Реферат: In the proposed article we are making an attempt to investigate the problem and provide an aswer to the question of what the influence of the core disciplines upon the formation of a sports ball dance pedagogue is.
Ұлттық нақышпен киiз бұйымдарын дайындаудың жолдары
Реферат: Киiз бұйымдарын көркемдеп жасау амалдары тiкелей материалдардың ерекшелiгiне байланысты сипатталады. Олар көп уақытқа дейiн өзгерiссiз қалды. Кейiнгi кезде киiз илеу амалдары жаңа әдiстермен кеңейiп, ертедегi көлемдi пiшiмдер мен қолданылмаған фактураны дамытуға мүмкiндiк бердi.
Реферат: Мақалада кiтапхана iсi мамандарының кәсiби ерекшелiктерi, маманның кәсiби құзыреттiлiгiнiң жолдары ғылыми тұрғыда қарастырылған. Кiтапханашы мамандығы туралы түсiнiк терең мәндi, қажеттiлiгi жоғары болуына көңiл бөлiнуi тиiс. Бүгiнгi кiтапханалар осы заманғы ақпараттық жаңа технологиялармен жұмыстануда.
Күрделi висмутиттердiң иондарының, атомдарының арасындағы байланыстарын сипаттау
Автор(ы): Есқалиева Г. К.*Матаев М. М.*Мырзахметова Н. О.*
Реферат: Бұл мақалада рентгеографиялық анализ арқылы күрделi висмутиттердiң иондарының, атомдарының арасындағы балансы анықталып, RМеBiO4 элементар ұяшықтардың параметрлерi, иондар арсындағы байланыс кернеулiгi және ұзындығы есептелдi. Құрамында сирек жер металдарының оксидтерi бар күрделi қосылыстардың сегнето-, пьезоэлектрлiк, магниттiк, оптикалық, радиолюминисценциялық, жоғарғы температуралы аса өткiзгiштiк қасиетi және т.б. көптеген қасиеттерiн зерттеу нәтижесiнде көпфункционалды жүйенi құруға, химиялық өндiрiстi дамытуға көптеген тигiзетiн септiгi сипатталған. Бiрқатар бастапқы компоненттер СЖЭ оксидтерiнiң жоқтығына байланысты лантаноидтар қатарында бiрнеше жетiспеушiлiктердi, мәтiнде қорытылып шығарылған теңдеуiнiң толығымен шешiлгенiн байқауға болады. Осындай теңдеулер жүйесi тәжiрбиелiк нәтижелер арқылы теориялық негiзде изоқұрылысты белгiсiз құрылымдарды болжауға мүмкiндiк бердi.
Продуктивность рапса в различных условиях кормопроизводства Казахстана
Реферат: В статье рассмотрена динамика продуктивность растений рапса и содержания питательных веществ в нем. Установлено, что наибольшее содержание кормовых единиц в растений ярового рапса было в конце цветения, а максимальный сбор переваримого протеина - в начале цветения. При весенних сроках посева урожайность зеленой и сухой массы и бор питательных веществ увеличивается до фазы полного цветения. Растения обладают высокой холодостойкостью, даже при минусовой температуре и может использоваться для выпаса животных. Указанные закономерности легли в основу сбора кормовых единиц, переваримого протеина и условно-комплексных единиц при учете урожайности кормовой массы с 1 га.
Рекреациялық емдеу-сауықтыру ресурстарының экотуризмдi дамытуға әсерi
Реферат: Қазақстандағы рекреациялық ресурстарды тиiмдi пайдалану емдеу-сауықтыру аймақтарында табиғат көркiн сақтау арқылы экологиялық туризмнiң даму болашағын айқындайды. Экологиялық туризмдi дамыту арқылы елiмiздiң жабайы табиғат қорын, табиғат ресурстары мен көрiктi - рекреациялық аймақтарын қорғаймыз, экотуризм аймақтарға бөлу арқылы рекреациялық ресурстарымызды қорғау жұмыстарын жандандырамыз, ұлттық экологиялық мәселелердi шешу мүмкiншiлiктерi артады. Елiмiздегi экотуризмдi дамыту арқылы экономикалық жағдайымызды жақсартамыз, әлемдiк деңгейдегi мәртебемiздi айқындаймыз, бәсекеге қабiлеттi өркениеттi мемлекеттер қатарында боламыз. Мақалада Емдiк-сауықтыру аймақтарын тиiмдi пайдалану, экологиялық туризмдi дамыту арқылы экологиялық мәселелердi шешудiң басты бағыты айқындалған.
Шығыс Қазақстан түстi металлургиясының инновациялық даму жағдайы
Реферат: Мақалада компанияның Жаңа металлургия атты жаңашыл инновациялық жобасы нысандарының бiрi - жаңа мыс зауытының балқыту цехында енгiзiлген өндiрiстiң технологиялық тiзбегiмен, яғни, үдерiстiң басынан бастап дайын өнiм алғанға дейiнгi iске қосу-баптау жұмыстары, Шығыс Қазақстанның түстi металлургиясының инновациялық даму жағдайы және өнiмдi тиiмдi әрi сапалы өндiруге арналған жаңа технологиялардың өндiрiске енгiзу барысы мемлекеттiк индустриялдық - инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырылуының жетiстiктерi мен iркiлiстерi қарастырылған. Жаңа практикалық әдiстi тарату және қолдану, оларды құрудың кешендiк үрдiсi немесе ғылыми-техникалық шешiмнiң, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжiрибеге енуi, iске асырылуы және де соңында қолданылуы, осы жаңғыру, жаңашылдық қазiргi кездегi экономикалық дамудың басты тетiгiне айналуы туралы айтылған.
Реферат: Мақалада экологиялық жағынан таза, экономикалық тұрғыдан тиiмдi жел энергиясын электр энергиясына айналдырушы жел турбиналары қарастырылған. Жел энергиясын пайдалану коэффициентi жоғары тiк қалақшалы Дарье жел турбинасының жұмыс iстеу қағидасы зерттелген. Жел энергетикасы таусылмайтын энергия көздерiнiң бiрi болып саналады, сондай-ақ елiмiзде өтетiн ЭКСПО - 2017 көрмесiнiң <Болашақ энергия> атты ауқымды шараға қосар үлесi елеулi.
Реферат: Бұл мақалада коэффициенттерi айнымалы екiншi реттi сызықты бiртектi дифференциалдық теңдеудiң шешiмi болып табылатын арнайы функцияны зерттеудiң бiр әдiстемесi көрсетiлген.
Automation of hydrothermal processing of Plywood Ra