Реферат: Бұл мақалада ұлы суреткер М.Әуезов пьесалары тiлiндегi фразеологизмдердiң поэтикалық қолданысы жан-жақты қарастырылады. Әуезов еңбектерiнде фразеологизмдер өте мол кездеседi.Фразеологизмдер - ойды әсерлi берудiң негiзгi тәсiлдерi. Осы мақалада, М.Әуезовтың бiрнеше пьесаларының тiлдiк ерекшелiктерiн айқындап, автор шығармаларында қолданған фразеологизмдердi талдауға тырыстық.
Қазақ тiлiндtегi атаулық тiркестердiң жасалу жолы мен өзiндiк ерекшелiктерi
Реферат: Қазiргi заманда ғылым мен бiлiмнiң, өнер мен мәдениеттiң дамуы тiлiмiзде әртүрлi ұғымдар мен олардың атауларының пайда болуына ықпал еттi. Олардың iшiнде лексикалану құбылысы нәтижесiнде мағыналық құрылымында жаңа сема қалыптастырылатын атаулар да көптеп кездеседi. Бұл атаулар лексикалық бiрлiк ретiнде сөздiк құрамlды байытады. Олар еркiн сөз тiркестерiнен мағыналық өзгерiске ұшырап, номинативтiк мәнге ие болған атаулар. Бұл мақалада еркiн сөз тiркесiнiң iшкi лексикалық мағынасы өзгерiп, номинативтiк мәнге ие болатын атаулық тiркестердiң грамматикалық, қызметтiк және семантикалық мәнi сөз болады.
Реферат: Мақалада Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы <әдемi> концептiсiнiң көрiнiсi қарастырылады. Қаламгер шығармаларындағы <әдемi> концептiсiнiң танымдық сипаты ашылып, қолданыс ерекшелiктерi туралы айтылады. Сондай-ақ, М.Жұмабаев адамның қоршаған ортаны қабылдауындағы таным үдерiсiнiң маңыздылығын ерекше атап көрсетедi. Мақалада Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы <әдемi> концептiсiнiң ассоциациялық өрiс аясы талданды. <От>, <аспан>, <ертегi> сияқты ұғымдардың ақын дүниетанымындағы орны, ерекшелiгi және <әдемi> концептiсiмен байланысы анықталды.
Телехабарлар тiлiнiң өзiндiк ерекшелiктерi
Автор(ы): Лайық К. А.*
Объем документа: С. 72-75
МРНТИ: 16.21.61*
Ключевые слова: национальный телеканал*лингвистическая норма*
Реферат: Бұл мақалада <Қазақстан> ұлттық арнасындағы қорытынды жаңалықтардың берiлу тәсiлдерiн негiзге ала отырып, телехабарлар тiлiнiң ерекшелiгi туралы айтылады.Қазақ тiл бiлiмiнде бұқаралық ақпарат құралдары мәтiндерi бұрыннан зерделенiп келе жатыр. Соның iшiнде мерзiмдi басылымдар мен радио тiлi ғана ғылыми тұрғыда жан-жақты қарастырылып, әр түрлi ғылым саласының зерттеу нысанына айналып отыр. Ал телехабарлар тiлi бойынша зерттеу жұмыстары көп емес. Телехабарлар тiлiн меңгерудiң қиындығы және бұл сала бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының бұқаралық ақпарат құралдарының басқа түрлерiмен салыстырғанда аз болуы теледидардың қоғам өмiрiне кеш енуiне, сонымен қатар жалпы теледидар құрылымы мен оның тiлiнiң өзiндiк ерекшелiгiне әрi күрделiлiгiне қатысты әр алуан факторларға байланысты болуы мүмкiн.
Лингвотекстология ғылымының әдiс-тәсiлдерi (Абай, Ыбырай шығармаларының негiзiнде)
Автор(ы): Убайдуллаева Г. Ж.*Махамбетова З. Н.*
Объем документа: С. 75-79
МРНТИ: 16.21.33*
Ключевые слова: казахский язык*лингвотекстология*
Реферат: Мақалада текстология ғылымының бiр саласы - лингвотекстология мәселелерi, авторлық нұс0қаны дәлелдеу жолдары, текстолог мамандардың авторлық нұсқаны дәлелдеудtе қолданып келген әдiс-тәсiлдерi қарастырылған. Жеке әдеби немесе тарихи шығарманы басылымға әзiрлеу үстiнде текстолог мамандар авторлық нұсқаны дәлелдеу үшiн түрлi әдiстер қолданады. Абай мен Ыбырай шығармаларының текстологиялық зерттелуiндегi текстолог мамандар еңбектерiнен мысалдар келтiре отырып, авторлық нұсқаны дәлелдеу мәселесi сөз болады.
