Реферат: ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының алдында ұлы мiндет тұрды. Ол мiндет - халықтың мәдени өмiрiндегi жаппай оқу-ағарту iсi едi. Қазақтың ХХ ғасыр басында қалыптасқан интеллигенция өкiлдерi өркениетке ұмтылудың бiрден-бiр жолы - халықтың өнер-ғылым, оқу-бiлiм игеруi екенiн ұғынды. Зиялы азаматтар осы бағытта табанды iс жүргiзiп, елге насихат айтты. Елдiк мәселеге ерте жастан араласқан алаш азаматы - Ж. Жәнiбеков қай тақырыпты қаламына арқау етсе де, оның астарынан елiн оқу-бiлiмге үгiттеген ағартушылық мақсат көрiнедi. Бұл ғылыми мақалада XX ғасыр басында қалыптасқан алаш зиялыларының бiрi - Жанұзақ Жәнiбековтың шығармашылығы сөз болады. Қаламгердiң <Қазақ> (1913-1918) газетiнiң <Сыртқы хабарлар> айдарында жарияланған халықаралық тақырыптағы мақалаларының идеялық мақсаты қарастырылады.
Реферат: Мақалада аты Эсхил, Еврипидтермен қатар аталатын грек драматургы Софокл трагедияларында көтерiлген басты мәселелерге шолу жасалады. Соның iшiнде жеке тұлға, адам тағдыры мәселесi кеңiнен талданған. Драматургтың барлық трагедиялары көтерген мәселесiнiң өзектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң iшкi жан-дүниесiнiң тереңдiгiмен, тағдырдың талқысына түскен түрлi қиындық, күйзелiстерiмен, рухани тазалығымен өзiне баурап алады. Бұл әсiресе, <Эдип патша> трагедиясында айрықша байқалады. Классикалық кезең өкiлi Софоклдың грек драмасына енгiзген жаңалығымен қоса, iрi тұлғалар сомдап, сан алуан образдар галереясын жасаған ұлы трагик ақын екендiгiне көңiл бөлiнедi.
Көркем әдебиеттiң ұлттық болмысты қалыптастырудағы рөлi
Автор(ы): Сейсенбаева Ж. А.*Садықова А. Е.*Саметова Ж.*
Реферат: Мақалада қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы ұлттық болмыс сипаты туралы жазылған. Көркем әдебиеттегi ұлттық болмыстың бейнелену шеберлiгi мен тұлға интеллектiсiн қалыптастырудағы орны мен рөлi жайлы жан-жақты ашылған.
Реферат: Иран мен Қазақстанның арасындағы әдеби және мәдени байланыстар ертеректен басталады. Бұл мақалада Авеста және Шаhнама кiтаптарында елдi байланыстыратын дәлелдердiң берiлгенi және соңғы жылдары екi мемлекеттiң мәдени байланыстарын күшейту мақсатында бiрнеше маңызды жұмыстардың атқарылғаны жайында баяндалады. Сондай-ақ, Иран мен Қазақстанның әдебиет саласында iстелген жұмыстары - екi елдiң әдеби-мәдени қатынастарын одан әрi қарай дамытатыны туралы да айтылады.
Реферат: Қытай мен қазақ ұзақ жылдардан берi көршi болып келе жатқан елдер. Бұл мақалада сонау кезден бастау алатын екi елдiң байланыстары, дипломатикалық қатынастар орнағаннан кейiн аталған елдер арасындағы әдеби және мәдени байланыстар жандана түскенi және қытай мен қазақ елдерi арасындағы әдебиет саласында тындырылған жұмыстар бойынша нақты мәлiметтер берiледi.
Шаhнама дастаны мен түркi тiлдес эпостық жырларындағы үндестiк
Реферат: Бұл мақалада бұрынғы заманнан берi Иран мен Тұранның көршi болғаны, кейде дауласып, кейде достасып келген екi ел арасындағы мәдени-әдеби байланыстары, ұлы ғұлама Әбiлқасым Фирдаусидiң <Шаhнама> дастаны мен түркi тiлдес дастандардағы үндестiктерi, Иран-Тұран арасындағы жаугершiлiк шайқастардың басты қаhармандары, дүние жүзiне әйгiлi болған <Шаhнама> туралы және қазақ даласында аталған туындының зерттелуi жайында айтылады.
