiрiлiп, екi тiлдiң ерекшклiктерi өзара салыстыру, салғыстыру арқылы егжей-тегжейлi қарастырылған.