Ы. Мамановтың қазақ тiлiндегi шақ категориясы жайлы ұстанымы
Автор(ы): Бейбiтова Г. Т.*Жылқыбай Г. Қ.*
Объем документа: С. 79-82
МРНТИ: 16.21.41*
Ключевые слова: семантическая особенность*речь*
Реферат: Қазақ тiлiндегi сөз таптарыныңi шiнде ең күрделi сөз табы етiстiк болғандықтан, оның лексикалық, мағыналық ерекшелiктерi де мол. Әр саласы жеке-жеке зерттелгенiне қарамастан кейбiр мәселелерiнiң күнi бүгiнге дейiн бiрiздi шешiмiн таба қоймағандығы да етiстiк сөз табының сол күрделiлiгiн аңғартса керек. Қазақ тiл бiлiмiнiң морфология саласында бiрыңғай пiкiр қалыптаспаған сондай мәселелердiң қатарына етiстiктiң шақ категориясын, шақ түрлерiнiң саралануын, аталуын жатқызуға болады. Мақалада ғалым Ы.Мамановтың шақ түрлерiне байланысты ұстанымдары сараланады. Шақ категориясына байланысты Ы.Мамановтың ой-пiкiрлерiн сараптай келе, қорытынды тұжырым жасалады.
Аударма терминдердiң когнитивтiк-семантикалық құрылысы
Автор(ы): Қоңырова А. Т.*
Объем документа: С. 82-87
МРНТИ: 16.31.41*
Ключевые слова: языковая картина мира*терминологическое поле*
Реферат: В данной статье рассматривается виды переводческих терминов в казахском языке, виды мотивированности слова, их взаимодействие и роль в лексическо-семантических изменениях. А также рассматривается проблемы когнитивно-семантической системыпереводческих терминов. В данной системе рассматривается языковая природатерминов с точки зрения семасиологической, ономасиологической и когнитивной лингвистики.
Реферат: Автор бұл мақалада қазiргi қоғамдық ғылымдарда жиi ұшырасатын <мәдениет> терминi iргелi ұғымдар екенiн көрсетiп кетедi. Мәдениет ұғымының қалыптасу тарихына сипаттама бере отырып, <мәдениет> сөзiнiң екi түрлi мағынасын ашып көрсетедi. Бұл мақалада <мәдениет> сөзiнiң ауыспалы мағынасы арқылы табиғаттаға түзiлiстен бөлек, одан басқа адамның қолымен жасалған дүниелер түсiнiгi жайында айтылады. Жалпы мәдениеттiң адамнан тыс тұра алмайтындығы, онсыз өмiр сүре алмайтындығы қарастырылған. Автор мәдениеттiң көрiнiсi саналатын салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, жалпыға бiрдей келетiн ортақ тәртiптер мен ережелер әр халықта ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отырады деген қорытындыға келедi.
Реферат: Этностильдiк қолданыстар тiлдiң мәдени ақпаратты бейнелеушi, сақтаушы қызметiн атқарады. Сонымен қатар ол бүгiнгi ұрпақтың тарихи түпбастауымен байланысын нығайта түсетiн дәнекерлiк қызметiн атқаратын негiзгi тетiк болып табылады. 20 шақты жыл бұрын үкiмет цензурасының қарауында болған баспасөз бетiнен аталмыш атауларға барынша аз берiлетiн едi. Ал қазiргi тәуелсiздiк жылдарындағы баспасөзде асыл қазынамыздың бiр бөлiгi ретiнде этнографизмдер барынша белсендi қолданылатын, газети лексиканың өзектi рөлiн атқарып отыр. Заттық-мәдени лексика тиiмдi тәсiл әрi мәдениет құралы ретiнде актив қолданыла бастады.
Жыр және тарих
Автор(ы): Сманов Б.*
Объем документа: С. 93-96
МРНТИ: 17.07.51*
Ключевые слова: тема*художественная особенность*
Реферат: Мақалада Қалыбай Мәмбетұлының әдеби мұралары қарастырылған. Ақын шығармаларының ерекшелiгi айқындалған. Поэзиялық туындыларындағы тақырыптық бағыттар сөз етiледi. Ақынның тарихи дастандары қарастырылды.