Авестаның зерттелу тарихы
Автор(ы): Мухаммеджанова Ә. И.*
Объем документа: С. 152-153
МРНТИ: 17.09.09*
Ключевые слова: культурное наследие*религия*
Реферат: Бұл мақалада Иранның өте ертедегi маңызды ескерткiшi Авестаның бөлiмдерi және оның тарих сахнасында алғаш рет Анкетиль Дюпперонның зерттеуi жайында айтылады. Авеста - Орта Азия мен Ирандағы зороастризм дiнi туралы өте бай маңызды материал, салт-дәстүр, мәдениет пен тарихты осы күнге жеткiзген киелi кiтап жайында айтылады. Сондай-ақ, Авеста тек қана Иранның емес, Орта Азияның көне тарихы және қазақ ғалымдарының киелi кiтапқа қатысты зерттеулерi бойынша нақты мәлiметтер бередi.
Қазақ әдебиетi пәнi бойынша жасалған электронды оқулық СБҚ (ЦОР) - ның тиiмдiлiгi
Реферат: Сандық бiлiм қорларын сабақтарда пайдалану бiлiм берудiң жаңа парадигмасын қалыптастырады. Электронды оқу құралдарын дайындау барысындағы барлық жұмыс түрлерi оқушының iс-әрекетiмен тығыз байланыса отырып оқытушы тарапынан берiлетiн бағыт-бағдармен сабақтасады. Бiлiм беру iсi жоғары деңгейге жетiп, оның тиiмдiлiгi артады. Ең бастысы оқушының көркем шығармаға деген қызығушылығы артып, мәтiндi меңгеруде белгiлi бiр нәтижеге жетедi. Өз бiлетiнi қолма-қол тексерiп, жетiстiк, кемшiлiк жақтарын анықтау, оны түзету сандық бiлiм қорларының ең басты ерекшелiгi. Қазақ әдебиетiнен электронды оқу құралдарын дайындауда тапсырмалардың бiр-бiрiмен тығыз байланыстылығы, айқын, түсiнiктiлiк принциптерi сақталған.
Оқу орыс тiлiнде жүретiн мектеп оқушыларын Шоқан Уәлихановпен таныстыру жолдары
Реферат: Оқу орыс тiлiнде жүретiн мектептердiң 5-6 сыныптарындағы қазақ әдебиетi сабақтарында ақын-жазушылар жөнiнде алғаш ұсынылған деректер қысқа, қарапайым түрде берiлген анықтама iспеттес болады. Сондықтан да сыныптың оқулығында бiз <Шоқан Уәлиханов> атты тақырыпты оқытуға ғалым жөнiндегi ресми деректердi беруден гөрi балаларға пайдалы әрi қызықты болатын Г. Н. Потаниннiң Шоқан Уәлиханов жайындағы естелiктерi бойынша <Ғылымға бастаған жол> деген көлемi шағын, тiлi қарапайым, тәрбиелiк мәнi зор әңгiме мәтiнiн құрастырып ұсындық . Әңгiменi оқушылардың өздерiне қайталап оқытқызып, бiрнеше шағын бөлiмдерге бөлгiзiп, оларды сөздiкке сүйене отырып, орыс тiлiне аударуды, сұрақтарға жауап берудi ұсынамыз. Келесiде сыныпта <Шоқан Уәлиханов> деген тақырып аясында оқулықта берiлген түсiнiктеме мен орыстың атақты жазушысы Ф. М. Достоевскийдiң хатынан алынған үзiндiнi меңгертуде қосымша деректердi пайдалана отырып, сабақты саяхат түрiнде өткiзудiң ұтымды жолын көрсеттiк. Оқыту үдерiсiнде Шоқан Уәлиханов жөнiндегi өмiрбаяндық деректер оқушылардың назарын әлеуметтiк, эстетикалық, интернационалдық бағыттағы мәселелерге аударуға мүмкiндiк бередi.
Оқушыларды тiл мәдениетiне тәрбиелеудiң негiзгi ұстанымдары мен мiндеттерi
Автор(ы): Бегалиева Р. Н.*
Объем документа: С. 161-163
МРНТИ: 14.25.09*
Ключевые слова: языковая культура*казахский язык*
Реферат: Тiл мәдениетi- оқушыларды өз ойын ауызша да, жазбаша да дұрыс жеткiзе бiлуге тәрбиелейдi. Ондай нәтижеге жету үшiн, бiрiншiден, тiлдiң қалыптасқан жүйесiн, соған негiзделген өзiне тән заңдылықтарын, яғни әдеби тiлдiң мәдениетiн сақтауға тура келсе, екiншiден, сөйлеушiнiң айтайын деген ойының қарым-қатынасының мақсатына сай тiлдiк құралдарды, амал-тәсiлдердi орынды, талғап қолдану мәдениетi болуы, жетiлуi керек. Мақалада оқушыларды тiл мәдениетiне тәрбиелеудiң негiзгi ұстанымдары мен негiзгi принциптерi туралы жазылады.Тiл мәдениетiне берiлген анықтамалар сараланады. Тiл мәдениетiне тәрбиелеудiң дидактикалық, әдiстемелiк ұстанымдары қарастырылады.